85
«Моноқалаларды дамыту -2020» бағдарламасының аясында 2015 жылдан
бері Текелі қаласында «Алатау» және «Достық» ы/а жалпы ұзындығы 12,5 ш.,
жалпы құны 1,5 млрд. теңгеге жылу жүйелерін қайта жаңғырту жүргізілді.
2015-2016 жылдары «Алатау» ы/а бойынша 6,0 ш. желілікк жылу
жүйелері тартылды, «Достық» ы/а бойынша - 3,51 ш. желілік жылу жүйелері.
Кәсіпорындар меншікті қаражат есебінен жалпы 2,3 млрд. теңге сомасына
қазандықтар мен жылу жүйелерін күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу
жұмыстарын жүргізді.
Аталған шаралар 2016 жылы жылу жүйелерінің тозуын - 55%-ке жылу
жүйелеріндегі шығындардың 22%-ке (2014 жылы норматив - 24%)
төмендетуге мүмкіндік берді.
Мемлекеттік «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасының
аясында 2015 жылдан бері «Қазақстандық ТКШ жаңарту және дамыту
орталығы» АҚ арқылы несиелендіру желісі бойынша 6 жобаны жүзеге асыруға
республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді, 5 жоба бойынша жұмыстар
аяқталды, Қапшағай қаласының жылу жүйелерін қайта жаңғырту жөніндегі 1
жоба бойынша жұмытсар жүргізілуде.
Жалпы, 7,9 ш. жылу жүйелері және Қапшағай қаласның Заречный
кентінде орталық қазандық салынды. Қапшағай және Талдықорған қалаларында
9,0 ш. жылу жүйелері қайта жаңғыртылды.
2016 жылы Ұлттық қордан 10 жобаны жүзеге асыруға 4,0 млрд. теңге
бөлінді, оның ішінде 817,9 млн. теңге сомасына жылумен қамту бойынша 1
жоба бар. Талдықорған қаласының №4 қазандығын қуатын 21 ГКал/сағаттан
31-ге дейін арттырумен қайта жаңғырту аяқталды, объект қолданысқа берілді.
2017 жылы Ұлттық қордан 3,9 млрд. теңге сомасына 5 жоба жүзеге
асырылуда, оның ішінде сумен қамту саласында 4 жоба және жылумен қамту
саласында 1 жоба, атап айтсақ, 1,5 млрд. теңге сомасына «Алматы облысның
Қапшағай қаласында «Қапшағайжылу» МКК-ның су жылыту казандығының
ғимаратын ПТВМ-30МС 2 қазандығын, әрекет етуші КВГМ-30-150 қазандығын
ауыстырумен және жаңа КВГМ-30-150 қазандығын орнатумен, ДСА 150 2
деараторларын және технологиялық құралдарды ауыстырумен қайта
жаңғырту» жобасы.
Текелі қаласының «Алатау» және «Достық» ы/а жылу жүйелерін қайта
жаңғыртуды аяқтау үшін 325,2 млн. теңге бөлінді (РБ - 223,332 млн. теңге, ЖБ
- 101,9 млн. теңге), 12,5 ш. жылу жүйелерінің 10 ш. жөнделді.
Облыстық бюджеттен Алакөл ауданының Үшарал қаласының (216,8 млн. теңге),
Көксу ауданының Балпық би кентінің (224,1 млн. теңге), Талдықорған қаласының
оңтүстік өнеркәсіп аймағында (кондиционер ғимаратында) (111,9 млн. теңге) және
Талдықорған қаласының (15,0 млн. теңге) жылу жүйелерін қайта жаңғыртуға және
салуға блыстық бюджеттен 567,8 млн. теңге бөлінді.
Қуаты 440 Гкал/сағ және 300 МВт Талдықорғандық ЖЭО құрылысының
ТЭН әзірлеу жалғасуда, алдын ала есептемелер бойынша құрылыс сомасы 180,0
млрд. теңгеден асады.
Сондай-ақ, 9,3 млрд. теңге сомасына «Талдықорған қаласының Басқуат
қазандығының құрылысы, кеңейту және қайта жаңғырту (1-кезең)» жобасы
әзірленді, құрылысты 2018 жылы РБ есебінен бастау жоспарлануда.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтарм (S)
Мүмкіндіктер (O)
86
1. Күрделі жөндеуді талап ететін жүйелердің үлесін
35%-ке дейін азайту;
2.
Облыстың
аудан
орталықтарында
жаңа
қазандықтарды салу есебінен орталықтандырылған
жылумен қамту үлесін 26%-ке арттыру.
3. Жүйелердің тозуын - 50%-ке және жүйелердегі
шығындарды 20%-ке азайту.
1. Мемлекеттік қолдау шаралары
(Өңірлерді 2020
жылға дейін дамыту бағдарламасы, Нұрлы жол 2015-
2019);
2. Жылу жүйелері объектілерін жаңарту,
нәтижесінде орталық жылумен қамту қызмттерімен
қамтамасыз етілу деңгейі 12%-тен 21%-ке дейін
артады.
Әлсіз жақтар (W)
1. Жылумен қамту инфрақұрылымының жоғары деңгейде
тозуы (55%);
2. Жылу қуатының жоғары деңгейдегі шығындылығы
(23%);
3. Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалаларының және
Көксу, Қаратал аудандарының мемлекеттік жылумен қамту
кәсіпорындарының
қанағаттанарлықсыз
қаржылық
жағдайы жылумен қамту объектілерін жаңарту бойынша
инвестициялық міндеттемелерін толық көлемде орындауға
мүмкіндік бермейді;
Қауіптер (T)
1.
Экономикалық
ахуалдың
нашарлау
салдарынан саланы қаржыландырудың қысқаруы,
даму бағдарламаларының жабылуы;
2. Қазандықтардың орнатылған және қолда бар
қуаттарының мүмкін болатын жаппай төмендеуі,
негізгі қорлардың қатты тозуына байланысты
авариялық
жөндеу
үстінде
жылу
көздері
агрегаттарының тоқтап тұруы.
Негізгі мәселелер:
жылу жүйелерінің жоғары деңгейде тозуы
(55%)
және жылу энергиясы
шығынының жоғары деңгейі
(22%)
;
жылумен қамту қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейінің төмен болуы
(26%)
.
Газбен қамту
Алматы облысында 2,0 млн. 741 елді мекен бар, оның ішінде 1,4 млн.
адам халқы бар 473 елді мекен газбен қамтылуға жатады, 543,7 мың адам халқы
бар 268 елді мекеннің мүмкіндігі жоқ.
Табиғи газға 108 елді мекен қосылған, газдандыру деңгейі 22,8%-ті
құрайды. 2014 жылмен салыстырғанда газдандарылған елді мекендердің саны –
32-ге, газандандыру деңгейі 6,8%-ке өсті
Газ құбырларының жалпы ұзындығы 3,3 мың ш. құрайды.
Газдандырылған елді мекендерді қамту деңгейі: Қарасай ауданында – 100%, Іле
ауданында - 73%, Жамбыл ауданында – 69%, Талғар ауданында - 62%.
Облыстың табиғи газға деген қажеттілігі жылына – 265 млн. м3 және
сұйытылған газға 506,4 мың тоннаны құрайды.
Табиғи газды жеткізу «Бұхар газнасостық ауданы-Ташкент-Бішкек-
Алматы» желілік газ құбыры бойынша жүзеге асырылады.
Жобаларды жекеменшік инвестициялар есебінен жүзеге асыру
Газ құбыры жүйелерінің құрылысына жекеменшік инвестицияларды
тарту бойынша бөлек жұмыс жүргізіледі.
2016 жылы жекеменшік инвестициялар есебінен құны 4,4 млрд. теңгені
құрайтын «Байсерке-Қапшағай» ЖГ құрылысы басталды. 37,6 ш. газ құбыры,
қуаты 50,0 мың нм3/сағ «Қапшағай» АГБЖ салынды.
2015 жылдан бастап Қапшағай қаласының газбен қамту қалаішілік
жүйелерінің құрылысы жүргізілуде, 215 ш. 63,1 ш. салынды. 1,6 млрд. теңге
инвестиция слынды.
«Байсерке-Қапшағай» ЖГ, АГБЖ және Қапшағай қаласының қалаішілік
газбен қамту жүйелері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының барлығыг
2017 жылдың 15 қазанына дейін аяқтап, қолданысқа беру жоспарлануда.
Ұйғыр ауданында жекеменшік инвестициялар есебінен «Қазақстан-
Қытай» халықаралық транзиттік газ құбырынан «Шарын» АГБЖ салынды.
Достарыңызбен бөлісу: |