Алматы экономика жєне статистика академиясы


Қаржылық есеп берудің элементтері



жүктеу 3,88 Mb.
бет13/17
Дата28.11.2017
өлшемі3,88 Mb.
#2146
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

3 Қаржылық есеп берудің элементтері .
Қаржылық есептер мәмілелер мен басқа оқиғалардың қаржылық нәтижелерін оларды экономикалық сипаттамаларына сәйкес кең ауқымды категорияларға қалыптастырып, көрсетеді. Мұндай кең ауқымды категориялар мен қаржылық есептердің элементтерін атайды.

Субъектінің қаржылық жағдайын бағалаумен тікелей байланысқан элементтер бухгалтерлік баланста көрсетілген активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал болып табылады. Кірістер мен шығыстар жайлы есеп беруде субъектінің көрсеткіштерін өлшемімен тікелей байланысқан элементтер. Ақша қозғалысы туралы есеп беруді және меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп элементтері көрсетеді.



Субъектінің қаржылық жағдайы бағасына тікелей байланысты элементтер болып активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал болып табылады.

Активтер – болашақта табыс әкелетін, құндық бағасы бар, өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде алынған мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар. Бұл ресурстар ұйыммен бақыланады. Активте бекітілген болашақ экономикалық пайда – ақша түсіміне немесе баламаларына тура немесе жанама енетін әлеует.

Активке айналған болашақ экономикалық пайда мыналардың нәтижесінде алынуы мүмкін:



  1. егер актив жеке немесе субъект өткізетін дайын өнім (тауар, жұмыс, қызмет көрсету) өндірісінде басқа активтермен үйлесіп пайдаланылса;

  2. басқа активтерге айырбасталса;

  3. міндеттемелерді өтеу үшін қолданылады;

  4. субъектілерді меншіктеушілер арасында бөлінеді.

  5. Міндеттеме – өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде пайда болған және құндық бағасы, жеке тұлға немесе ұйым пайдасына белгілі бір әрекет етуші, мүлік беруге, жұмыс орындауға, ақша және басқасын төлеуге, әлде өтеу экономикалық пайдалы активтің кемуіне немесе ресурстың жылыстауына әкелетін белгілі бір іс-қимылдан қағыс міндеттілік.

Міндеттемелерді өтеу былай атқарылады:

  1. ақша төлеумен;

  2. басқа активтерді берумен;

  3. қызмет көрсетумен, жұмыс орындаумен;

  4. бір міндеттемені екіншісіне ауыстырумен;

  5. міндеттемелерді жарға капиталына аударумен.

Меншікті капитал (таза актив) – міндеттемелерді есептен шығарғандағы актив.

Акционерлік қоғамдардың бухгалтерлік балансында меншікті капитал, бөлінбеген табыс, бөлінбеген табыс есебінен пайда болған резервтік капитал, сондай-ақ меншікті капиталды қолауды қамтамасыз ететін түзетуді көрсететін сома, акционерлер салған қаражат ретінде сынып тармақтарына бөлінеді. Бұл тұжырымдамалар басқа субъектілерге де сай келеді.



Қаржы-шаруашылық қызметін бағалаумен тікелей байланысқан қаржылық есеп беру элементтері мыналар:

  1. кірістер – меншіктеушілердің салымына байланысы жоқ, меншікті капиталдың көбеюіне жетелейтін активтердің немесе олардың құнының артуы, не болмаса міндеттемелердің азаюы түріндегі есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың өсуі.

  2. шығыстар – меншіктеушілердің арасындағы бөлуге байланысы жоқ, меншікті капиталдың кемуіне әкелетін, активтің немесе олардың құнының азаюы, не болмаса міндеттеменің ұлғаюы түріндегі есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың азаюы.

Қаржылық есеп элементтерін мойындау, тану – мойындаудың мынадай критерийлерін қанағаттандыратын және элементті айқындауға сәйкес келетін баптың нәтижелері туралы есепке немесе бухгалтерлік балансқа кіргізу процесі:

  1. бапқа байланысты кез келген болашақ экономикалық пайданы субъект алады немесе жоғалтады деген ықтималдық бар;

  2. объектінің сенімді өлшенетін құны немесе бағасы бар.

Қаржылық есеп беру элементтерін бағалау – ақшалай соманы анықтау тәсілі, ол бойынша активтер мен міндеттемелер қаржылық есептерде мойындалады және мыналар бойынша бағаланады:

    • бастапқы бағасымен. Активтер оларды сатып алған кезде қол жеткен тараптардың келісімі мен белгіленген ағымдағы құны бойынша немесе төленген ақшалай қаражат сомасында; міндеттемелер – міндеттемеге айырбасталып немесе кей жағдайлардағы белгілі бір шарттармен алынған (мысалға, салықтар) түсімнің сомасы бойынша жағдайлардың қалыпты тоғысуы кезінде міндеттемелерді орындау үшін төленетін ақшалай қаражатттың сомасы бойынша көрсетіледі.

    • Ағымдық құнымен. Активтер есепте сол немесе соған ұқсас актив енді ғана сатып алынған жағдайда төленуге тиісті ақшалай қаражат сомасы бойынша көрсетіледі, міндеттемелер оларды өтеу үшін талап етілетін ақшалай қаражаттың дисконтталмаған сомасы бойынша көрсетіледі;

    • өткізудің (өтеудің) ықтимал құнымен. Активтер сатудан алынуы мүмкін ақшалай қаражат сомасы бойынша көрсетіледі. Міндеттемелер – оларды өтеу үшін талап етілетін ақшалай қаражат;

    • дисконтталған құн. Активтер субъектінің қалыпты қызметі барысында активтеді генерациялауға тиісті ақшалай қаражат болашақ түсімінің дисконтталған құны болып танылатын ағымдағы құны бойынша;

    • баланстық құнымен. Активтер мен міндеттемелердің бухгалтерлік баланста көрстілетін құны.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Неліктен бухгалтерлік есеп жүйесін «бизнестің тілі» деп атаймыз?

  2. Шаруашылық фактілері немесе шаруашылық операциялары қалай қалыптасады және бұлар бухгалтерлік есептің қандай кезеңдік объектілерін сипаттайды?

  3. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде әрбір бухгалтер қанша және қандай сабақтастық мәселелерді орындауы керек?

  4. Шаруашылық фактілерін бағалауды, топтастыруды, жіктеуді қалай түсінесіз?

  5. Ішкі, сыртқы, осы сәттегі, ұзақ мерзімді және күрделі тұрғыдағы шаруашылық фактілерін сипаттаңыз.

  6. Макро және микро есеп ұғымдарына қысқаша түсінік беріңіз.

  7. Оперативтік жедел есеп, бухгалтерлік, басқарушылық,қаржылық статистикалық есеп түрлеріне сипаттама беріп, бұлардың маңызын қысқаша түсіндіріңіз.

  1. Осы кездегі есеп жүйесі (кітапта көрсетілген 2.1.сүлбе бойынша) құрылымдарының өзара байланысын сипаттаңыз.

  2. Үйымдардағы сатылы экономикалық үрдістің қалыптасуы қандай және қанша кезеңдерден түрады? Бұлардың әрқайсысына жеке-жеке сипаттама беріңіз.

10.Бухгалтерлік есеп қандай экономикалық қатынастар мен есеп объектілерін сипаттайтын пән?
Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета» Алматы, «Центраудит», 2010.

  2. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2010

  3. Белобжецкий И.А. Аудит. В 2-х частях. М.: Бухгал-терский учет, 2011 г.

  4. Дюсембаев К.ПІ. Теория аудита. Алматы. Экономика. 2005 г.

  5. Ержанов М.С. Теория и практика аудита. Алматы. Ғылым, 2011 г.

  6. Робертсон Дж. Аудит. Перевод с англ. - М: КРМС, Аудиторская фирма "Контакт", 2010, -496 с.

15-тақырып. Аудиттің концептуалды негіздері
Дәріс мақсаты: Аудиторлардың республикалық және территориялық пала­талары аудит процедурасын біріздендіруге (унификация), же­тілдіруге және дамытуға үлестерін қосу


  1. Бақылаудағы аудиттің маңызы мен орны.

  2. Аудиттің түрлері мен міндеттері. ҚР дағы аудиттің нормативтік құқықтық реттелуі.

  3. Аудитторлық дәлелдемелер. Аудиттағы маңыздылық пен тәуекелділіктер. Аудитті жоспарлау.




  1. Бақылаудағы аудиттің маңызы мен орны.

Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңцы тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді

«Аудиторлық қызмет көрсету» ұғымына Республикалық және территориялық аудиторлар палаталары, аудиторлық фир­малар мен тәуелсіз аудиторлар кіреді. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңға сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы тәуелсіз «бейүкіметтік», қоғамдық, коммерциялық кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. Аудиторлар палатасы аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіреді және мүшелік жарналар мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.

Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны кемінде екі адамнан құралуға тиіс. Оның жарғылық капита­лында аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлес кемінде 51% болуға тиіс (11, 5-б.).

А
5 – 3/28


удиторлардың республикалық және территориялық пала­талары аудит процедурасын біріздендіруге (унификация), же­тілдіруге және дамытуға үлестерін қосуы керек. Аудит, бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау салаларындағы стандарттар мен ұсыныстарды сараптаумен қатар олар ауди­торлық фирмалар мен аудиторлардың қызметтерін үйлестіру функциясын орындайды, олардың қоғамдық этикалық нормала­рын анықтайды, аудиторлардың біліктілігін арттыру, аудиторлық қызметтің нарығын зерделеу, аудиторлық фирмалар мен аудиторларды нормативті құжаттармен қамтамасыз ету, оларға аудиторлық істі ұйымдастыруда кеңес берушілік-әдістік көмек көрсету бойынша шараларды қарастырады.

Нарықтық экономикаға көшу барысында аудиторлық қызметтерді құрудың қарқынын жеделдетіп, олардың жұмыс әдістерін жетілдіру аса маңызды. Бұл өндіріс пен шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін басқарудың көптеген салала­рында экономикалық проблемаларды шешудегі дәрменсіз­діктерді жылдам еңсеруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы Қаржы министрлігінің БТБ (Бақылау-тексеру басқармасы) жанынан шаруашылық есептегі тексеруші топ ұйымдастырылған 2009 жылдан басталады. Содан кейін оның негізінде 1990 жылдың 15-ші ақпанындағы ҚазССР Министрлер Кеңесінің №60 қаулысына сәйкес республиканың Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық бөлімдерімен «Қазақстан­аудит» атты шаруашылық есептегі аудиторлық орталық құрылды. 1992 жылдан бұл кәсіпорын жеке меншіктің барлық ұйымдарға аудиторлық қызмет көрсететін аса ірі дербес акционерлік компанияға айналды.

2010 жылдың 18-ші қазанында Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» бірінші заңын қабылдады, ал 2011 жылдың 6-шы мамырында елдегі аудитор­лардың 1 съезінде аудиторлар палатасының Жарғысы тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта елімізде 100-ден астам аудиторлық фирмалар мен 3000-нан астам маман жұмыс істейтін тәуелсіз жеке кәсіпорындар әрекет етеді. Келешекте аудиторлық істің мамандарына деген қажеттілік арта түседі. Аудиторлардың Республикалық Палатасының есебі бойынша еліміздегі аудиторлық қызметпен айналысатын қызметкерлердің саны шамамен 30 мыңдай адамды құрауы керек. Нарықтық өзара қарым-қатынасқа сәйкесетін нормативті-құқықтық актілерді әзірлеп қабылдау – аудиторлық істің келешекте дамуын дұрыс анықтауға және біздің елімізге аса ірі халықаралық аудиторлық компаниялардың көптеп келуіне ықпалын тигізеді.

ҚР «Аудиторлық қызметтер туралы» заңында ашық үлгідегі акционерлік қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда кез келген ұйымдық-құқықтық фор­мада аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйымдар ретінде ұғылатын аудиторлық ұйым­дарға анықтама берілген (11, 4-б.).

Аудиторлық ұйымдарды құру барысында аудиторлық кәсіпорындардың әр түрлі формаларын мынадай түрде мақсатқа лайықты пайдалану:



  • шетелдік аудиторлық фирмалардың өкілдіктерін;

  • біріккен аудиторлық кәсіпорындарды;

  • акционерлік қоғамдар мен компаниялар;

  • шағын жеке меншік және жеке кәсіпорындар;

  • жеке-дара аудит және кеңес беру.

Бірінші типтегі аудиторлық ұйымдарға 2002 жылға дейін «Үлкен бестік» деп аталатын: «КПМГ», «Делойт Энд Туш», «Артур Андерсен», «Эрнст энд Янг», «Прайс Уотерхаус Куперс» шетелдік компаниялардың өкілдіктері кіреді.

Бұл компаниялар, әдетте, келешегі зор аудандарға ірі қала­ларда офистерге, үлкен штаттарға және халықаралық деңгейдегі ауқымды жобаларды жүзеге асыра алатын мүмкіндіктерге ие. «Үлкен бестік» мүшелерінің жылдар бойы тірнектеп жинаған тәжірибесі және жоғары беделі бар. «Үлкен бестіктердің» барлығы да өз қызметтерін Қазақстанда бастаған. Олардың өкілдері беделді тендерге қатысып жүр. Құрлықаралық фирмалардың тұрақты клиенттеріне белгілі халықаралық біріккен және қазақстандық компаниялар мен қаржы-банк мекемелері жатады.

Екінші тип ТМД елдерінің аудиторлық фирмалармен және шетелдік фирмалармен («Үлкен бестіктен» басқа) біріккен аудиторлық кәсіпорындар құруды көздейді. Мұндай аудиторлық фирмалар шетелдік, біріккен және отандық компанияларға кәсіби қызмет көрсетеді. Осы типтегі аудиторлық ұйымдардың қатарына біздің еліміздегі ЖАҚ «БДО «Қазақстанаудит»-ті жатқызуға болады. Ол 2010 жылдың сәуір айында «ВДО International» деп аталатын әлемдегі аса ірі халықаралық тәуелсіз фирмалардың аудиторлық ассоциациясына толыққанды мүше боп кірді.

1963 жылы негізі қаланған «ВДО International» 99 елдің аудиторлық фирмаларының қызметін қамтиды және 2002 жыл­дың басында «Артур Андерсон» атты әйгілі фирма тарағаннан кейін бұл ассоциация «Үлкен бестіктің» құрамына кірді.

Үшінші тип – бұл өнеркәсіп кәсіпорындарына, ауыл шаруашылығына, құрылысқа, сауда-жабдықтау және басқа да салаларға қызмет көрсететін салааралық аудиторлық компания. Ол өзіндік ерекшелігі бар тақырыпта жұмыс істейді, оның нақты қызмет бағыты бар, отандық кәсіпорындарға кең спектрлі кәсіби аудиторлық қызмет көрсетеді.

Ұйымдастыру формасының төртінші типі – құрамына бірнеше аудиторлар кіретін шағын дербес аудиторлық фирмалар. Олар негізгі қызметтердің шоғырлануын және икемділігін, клиентпен тікелей байланысуды, қызметтер мен адам ресурс­тарын оңтайландыру мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Қазақстанда аудиторлық ұйымдардың осы тобына НАК «Центраудит – Казахстан», ЖШС «Ержановтар және Кº», ЖШС «Ай-аудит» және т.б. жатқызуға болады.

Ұйымдастыру формасының бесінші типі – жеке-дара аудиттеу және кеңес беру. Бұл арада біріккен аудиторлық туралы айтылып тұрған жоқ, мұнда кәсіби-кеңес берушінің негізгі жұмысы турасында сөз болып отыр. Мұндай кеңес берушінің қызмет құны қосымша шығындардың болмауынан төмен, сол себепті де оның қызмет саласын едәуір кеңейтеді.

Аудиторлық ұйымдардың іс-тәжірибесін талдау олардың негізгі қызмет бағыттарын және ұлттық экономика саласы, әр түрлі салалардағы кәсіпорындармен өзара байланысының формаларын анықтауға мүмкіндік береді.


2. Аудиттің түрлері мен міндеттері. ҚР дағы аудиттің нормативтік құқықтық реттелуі.

Каржылық есеп беру аудитінің мақсаты — аудиторға каржылық қорытынды есепті кұрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша каржылық қорытынды есептің дайындалғаны женінде қорытынды беру мүмкіндігін беру . Аудит мақсатының стандартты анықгамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына түгынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек .

Нарықгық катынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банк-тер, сақгандыру компаниялары, көлік және коммерциялық үйымдар мүлікті пайдалану, жүмыстар мен қызмет көрсетулерді орындау, ком-мерциялық операцияларды ақша каражаттары мен инвестициялар-дың займын жүргізу бойынша сан алуан келісім-шартгық (келісімді) қатынастарға түседі. Қажетті акдаратты алудағы мәмілеге кдтысу-шылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дөлелдей алады.

Жеке және ұжымдық меншік иелері—акционерлер, жарнашылар (пай иелері), сонымен қатар кредиторлар өз қызметгерінің саласын-да барлық көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқ-сандық және жылдық есептерде дүрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігшен айрылған. Үйым қызметі мен оның занды орын-далуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика, қар-жыландыру, несие беру, инвестициялау және салық салу саласында кджетті шараларды кабылдау үшін кажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақгар бойынша жүргізілетін ауди-торлық тексерулер ездерін қызықтыратын қаржылық есептеме на-қтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомстволар, соттар, прокуратураға және баска-ларға қажет.
Аудиттің маңызы

Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтканда:

  • экономикалық субъектілердің (фирмалар, акционерлік қоғамдар);

  • салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;

  • қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;

  • аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.

Ішкі пайдаланушыларға (кәсіпорынның өзінің акционерлеріне, директорлар кеңесіне, қызметкерлеріне) баскару шешімдерін дүрыс кдбылдау үшін кателер мен бұрмалаушылықгар жоқ объективті (әділ) қаржылық акдарат қажет. Сыртқы пайдаланушылар да ұйымның қаржылық жағдайына қызығушылық білдіреді (банктер несие берушілер, болашақ инвесторлар, сонымен катар қоғам).

Аудитке деген қажеттілік меншік кұқығы мен кәсіпорынды басқару бөлінген кезде пайда болады. Бірақ осындай аудитты жүргізуге деген заң талаптары жоқ кезде де каржылық есеп беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар болады.

Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процессі, егер бұрынғы есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа объектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жақка бағытталған қаржыландыруды беру туралы өтініш тексерілген есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін.

Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті үсыныстар дайьш-дауға мүмкіндік береді. Фирма қызметкерлерінің жан-тәнімен жұмыс істеуі үшін аудит күшті моралдық ынталандыру болып табылады. Барлық жазбалар мен есеп берулер тәуелсіз адамдармен тандалынады деп түсіну қызметкерлерді есепті мұқият және анық жүргізуге, сонымен қатар кәсіпорынның каржы-шаруашылық қызметі туралы есептемені құруға мәжбүр етеді.

Тексеруді жүзеге асыра отырып тәуелсіз аудиторлар екі негізгі қызметгі орындайды:



  1. Каржылық есеп берудің толықтығы мен дұрыстығын дәледеуге арналған дөлелдемелерді жинау және бағалау.

  2. Каржылық есеп беру мәліметтерін есептің жалпы қабылданған стандарттарына сәйкес тексеру.

3. Аудиттің міндеттері

Аудиторлық қызметтің негізгі міндеті экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік есептің жүргізілуін, қорытынды есепті құруды және пайдаланушыларды каржылық жағдай туралы ақпаратпен жабдықтауды сапалы тексеруді камтамасыз етуде болып табылады. Іскерлік ортада қорытынды есеп беру мәліметтері аудиторлық қорытындымен дәлелденбеген кәсіпкерлерге сенім аз болады. Сенімге ие болу үшін экономикалық қатынастардың тұрақтылығын делелдейтін ұзақ серіктік қатынастар кджет болады.

Сапалы тексеруді қамтамасыз ету үшін аудиторлық фирмаларға бухгалтерлік, зандық және жалпы экономикалық мөселелер бойынша бағдарламалық камтамасыз ету, анықтамалық әдебиет түріндегі толық ақпараттық база қажет.



Аудиторлық фирмалардың маңызды міндеттерінің бірі өз қызметімен қатар кез келген экономикалық субъект қызметінің рентабельділігін камтамасыз ету болып табылады. Аудиторлық жұмыс жоғары біліктілікті, аса көңіл бөлу мен кәсіпқойлыты талап етеді. Әрине, оған осы кәсіп мәртебесіне сай жоғары ақы төленуі керек. Сонымен қатар үлкен табыс пен қызметі көрсетілген тұтынушылар-дың көп санына үмтылу кезінде аудиторлар клиенттерді тандамай ала алмайды. Бұл жерде болашақта аудиторлық фирма беделін түсірмес үшін клиентгерді дүрыс таңцау кджет.

Сонымен қатар аудиторлық қызмет көрсетуді кеңейту саласында маркетингтік зерттеулерді жүйелі жүргізу де аудиторлық фирманың міндеті болып табылады. Қазір Кдзақстандағы, өсіресе, үлкен қала-лардағы аудиторлық фирмалар саны кұрт өсуде. Бұл нарық жағдай-ында бәсеке өсуіне әкелетін дұрыс құбылыс. Аудиторлық қызмет көрсетудің сан алуандығы аудиторлардың қызметтің белгілі бір сала-сында мамандануына әкеледі. Қазақстанда акционерлік қоғамдар-дың аудиті, сақгандыру компанияларының аудиті, банктік аудит бөліп көріне бастады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Аудит дегеніміз не?

  1. Аудит анықгамасына енгізілген сөздермен сөйлемдерді қысқаша түсіндіріңіз.

  2. Келесідей түсініктерге сипаттама беріңіз: аудиттың мақсаты, маңызы мен міндцеттері.

  3. Аудиттың пайда болу себебін көрсетіңіз.

  4. Аудит түрлерін сипаттаңыз.

  5. Қазақстанда аудит қалай дамып отыр?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Стуков С.А., Голышев В.Д. Введение в аудит. М.: Тарнер. 1992 г.

  2. Соколов Я.В. Десять постулатов аудита. Бухгалтерский учет. 2010 г., № 1.

  3. Сейткасымов Г.С., Сейткасымова А.Г. Становление и развитие аудиторской деятелъности. Караганда. КарГУ, 2010 г.

  4. Терехов А.А. Аудиты высшие и внутренние. - Журнал "Бухгалтерский учет",



16-тақырып. Кәсіпорында аудитті ұйымдастыру
Дәріс мақсаты: кәсiпорындарға, бiрлестiктерге және басқаларға өзiнiң есеп саясатын қалай жүргiзу керек екендiгi туралы және кәсіпорындарда аудитті уйымдастыруды яғни ақша қаражаттарының жалпы аудитінің жүргізілуін уйрену


  1. Ақша қаражаттары және оның эквиваленттерінің аудиті.

  2. Қорлар және дайын өнім аудиті. Дебиторлық қарыздар аудиті.

  3. Негізгі қуралдар аудиті. Материалдық емес активтер аудиті.




  1. Ақша қаражаттары және оның эквиваленттерінің аудиті.

Нарықтық қатынас кезiнде үкiмет серіктестіктерге, кәсiпорындарға, бiрлестiктерге және басқаларға өзiнiң есеп саясатын қалай жүргiзу керек екендiгi туралы нұсқау берiлмейдi және оның шаруашылық субъектiлерi өздерi шешедi. Осыған орай, олардың нормативтiк құжаттары болып, яғни есеп саясатын жұргiзудiң негiзгi көзiне №1 бухалтерлiк есеп стандарты »Есеп саясаты оны жазу» болып саналады. Оны «бухгалтерлiк есеп туралы» Қазақстан Республикасының ұлттық комиссиясы 2011 жылы 13 қарашада №3 қаулысымен бекiткен. Мұнда  әрбiр шаруашылық субъектiлерi өз бетiмен iс жүзiнде өздерiне қолайлы есеп саясатын жүргiзудiң жолын анықтайды және олардың атқаратын iстерiне, жұмыстарына сәйкес келуi тиiс.

Бухгалтерлiк есептi жүргiзу барысында бұл серіктестікте журнал-ордерлер қолданылады. Әр бiр есептi ай сайын  қолданылатын шоттар бойынша ведомостар мен журнал ордерлер осы құжаттардағы ақпараттар мен мәлiметтер арқылы бас кiтап толтырылды. Ал бас кiтаптың мәлiметтерi қоғамның жылдық қаржылық есебiне жасау үшiн қолданылады.

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.

Кассир — материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі турапы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шартгар жасалынады.

Бірнеше себептермен кассалақ опреацияларының аудитінің әдістерін меңгеру негізгі болып келеді:

-             Ақша қаражаттары кәсіпорынның тез өтетін активтерінің бірі болып келеді;

-             Ақша опреациялары массалық және тез таратылған болып келеді;

-             Ақша опреациялары массалығы және тез таратылғаны кәсіпорынның шаруашылық қызметінің осы учаскесінде көптеген зияндарға және бұзуларға әкеледі. Қолма-қол ақшалардың жылжуы кассалық операциялар арқылы жүргізіледі;

-             Еңбек ақысын төлеу;

-             Административтік шаруашылық шығындарды төлеу үшін қаражаттарды беру;

-             Есептегі тұлғаларға қаражаттар беру.

Кассалық операциялардың аудиторлық тексерістері еңбекті көп қажет етеді. Кассаның және кассалық операциялардың аудиті үш бағытта болады:

1)           Қолма-қол ақша қаражаттарының инвентаризациялауы;

2)           Кассаға келіп түсетін ақша қаражаттарын уақытысында тексеру;

3)           Шығынға ақшаны дұрыс жазуды зерттеу.

Ақшаны көшіру бойынша кассалық операциялардың шығынға кассалық есепке тіркелген құжаттар бойынша тексеріледі. Тексеріс кезінде келесі құжаттар пайдаланылды:

-             № 1 кассалық ордер «Кіріс касса ордері»;

-             №3 кіріс және шығыс касса құжаттарының тіркеу журналы;

-             №45 «Касса» шоты бойынша есеп регистрлері;

-             Бас кітап;

-             Ағымдағы жылдың баланстары.

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – келесі сұрақтарды зерттеп талдау:


  • Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы

  • Ақша қаражаттарының есеп айырысу нысандары

  • Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

  • Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу




  1. Қорлар және дайын өнім аудиті. Дебиторлық қарыздар аудиті.

Тауарлы- материалдық қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты- олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады:



  • олардың сақталу және пайдалану орындарындағы қозғалыстары мен нақты қолда барлығы туралы дәлелді мәліметтер алу;

  • олардың сақталу ережелерін қамтамасыз ету;

  • өндіріске жұмсалу номаларының сақталуын қамтамасыз ету;

  • өндіріске қажеті жоқ материалдық ресурстарды табу, анықтау және оларды сату;

Өндіріс үрдісінде бірақ - рет қатысып өндірілген өнімнің өзіндік құнына құны түгелдей кіріп, оның материалдық негізін құрайтын тауарлы-материалық қорлардың алатын орны өте зор.

Тауарлы-материалдық қорлар баланста: материалдар 1310, дайын өнімдер 1340, тауарлар 1330, аяқталмаған өндіріс баптары бойынша жинақталып, оларға мынадай активтер жатады: шикізаттар, сатып алынған жартылай фабрикаттар (шала өнімдер) мен құрастыру бұйымдары, конструкциялар мен тетіктері, отындар, ыдыстар мен ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектері, қайта өңдеуге берілген материалдар, сондай-ақ шаруашылықтың негізгі қосалқы өндірістерінде сатуға шығарылған өнімдер түріндегі активтері және әр түрлі мақсаттар үшін сатып алынған тауарлар және есепті кезеңде технологиялық үрдіс аяқталмаған өндірістік шығындар да жатады .

Аудитордан әр түрлі мақсаттарға қоймадан босатылған материалды құндылықтар бойынша бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын мұқият тексеруді талап етеді.

Аудиторлық дәлелдемелердің негізгі көздері мыналар болып табылады: бухгалтерлік есептің қолданыстағы заңнамасы, салықтар туралы және басқа да номативтік-құқықтық актілер, бухгалтерлік есеп стандарттары, қаржылық есеп стандарттары, есеп саясатының қағидасы, бизнес-жоспар, өндірістік бағдарлама, қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп тізімдері. Алғашқы құжаттардың ішінен дәлелдеме көздеріне мыналар жатады: смета, шикізат шығындарының нормасы, лимит картасы, жолдағы қағаздар, инвентарлық сипат, салыстыру ведомосттары, хабарлама, төлем құжаттарының көшірмесі, келіп түскен жүктер есебінің журналы, счет фактуралар, ішкі орын ауыстыруларға үстемелер, тауарлы- транспорттық үстемелер, жүктік кедендік декларациялар, сертификаттар, кіріс ордері, сенімхат және т.б.

Ішкі бақылаудың құрылымын түсіну үшін аудитор:


  • Тауарлы-материалды қорлар табиғатын анықтау мақсатымен, өткен жылғы жұмыс құжаттарына шолу жасау керек.

  • Тауарлы материалды қорларға бақылаудың қалай жүргізілгендігін зерттеу.

  • Қандай мәселе табылғанын зерттеу;

  • Құралған сауалнама бойынша персоналдардарға сурау жасау;

Өзінің әдеттегі есебін және бақылау жұмысын атқаратын, клиент жұмысшыларын бақылау, аудиторға бақылау кезеңін және процедураны түсінуге мүмкіндік береді және олардың бәрі тәжірибиеде қолданылатынына сенімділігін береді.

Оларды жақсы түсіну үшін деректі алғашқы құжатты тексере отырып, аудитор өзіне қажет мазмұн нұсқауларын айқындай алады.

Сипаттау есебін, құжат айналымын, ішкі бақылау сұрақтарын, сұраулар тізімін құру арқылы ішкі бақылау жүйесінің түсінігін құжаттай алады. Шаруашылық қызметтің және клиенттің ішкі бақылауын алудағы сұрақтар тізімінің үлгісін келесі кестеден көреміз.

Шаруашылық операцияларды орындау барысында болатынын бұрмалауларды ішкі бақылау жүйелері арқылы жою мүмкін еместігін аудитор біліп жүруі керек. Сондықтан ол керекті тексеру процедуларын өзінің тәжірибиесіне және пікіріне сүйене отырып қабылдайды.

Ол арқылы тауарлы-материалды қорлар аудитінде қандай бұрмалаулар орын алатынын анықтайды. Тауарлы-материалды қорлар есебінде орын алатын бұрмалаулар.

Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудиторлық бағдарламасы мынадай басты мәселелерді қамтиды:



  • Баланстың көрсеткіштерін Бас кітаптағы мәліметтермен салыстырып тексеруді;

  • тауарлы-материалдық қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебінің дұыс жүргізілгендігін тексеруді;

  • қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың сақталуын, оларға уақтылы түгендеу жүргізілгендігін тексеруді;

  • қойма есебінің, тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысының бастапқы құжаттарының уақтылы дұрыс толтырылғандығын, соңғы қорытынды есеп беру күніне, субьектінің өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуін тексереді.

  • Келіп түскен материалдардың уақтылы толық кіріске алынғандығын және бухгалтерлік жазуларды жүзеге асырылғандығын тексеруді;

  • Сатылып жөнелтілген және қайта өңдеуге берілген материалдық құндылықтардың операйияларының дұрыс құжатталып, бухгалтерлік жазуларының жүзеге асырылғандығын тексеруді.

Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудиторлық бағдарламасы



Рет нөмір

Аудит процедуралары

Ақпарат көздері

1

Тауарлық- материалдық қорларды алуға арналған құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы мен бар екендігін тексеру

Шарттар, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, кірістік құжаттар мен т.с.с.

2

Тауарлық- материалдық қорлардың саны мен сапасы жөніндегі тілек-талаптарды ресімдеудің дұрыстығын, негізділігін және уақытылығын тексеру

Тиісті құжаттарды (коммерциялық акт, теміржол станциясы түбіртіктері, салыстыру тізімдемесі және т.б) жабдықтаушыға, темір жолға немесе кеме шаруашылығына талап-қуанымдар, 8 журнал-ордер, бас кітап және т.б.

3

Алынған құндылықтарды кіріске алудың немесе орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет есебінің толықтығы мен уақытылығын тексеру

Қабылдау актілері, жүк құжаттар, шот-фактуралар, кірістік ордерлер, қойма есебі тізімдемесі, 6 журнал- ордер, бас кітапты, баланс және т.б.

4

Түскен материалдарды кіріске алудың толықтығы мен ұзақтылығын тексеру


Бастапқы құжаттар (қабылдау, коммерциялық актілер, жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары), шот-фактуралар, кірістік ордерлер және т.с.с.

5

Тауарлы – материалдық қорлардың бар болуы мен сақталуын, оларды түгендеуді жүргізудің уақтылығы мен дұрыстығын талдау

Материалдарға жауапты адамдар мен шарттар, бастапқы құжаттар, қоймалық есеп карточкалары, түгендеу актілері

6

Кәсіпорынның өндіріс қорлармен соңғы есеп беру күндерінің қамтамасыз етілуін бағалау

Стандарттар, нормалар мен нормативтер, техникалық шарттар, есеп айырысу, бастапқы және құрама құжаттар

Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудитін тереңдетіп жүргізу үшін жоғарыда келтірілген аудиторлық тексеру бағдарламасын, кеңейте түсетін олардың ішкі жағдайын бақылауды тексеру тестерінің сауалнамасын жасау қажет.

Аудитор қойылған сұрақтарына алынған жауаптарын зерделеп және талдап ішкі бақылаудың жағдайы туралы қорытынды жасап бағдарламаға сәйкес аудиторлық іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Ұзақ мерзімді активтер сияқты ағымдағы активтерді баптары бойынша мәліметтерін тексерген кезде қолда барлығын, баланстың, Бас кітаптың, есеп регистрларының мәліметтерінің арасында тепе-теңдіктің сақталғандығын анықтап, синтетикалық және аналитикалық ақпараттардың сәйкестігіне көз жеткізудің маңызы зор.

Тауарлы-материалдық қорлардың кейбір жеке түрлеріне аудит жүргізгенде оларға және олардың есебіне ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор.

Аудитор жасаған бағдарламасын кеңейте түсу үшін тауарлы- материалыдқ қорларды сатуға байланысты мынадай мәселелерді анықтауға тиісті:



  1. Тауарлы- материалды құндылықтарды сатуға шарт жасалғандығын және, олардың дұрыс рәсімделгенін;

  2. Артып-жөнелтілген өнімдердің құжаттарының дұрыс толтырылғандығын;

  3. Артып-жөнелтілген өнімдердің бағасының дұрыс толтырылғандығын;

  4. өнім сатуға жасалған шартқа сәйкес босату бағасының, өнімді сатушыдан сатып алушыға дейін жеткізу шығындарының төлену тәртіптері ескеріліп, дұрыс белгіленгендігін, ( оларды мынадай түрлерге бөлуге болады: франко-орын, сатушы, франко-қойма, жөнелтуші, франко-айлақ, белгіленген айлақ, франко-вагон, белгіленген франко – айлақ және сатып алушының франко-қойма);

  5. аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерінің есеп регистрларындағы, Бас кітаптағы және баланстағы жазулармен сәйкестігін.

Есеп айырысу құжаттары алынбаған ТМБ түскен кезде (фактураланбаған жеткізулер), осы түскен құндылықтар төленген, бірақ жолда келе жатқандар (дебиторлық берешек) ретінде саналатын-саналмайтындары анықталады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары – Дебиторлық борыштары /Алынуға тиіс шоттар/ деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін /алынатын/ уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мнрзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар бөлімінің шоттарында есептеледі.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын  /өтелінетін/  дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың катарына жататындар:

-         ағымдағы активті сатып алуға төленген аванстық  /алдын ала төленген/ төлем;

-         тапсырылған  /берілген/  шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;

-         вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;

-         негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;

-         ұйымның лауазымды адамдарының  /тұлғаларының/ дебиторлық борышы:

-         басқадай дебиторлық борыштар.

Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша шоттар  /дебиторлық борыштар/  иелік ету хұқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ  «дебиторлық борыш»  дегеніміз, бұл – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтеу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады.




  1. Негізгі қуралдар аудиті. Материалдық емес активтер аудиті.

Жерді тұрақты пайдалану құқығы мен жерді меншік құқығы ретінде есепке алу. Қазақстан Республикасының «Жер туралы » заңына сәйкес жер териториялық кеңістік болып саналады, оның шегінде ҚР сусуверенитеті, табиғи ресурстары, жалпыға бірдей өндіріс процесі және териториялық негізіндегі кез – келген еңбек процесі белгіленген . жер өндіріс прцесі ретінде еңбек процесінің және экономиканың бірқатар саласының, атап айтқанда, ауыл және орман шаруашылығының қажетті материалдық алғы шарттары ьболып табылады.

ҚР Конститутциясына сәйкес жер және оның қойнауындағы қазба байлықтар, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікке жатады. Сондай – ақ, бекітілген заңдар негізінде, шарттар мен шектеулерге байланысты жер жеке меншікке берілуі мүмкін.

ҚР жердің мемлекеттікте, жеке меншік те түрлері бірдей қорғалып және .танылады. Кез – келген меншік иесі заңға қайшы келмейтін кез – келген мәмілені жасауына болады.

Мемлекет меншігінде жерден оның учаскелерін:


  • сатуға немесе жеке меншікке тегін пайдалануына;

  • тұрақты немесе уақытша пайдалануына;

  • заң актілерінде қаралған шарттары бойынша жерге деген құқын сатуға болады.

Жерді пайдалану құқы – мемлекет меншігінде тұрған жер учаскелерін тұлғалар ұзақ немесе белгілі бір мерзімге, немесе тегін пайдалануға құқығы бар. Жерді пайдалану құқығы: мемлекеттік органдарының актісінің, азаматтық құқықтық мәміленің және басқа да заңмен қарастырылған кезінде пайда болады.

Жерді қысқа мерзімді пайдалану үшін 5 жылға дейін, ал ұзақ мерзімді пайдалану үшін 5 жылдан 49 жылға дейін алады. Жерді қысқа мерзімге пайдалану үшін, оның пайдалану мақсаты көрсетіледі.

Жерді басқа да құралдармен салыстырғанда айырмашылығы шаруашылық айналыстағы жердің тұтыну құны ұтымды пайдаланған кезде тез азайып қана қоймай, сонымен қатар жақсара түседі. Осыған байланысты жер амортизацияланбайтын болып саналады.

Жерді пайдаланушылар мемлекетке жер үшін төлем төлейді. Жеке меншікке немесе жалға берілетін жерлердің төлем мөлшерлемесі ҚР үкіметінің 2001 жыл 16 маусымдағы № 210 – 10 заңымен бекітілген.

Әрбір кәсіпорын жердің оперативтік және бухгалтерліу есебін жүргізеді.

Әрбір жер төлемі бойынша негізгі құралдарды есептеудің мүліктіккарточкалары ашылып, жердің аналитикалық есебі жүргізіледі.

Меншік құқы мен жерді пайдалану құқы ҚР Азаматтық кодексімен және басқа да ҚР заң актілерінде қаралған тәртіпте қорғалады.

Меншік иесі немесе жерді пайдаланушылардың шеккен зияндары толық көлемінде өтіледі де, егер де:



  • меншік құқығынан немесе жерді пайдаланушылардан мемлекеттің қажеттілігі үшін қайтарылып алынса;

  • меншік құқығына немесе жерді пайдаланушыларға жерді пайдаланудың айрықша тәртібі белгіленуіне байланысты шектеулер енгізілсе;

  • меншік құқығы мен пайдалану құқығы бұзылса;

  • объекті салу және пайдалану нәтижесінде жердің сапасы төмендесе, нәтижесінде жер құнарлығы мен суару жағдайы нашарласа;

  • төтенше жағдай кезінде жерді қайтарып алса.

Меншік иелерінің және жерді пайдаланушылардың шеккен зияны, соған зиян келтірілгендердің есебін өтеледі.

Уақытша әкелінген және әкетілетін негізгі құралдардың есебі. Қолданыстағы заңға сәйкес шетелдік инвесторлар, басқа да заңды тұлғалар өндіріс процесінің белгілі бір уақыт мерзімінде пайдалану үшін ҚР территориясына өндіріс құрал – жабдықтарын мен басқа да негізгі құралдарын уақытша әкелуге құқылы. Бұл негізгі құралдар өзгертілмеген күйінде өз иесіне қайтарылады, тек

табиғи тозуынан басқасы. Республикаға әкелінбейтін негізгі құралдардың категорияларын ҚР Министрлер кабинеті анықтайды. Негізгі құралдарды әкелуге кедендік органдар рұқсат береді. Әкелу мерзімі әкелу мақсатымен белгіленеді және ол әдеттегідей екі жылдан аспауы тиіс.

Негізгі құралдардың Республикаға әкелінетін мүліктері толықтай немесе ішінара кеден салығынан босатылуы мүмкін.

Осыған сәйкес ҚР субъектісі кедендік территория шегінен тысқары шетелдерде өндірістік қызметті жүзеге асыру үшін негізгі қорларын алып кетуіне құқылы.

Әкелінген және әкелінетін негізгі құралдардың есебі келесі: ( 2412-2415) «Уақытша әкелінетін негізгі құралдар» қосалқы шоттарында босатылуы мүмкін.

Уақытша әкелінген негізгі құралдарды есепке алғанда 2412-3, 2413-3, 2414-3, шоттары дебеттеліп 4240 шоты кредиттеледі.

Уақытша әкелінген негізгі құралдарды пайдалану процесінде олар бойынша белгіленген тәртіп бойынша олардың амортизациясы есептеледі. Бұл жағдайда 2930,7110,7210,8045 шоттары дебеттеледі де, соған сәйкес 13-ші «Негізгі құралдардың тозуы » бөлімшесінің шоты, 3-ші «Уақытша әкелінетін негізгі құралдардың тозу » қосалқы шоты кредиттеледі.




АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ



«Есеп және аудит» кафедрасы

ТӘЖІРИБЕ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


«Бухгалтерлік есеп және аудит » пәні бойынша

5В090800 «Бағалау», 5В050700 «Менеджмент», 5В051100 «Маркетинг» мамандығы

Алматы, 2012 ж.



  1. Бухгалтерлік есептің концепциясы, стандарттары және қағидалары

Тапсырма:

Берілген сурақтарға жауап беру




  1. Есеп жүйесін стандарттаудың қажеттілігі

  2. Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттау

  3. Халықаралық бухгалтерлік есеп ұйымдары

  4. Бухгалтерлік есептің әлемдік моделдері

  5. Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет.

  2. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2005.

  3. Кеулімжаев Қ.К. «Корреспонденция счетов». Алматы, БИКО 2010

  4. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии» Алматы, 2002.

  5. Тулешова Г.К. Халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есеп және есептілік Алматы, “Бизнес информация” 2005.

  6. Палий В.Ф., Соколов Я.В., “Бухгалтерлік есеп теориясы”, М Финансы и статистика 2008ж.



  1. Екі жақтылық қағидалары және баланстық теңдеу

Тапсырма:

Шаруашылық операцияларының мазмұнына қарай шоттар корреспонденциясын жасау


Күні

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Сома

мың. теңге

ДТ

КТ

1

2

3

4

5




Бастапқы қалдық

5







1.09.07

Кассаға есеп айырысу шотынан ақша қаражаттары еңбекақы төлеу үшін түсті.

10000







5.09.07

ЖШС «Асия» фирмасынан қызмет жасаған үшін ақша қаражаттар түсті

650







11.09.07

Кассадан есеп тұлғаға, кәсіпорынға құрал жабдықтарды сатып алу үшін ақша қаражаттары берілді

450







15.09.07

Кассаға есеп тұлғадан ұсталынбаған ақша қайтарылды

120







18.09.07

ЖШС “Мирас” фирмасынан сатып алынған тауар үшін ақша қаражаттары түсті

230







19.09.07

Самировқа П. И. іс сапарға бару үшін ақша қаражаттары кассадан бөлінді

80







20.09.07

Кассаға ЖШС “Аксунқар” фирмасынан аванс түсті

35







23. 09.07

Кассадан ЖШС “Мирас” фирмасына аванс аударылды

40







25.09.07

Кассадан жұмыскерлерге еңбек ақысың төледі

60000







Айналым дебит және айналым кредит




?

?

Айдың аяғындағы соңғы қалдық

?








Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет.

  2. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2005.

  3. Кеулімжаев Қ.К. «Корреспонденция счетов». Алматы, БИКО 2010

  4. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии» Алматы, 2002.

  5. Тулешова Г.К. Халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есеп және есептілік Алматы, “Бизнес информация” 2005.

  6. Палий В.Ф., Соколов Я.В., “Бухгалтерлік есеп теориясы”, М Финансы и статистика 2008ж.



  1. Шоттар жүйесі және екі жақты жазу

жүктеу 3,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау