Жүректің жұмысының диагностикасы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жүрек жұмысы өр түрлі механикалық және дыбыстық құбылыстармен бейнеленеді. Жүрек еттері жиырылған кезде жүрек өз есінде бұрылып, көкірек кабырғасына соғылады. Осы кұбылысты жүрек кағуы деп атайды. Адам мен итте кеудені жұрек ұш жағымен қақса, малда - бүйір бетімен кағады. Жүрек кағуын арнаулы құрал - кардиограф аркылы тексереді. Кан жүректен қуылып, тамырлармен жылжыған кезде денеде әлсіз тербеліс туады. Оны арнаулы баллистокардиография әдісімен зерттейді. Бұл әдіс жүрек еттерінің жиырылу күші мен оның әр түрлі бөліктерінің жиырылуындағы үйлесімдікті зерттеуге мүмкіндік береді. Жүрек жұмысы кезінде дүбір (әр түрлі дыбыстар) пайда болады. Оларды аускультация (тыңдау) әдісімен стетоскоп, не фонендоскоп арқылы, немесе арнаулы аспаппен жазыл (фонокардиография) зерттейді. Жүрек дүбірін I жене II негізгі, III, IV, V, қосымша дыбыска бөледі. 1 - дыбыс төмен, бәсен, созылыңкы, көмескі келеді. Ол систрола кезінде пайда болады да, систолалык дыбыс деп аталады және ЭКГ - ның 5 тісшесімен сәйкес келеді. Бұл дыбыс жармалы какпақшалардың жабылуының және карынша еттерінің жиырылуынын салдарынан лайда болады. Екінші дыбыс күшті, ашык, жоғары, келте, соңында күрт үзіледі. Оны диастолалық дыбыс деп атайды, ЭКГ-ның Т - тісшесіне сай келеді. Диастолалык дыбыс жүрекше еттері босаңсып, айшық какпакшалар жабылған кезде пайда болады. III дыбыс - әлсіз, сирек толкын ретінде карыншанының жыддам толу сатысында пайда болады. IV дыбыс сирек естіледі. Ол жүрекшелердің жиырылуы кезінде пайда болады, дыбыс сирек толқын ретінде II дыбыс естілген соң 0,3 секундтан кейін байқалады. Онын табиғаты әлі күнге дейін аиықталған жок. Бұл соңғы үш дыбыс ете әлсіз болғандықтан тек фонокардиография әдісімен ғана зерттеледі. Жүрек какпакшаларының жұмысы бүзылса, бұл дыбыстар өзгсріп, қосымша дыбыстар - әр түрлі шулар естіледі.
Қан айналу шеңберлері.Үлкен қанайналым шеңбері.Кіші қанайналым шеңбері.
іші немесе өкпе қанайналым шеңбері — жүректің оң қарыншасынан басталып, өкпе бағаны артериясы (бұлармен вена қаны ағады), өкпе, өкпе веналары (бұлармен артерия қаны ағады) арқылы жүректің сол жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, жүректен келген вена қаны көмірқышқьш газын ауаға бөліп, ауа құрамындағы оттекпен қанығып, артерия қанына айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |