Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы-есепшi, е-r-4 санаты (№7. 03), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты ­­­­­­­­73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері



Дата19.11.2018
өлшемі44 Kb.
#21291
түріКонкурс


«Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды: 090000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1 үй, 1 кабинет, анықтама үшін телефондар: 8-(7112)511279, факс 8-(7112)505206, электрондық адресі: otd_pred@mail.ru

1. Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы-есепшi, Е-R-4 санаты (№7.1-7.03), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты ­­­­­­­­73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік бағдарламаларды білу, материалдық-қаржылық мәселені жоспарлау. Мемлекеттік сатып алу жұмысын жүргізу. Бас кітап жүргізу, зейнетақы қоры мен әлеуметтік сақтандыру айналымын жүргізу. 1С бухгалтерлік бағдарламасымен жұмыс жасау. Баланс жүргізу.Мемориалдық ордерлер жүргізу. Жыл сайынғы қаржыландыру жоспарын айларға бөлу. Активтерге түгендеу жүргізу. Қалалық қаржы бөліміне шығын сметасының орындалуы туралы және бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мониторингінің нәтижелері туралы айлық есеп тапсыру.Салық комитетіне, статистика басқармасына, қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау, кадр жұмысы және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөліміне тоқсандық, жылдық есеп тапсыру. Бөлімінің кадр жұмысын атқару. Тауарлық-материалдық құндылықтардың және басты қорлардың түгенделуін жүргізуді жүзеге асыруға қатысады. БҚО бойынша қазынашылық Департаментімен қаржылық операциялар бойынша жұмыс жасау. Орал қаласының аумағын дамыту бағдарламасымен жұмыс жүргізу

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Әлеуметтік ғылымдар мен бизнес» (экономика және менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару, немесе маркетинг) мамандықтары бойынша жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi. Шетелдік оқу орындарын бітіргендер білімі туралы құжаттарын нострификациялау қажет.

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер де азамат еңбек етпеген болса және конкурс жарияланып отырған бос лауазымға еңбек өтілі талап етілмесе, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін тапсыру талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттарды жалпы  конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап    7 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе электрондық пошта адресіне электронды түрде  жіберген құжаттар қабылданады.           

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы жіберген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей береді.

Осы құжаттардың түпнұсқалары берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толықтай ұсынылмауы оларды конкурстық комиссияның қараудан бас тартуына негіз болады. 

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш күн ішінде конкурс жариялаған Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімінен өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Мемлекеттік орган басшысының келісуімен конкурстық комиссияның отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешіміне қатысты уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.



Аталмыш лауазымға орналасқан тұлғаға көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау