Тұқымбастамада ақуыз, май, фермент және қанттың үлкен мөлшері болады. Қолайлы жағдайда (оттегі жетуі, белгілі температура және топырақ ылғалдылығы) тұқымбастама ене бастайды. Тұқымбастама майы тез күйеді, ұнға түссе оның сапасын нашарлатады. Дән бөліктерінің қатынасы үлкен мәнге ие. Қабықша мен алейронды қабат ұнның түсін нашарлатады және тағамдық бағалылығын төмендетеді. Сорттық ұнтақ алуда қабықты, алейронды қабат пен тұқымбастаманы алып тастайды. Бидай дәнінің жекелеген бөліктерінің қатынасы дәндегі негізгі бөлік массасын эндосперм алатынын көрсетеді. Оның мөлшері өсімдік сорты мен даму жағдайына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |