49
Сәйкес мектептер жоқ шалғайдағы елді мекендерде жеткізуге мұқтаж 18251
баланың 18053-і үшін мектепке жеткізу ұйымдастырылды, бұл - 99 % (2014 жылы
– 87,2%), 85 оқушы мектеп-интернаттарға орналастырылды (0,5%) және 113 оқушы
туысқандарының үйінде тұрады (0,6%).
Оқулықтар алуға бөлінетін қаражат жыл сайын артуда, бұл облыс
мектептерінде оқулықтармен қамтылуының соңғы үш жылда жақсаруына оң
әсерін тиігізіп, 100%-ке жетті.
Облыста мектептердің 84%-і кең жолақты Интернет желісіне қосылған,
613 мектепте немесе 83% 2483 интербелсенді тақталар орнатылған, 388 мектеп
немесе 52% лингафон кабинеттерімен, мектептердің 47,1%-і жаңа үлгідегі
кабинеттермен жабдықталған. Компьютермен қамтылу 1 компьютерге 11
оқушыны құрайды.
Техникалық және кәсіби білім беру және жастарды қолдау
Облыста 73 техникалық және кәсіби білім беру мекемелері әрекет етеді,
олардың 26-ы (37,1%) ауылдық жерлерде орналасқан, 3 колледж ІІМ жабық
мекемелерінде орналасқан. Мемлекеттік – 41 және жекеменшік 29 колледждер бар.
Барлығы 68 мамандық және 122 біліктілік бойынша 32,3 мың шәкірт
білім алуда, оның ішінде 17,1 мың немесе 53,1 % - мемлекеттік тапсырыс
бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім алады. Оқытушылар
құрымының саны – 3230 адам.
2016 жылы оқуға 11389 адам қабылданды, оның ішінде жергілікті бюджет
қаражаты есебінен – 7698 адам. 10043 маман шығарылды.
Үлгілі жастағы (14-24 жас) жастарды техникалық және кәсіби білім берумен
қамту үлесі 2016 жылы 9,5%-ті құрады (2014 ж. – 8,6%).
Үлгілі жастағы жастарды қамту үлесі 2017 жылғы бағалау бойынша
төмендеп, 9,6%-ті құрайды.
Аталған көрсеткішті арттыру үшін, жұмыс кәсіптері бойынша мамандар
дайындайтын колледждер жоқ Іле, Кербұлақ және Ескелді аудандарында 3
колледж, Талғар агробизнес және менеджмент, Талғар политехникалық,
Талдықорған музыкалық және Бастөбе сервистік-техникалық 4 колледжге
жатақхана салу қажет.
3 колледжде - Қапал және Көлсей кәсіби-техникалық, Бастөбе сервистік-
техникалық колледждерінде өндірістік сабақтар өткізу және алғашқы
тәжірибелер алу үшін шеберханалар салу қажет.
Жаңа
техникалық
кәсіптерді
ашу
үшін
білім
мекемелер
шеберханаларының материалдық-техникалық базасын жаңарту қажет. Бүгінгі
таңда ТжәнеКБ мекемелерінің 39%-і заманауи құралдармен жабдықталған.
ТжәнеКБ
мекемелерін
материалдық-техникалық
нығайту
және
ғимараттарын күрделі жөндеу талап етіледі.
Облыс кәсіпорындарымен әлеуметтік әріптестікті жақсарту есебінен,
мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған және оқуды бітіргеннен кейінгі
бірінші жылы жұмысқа орналасқан техникалық және кәсіби білім беру
мекемелерін бітірушілердің үлесі 2016 жылы көбейіп, 2014 жылғы 72,8%-ке
қарағанда
73,6%-ті құрады.
1-сурет – ТжәнеКБ мекемелерін бітірушілердің жұмысқа орналасу серпіні
50
62,1%
60%
72,8%
2012 ж.
2013 ж.
2014 ж.
2015-2016 оқу жылында дуальді білім алу жүйесі бойынша 18 оқу
орындарында 18 мамандық бойынша 128 кәсіпорында студенттердің жалпы
санынан 1,8% қамтылды. 2016-2017 оқу жылы дуальді оқуға 24 оқу орындары 37
мамандық бойынша (32,8%) 132 кәсіпорын тартылады, студенттерді қамту 3,2%-
ті құрайды.
Жоғары және бірінші санаттағы мамандар үлесі 2015 жылы - 43,3%; 2016
жылы 45,2% құрайды. Жоғары және бірінші санаттағы мамандар үлесі 2017
жылы 46,5%-ке артады.
Білім сапасын арттыру үшін материалдық-техгникалық және кадрлық
қамтамасыз ету мәселелерімен қатар, мемлекеттік колледждерді тәуелсіз
аттестациядан өткізу мәселесі де басымдыққа ие. Аттестациядан өту үшін
мемлекеттік колледждео қаржыландыруды талап етеді, ол әрекет етуші
бюджетте көзделмеген.
Балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау жүйесі
2016 жылы облыста мүмкіндігі шектеулі 10527 бала болатын 2014 ж. – 10061),
оның ішінде 29,4%-і мектепке дейінгі (2014 ж. – 29,0%) және 70,6%-і (2014 ж. –
71,0%) мектеп жасындағы балалар. Олардың ішінде арнайы білім берумен 2016
жылы – 17,0%, 2014 жылы 10,3% қамтылды. 7 арнайы ұйымдармен қатар 277 жалпы
білім беретін мектептерде (37,3%) мүмкіндігі инклюзивті білім беру үшін жағдай
жасалған. Бұл мектептерде дені сау қатарластарымен бірге 1555 (17%) мүмкіндігі
шектеулі балалар білім алады, 2014 жылы - 1494 (13%), республикалық
көрсеткіш 29,7% (2014 ж. - 10,0%) болғанда үйде 1699 адам (2014 ж. -1445
білім алады.
Педагог мамандар
2016-2017 оқу жылы облыс мектептерінде 2014-2015 оқу жылындағы
34495 адамға қарағанда 35570 педагог мамандар жұмыс жасайды. Барлығы
жоғары білімді – 32001, орта арнайы педагогикалық білім бар 3569 педагог бар.
Жоғары санатқа - 6342, бірінші санатқа - 10844, екінші санатқа – 9604 педагог
ие, санаты жоқ оқытушылары саны - 8696.
Жоғары педагогикалық білімі бар педагогтар үлесі 2016 жылы 2014
жылғы 89,3%-ке қарағанда 89,9%-ті құрады, оның ішінде ауылдық жерлерде
2014 жылғы 72,5%-тен 2016 жылы 89,5%-ке артты.
Деңгейлік курстар бойынша сертификатталған барлық педагогтар үшін
базалық лауазымдық жалақыларына 1 деңгейге – 100%, 2 деңгейде – 70%, 3
деңгейге – 30% үстемақы көзделген.
2016-2017 оқу жылында облыс мектептеріне 1351 жас мамандар келді,
оның ішінде 1079 маман ауылдық жерлерге келді.
Жаздық демалысты ұйымдастыру:
2016 жылғы жазғы мезігілде облыста 33 қала сыртындағы балаларға
арналған сауықтыру лагерлері жұмыс жасады (2014 ж. – 34), олардың ішінде 10 –
мемлекеттік және 23 – жекеменшік. Балқаш, Іле, Қаратал, Кербұлақ
Достарыңызбен бөлісу: |