2.2 Процестің ӛнімділігі
ЭЭӚ ӛнімділігін ӛңделетін уақыт бірлігінде дайындамадан алынып
тасталынған металдың кӛлемімен бағалау қабылданған.
Металдардың ӛңделулігі берілген ӛңдеу шарттары үшін экспериментті
түрде ӛте дәл анықталады. ЭЭӚ ӛнімділігіне бірдей шарттарда орташа ток
және ӛңдеу ауданы әсер етеді. Токтың жоғарылауымен ӛңдеу ӛнімділігі және
эрозия қалдықтарын алып тастау жылдамдығы алғашқыда пропорционалды
жоғарылайды. Токтың бір мәнінде бу-газдық фазаның кӛлемі жоғарылайды
және МЭЗ-де «фиктивті» разрядтар кӛбейе бастайды (газдық фазадағы
разрядтар), олар металды алып тастамайды, сонымен ӛнімділікті тӛмендетеді.
Кіші аудандар диапазонында осы токта жұмыс сұйығының асқын қызуының
нәтижесінде және газдың түзілуінің қарқындығы нәтижесінде, «фиктивті»
разрядтардың үлесінің жоғарылауымен ӛнімділік тӛмен болады. Үлкен
аудандар диапазонында эрозия қалдықтарын алып тастау доғасының
ұзындығы жоғарылайды, ол МЭЗ-дегі қатып қалған металдың бӛлшектері
арқылы ӛткен ток импульстарының екіншілік разрядтарына әкеледі, оларға
қосымша энергияны ЭЭӚ ӛнімділігінің шығынын хабарлайды.
2.3 Электрод-инструменттердің тозуы
ЭИ эрозиясын пайызбен ӛрнектелетін жалпы салыстырмалы тозумен
бағалайды. Кӛп жағдайда ЭИ жұмысқа қосылған бӛлігінің ұзындығының
тетіктің ӛңделген қуысының тереңдігіне қатынасын кӛрсететін сызықтық
салыстырмалы тозу ұғымын пайдалану қолайлы болады.
Тозу ток импульстерінің параметрлеріне, жұмыс сұйығының
қасиеттеріне, ЭИ материалына және тетіктеріне тәуелді болады. Электродтық
материалдар жоғары электр ӛткізгіштікке, эрозиялық тӛзімділікке және
механикалық беріктікке ие болуы, жақсы ӛңделуі және қажетінше қолжетімді
және салыстырмалы арзан болуы керек. Графиттелген материалдар, вольфрам,
мыс, латунь, сұр шойын,алюминий және мыс-вольфрамды, мыс-графитті және
т.б. қоспалар кӛп пайдаланылады.
Эрозияға тӛзімді материалдар таңдаудан басқа бағыт - сәйкес жұмыс
ортасын таңдау болып табылады. ЭИ динамикалық қорғанысын қолдану
арқылы тозудың тӛмендеуі жүзеге асырылды, электрлік разрядтардың бұзу
әсерімен қатар ЭИ жұмыс бетіне, оның қызу аймақтарында кӛміртегін
құрайтын сұйықтардың (мұнай қалдықтарының) пиролизі арқылы бӛлініп
шығатын кӛміртегі (графит) пайда болады. Сонда ЭИ бетінде графит-мыс
қорғаныс қабаты пайда болады. Қорғаныс қабаты ЭИ бетіндегі температура
1100
о
С тӛмен емес болғанда түзіледі. Пирографиттік қабаттың түзілуі үшін
тарақ тәріздес импульс пайдаланылады (2.2 сурет). МЭЗ арқылы ӛткен токтың
«қорғаныс» импульсі жұмыс импульстерінің аралығындағы іркіліс кезінде
аралықтың ионсыздану уақытын кӛбейтеді және бір біріне жақын бірнеше
келесі импульстер (15…20 данаға дейін) разрядтары пайда болуына келтіреді,
сонымен ЭИ біршама ауданының температурасын жоғарылатады және жұмыс
қуатының пиролиз уақытын кӛбейтеді. Қазіргі заманғы импульстік ток
генераторлары «тұтату» импульстері блоктарымен 1 жабдықталған (2.2 cурет).
Олар аралықтың сенімді ойығын қамтамасыз ете отырып, жұмыс импульсінің
басталуымен бір уақытта МЭЗ-ге әсер етеді.
Тарақ тәріздес импульстік токты қолдану ЭИ салыстырмалы тозуын
0.4... 2% дейін тӛмендетеді, ӛйткені токтың тӛрбұрышты түрінде тозу
5... 200% құрайды. Бірақ кейбір ӛңделетін материалдар, мысалы, тез
балқымайтын және титан үшін тарақ тәріздес импульстермен ЭЭӚ процесінің
тӛменгі тұрақтылығымен сипатталады, ол ӛңдеудің ӛнімділігін бірден
тӛмендетеді.
2.4 ЭЭӚ кезіндегі беттердің сапасы
ЭЭӚ кейінгі тетіктердің беттерінің сапасын, басқа да ӛңдеу әдістеріндегі
сияқты микротегіс еместігінің биіктігімен және бет қабатындағы
структуралық ӛзгерістермен бағалайды.
Ӛңделген беттің микрорельефі жергілікті асқын қыздыру және
металдың атылып булануынан пайда болатын кӛп ойықтардың бір-біріне
«жабылуы» нәтижесінде құрылады. Беттің тегіс еместігіне импульс энергиясы
ӛте кӛп әсер етеді, ол жоғарылаған сайын микротегіс еместігінің биіктігі
жоғарылайды.
2.5 Стендтің сипаттамасы
ЭЭӚ үлгілері үшін стенд импулсьтік ток қорек кӛзінен және ЭИ беріліс
механизмі және жұмыс сұйығы үшін жұмыс үстелі және ыдысты құрайтын
құралдан тұрады.
ТИГР-250-10 типті ток генераторы (импульстік реттеуіш транзисторлық
генератор U=250 В, I=10 A) кернеуі 380/220 В және жиілігі 50 Гц болатын
үшфазалық айнымалы токты жиілігі, түрі, тығыз еместігі және амплитудасы
бойынша параметрлері реттелетін униполярлық ток импульстарына
түрлендіруге арналған.
Жоғарғы басқару панелінде жұмыс аралығы арқылы ӛтетін токты
бақылау үшін амперметр және МЭЗ-дегі кернеуді бақылау үшін вольтметр
орналасқан. ЭИ жұмыс берілісінің жылдамдығын реттеу беріліс реттеуішінің
потенциометрінің қолсабымен орындалады.
Білдекті ӛңдеу күйіне келтіру кезінде ЭИ тетікке жеткізіп салу және
бұрып жіберу және одан алып кету тумблер арқылы «НАСТРОЙКА»
жағдайында және «ВВЕРХ» немесе «ВНИЗ» түймешелері арқылы
орындалады. Тумблердің «РЕГУЛЯТОР» жағдайында ЭИ берілісін (ӛңдеу
процесінде ЭИ-ді тетікке жеткізіп салу және бұрып жіберу) автоматты
бақылау генератор жүйесі қамтамасыз етеді. Технологиялық кернеуді қосу
және ажырату «ВН» түймешесімен орындалады. Кернеудің қажетті полярлығы