«Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды
БИН 131140004044, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 131, электрондық мекенжайы itk.alm@mid.gov.kz, анықтама үшін телефон 8(7282)24-09-15,
факс 8(7282)24-60-33
С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;*
6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-О-5
|
83282
|
112431
|
1. Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы (С-О-5), 1 бірлік (№ 05-2-10), (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты 2018 жылғы 01 наурызға дейінгі демалыс кезеңіне)
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жүріп өтуіне және шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсаттар беруін жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдіктерді қоса алғанда) жүріп өтуіне арнайы рұқсат береді. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль көлігімен қауіпті жүк тасымалдауға арнайы рұқсат береді. Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат ету карточкасын беру мен автокөлік құралына рұқсат ету карточкасын береді. Шаруашылық субъектілеріне тексеру жүргізу кезінде автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидасының сақталуына бақылау, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша қалалардың шекараларындағы немесе өзге де елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы автокөлік жолдарындағы көлік бақылау орындарында автокөлік құралдарының жүрістеріне бақылау жүргізуді жүзеге асырады. Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қарастыруды жүзеге асырады, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың ұйымдастыру және өткізу саласындағы белгіленген талаптарды жеке және заңды тұлғалардың сақтауына бақылауды, ұлттық дерекқорды жүргізуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша хаттамалар толтырады, іс жүргізуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы заңнамасымен көліктік бақылау органдарына бекітілген жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өкілеттіктерді, бөлім құзыретіне тиесілі өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (оның ішінде құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі), әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (оның ішінде экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг), техникалық ғылымдар және технологиялар (оның ішінде автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс, көліктік құрылыс), қызмет көрсету (оның ішінде көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) жоғарғы білім.
2. Су көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы (С-О-5), 1 бірлік (№ 07-2-2)
Функционалдық міндеттері: Кемелермен, соның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көліктік оқиғаны тіркеу, тергеудің өткізілуі және жіктеуді жүзеге асырады, кеме қатынас су жолдарының жағдайы мен навигациялық құрал-жабдықтарының жай - күйлеріне бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, кемелерге (соның ішінде шағын көлемді), ішкі су жолдарында орналастырылған салдар мен өзге жүзу объектілері мен ғимараттарына олардың қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігіне байқау өткізеді, кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуына бақылау және қадағалауды, кемеде барлық кемелік құжаттардың болуына тексеруді жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен су көлігінің қызмет тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасы заңнамалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуына, анықталуына оларды бұзушылықтардың алдын алу жөнінде шара қабылдауға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, жеке және заңды тұлғалармен ішкі су жолдары бойынша жүзу ережелерінің сақталуына бақылау және қадағалауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша хаттамалар толтыруды, іс жүргізуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы заңнамасымен көліктік бақылау органдарына бекітілген жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өкілеттіктерді, бөлім құзыретіне тиесілі өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (оның ішінде құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі), әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (оның ішінде экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг), техникалық ғылымдар және технологиялар (оның ішінде автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс, көліктік құрылыс), қызмет көрсету (оның ішінде көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) жоғарғы білім.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Мемлекеттік мекеме басшысның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттар, жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 131, 2 қабат, 210 бөлмеге тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
|
Нысан
|
____________________________________________________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына
қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға
міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________
________________________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.
Приложение 3
к Правилам проведения конкурса
на занятие административной
государственной должности корпуса «Б»
Форма
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
|
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
|
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
|
1.
|
Туған күні және жері/
Дата и место рождения
|
|
2.
|
Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
|
|
3.
|
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
|
|
4.
|
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
|
|
5.
|
Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
|
|
6.
|
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
|
|
7.
|
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
|
|
8.
|
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
|
|
9.
|
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
|
Күні/Дата
|
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
|
қабылданған/
приема
|
босатылған/
увольнения
|
|
|
|
|
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
|
_______________
күні/дата
|
Достарыңызбен бөлісу: |