Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Төмендеуші қолқа: құрсақ және кеуде бөлігі, тармақтары



жүктеу 262,69 Kb.
бет36/40
Дата19.04.2023
өлшемі262,69 Kb.
#42223
түріҚұрамы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
лд экзамен (копия)

Төмендеуші қолқа: құрсақ және кеуде бөлігі, тармақтары.

Қолқаның төмендеу бөлігінің артерия тарамдары. Қолқаның төмендеу бөлігі қолқа доғасының жалғасы болып саналады. Ол IV көкірек омыртқасының тұсынан басталып, омыртқа жотасын бойлап төмен түсіп, IV бел омыртқаның тұсында екі жалпы мықын артерияларына бөлінеді. Осы бөлінер жерінен төмен қарай сегізкөз артериясы шығады.
Қолқаның төмендеу бөлігінің өзін көкірек қолқасы, құрсақ қолқасы деп екіге беледі. Бұлардан тарамдалатын артерияларды тұлға артериялары деп атайды.
Көкірек қолқасының артерия тарамдары көкірек куысындағы мүшелер мен көкірек қабырғалықтарына тарамдалады. Сол себептен, оларды ішкі органдық (висцеральды) және қабырғалық (париетальдық) артериялар деп екіге бөледі. Ішкі органдар артерияларына көкірек қуысында жатқан кеңірдекке, өңеш, жүрек қабына және өкпе аралығында жатқан лимфа түйіндеріне тарамдалатын артериялар жатады. Ал, көкірек қабырғалығын қанымен қамтамасыз ететін артерияларға 10 жұп қабырғааралық артериялар жатады. Олардың әрқайсысы қабырға аралықтарымен жүріп отырып, олардың еттерін, көкірек еттерін, көкірек бездерін, арқа еттерін, жұлынды қанмен қамтамасыз етеді де, дененің көкірек бөлігіндегі бұлшық еттер мен терісіне тарамдалады.
Құрсақ қолқасының артерия тарамдары көкірек қолқасының жалғасы болып саналады. Бел омыртқаларының алдында, орталықтан сәл сол жаққа қарай ауытқып орналасқан. Оның оң жағынан жоғары қарай төменгі қуыс венасы өтеді. Құрсақ қолқасынан ішкі органдарға және құрсақ қабырғаларына артериялар тарамдалады.
Ішкі мүшелерге тарамдалатын артериялар тақ және жұп болып бөлінеді. Жұп мүшелерге жұп, тақ мүшелерге тақ артериялары тарамдалады. Тақ немесе сыңарсыз артерияларға құрсақ бағаны жоғарғы және төменгі шажырқай артериялары жатады.



  1. Жоғарғы қуысты венасына сипаттама.


  2. Жоғарғы қуыс венасының жүйесі(система верхней полой вены). Бұл жүйе қанды бас, мойын, қол, көкірек қуысынан жинайды. Ол өте қысқа және жуан тамыр. Мұның өзі оң және сол иық-бас бағанының қосылуынан пайда болып оң жүрекшеге келіп ашылады, клапаны болмайды.
    Қөкірек клеткасының веналарына сыңарлы және жартылай сыңарлы веналар жатады. Олар вена қанын көкірек клеткасының қабырғасынан жинайды. Сыңарлы венаға барлық оң қабырғааралық веналар ашылса, жартылай сыңарлы венаға сол жақ қабырғааралық веналармен өңеш және кеңірдек веналары құяды. Жартылай сыңарлы вена омыртқа жотасының сол жағымен жоғары қарай көтеріліп, орта жерінен сыңарлы венаға қосылып кетеді.
    Бас және мойын веналарына ішкі және сыртқы мойындырық (яремная) веналары жатады. Олардың ішкі мойындырық венасы (внутренняя яремная вена) ми сауытының негізінен басталып, бұғанаға дейін жетеді. Бұл тамыр көздің, есту мүшелерінің, беттің жалпы венасын, жұтқыншақ венасын тіл және қалқан безінің веналарын жинақтап, бұғанаасты венасына қосылып иық-бас венасын түзеді. Қорытып айтқанда, бұл веналар мидың барлық бөлігінен және мойын органдарынан вена қанын жинайды. Сыртқы мойындырық венасы (наружная яремная вена) тері астында жатады. Ол құлақ қалқанымен шүйде және артқы бет веналарының бірігуінен басталып, тікелей төс-бұғана-емізікше етінің сыртқы бетімен төмен түседі. Оны мойынның ет жапқышы жауып жатады. Жалпы алғанда сыртқы мойындырық венасы бастың шүйде бөлігінен және мойынның тері мен еттерінен, бет бөліктерінен вена қанын жинақтап бұғанаасты венаға немесе венозды бұрышқа құяды.

.


  1. жүктеу 262,69 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау