«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды Индекс 40000, Алматы



Дата27.12.2019
өлшемі90 Kb.
#25061
түріКонкурс

«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды
Индекс 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Н.Назарбаева 38, анықтама телефоны/факс: 8 (72 82) 24-76-88. Электрондық пошта:. a.karasaeva@zhetysu.gov.kz БИН 000640002245.
D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;



мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1).осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2).тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

     Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Н.Назарбаева 38.

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:  Байқаушы ретінде ҚР Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай - ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.


1. Жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы (уақытша, бала күтімі демалысында болуына байланысты), D-O-4 санаты, (индекс: 7-6), 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 83 282 до 112 430 тенгеге дейін.

Білімі: Жоғары білім: білім (әлеуметтік педагогика және өзін тану); қызметтер (әлеуметтік жұмыс); заң (құқықтану және/немесе құқық); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе қаржы және кредит және/немесе есеп және аудит және/немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау және/немесе экономика және/немесе әлеуметтану және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару).

Функционалдық міндеттері: өз функционалдық міндеттерін сапалы орындауды, басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың лауазымдық өкілеттіктерінің шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауды қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шегінде облыс әкімінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, басқа да жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарының, қаулыларының, шешімдерінің, облыстық басқарма мен әкімдік алқасының бұйрықтары мен шешімдерінің, лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті бөлімдерімен, облыстық департаменттермен, басқармалармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Басқарма басшысы өткізетін алқа отырыстарын және кеңестерді ұйымдастыруға, өткізуге, сондай-ақ бөлім құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау бойынша басқа да іс-шараларға қатысады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен бекітілген әдеп нормалары мен мінез-құлық ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңының сақталуын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау бойынша шаралар қабылдайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына" сәйкес электрондық құжат айналымы тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Іс номенклатурасына сәйкес материалдарды, құжаттарды қалыптастыруды және жинауды, құжаттарды тираждауды және оларды жоғары тұрған органдарға, аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, халықты жұмыспен қамту орталықтарына жеткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді, еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстарды қамтамасыз етуге ықпал етеді. Мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады, жұмыс орындарының квотасын белгілеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және оның орындалуын үйлестіреді. Осы мәселе бойынша есепке алуды жүргізеді, мәліметтерді,ақпаратты талдайды және қорытады, тиісті органдарға жиынтық ақпаратты уақтылы ұсынады. Әлеуметтік жұмыс орындарын, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы әлеуметтік жұмыс орындарын, композиттік қызметтер бойынша ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.Осы мәселе бойынша аудандық (қалалық) жергілікті органдармен, үкіметтік емес және басқа ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Стандарттарға сәйкес жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою, жұмыссыз азаматтарға анықтама беру, адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру, мемлекеттік қызмет регламенттерін әзірлеуді қамтамасыз етеді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарын, мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру, мүгедектерді, аз қамтылған азаматтарды белсенді шаралармен қамту бойынша болжамды деректерді әзірлейді және тиісті органдарға деректерді ұсынады. Әлеуметтік жұмыс орындарын, мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру, халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен жоғары тұрған органдардың, облыстық басқармалардың, комитеттердің сауалдарына, хаттарына және өтініштеріне қамту мәселелері бойынша ақпарат, мәліметтер дайындауды қамтамасыз етеді және олардың уақтылы берілуін қамтамасыз етеді. Басқарылатын ағын бойынша жол карталарына қол қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, қол қойылған Жол карталарының есебін жүргізеді. Аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен жол картасы бойынша қажетті ақпаратты сұратады, ақпарат жинағын жүзеге асырады және оларды белгіленген мерзімде жоғары тұрған органдарға ұсынады. Текелі моноқаласы бойынша ақпарат жинауды қамтамасыз етеді, тиісті органдарға жиынтық ақпаратты талдайды және ұсынады. Халықты жұмыспен қамту орталықтарынан халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту бөлігінде 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша ақпарат, оң мысалдар алуды және ай сайын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет - ресурсында, сондай-ақ облыстық басқарманың сайтында уақытылы орналастыруды қамтамасыз етеді. Ай сайын облыстық басқарманың сайтында мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталауды ұйымдастыру жөніндегі ақпаратты, әлеуметтік жұмыс орындарын, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы әлеуметтік жұмыс орындарын, еңбек ресурстарының басқарылатын ағыны бойынша жол карталарына қол қою бойынша орналастырады. Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз етеді. Басқарма құзыреті шеңберінде Жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес береді. Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне әдістемелік көмек көрсетеді.және жұмыс тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді. Индикаторлар мен көрсеткіштердің орындалуына әсер ететін факторларды ай сайын талдауды қамтамасыз етеді. Тоқсанына бір рет аудандар мен қалаларға, бағдарлама операторларына жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы туралы шолу хаттарын жіберуді қамтамасыз етеді. Бөлім мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, жұмыспен қамту мәселелері бойынша қабылданған және қолданыстағы нормативтік–құқықтық актілер бойынша бөлімде және басқармада техникалық оқу өткізуді қамтамасыз етеді.
2. Жұмыспен қамту саласындағы мониторинг бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты, (индекс: 4-3), 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 83 282 до 112 430 тенгеге дейін.

