|
Алматыкітап баспасы8 сынып каз148
Тестілеу
– программаның жұмыс қабілетін тексеруге арналған арнайы
дайындалған деректерді компьютерге енгізу.
Трассировкалау алгоритмі
кездесетін қатемен жұмыс істеу ретін біл-
діреді. Трассировка – программаны біртіндеп, белгілі бір қадамдар ретімен
(step-by-step) орындау процесі.
Функция
(лат.
functіo
– орындау, атқару, жүзеге асыру) – көп мағы-
налы сөз.
1. функция – математикадағы негізгі ұғымдардың бірі;
2. қызмет, міндет, жұмыс; қатынастар жүйесіндегі қайсыбір объект
қасиеттерінің сыртқы көрінісі;
3. социологияда – белгілі бір әлеуметтік институт атқаратын рөл;
4. лингвистикада – тілдік бірліктің немесе тілдің құрылымы.
Чипсет
(Chipset)
– ұқсас міндет атқаратын микросхемалар жиыны.
Мысалы, орталық процессордың шалғай құрылғылармен деректер ал-
мастыру жұмысын жасақтайтын (аналық тақшада орналасқан) микро-
схемалар жиыны. Атқаратын міндеттері бір микросхема ретінде жүзеге
асыруға болмайтындықтан бірнеше бөлікке бөлінетін жүйелік тақшалар.
Бейнесхемалық контроллерлер сияқты күрделі бөлшектерде кеңінен
қолданылады.
Цикл
(cycle, loop)
де көп мағыналы сөз.
1) алгоритмнің немесе программаның бірнеше рет орындалатын бөлігі;
ол берілген айнымалы белгілі бір мәнге жеткенше немесе бір көрсетілген
шарт орындалып болғанша атқарылатын программадағы бірнеше рет қай-
талау операторлар жиынынан тұрады;
2) сол бір тізбек бойымен тұрақты түрде қайталап отыратын операция-
лар жинағы. Операцияны әрбір қайталау кезінде өзгеріс болады.
Циклдік алгоритм
– бастапқы қойылған шарт орындалғанша қайта-
ланатын командалар тізбегін көрсететін алгоритмдік құрылым. Циклдер
көмегімен программа жазу программа жазу процесін жеңілдетеді.
Электрмагниттік толқындар
– байланыс тізбегін құрайтын екі сымның
арасындағы электрлік және магниттік өрістер бір-бірімен белгілі бір элек-
трмагниттік энергия мөлшерінде байланыста болатын толқын.
ІP-адрес
(ағыл.
Internet Protocol address
) – интернет протокол адресі әр
құралға (компьютер, принтер т.б.) жеке-дара бекітілген нөмірлі белгі. Бұл
құралдар компьютер желісінде өзара қарым-қатынас жасау үшін интернет
протоколын қолданады.
Break
(ломать – үзілу) – белгілі бір қойылған шарт орындалуымен
ағымдағы цикл жұмысын бірден тоқтатып, программа жұмысын циклден
шығарып, әрі қарай жалғастыратын цикл нұсқаулығы.
Continue
(продолжить – жалғастыру) – белгілі бір қойылған шарттың
көмегімен ағымдағы цикл итерациясын тоқтатып, келесі цикл итерация-
сына ауыстыратын цикл нұсқаулығы.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.COM
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
|
|
|