38
есеп беру. Басқаруды талдау тек ішкі ғана болып бӛлінбейді. Ол ӛндірістік және
қаржылық талдауға бӛлінеді және барлық экономикалық ақпараттарды қолданады. Тек
қана осындай талдау кәсіпорынның жағдайын нақты бағалауға мүмкіндік береді. Сол
кәсіпорынның басшылары талдау жүргізгенде ӛндірістік талдаумен бірге бухгалтерлік
есеп және есеп беру мәліметтеріне негізделген қаржылық талдау да жүргізіледі.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық
жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі ӛзгерісі;
Активтер мен олардың қалыптасу кӛздері арасындағы сәйкестікті, оларды
таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
Айналым капиталының кӛлемін, оның ӛсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен ара-қатынасын анықтау;
Қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
Кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
Ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және
қорлар есебі;
Баланстың ӛтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және тӛлеу
қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы кӛрсеткіштерін анықтау;
Кәсіпорын табыстылығын бағалау;
Кәсіпорын табысының салыстырмалы кӛрсеткіштерін, сондай-ақ олардың
деңгейінің ӛзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқы мерзімді
болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау;
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау.
Ӛз білімін бақылау сҧрақтары:
1. Экономикалық талдау деп нені түсінеді?
2. Экономикалық талдаудың қандай тұжырымдамалары бар?
3. Қандай ғылымдармен экономикалық талдау тығыз байланысты?
Ҧсынылған әдебиеттер:
1. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.:
Финансы и статистика, 2010. - 416 с.
2. Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.:
ИНФРА-М, 2009. - 222 с.
3. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.:
ИНФРА-М, 2008. - 336 с.
4. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и
методология. - Алматы: Экономика, 2007. - 294 с.
5. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное
пособие. - Алматы: Экономика, 2009. – 128 с.
6. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы:
Экономика, 2009. – 384 с.
Тақырып 2. Экономикалық талдаудың әдістеpi мен тәсілдері.
Дәрістің мақсаты: студенттерге экономикалық талдауды жүргізу кезінде
қолданылатын әдістер мен амалдардың әдістемесі бойынша негізгі сұрақтарды түсіндіру.
Дәріс сҧрақтар:
1 Экономикалық талдау әдісі және оның сипаттамалық ерекшеліктері.
2 Экономикалық талдаудың әдістемелік әдістері мен тәсілдері.
- дәстүрлі (абсолютті және қатысты айырымдар әдісі, орташа кӛлем әдісі, салыстыру
және топтастыру әдісі, индекстік әдіс, тізбектелген қойылымдар әдісі, баланстық әдіс)
39
- экономико-математикалық әдістер (қарапайы математика әдісі, математикалық
талдаудың классикалық әдісі, математикалық статистика және ықтималдылық теория
әдісі, эконометриялық әдістер және т.б.).
Дәрістің мазмҧны
1 Экономикалық талдау әдісі және оның сипаттамалық ерекшеліктері.
Талдау әдісі деп шаруашылық құбылыстар мен процестердің, олардың құралуы мен
дамуына зерттеу жағынан және диалектикалық тұрғыдан жақындау амалы. Талдау әдісі
келесі ерекшеліктерге тән:
1. Кӛрсеткіштер жүйесін пайдалану. Фирманың қызметін бағдарлайтын кезде
бірнеше кӛрсеткіштер пайдаланылады. Фирманың жұмысын мынадай кӛрсеткіштермен
бағалауға болады: пайда, рентабельдік, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың
болуы.
2. Негізгі белгілі бір факторды зерттеу. Мысалы: Кез-келген компанияның таза
табысына кӛптеген факторлар әсер етеді. Олар сатылатын тауардың саны, олардың
бағасы, тауардың бәсекеге қабілеттігі, халықтың тӛлем қабілеттілігі, ауа райы, жолдың
жағдайы және т.б. Барлық факторларды зерттеу мүмкін емес. Сондықтан тек негізгі
кӛрсеткіштер ғана зерттеледі. Олар тауардың саны, олардың бағасы, тауардың бәсекеге
қабілеттігі.
3. Ӛзара байланыстық, ӛзара тәуелділік. Фирманың барлық кӛрсеткіштері бір-
бірімен тығыз байланысты. Мысалы: Таза табыс сатылатын тауардың сакнына, олардың
бағасына, сатып алушылардың сұранысына байланысты. Сол уақыттағы сатып
алушылардың тӛлем қабілеттілігі олардың еңбекақысына, жұмыс лауазымына, кӛңіл-
күйіне байланысты. Осылайша компанияның барлық кӛрсеткіштері бір-бірімен тығыз
байланысты.
Талдаудың әдістері теориялық және практикалық зерттеудің және объектіні,
талдауды жүзеге асыруды түсіндіреді. Әдістемесі ӛз кезегінде әдістердің қолданылу
тәртібін ашады. Талдаудың орындалу ережелерін әйгілі және ұсынылған жолдарды және
талдаудың барлық кезеңдерінде аналитикалық процедураларының орындалуының негізін
ұсынады.
Талдауда қолданылатын барлық әдістер басқарудағы әдістер сияқты 3 топқа
бӛлінеді:
1. Жалпылама әдістер
2. Арнайы әдістер
3. Жалпы әдістер
Жалпылама әдісі нақты ғылым мен олардың арасындағы алдыңғы орындағы
философия болып табылады. Мұнда барлық құбылыстар мен процесстер тұрақты
қозғалыста болады.
Жалпылама басқару әдісі ретінде мойындаудың диалектикалық әдісі танылады. Ол
материалдық дүниенің әртүрлі зеттеудің ұтымды жүзеге асырылуына негіз болады. Қазіргі
заманғы ӛндірістің басқару жүйесінің талдаудың диалектикалық әдісіне келесілер тән:
1) Мәселені қарау қиын емес,себебі экономикалық жүйенің барлық элементтерімен
тығыз байланысты.
2) Ұйымды зеттеу және ұйымды басқару әрдайым дамуда. Бұл ӛз кезегінде осы
дамудың заңдылықтарын анықтауға және жүйенің қайта ӛзгерту жолдарын зерттеу.
3) Практика мен теорияның тығыз байланысын,соның ішінде салалардың алдыңғы
тәжірибелі жалпылама біріктіру.
4) Экономикалық ғылыммен байланысты нақты ғылымдармен және техникалық,
қоғамдық жетістіктердің соңғы үлгілерін қолдану.
Арнайы тәсілдер. Экономикалық талдауда басқа тәсілдер сияқты жалпы тәсілдер де
маңызды орын алады, яғни дерексіздендіру, жалпылама индукция, дедукция, фармальдау,
салыстыру, болжау әдістері жатады. Барлық осы тәсілдер оңаша қолданады. Ал ережеге
сай кешенді талдауда жалпы ғылым бір жүйесі ретінде, мысалы: дерексіздендіру әдісі