Білімі: Жоғары білім: білім (әлеуметтік педагогика және өзін тану); қызметтер (әлеуметтік жұмыс); заң (құқықтану және/немесе құқық); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе қаржы және кредит және/немесе есеп және аудит және/немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау және/немесе экономика және/немесе әлеуметтану және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен бекітілген әдеп нормалары мен мінез-құлық ережелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді. ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау бойынша шараларын тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына" сәйкес электрондық құжат айналымы тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шегінде облыс әкімінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, басқа да жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарының, қаулыларының, шешімдерінің, облыстық басқарма мен әкімдік алқасының бұйрықтары мен шешімдерінің, лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, басқарманың ведомстволық бағынысты мекемелерінің, Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, Алматы облысының қаржы басқармасының және басқа да облыстық департаменттер мен ұйымдардың тиісті бөлімдерімен сонымен қатар, банктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласында, оның ішінде жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органдардың және жұмыспен қамту орталықтарының, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кадрларын қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады, кадр құрамын жетілдіру, кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсетуді қамтамасыз етеді. осы мәселелер бойынша мәліметтер жинауды жүзеге асырады, тиісті органдарға ақпарат, мәліметтер беруді талдайды, уақтылы және сапалы қамтамасыз етеді және ұсыныстар енгізеді. Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе айырылған жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квотасын орындау үшін жұмыс орындарының саны туралы мәліметтерді тоқсан сайын қабылдауды қамтамасыз етеді, жиынтық мәліметтерді жинақтауды жүзеге асырады, талдайды және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жиынтық мәліметтерді уақтылы ұсынады. Кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау бойынша жұмысты ұйымдастырады және оның орындалуын қамтамасыз етеді. Бос жұмыс орындарына бос орындар жәрмеңкесін өткізу, оларды жергілікті телеарналарда көрсету және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және облыс бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерінің саны туралы мәліметтерді жинайды, жинақтайды, көрсетілген қызметтердің сапасына мониторинг жүргізеді және әрбір қызметкерге жүктемені анықтайды. Халықты жұмыспен қамту орталықтары, аудандық (қалалық) бөлімдер қызметкерлерінің құрамын талдайды және халықты жұмыспен қамту орталықтарының сапалық және сандық құрамы бойынша ұсыныстар енгізеді. МДМ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, аудандар мен қалалардың әкімдіктерімен, облыстық құрылымдармен және ұйымдармен кадр мәселелері бойынша бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Тоқсан сайын басқарманың атқарған жұмысы туралы ҚР Президентінің Әкімшілігіне және облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне ақпарат, Алматы облысының мемлекеттік қызмет істері департаментіне және облыс әкімдігіне көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп беруді қамтамасыз етеді. Ішкі бақылау жөніндегі есепті және аналитикалық анықтаманы жылына бір рет облыс әкімдігіне және Алматы облысының мемлекеттік қызмет істері департаментіне ұсынады. Қоғамдық кеңеспен басқару мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды, сұраулар бойынша отырыстардың хаттамаларын, мәліметтерді уақтылы ұсынады. Басқарманың кадрлық жұмысын жүргізуді қамтамасыз етеді. Жұмыс өтілін есептеу жөніндегі комиссияларды, тәртіптік комиссияларды, қызметті бағалау жөніндегі комиссияларды ұйымдастыру және өткізу. Басқарманың әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне, оны өткізудің барлық рәсімдерін сақтай отырып, уақытылы бағалау жүргізу. Құқықтық жалпы оқытуды, "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын насихаттау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мониторингті жүзеге асырады. Басқарма басшысының мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді, ведомстволық бағынысты мекемелердің бірінші басшыларын жұмысқа қабылдауға, ауыстыруға, демалысқа, іссапарға және жұмыстан босатуға байланысты бұйрықтарын, сондай-ақ негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды уақтылы рәсімдеу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Бекітілген істер номенклатурасына сәйкес басқарма бұйрықтарының тиісті есебінің сақталуын қамтамасыз етеді. Басқарма комиссиясының ведомстволық наградалармен марапаттау жөніндегі қызметін ұйымдастырады. Әлеуметтік сала қызметкерлерін ынталандыру мақсатында жыл сайын кәсіби мерекеге ведомстволық бағынысты ұйымдардан, халықты жұмыспен қамту орталықтарынан, аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен үздік қызметкерлердің тізімі мен қажетті құжаттарын сұратады. Жинақтауды, талдауды жүзеге асырады және оның негізінде тиісті ұсыныстар енгізеді, марапатталатын тұлғалар бойынша құжаттарды ресімдейді және комиссия отырыстарында құжаттарды қарауды қамтамасыз етеді.
3. Әлеуметтік көмек және мүгедектермен бөлімінің бас маманы (уақытша, бала күтімі демалысында болуына байланысты), D-O-4 санаты, (индекс: 5-3), 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 83 282 до 112 430 тенгеге дейін.

Білімі: Жоғары білім: білім (педагогика және психология және/немесе әлеуметтік педагогика және өзін тану); қызметтер (әлеуметтік жұмыс); заң (құқықтану және/немесе құқық); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе қаржы және кредит және/немесе есеп және аудит және/немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау және/немесе экономика және/немесе әлеуметтану және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару). Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен бекітілген әдеп нормалары мен мінез-құлық ережелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді. ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау бойынша шараларын тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына" сәйкес электрондық құжат айналымы тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шегінде облыс әкімінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, басқа да жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарының, қаулыларының, шешімдерінің, облыстық басқарма мен әкімдік алқасының бұйрықтары мен шешімдерінің, лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті бөлімдерімен, облыстық департаменттермен, басқармалармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Табиғи зілзаланың немесе өрттің алдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде көрсетілген көмектің есебін жинақтайды, талдайды және министрлікке тапсырады. Е-собес компьютерлік базасын үнемі жүргізу және аудандық, қалалық бөлімдердің базасын қадағалайды. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік көмектің есебін жинақтайды, талдайды және министрлікке тапсырады. Е-собес компьютерлік базасын үнемі жүргізу және аудандық, қалалық бөлімдердің базасын қадағалайды. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу туралы айлық және тоқсандық есепті жинақтайды, көрсеткіштердің салыстырмалы талдауларын даярлайды, әлеуметтік көмектің тиімділік мониторингісінің кестесін жүргізеді. Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасының тиісті тарауларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді, көзделген нысаналы индикаторлар мен халықты әлеуметтік қолдаудың көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Компьютерлік кескіндеме негізінде әлеуметтік қолдау жөніндегі көрнекілік рәсімдеуге, сызба, кесте, диаграммаларды, аналитикалық материалдарды көрнекілеуге байланысты жұмыстарды атқарады. Алматы облысы бойынша аз қамтылған отбасыларынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек бойынша мәлімет жинайды, бөлінген қаржының игерілуін және мақсатты жұмсалуын бақылайды. Әлеуметтік маңызы бар ауруларымен ауыратын азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмек бойынша мәлімет жинайды, бөлінген қаржының игерілуін және мақсатты жұмсалуын бақылайды. облыс әкімінің, басқарманың интернет-ресурсына орналастыру үшін материалдар әзірлейді. Лауазымдық міндеттеріне сәйкес аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне әдістемелік және іс жүзінде көмек көрсетеді. Міндеттеріне байланысты барлық аналитикалық ақпараттарды дайындайды. Жоғары тұрған органдардың тапсырмаларына, сұрауларына материал дайындайды, бөлімде іс құжаттарын жүргізеді, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізіп, материал жинақтайды және басқарманың алқа мәжілісіне материал және басшыларға баяндама дайындайды. Өз құзыреті шегінде басқармада әлеуметтік көмек және мүгедектермен нысандары мен жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

__________________________


(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________________________________________________________________________________________________________
________                         ___________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау