Мақсаты: 1. Байлық әңгімесін оқи отырып, бірінші байлық денсаулық екенін, жұмыстың жылуы өлеңін оқып, еңбек жайлы түсінік беру.
Мәнерлеп оқи білуге, тілін, сөздік қорларын дамыту.
Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Арнайы суреттер,
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Жұмыстың жылуы. Қ. Мырза Әли.
ІІІ. Жаңа сабақ.Оқулықпен жұмыс.
а/ Байлық әңгімесін оқып, мазмұынын ашу. Бірінші байлық денсаулық екенін түсіндіру
ә/ Жұмыстың жылуы өлеңін оқып, жұмыспен айналысқан адамның денесі қызып, жылы жүретінін түсіндіру.
б/ Сөздік жұмыс.
ІҮ. Білімдерін тексеру:іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.
ә/ Сұрақтарға жауап алу. Жігіт ұстазына не деп мұңын шақты?
Ұстазы жігітке қандай сауалдар қойды? Жігіт қалай жауап берді?
б/ Тапсырмаларды орындау.
в/ Жұмыстың жылуы өлеңін оқып оқу.
1.хормен оқу 2.жеке-жеке оқу 3.тізбектей оқу.
Ү. Қорыту. Бүгін не өттік? Жаңылтпаштарды жаңылмай айту.
ҮІ. Үйге:1Әңгіме мен өлеңді мәнерлеп.
2.Бағалау
№64. Сабақтың тақырыбы.«Қыста қызық жұмыс бар » Бүркіт Ысқақов
Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, сөйлеу әрекетін қалыптастыру.
2.Қоршаған дүние өзгерісін бақылауға, қыстағы қызықтарды жүйелеп айтуға дағдыландыру.
3.Есте сақтау, спорт түрлерімен шұғылдану, мәдениетті жүйелі сөйлей ,өз ойын тұжырымдап, салыстыра білуге баулу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:сұрақ- жауап, ойын « Кім көп сөйлем құрайды »топқа бөлініп,тест
Көрнекілігі: Қысқы еңбек көрініс суреттері, тест жазылған қағаздар.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі .
|
1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару
2.Сабақ мақсатымен таныстыру.
|
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
- Жатқа айту, әнді айту - Тәрбиелік жұмыс жүргізу, спорт түрлері жайлы әңгімелету.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.
- « Қыс көрінісі» атты суреті бойынша сипаттап әңгімелеу
ІҮ. Жаңа сабақтың барысы.
1. Кіріспе 1. Бөлім қалай аталады?
2. Үш қатарды топқа бөліп , жүйелеп айтуға баулу мақсатында , « Кім
көп сөйлем құрайды» ойынын ойнау.
2. Мұғалімнің түсіндіруі.
Белгілі балалар ақыны Бүркіт Ысқақовтың өлеңін дұрыс, түсініп, шапшаң,
мәнерлеп түсініп оқып көрелік.
3. Оқулықпен жұмыс. (- Іштен , дауыстап, мәнерлеп шапшаң оқу)
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
1. Бүркіт Ысқақовтың өлеңін осы бөлімдегі Бердібек Соқпақбаевтың
өлеңімен салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше?
2. Өзің қай спорттың түрін ұнатасың? (айтып бер)
3. Әндету.
Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.
№65. Мазмұндама
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру
2. Білімін, есте сақтау қабілетін дамыту. 3. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық
ІІ. Мақсат қою, тақырыбын хабарлау
ІІІ. Мазмұндама «Камалдың қатесі»1. Мәтінді оқып талдау, мазмұнын екі-үш оқушыға айтқызу.
Камалдың қатесі
Камал мектепке келе жатты. Жолда арық бар еді. Көше нөсер жауған. Содан арықтың шеті опырылып қалған еді. Камал аттап өте алмады. Камал енді ағаштың бұтағына шықты. Ол арықтың бергі шетіне қарай ырғыды. Бұтақ сырт етіп сынып кетті. Камал суға күмп етіп түсіп кетті.
2. Тірек сөздерАрық нөсер жауған, шеті опырылып, шетіне қарай ырғалды, сырт етіп.3. Жоспар құру1. Жолдағы арық 2. Іске аспаған әрекет
ІІІ.. Үйге тапсырма беру кезеңі :Қайталау
№66. Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау. Бөлімді қайталауға арналған тест.
Сабақтың мақсаты:1. « Қыста талай қызық бар» бөлімі бойынша алған білімі мен біліктігін қорыту, тест арқылы білімін тиянақтау.2.Қоршаған дүние өзгерісін бақылауға, қыстағы қызықтарды жүйелеп айтуға дағдыландыр. 3.Есте сақтау, спорт түрлерімен шұғылдану, мәдениетті жүйелі сөйлей, өз ойын тұжырымдап, салыстыра білуге баулу.
Сабақтың түрі:Қорытынды саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі:Сұрақ- жауап, тест,баяндау, әңгімелеу.
Көрнекілігі:Қысқы көрініс суреттері, тест материалдары..
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі .
|
1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған
ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару
2.Сабақ мақсатымен таныстыру.
|
ІІ. Қорытындылау сабақ.
1. Кіріспе. – Балалар, біз қандай бөлімді өтіп бітірдік?
- Кәне, кім айтады?
2. Пысықтау жұмысы.
Балалар, бүгін біз осы бөлімді қайталау үшін саяхатқа шығайық.
Ол үшін қандай көлікпен шығатынымызды сайлап алайық. Алдымен мына шана, шаңғы, коньки, атшананың қайсысын таңдаймыз.
Шанамен осы шығармаларды жазған ақын –жазушылардың аулына саяхат жасайық.
- Қандай ақын, жазушылармен таныстық? Ата.
(Міржақып Дулатов,Мағжан Жұмабаев, Зейнолла Шүкіров,Тұманбай Молдағалиев, Қасым Аманжолов, Әнуарбек Дүйсенбиев, Медіхат Төрежанов, Асқар Тоқмағанбетов, Бердібек Соқпақбаев, Қадыр Мырза Әлі, Бүркіт Ысқақов)
Келесі аялдамамызға шаңғымен баралық, өйткені қар қалың ,әрі ну орман екен.
-Қандай өлеңдер жаттадық? Кім жатқа айтып береді?
( Ақша қар. Он алтыншы желтоқсан. Қазақстан. Шырша жыры.Шынықсын денеміз. Қыста қызық жұмыс бар.)
Келесі аялдамаға жеткенше теп- тегіс көк мұз айдыны екен, оған конькимен барайық.
-Қандай шығармаларды оқып,олардан не білдік? Саған ұнаған әңгімені айт.
-Қандай ертегі, аңыз оқыдық?
Сабақты қорыту.
1. - Соңғы шананың жүгі ауыр демекші, соңғы аялдамаға бару керек. Кішкене шаршапта қалдықпа дем алып атшанамен барайық , деп ойланып отырсақ ,бізбен бірге ілесіп жүрген қысқы үскірік аяз хат әкепті.
Ашсақ , мынадай тапсырма күтіп тұр екен. Оны үш топқа бөлініп тез жауап берейік.
Әйтпесе, бізді қатырып қояр.
- Қысқы ойын түрлерін атаңдар.
Қысқы мейрамдарды атаңдар.
Қысқы еңбек түрлерін білесің бе?
2. Бүгінгі саяхатымыздың қорытындысы ретінде «Бөлімді қайталауға арналған тест» бар, соны дұрыс орындасақ, біз үйге тез оралатын шығармыз.
Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.
№ 67. Тақырыбы: Ата ақылы
Мақсаты:1. С.Көбеевтың ата ақылы, атасы мен немересі жайлы түсінік беру. 2.Дұрыс оқу,түснігін айтуға дағдыландыру
3.Үлкенді құрметтеуге баулу
Көрнекілігі: суреттер,сызба
Түрі: жаңа сабақ
Сөздік қормен жұмыс: ақыл, аяқ, ұялу, қартаю
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Өткенді қайталау.
Қазір қай жыл мезгілі?
Қыста қандай өзгерістер болады?
Қысқы еңбектер жайлы не білесің?
ІІІ. Жаңа сабақ
а/ Кіріспе жазушы ұстаз С.Көбеев Қостанай облысында туған.Ол кім екенін білесің бе?
