Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Тәуелді шаруашылық серіктігі дегеніміз не?
Едәуір дәрежеде ықпал жасау дегеніміз не?
Инвестор мен тәуелді шаруашылық серіктігінің қаржы-лық есеп-қисабы қатаң түрде қалай жұргізіледі?
Үлестік қатысу тәсілі қандай белгілермен сипатталады?
Баға тәсілі дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әбдіманапов Ә. «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері»-оқу құралы. Алматы, 2001ж.
2. Әбдіманапов Ә. «Қаржылық есеп» оқу құралы. Алматы, 2007ж. 544бет.
3. Артеменко В.Г., Беллендир М.В. «Финансовый анализ», М., «Дис», 1997г.
4. Баканов М.И., Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа», М., «Финансы и статистика», 1998 г.
5. Прыкина Л.В. Экономический анализ предприятия. М., Юнити, 2001г.
Тақырып 6. Бірлескен қызмет бойынша қатысу үлесінің қаржылық есебі.
1. Бірлескен қызмет бойынша қатысу үлесінің қаржылық есебі қызметі мен саласы.
2. Бірлескен қызмет бойынша қатысу үлесінің қаржылық есебі.
1. Бірлескен қызмет бойынша қатысу үлесінің қаржылық есебі қызметі мен саласы.
Бірігіп қызмет ету - ортақ шаруашылық мақсатқа жету үшін екі немесе одан да көп жақтар бірігіп қимылдауға міндеттелген қызмет. Бірігіп қызмет ету өндірістің, активтердің, заңды тұлғалардың үстінен бірігіп бақылау түрінде жүзеге асуы мүмкін.
Бақылау - қызмет қатынасында осы кызметген пайда алу мақсатында қаржылық және шаруашылық саясатты анықтайтын құқық.
Бірігіп бақылау - шартпен келісілген теңбе - тең жағдайда қызметті бақылауды жүзеге асыру.
Маңызды әрекет - қызмет қатынасында бақылаудың мүмкіңдігінсіз немесе бірігіп бақылауда қаржылық және басқа саясатта қатысу құқығы.
Бірігіп қызмет етуге қатысушы - біріккен қызмет етуге қатысушы және бірігіп бақылауды жүзеге асыратын жақтардың бірі.
Бірігіп қызмет етудің инвесторы - бірігіп бақылауды жүзеге асырмайтын, бірігіп қызмет ету жақтарының бірі.
Бөлек шоғырландыру - бірігіп қызмет ету бөлігі, әр активте жөне міндеттемеде, кірістер мен шығыстарда осы баптар мен жолдар бойынша бірігетін немесе қаржылық қатысушының есеп беруінде бөлек жолдармен ашылатын есеп беру тәсілі.
2. Бірлескен қызмет бойынша қатысу үлесінің қаржылық есебі.
Бірлесіп бақыланатын өндіріске қатысушы өзінің қаржылық есебі мен шоғырландырылған қаржылық есебінде мыналарды мойындауға тиіс:ол бақылау жасайтын активтер мен оның өзі қабылдаған міндемелерді;
оның шеккен шыгындарын және ол тауарларды сатудан немесе бірлескен әрекетке байланысты қызметтерден алынған кірістерден өзінің үлесін.
Бірлесіп бақыланатын активтер
Бірлесіп бақыланатын активтерге қатысушы өзінің жеке қаржылық есептері мен шоғырландырылған қаржылық есеп беруінде мыналарды мойындауға тиіс:
активтердің сипатына сәйкес, бірлесіп бақыланатын активтердегі өзінің үлесін;
ол бірлескен қызмет бойынша қабылдаған міндеттемелерді;
бірлескен қызметте басқа қатысушылар мен бірге көтергеи міндеттемелердегі өзінің үлесін;
бірлескен қызмет бойынша шеккен шыгындардағы өзінің үлесі мен қоса, өнімдегі өзінің үлесін сатудан немесе пайдаланудан түскен кірісті;
бірлескен қызметке қатысудағы, оның үлесіне сәйкес шеккен шыгындарын.
Бірлесіп бақыланатын заңды түлга
Бірлесіп бақыланатын занды тұлғаға қатысушы өзінің жеке қаржылық есептерінде шоғырландырылған қаржылық есеп беруінде үйлесімді шоғырландыруға арналған екі есептік үлгінің бірін пайдалана отырып, қатысудағы өзінің үлесін көрсетуі тиіс.
Үйлесімді шоғырландыру тәсілі мыналарды көрсету үшін пайдаланылуы қажет:
таяу уақытта кейіннен сату мақсатымен алынған бірлесіп бақыланатын заңды тулгага қатысу үлесін;
қорды қатысушыга аудару қабілетін төмендететін қатаң ұзақ мерзімдік шектеулер жағдайында әрәкет ететін, бірлесіп бақыланатын заңды тулгага қатысу үлесін.
Бірлесіп бақыланатын занды тұлғаға қатысушы бірлескен бақылау тоқтатылған сәттен бастап үйлесімді шоғырландыруды қолдануды тоқтатуы тиіс.
Бірлескен қызмет туралы шарт күшін жойған және бірлесіп бақыланатын заңды тұлға, оған қатысушының сабақтасына айналған жағдайда ол өзінің қатысу үлесін бухгалтерлік есептеудің «Шоғырландырылған қаржылық есеп беру және сабақтас инвестицияларды есептеу» жөніндегі 13-стандартқа сәйкес есептейді.
Бірлескен қызметке қатысушыньщ әрекеттері
Бірлесіп бақыланатын заңцы тұлғаға активтерін қосқан-да немесе сатқанда, бірлескен қызметке қатысушы, та-быстың оған басқа қатысушылардың үлесі болып табы-латын осы қызметке байланысты бөлігін ғана мойындауға тиіс және бұл активтер басқа тәуелсіз тарапқа сатылған соң қалатын табыстың бөлігін мойындайды. Қатысушы қосьглған үлес немесе жасалған сауда ағымдағы активтерді сатудың таза құны төмеңдегенін немесе уақытша сипат-тағы төмендеуден басқа, ұзақ мерзімді активтердің ба-ланстық құны төмендегенін дәлелдесе, зиянның бүкіл сомасын мойындауға тиіс.
Бірлескен қызметке қатысушы, активті сатып алса, ол активтерді тәуелсіз тарапқа қайтадан сатпайынша, бірлескен әрекеттің табысындағы өзінің үлесін мойындамайды. Ол мұндай сауданың саддарынан пайда болған шығындардағы өз үлесін табыстағы сияқты жолмен мойындауға тиіс. Алайда шығындарды, олар ағымдағы активтерді сатудың таза құны төмендегенін немесе уақытша сипаттағы төмендеуден басқа, ұзақ мерзімді активтердің баланстық құны төмендегенін көрсеткенге дейін дереу мойындағаны жөн.
Бірлескен қызмет инвесторы
Бірлескен бақылауды жүзеге асырмайтын инвестор өзінің қаржылық есеп беруінде бірлескен қызметке қатысудағы өз үлесін бухгалтерлік есептеудің «Қаржылық инвестицияларды есептеу» жөніндегі 8-стандартка сәйкес немесе, егер ол онда едәуір ықпалды болса бухгалтерлік есептің «Тәуелсіз шаруашылық серіктестігінде инвестицияларды есептеу» жөніндегі 14-стандартқа сәйкес көрсетеді.
Бірлескен қызметке қатысушының қаржылық есеп беруінде есепті мерзімнен кейін болған оқиғаларға, сондай-ақ шартты міндеттемелер мен шығындардың едәуір мөлшерде болатынын күтуге жеткілікті негіз боларлық басқа да оқиғаларға байланысты, мынадай ақпарат айрықша айқындалуы тиіс:
бүкіл бірлескен қызметке қатысы бар шартты міндеттемелер және осы қатысудың әрбір шартты міндеттемедегі үлесі;
үшінші тарап ушін жауапкершілік тартуға тура келетін жағдайларда пайда болуы мумкін, бірлескен қызметке башіанысты шартты қатынастардан туындайтын шартты міндеттемелер.
Қатысушы осы қызметке қатысы жоқ, басқа міндеттемелерден өзге бірлескен қызметке қатысудағы өз үлесіне байланысты мынандай міндеттемелердің жалпы сомасын айқындауға тиіс:
1) қатысушының бірлескен қызметке қатысудағы онық үлесі бойынша қаржыландыру жөніндегі міндеттемесін және басқа қатысушылармен бірге шеккен қаржыландыруға байланысты міндеттемелердегі өз үлесін;
2) бірлесіп бақыланатын заңды тулғаның өзіндегі қаржыландыруға байланысты міндеттемелердегі өзінің үлесін.
Қатысушы көлемі жағынан ауқымды бірлескен қызметке қатысуының үлестік тізбесін және сипаттамасын, сондайақ бірлескен қызметті иелену процентін айқындауға тиіс. Бірлесіп бақыланатын занды тұлғаға қатысушы үйлесімді шоғырландыруға арналған жолақты үлгіні пайдалана отырып, оған қатысудағы өз үлесінің қаржылық есебінде ағымдағы активтердің, ұзақ мерзімді активтердің, ағымдағы міндеттемелердің, ұзақ мерзімді міңдеттемелердің, қатысудағы оның үлесіне байланысты кірістер мен шығындардың жинақталған сомаларын айқындауға тиіс.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Бірігіп қызмет ету дегеніміз не?
2. Бөлек шоғырландыру дегеніміз не?
3. Бірігіп қызмет етудің инвесторы дегеніміз кімдер?
4. Бірігіп бақылау түсінігі қандай?
5. Бірлесіп бақыланатын занды тұлғаларға кімдер жатады?
6. Бірлескен қызмет инвесторы деген кімдер?
7. Бірлесіп бақыланатын активтерге не жатады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әбдіманапов Ә. «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері»-оқу құралы. Алматы, 2001ж.
2. Әбдіманапов Ә. «Қаржылық есеп» оқу құралы. Алматы, 2007ж. 544бет.
3. Артеменко В.Г., Беллендир М.В. «Финансовый анализ», М., «Дис», 1997г.
4. Баканов М.И., Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа», М., «Финансы и статистика», 1998 г.
5. Прыкина Л.В. Экономический анализ предприятия. М., Юнити, 2001г.
Тақырып 7. Бірлескен қызмет бойынша үлеске қатысушылардың қаржылық есебі.
Бірлескен қызмет бойынша үлеске қатысушылардың қаржылық есебінің қызметі
Бірлесіп бақылынатын өндіріс..
Бірлесіп бақылынатын активтер.
Бірлесіп бақылынатын заңды тұлға.
Пропорционалды шоғырландыру.
Қатысушы менбірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар арасындағы операцияларесебі.
1.Бірлескен қызмет бойынша үлеске қатысушылардың қаржылық есебінің қызметі
Бірлескен қызмет дегеніміз - екі немесе одан да көп тараптар жалпы шаруашылық мақсаттарына жету үшін бірлесіп әрекет етуді міндеттеріне алады.
Бірлескен қызмет әрқилы нысанда жүзеге асырылуы мүмкін. Әсіресе ең көп таратылған нысандарға төмендегілер :
бірлесіп бақыланатын өндіріс;
бірлесіп бақыланатын активтер ;
бірлесіп бақыланатын заңдық тұлға жатады.
Бірлесіп бақыланатын - қызметтер үшін бақылауды шартпен (келісіммен) келісуді тең құқық жағдайында жүзеге асыру. Қызметтерге бірлескен бақылау келісіммен бекітілмесе, онда ол бірлескен қызмет ретінде қаралмайды.
Бірлескен қызметтерге қатысатындар арасындағы қатынастар - бірлескен қызметтер туралы шартпен, консорциалдық келісіммен ресімделеді немесе құрылтайшылық құжаттарға енеді.
Келісім жазбаша түрде құрылады және оған:
бірлескен қызметтер түрлері;
іс-әрекеттің мерзімі;
үшінші тұлға алдында қатысушылардың - (міндеттемелердің бірдеіыігі); қатысушылар арасында (өзара міндеттемелерді,құлдырау талаптарын орындау және басқа да Азаматтық кодексте белгіленген) міндеттемелері;
басшылық құрамын тагайындау;
қатысушылардың жарна төлеуі;
бірлескен қызметтерге қатысушылардың өнімдерді сатудан түскен кірістерін, шыгындарын немесе бірлесквн қызметтердің нәтижелерін бөлісуі жатады.
Қатысушылар келісім жасағанда бірлескен қызметгердің басшылығын және жалпы істерді жүргізуді қатысушьшардың біріне тапсыра алады.Осы қатысушы келісімге қатысқан басқа катысушылар берген сенім хат негізінде іс-әрекет ете алады. Бірақ, жетекші бірлескен қызметтерді бақылай алмайды, ол бірлескен қызметтерге қатысушылардың келісімімен қаржылық және шаруашылық саясаты шеңберінде іс-әрекет етеді.
2.Бірлесіп бақылынатын өндіріс.
Бірлесіп бақыланатын өндірістің түрлерін бірлескен қызметтерде жүзеге асыруда қатысушы жалпы шаруашылық мақсаттарға жету үшін занды тұлғаны ұйымдастырмай-ақ ахтивтерді пайдалану деп біледі. Сонымен қатар бірлесіп бақыланатын өнеркәсіпке қатысушының әрқайсысы бірлесіп бақыланатын өнеркосіп қызметтеріне негізгі қаржы меншіктерін, тауарлы-материалдық қорларды және басқа да активтерді пайдаланып, одан әрі оған өздері жауап береді және ез баланстарында есептейді. Қатысушы сондай-ақ бірлесіп бақыланатын өндіріс бойынша шығындардың үлесін өзі алады және өзінің меншіктік міндеттеріне ұсынатын қаржыландырудың көздерін табады.
Бірлесіп бақыланатын өндірістің қызмеггері қатысушы-лардың ұқсас қызметтерімен қатар қатысушылармен жүзеге асырылады.
Бірлескен қызметтер туралы келісімде бірлескен қызметтер өнімдерін сатудан түскен кірістерді жоне бірлесіп шығарған шығындарды қатысушылардың арасында бөлу тәсілдері қаралады.
Мысалы: Үш занды тұлға бірлескен үшақ өндірісін ұйымдастырды. Мұндай жағдайда қатысушының әрқайсысы өндіріс циклдерінің жеке технологиялық процесстерін: двигательдсрді, қаңқаның бөлшектерін дайындау, құрастыру және т.б. дайын-дайды. Сонымен қатар бұлардың әрқайсысы өздерінің жеке шы-ғындарын шығарады және келісімде белгіленген шарттарға сәй-кес ұшақтарды сатудан түскен кірістердің бөлшегін алу айқында-лады. немесе
Үш азамат көркемсурет шығармаларын басып шығару жұмыстарын бастауды шешті. Біреуі - бұл үшін баспана және баспа мәшинкесін, екіншісі - көркемдеу рәсімдері бойынша міндеггеме және осыған байланысты шығыңдарды алды, үшіншісі өзінін ақыл-ой, парасатгылығын ұсынды. Мұнан басқа, олар өздерінің мақ-саттарына жету үшін өздерінің жарналарын ақшалай салды.Бұл жағдайда олардың әрқайсысы өздерінің шығындарын өтейді, ал жұмыс төмамдалған соң, келісім негізіңце қатысушының әрқай-сысының салымына орай алынған кіріс, сондай-ақ бірлескен өндірістің шығындары да қатысушылар арасында бөлінеді.
Бірлесіп бақыланатын өндіріске қатысушылар осы өндіріс қызметтерінің нәтижелерін бағалау мақсатында бірлесіп шығарған шығындар бойынша есептеу жазбаларын, алынған кірістерін және өндірістік есеп берулерді жасауларына болады.
Бірлесіп бақыланатын өндіріске қатысушы өзінің жеке қаржылық есеп берулерінде және шоғырландырылған қаржылық есеп берулерінде:
өзі жауап беретін бақылайтын активтер және міндеттерді;
бірлескен қызметке бапланысты тауарларды сатулардан және қызмет көрсетулерден : шыгарған шыгындар және өз кірістерінің үлестерін мойындаулары қажет.
3. Бірлесіп бақылынатын активтер.
Бірлесіп бақыланатын активтер түрлері – бірлескен қызметтерді жүзеге асырғанда қатысушылар жалпы мақсаттар үшін салынған және сатып алынған активтердің үлесін бірлесіп иеленудеп біледі. Активтерді барлық қатысушылар өздерінің негізгі қызметтерінде пайдаланады және олардың әрқайсысы алдын ала келісім бойынша шығындардың бір бөлігін төлейді.
Бірлесіп бақыланатын активтер түрлерінде бірлескен қызметтерді жүзеге асырғанда бірлескен қызметтердегі сол қатысушылардан басқа зандық тұлғаны немесе басқа ұйымдастыру жүйелерін құруды қажет етпейді. Сонымен қатар бірлесіп бақыланатын активтерге қатысушылардың әрқайсысы бірлесіп бақыланатын активтерді пайдаланған экономикалық пайдадан үлестерін есептеп өздерінің кірістерін айқындайды. Бірлескен қызметтердің бұл түрлері, белгілі бір ұйымдардың көлемдері активтерді бірлесіп пайдалануды жүзеге асыруда, әсіресе өндірістің - мұнай,газ жоне таукен қопару салаларында кеңінен өріс алды.
Мысалы: Мұнай құбырларын жүргізу ұйымдарының белгілі бір көлемі өзінің меншік өнімдерін тасымалдау үшін мұнай құбыр-ларьш бірлесіп пайдалануьша болады және алдын ала келісім бойьшша оны пайдаланғанға кеткен шығындардың бір бөлігін төлеуі тиіс. немесе
Жалға берілетін үй екі занды тұлғаның меншік үлесіне қатысты. Сонымен қатар қатысушының әрқайсысы жалгерлік төлемнен өз үлестерін алады және осы үйді үстау ұшін шығындардың үлесін өздері төлейді.
Бірлесіп бақыланатын активтерге қатысушылар аддын ала келіскен үлестерге сәйкес бірлесіп бақыланатын активтерге қатысушылардың шығар-ған шығындары бойынша есептеу жазбаларын жүргізеді, сондай-ақ өздерінің қызметтерінің нәтижелерін бағалау мақсатында өндірістік есеп берулерді дайындауы тиіс.
Бірлесіп бақыланатын активтерге қатысушылардың әрқайсысы өздерінің жеке қаражаттық есептерінде және шоғырландырылған қаржылық есеп берулерінде:
бірлесіп бақыяанатьш активтердегі активтер сыйпатына сәйкес сыныптаудағы өз үлестерін мойындауы тиіс.
Мысалы: Бірлесіп бақыланатын активтерге қатысушы болып табы-латын мұнай құбырын жүргізуші ұйым, бірлесіп пайдаланатын мұнай құбырындағы өзінің үлесін, инвестиция емес, негізгі қар-жы деп санайды. Сонымен кдтар, осы активтерді сатып алған мерзімдегі қатысушының салған сомасьшың көлемімен;
бірлескен қызметтер бойынша қабылданәан міндеттермен айқындалады. Мысалы: Мұнай құбырын жүргізуші ұйым бірлесіп пайдаланатын активтерге мердігерлік ұйымдардың ағымдағы жөндеу жұмыста-рын жүргізгені үшін кызмет көрсетулердің қарыздарын толеуді;
бірлескен қызметтердегі басқа қатысушылардың бірлесіп қабылдаған міндеттерін өз үлестерін міндетіне алады. Мысалы: Мұнай құбырын жүргізуші ұйым бірлесіп бақыланатын активтерді сатып алу үшін алынған кредит бойынша қарызды өтеуге:
бірлвсіп бақыланатын активтерді бірлескен қызметтерді пайдаланудан алынған өнімдерді сатудан немесе өз үлесін пайдаланудан түскен кіріс, өз үлестерінен шыққан шыгындармен бірге;
бірлескен қызметтерге қатысқан олардың үлестеріне сәпкес олардан іиыққан шыгынды төлеуге міндетіне алады.
.
4. Бірлесіп бақылынатын заңды тұлға.
Бірлескен кызметгердің үшінші түрі-заңды тұлғаны ұйымдастыру болып табылады, өйткені бүған қатысушының әрқайсысының үлестері қатыса алады. Қатысушылар арасында бекітілген келісімге сәйкес осы занды тұлғаның қызметтеріне бірлескен бақылау белгіленеді.
Бірлесіп бақыланатын заңды тұлға активтерді пайдаланады,өзіне міндеттемелер қабылдайды, шыққан шығындарды мойындайды және түскен кірістерді айқындайды. Ол өз тарапынан мәмілелер жасайды, өз қызметтерін қаржыландыру үшін капитал тартады. Сонымен қатар бірлескен қызметке қатысушының әрқайсысы бірлесіп бақыланатын заңцы тұлғаның қызметінің нәтижелерінен де өз үлестерін алуға құқылы, сондай-ақ кейбір бірлесіп бақыланатын заңдық тұлғаның соңғы өнімдерін де қатысушылар арасында бөлісу қаралған.
Бірлесіп бақыланатын зандық тұлғаны құрудың мысалы - белгілі бір қызметтерге байланысты екі немесе бірнеше заңдық тұлғалардың бірігіп, оған бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың әрқайсысы активтері мен міндеттемелерін енгізу жолы болып табылады.
Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаны құрудың тағы бір мысалы - ол заңды тұлға шетелде үкіметпен бірлесіп не-месе сол елде басқа ұйымдармен жеке серіктестік құруы болып табылады, ол осы занды тұлғамен жоне үкіметпен немесе ұйымдармен бірлесіп бақыланады.
Бірлесіп бақыланатын занды тұлға қай елдің аумағында түратын болса, сол елдің нормативтік заңды ақтілеріне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді жоне қаржылық есеп беруді жасайды және ұсынады.
Бірлесіп бақыланатын занды тұлғаға қатысушы өзінің бухгалтерлік есебінде өздерінің жарнасын бірлесіп бақыланатын занды тұлғалардың инвестицияларды есептеуі сияқты есептейді. Бірлесіп бақыланатын занды тұлғаға қатысушы өздерінің қаржылық есептерінде және шоғырланыдырылған қаржылық есеп берулерінде үлестерінің қатысуьш көрсету үшін пропорционалдық шоғырландыруды пайдаланады.
Пропорционалдық шоғырландыру әдістемелігі төмендегі:
а)бірлесіп бақыланатын заңды тулғаның үлесі - таяу уақытта сату мақсатымен алынған болса;
б)бірлесіп бақыланатын зоңды тулғаныц үлесі - ұзақ мерзімді қатаң иіектеуліліктер ахуалында болып, қатысушының қорына аудару қабілетін едәуір ауырлататын жағдайларда пайдаланылмайды. Мысалы: Басқа еддің үкіметімен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаны ұйымдастыру кезіңде - белгілі бір уақыт ағымы бойынша қатысушы ақша қаражағгарын алуға және дивиденттер алуға бол-майтындығы келісім шартгарында белгіленеді.
Бірлесіп бақыланатын зақды тұлғаға қатысушы, егер бірлескен бақылау қай күннен бастап тоқтатылса, сол күннен бастап пропорционалдық шоғырландыруды пайдалануды тоқтатады. Бұл төмендегідей жағдайларда , егер:
бірлесіп бақыланатын заңды тулеага қатысушы өзінің үлесін сататын болса;
бірлесіп бақыланатын заңды тулгага сыртқы шектеулер салы-
натын болса (Мысалы; елде революциялық төңкерістің
нәтижесінен мемлекет қарамагына өтуі);
бірлесіп бақыланатын заңды тулга осы заңдық тулгага қатысушы ретінде осы бақылауды сатып алып, сабақтас болса тууы мүмкін.
5.Пропорционалды шоғырландыру.
Пропорционалдық шоғырландыру дегеніміз - бірлесіп бақыланатын занды тұлғаға қатысушы жеке және шоғырландырылған бухгалтерлік баланста өзінің активтері мен міндеттерін активтер үлесіне косады,онда ол бірлескен жауапкершіліктен өз міндеттерінің үлесін бақылайды,ал бірлесіп бақыланатьш заңды тұлғаның қаржылық-шаруашьшық қызметтерінің нәтижелері туралы жеке және шоғырландырылған есеп берулеріндегі кірістер мен шығыстарға өзінің кірістері мен шығындарының үлесін ендіреді.
Пропорционалдық шоғырландыруды жүзеге асыру үшін екі есеп беру форматтарының біреуін пайдаланады. Бірлесіп бақыланатын заңцы тұлғаға қатысушы бірлескен қызметтердегі активтерге, міндеттерге, кірістері мен шығыстарында бірінші форматқа сәйкес үқсас баптармен өзінің жеке және шоғырландырылған қаржылық есептерінде жол бойынша жиынтыққа сүйеніп өзінің үлесін біріктіреді. Мысалы, бірлесіп бақыланатын занды тұлғаға қатысушының негізгі қаржылары осы қатысушының негізгі қаржьгларының үлесімен біріктіріледі, ал тауарлы-материалдық корлар тауарлы-материалдық қорлар үлесімен және т.б. біріктіріледі.
Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаға катысушы екінші форматқа сәйкес шоғырландырылған жоне жеке қаржы-лық есеп берулерге өзінің бірлесіп бақыланатын зақды тұлғасындағы активтерін, міңдеттемелерін, кірістері мен шығыстарын көрсету үшін арнайы баптар енгізеді. Мысалы, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаға қатысушы өзінің зақды тұлғасы немесе шоғырландырылған тобы-ның негізгі қаржылары бөлігінің бірі ретінде өзінің негізгі қаржылар үлесін жеке көрсетеді.
Пропорционалдық шоғырландырудың көптеген рәсімдері сабақтас серіктестіктің инвестициялар бойынша шоғыр-ландырудың «Сабақтас серІктестіктің шоғырландырыл-ған қаржылық есеп берулері және инвестицияларды есепке алу» 13-БЕС-да қаралған рәсімдеріне үқсас.Осындай рәсімдердің бірі - бірлесіп бақыланатын заңдық тұлғаға қатысушының инвестицияларының баланстық құнын және бірлесіп бақыланатын заңдық тұлғаның меншік ка-питалындағы қатысушының үлесін алып тастау болып та-былады. Сондай-ақ, біріктіруге жататын қатысушы мен бірлесіп бақыланатын занды тұлғаның қаржылық есеп берулері арнайы бір күнге жасалуы қажеттігі ескерілуі тиіс, ал бұл мүмкін болмайтын жағдайда аралық күндерді өзгертуге түзетулер енгізіледі, бұл үш айдан аспауы тиіс. Алайда, бұл пайдаланған форматгарға да тәуелді емес, пропорци-оналдық шоғырландыруды жүзеге асырған кезде актив-тер мен міндетгемелерді, кірістер мен шығыстарды басқа активтер немесе міндеттемелер, кірістер немесе шығыс-тардан борышты өтеуге жол берілмейді.
6. Қатысушы менбірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар арасындағы операциялар есебі.
Егер қатысушы бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаға активтерін салса немесе сатса,ол осы қызметке байланы-сты,оның басқа қатысушылардың үлестеріне қатысты кірістер бөлігін және үлестің қалған бөлігін активтер тәуелсіз тараптарға сатылғаннан кейін мойындайды.
Қатысушы салым немесе сатудың ағымдағы активтерді сатудың таза құны төмендегенін немесе уақытша сый-паттағы төмендеуден басқа, ұзақ мерзімді активтердің балансты құны төмендегенін көрсеткенге дейін мойын-дағаны жөн.
Мысалы: «В» заңды тұлғасы (қатысушы) «А» заңцы тұлғасына 30%-тік үлес қатысуымен бірлескен бақылауды жүзеге асырады. Бірлесіп бақыланатын заңцы тұлғаны ұйымдастыру кезіндегі қаты-сушының жарнасы - 3060 мың теңге . Қатысушы белгілі бір уақыт өткеннен кейін «А» завды тұлғасьгаа өзінің тауарын сатып, өзіндік құнынан 10%-тік тиімділікпен қайта сатуға берді.2006 жылдың басында «А» занды тұлғасында қатысушыдан алған 200 мың теңгенің тауарлары қалды. Жьш бойында қатысушыдан 300 мың теңгенің тауарлары түсті және тәуелсіз тараптарға 400 мың теңге-ге сатьглды. 2006 жылдың аяғында қатысушыдан алынған 100 мың теңге сомадағы тауарлары сатылмай қалды.
Қатысушы қаржылық есеп берулерді жасаған кезде жол жиынтығын есептеу негізінде пропорционалдық шоғыр-ландырылған форматты пайдалануы тиіс.
1) бірлесіп бақыланатын заңды тулгаларәа инвестициялардың және осы бірлесіп бақыланатын заңды тулгалардың меншік капиталындағы қатысушының үлесіндегі (3060мың теңге) ықпалы алы-нып тасталады;
есеп беру кезеңінің аягындағы қалдықты азайту жәие өнімдерді сатудың әзіндік қунын 3 мың теңге сомасында улгайту (100 х 10%) х 30% : 100%, өнімдердің тиімділігі -10% болғанда, 2006 жылдың аягында сатылмаеан тауар -100 мың теңге, бірлесіп бақыяанатын заңды түлгада қатысушының үлесі - 30%;
өткен жылдардың бөлінбеген кірісі және есеп беру кезеңіндегі сатылған өнімдердің өзіндік қуны 6 мың теңге сомага төмендейді (200х 10% :100%) х 30%: 100%, өнімдердің тиімділігі - 10% болғанда, 2006 жылдыц басында сатылмаған тауар - 200мың теңге, бірлесіп бақыланатын заңдык, тулгада қатысушының үлесі - 30%.
Қаржылық-шаруашылық қызметтердің нәтижелері туралы есеп беруді және бухгалтерлік балансты жасау үшін жұмыс кестесіне түзету жазбалары енгізіледі (1-қосымша).
Қаржылық-шаруашылық қызметтердің нәтижелері тура-лы есеп берулердегі «Есеп беру кезеңіндегі бөлінбеген кірістер» жолындағы деректерді байланыстыру мақсатында бухгалтерлік баланстың есеп берулерінде «Есеп беру кезеңіндегі бөлінбеген кірістер» жолына ауыстыру қажет.
Бірлескен қызметтерге қатысушы активті сатып алса,он-да қатысушы тәуелсіз тараптарға қайтадан сатпайынша, бірлескен операциялардан табысындағы өзінің үлесін мойындамайды. Ол мұндай сауданың саддарынан пайда болған шығындардағы өз үлесін табыстағы сияқты жол-мен мойындауы тиіс. Алайда, шығындарды олар ағым-дағы ақгивтерді сатудан таза құнын төмендегенін немесе уақытша сыйпаттағы төмендеуден басқа ұзақ мерзімді активтердің баланстық құны төмендегенін көрсеткенге дейін дереу мойындаған жөн.
Мысалы: «К» заңды тұлғасы «Д» заңды тұлғасына 40%-тік қатысу үлесімен бірлескен бақылауды жүзеге асырады.Бірлесіп бақыла-натын занды тұлғаны ұйымдастыру кезінде қатысушының жар-насы - 4722 мың теңге. Қатысушы белгілі бір уақыт өткенен соң «Д» заңдық тұлғасынан бағасы 5%-ке төмендетілген шикізат сатып алды. 2007 жылдың басында қатысушының «Д» зандық тұлғасынан алған 300 мыңтеңге сомадағы шикізаты пайдаланылмай қалды. Жьтл бойында осы заңды тұлғадан 400 мың теңгенің шикізаты келіп түсті, өндіріс өнімдеріне пайдаланылып, есеп беру кезеңінде оны 500 мын теңгеге сатыдды. 2007 жылдың аяғында 200 мың тенге сомасындағы пайдаланылмаған шикізат қадды, мұның 100 мың теңгесі бұзылуына байланысты арзандатылған бағамен өткізілді.
Қатысушы жеке қаржылық есеп берулерді жасағанда пропорционалдық шоғырландырудың екінші форматын пайдаланады.
Пропорционалдық шоғырлаңцыруды жүзеге асыру үшін төмендегідей түзетулер енгізуі қажет:бірлесіп бақыланатын заңды тулгадағы инвестицияның және осы бірлесіп бақыланатын заңды тулғаның меншік капиталындағы қатысушының үлесіндегі ықпалы алынып тасталады.
есеп беру кезеңінің аягында қалдықты улгайту және өнімдерді сатудың өзіндік қунын 2 мың теңге сомасына азайту (100 х 5%:100%) х 40% : 100%, төмендетілген багасы - 5% болғанда,қалған шикізат қуны - 100 мың теңге, багасының төмендеуі оның осы шикізаттың сатылғандағы таза қунының өзгертыуіне байланысты емес, бірлесіп бақыланатын заңдық тұлғаға қатысушының қатысушылық үлесі -40%;
өткен жылдардың бөлінбеген кірісін және есеп беру кезеңіндегі сатыаған өнімдердің өзіндік құны бмың теңге сомасын улгайту (300 х 5% : 100) х 40% : 100, төмендетілген бағасы - 5%
болғанда ,есеп беру кезеңінің бас кезінде пайдаланылмай қалған 300 мың теңге құны өткен есеп беру кезеңінде алынып тасталған.
Достарыңызбен бөлісу: |