Б) Мұғалімнің түсіндірмесі. Сызбамен жұмыс.Пысықтау
1.Кітаппен жұмыс
ә/ Өлеңдерді оқу, талдау.
б/ Сөздік жұмысын жүргізу.
Оқулықпен жұмыс: іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу
ҮІ. Түсінгендерін тексеру
Өлең кімге арналған? Түн ұйқысын төрт бөліп дегенді қалай түсінесің? Күшті болып өсу үшін нелер қажет?
Қайталанып тұрған сөздерді табу.
Өз уақытыңды қалай пайдаланасың?
ҮІІ. Қорыту. Мақал-мәтелдер.
ҮІІІ .Үйге тапсырма
Өлеңдерді мәнерлеп оқу, бағалау
№68. Сабақтың тақырыбы: « Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым » бөлімі.
Сабақтың мақсаты: 1.Дұрыс, түсініп, дауыс ырғағын, интонациясын келтіріп үйрету.
2. Шығарманы жазған жазушы жайлы білуге, ойын толық баяндап
жеткізуге, теріп оқу, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру 3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі. Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу.
Көрнекілігі. С. Көбеевтің суреті, сызба, сөздік.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі
|
1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару
2.Сабақ мақсатымен таныстыру.
|
ІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе.
а) -Бүгінгі сабақта біз келесі бір « Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым » бөлімін оқимыз.
-Балалар, сендердің үйде аталарың, әжелерің бар ма?
- Сендер ол кісілерді қалай көресіңдер? Кім айтады?
-Ата, әжесін жақсы көретін балалар Сырбай Мәуленовтың « Ата ақылы» деген өлеңін тез жаттай алар ма екен ?
-Кәне жаттап көрелік.
ә). Балалар, мына нақыл сөзге көңіл бөліп көрелік: « Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер ». Осы нақыл сөздің « Ата ақылы» өлеңіне қатысы бар деп ойлайсың ба?
2. Мұғалімнің түсіндіруі.
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда осы нақыл сөзге құрылған әңгімені түсініп оқып көрелік. Мәтіннің авторы-Спандияр Көбеев
- Ол кім? Сызба бойынша кім түсіндіріп береді?
3. Оқулықпен жұмыс. - ( жалғастырып, түсініп, шапшаң оқу) Рөлмен оқу. Теріп оқу.
4. Сөздік жұмыс. (дәптерге жазу) - Қандай жаңа сөз кездестірдіңдер-
« Аяқ » деген сөз нені білдіреді? Қай сабақта біз осындай сөздер жайл оқыдық? (қазақ тілінде) Оны қандай сөздер деп айтушы едік? (көп мағыналы)
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Мәтіннен әкесі мен баласының сөздерін тауып оқу.
2. Баланың неге осылай сөйлегенін түсіндір.
3. Жазушы не айтпақшы болды? « Ата ақылы» өлеңін пайдаланып жауап беріп көр.
ІҮ. Қорыту.
- Қандай бөлімді оқыдық?
- Бүгінгі сабақтан не білдік?
- Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ?
Ү.Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.
№69. Сабақтың тақырыбы. « Шал мен балалар» Спандияр Көбеев
Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, түсініп , дауыс ырғағын, интонациясын келтіріп оқуға үйрету
2. Шығарманы жазған жазушы жайлы білуге, ойын толық баяндап жеткізуге, теріп оқу, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.
3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі. Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әңгімелеу,рөлмен оқу.
Көрнекілігі. С. Көбеевтің суреті, сөзжұмбақ, тыйым сөз.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі: .
|
1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару
2.Сабақ мақсатымен таныстыру.
|
ІІ. Жаңа сабақ
1. Кіріспе.
-Бүгінгі сабақта біз келесі бір « Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым » бөлімінің Шал мен балалар мәтінін оқимыз.
-Балалар, сендердің үйлеріңде аталарың, әжелерің бар ма?
- Сендер ол кісілерді қалай көресіңдер? Кім айтады?
- Егер сендердің ата -әжелерің емес басқа үлкен кісілер болса, онда оларды сыйлар ма едіңдер?
2. Мұғалімнің түсіндіруі.
Олай болса, бүгінгі сабағымызды сөзжұмбақ шешуден бастайық. Ол үшін алдыңғы сабақты есіңе түсір. (өткенді қайталау)
Сөзжұмбақтағы күлгін көк түсті торкөздегі сөзді оқы. Ол кім?
- Спандияр Көбеевтің тағы бір әңгімесін түсініп оқып көрелік.
Оқулықпен жұмыс. - Түсініп, дұрыс оқу .Рөлмен оқу. Тауып оқу
- Мәтіннен шалмен мен балалардың сөздерін тауып оқу
- Балалар неліктен ұялды?
Жаңа сабақты бекіту
1. Дәптермен жұмыс.
- Мына тыйым сөздерді оқып көрелік « Әркімді бір келемеждеп, мұқатпа.» оны қалай түсінесің?
2. Балалардың іс-әрекетіне өз көзқарасың қандай?
3. Мәтінге басқаша ат қой.
Қорыту.
- Бүгінгі сабақтан не білдік?
- Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ?
- Ойланып жауап бер.
Асқар дастарқан басында шешесіне:
- Сен шайды көп ішесің, - деп кінә тақты.
- « Сен » деме, « сіз» деп сөйле, -деді оған әкесі.
- Менің досым Сергей әке- шешесіне « сен » деп сөйлейді ғой. «сен» деп сөйлейді ғой.
« Сен » деген ең жақын адамдарға айтылады емес пе ?- деді Асқар.
Кімнің пікірі дұрыс? Сен ата- анаңа не дейсің?
Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.
№70. Сабақтың тақырыбы. Мысық пен тышқандар. ( ертегі)
Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, түсініп оқу,түсінгенін әңгімелеуге үйрету.
2. Ойлай, қиялдай білуге, ойын қорыта тұжырымдап
жеткізуге дағдыландыру.
3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі. Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әңгімелеу,рөлмен оқу.
Көрнекілігі. Суреттер, жұмбақтар.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі .
|
1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару
2.Сабақ мақсатымен таныстыру.
|
ІІ. Жаңа сабақ
1. Кіріспе.
-Балалар осы бөлімде оқыған « Ата ақылы» өлеңін есімізге түсіріп кім жатқа айтып береді?
2. Мұғалімнің түсіндіруі.
Олай болса, бүгінгі сабағымызда негізгі мазмұны үлкенді сыйлауға құрылған ертегіні оқып көрелік. Ол үшін мына жұмбақтарды дұрыс
шешсең , ертегіге нелер қатысатынын білесің.
Мысықтан қорқады,
Түнде жортады. ( тышқан )
Тонын кие туған,
Жалап бетін жуған. ( мысық )
- Тышқан, мысық туралы тағы не білесің ? Айтып береді?.
3. Оқулықпен жұмыс. - Түсініп, дұрыс оқу .Рөлмен оқу. Тауып оқу.
Ертегі не жайлы екен? Кейіпкерлерін ата.
Жас тышқандардың әрекеті дұрыс па?
4. Дәптермен жұмыс. - жұмбақты жатқа жазу.
Жаңа сабақты бекіту. - Ертегідегі нақыл сөзді тауып, дауыстап оқы - - Ертегідегі оқиғаның осы нақыл сөзге құрылғанын дәлелдеп көр.
- Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ?
Қорыту.
Суретпен жұмыс.
Берілген суреттерді ретімен орналастырып, ертегі бойынша мультфильм құрастыр. Өзің тағы қандай сурет қосар едің?
Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау
№71.Сабақтың тақырыбы:
|
Айтшы, әжетай. Жақан Смақов
|
Сабақтың мақсаты:
|
Ана тілі сабағында тыңдау, түсініп оқу, мәнерлеп нақышына келтіріп рөлмен оқу арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру.
|
1. Білімділік:
|
Дұрыс , түсініп оқуға, өлеңнің негізін түсініп, сөйлемдегі сөздің байланысын сұрақ қою арқылы анықтауды меңгерту.
|
2. Дамытушылық:
|
Балалардың тілін, ойын, сөздік қорын, ізденушілік қабілетін дамыту.
|
3. Тәрбиелік:
|
Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, мамандық таңдау, мамандық иесін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
|
Сабақтың түрі:
|
Аралас сабақ.
|
Сабақтың әдісі:
|
Сұрақ – жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу, ізденушілік, ойын.
|
Сабақтың көрнекілігі:
|
Мамандыққа арналған суретер, дидактикалық материалдар, сызбалар.
|
Сабақтың барысы:
|
|
I. Ұйымдастыру кезеңі.
|
1.Сабаққа балаларды дайындау.
2.Сабақ мақсатымен таныстыру.
|
II. Үй тапсырмасын сұрау, қорыту.
|
- Үйге не берілді? - Ертегі не жайлы?
- Жас тышқандардың әрекетіне қандай баға берер едің?
- Мысықтардың ісіне баға берші? Өмірде осындай жағдайлар болып жатады ма?
- « Бәрі таппаған ақылды кәрі табады » дегенді сен өз тұрғыңнан қалай түсінесің?
|
III. Жаңа сабақ
1. Кіріспе :
|
- Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы Жақан Смақовтың өлеңі «Айтшы, әжетай»
- Балалар, сендердің әжелерің бар ма? Ол асыл жандар жайлы не айтар едіңдер?
|
2. Мұғалімнің түсіндіруі:
|
-Балалар, мына нақыл сөзді түсініп оқып көрелік.
Ата –асқар тау, Ана – бауырыңдағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ.
- Осы нақыл сөзден не түсіндің? Қандай сурет салар едің? Айтшы.
- Белгілі балалар ақыны Жақан Смақовтың өлеңін түсініп оқып көрелік.
|
Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп , түсініп оқу. Рөлмен оқу.
Сөздік жұмысы Осы өлеңді оқып отырып қандай түсінбейтін сөз кездестірдің?
Ақтабан – жылқының атауы.
Қаракөл қой – қойдың түрі.
Бекіту.
Сызбамен жұмыс. Өлеңге сүйеніп,әр мамандық иесін тап. Байланыс сызықтарын жүргіз.
Туыстық атауы
|
|
Мамандығы
|
Атасы
|
|
тәрбиеші
|
Нағашысы
|
|
монтер
|
Жеңгесі
|
|
жылқышы
|
Ағасы
|
|
сауыншы
|
Жиен ағасы
|
|
құрылысшы
|
Апасы
|
|
егінші
|
жездесі
|
|
қойшы
|
2. Дәптермен жұмыс. Туыстық атауларды үлгі бойынша топтастыр:
а) өлеңге сүйеніп; ( класта)
б) өз бетіңше жалғастыр. (үйден)
Әке жағынан туыс
|
Шеше жағынан туыс
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3. Өлеңнің соңғы екі жолын қайталап оқы. Ақын сұрағына сен қалай жауап бересің?
4. Ойын: Мамандық иесін ата. « Кім не істейді?»
- Бүгінгі сабақта біз не білдік,неге үйрендік?
Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.
№ 72. Тақырыбы: Апаның тілін алса егер.
Мақсаты: Апаның тілін алса егер өлеңдерін оқып түсіндіру.
Мәнерлеп шапшаң оқуға дағдыландыру.
Тілін, сөздік қорларын дамыту.
Мейірімділікке тірбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Айтшы ,әжетай» мәнерлеп оқу
ІІІ. Білімдерін тексеру:Өлеңді кімдерге өсиет етіп қалдырған?
Өскенде кім болғың келкді?
ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ:
а/Ы.Алтынсарин – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз,қазақ балаларына арнап тұңғыш мектеп ашқан. Балаларды оқу-білімге шақырған.
ә/ Өлеңдерді оқу талдау.
б/ сөздік жұмысын жүргізу.
Оқулықпен жұмыс: іштей оқу,тізбектей оқу, жеке-жеке оқу
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Өлең кімге арналған?
Түн ұйқысын төрт бөліп дегенді қалай түсінесің?
Күшті болып өсу үшін нелер қажет?
Қайталанып тұрған сөздерді табу
.Өз уақытыңды қалай пайдаланасың?
ҮІІ. Қорыту.Мақал-мәтелдер.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.өлеңдерді мәнерлеп оқу.2. Бағалау
№73. Сабақтың тақырыбы: Ата әжеме хат
Достарыңызбен бөлісу: |