64
және ол үзілуді ӛңдеуге кіріседі, яғни, үзілу кезінде пайда
болатын белгілі бір
әрекеттерді орындауға кіріседі.
Процесстің қоршалып қалуы (блокирование). Жұмысты әрі қарай
жалғастыра алмаған кезде немесе есептеу жүйесіндегі кез-келген бір
оқиғаның пайда болуын күтпей әрекет жасаған кезде процесс қоршалып
қалады. Бұл жағдайдан шығу үшін ол арнайы жүйелік шақырудың кӛмегімен
ОЖ-ден кӛмек сұрайды. ОЖ жүйелік шақыруды ӛңдейді (енгізу-шығару опе-
рациясын реттейді, процесс кезінде процессті қосады, құрылғының босауын
және оқиғаның болуын күтеді, және т.б.) және РСВ-ға қажетінше процесс
жанамасының керек бӛлігін сақтайды, процессті «орындалу» күйінен «күту»
күйіне ауыстырады.
Процессті қоршалып қалудан құтқару (разблокирование). Жүйеде
қандай да бір оқиға болып қалғаннан кейін, ол оқиғаның қандай екенін нақты
анықтау керек. Содан кейін ОЖ оқиғаның «күту» күйінде беріген тұрғаны
бар ма екенін тексереді, егер бар болса оқиғаның пайда болуына байланысты
қажет әрекеттерді орындай отырып, «дайындық» күйіне ауыстырады (мыса-
лы, күтіп тұрған процесс кезегі үшін енгізу-шығару операциясын жібереді
және т.с.с.
Жанамаға қосылу (переключение).Осыған дейін біз процесстерде
болатын
операцияларды,
яғни
бір-біріне
тәуелсіз
операцияларды
қарастырдық. Шын мәнінде мультипрограммалық ОЖ қызметі, яғни әр түрлі
процесстерді орындайтын және де бірінен екіншісіне ауысатын процесстерді
процессор ауысуын қадағалайтын операция тізбектерінен тұрады.
Кейбір процесстерді процессор арқылы орындағанда құрылғыда енгізу-
шығару құрылғысынан операцияның соңын ескеретін берілулер байқалғанда
үзілулер түзіле бастайды. Процесс орындалып жатқанда тоқтату операциясы
ӛндіріледі. Әрі қарай ОЖ процессті қоршалып қалудан құтқарады және
жоспарды орындауда таңдалған тоқтап қалған немесе жаңа процессті жүктеу
іске асады. Нәтижесінде «орындау» күйінде тұрған енгізу-шығаруды аяқтау
туралы ақпаратты ӛңдейтін процесстер орын ауыстырады.
Процессордағы бір процесстен екіншісіне ауысу үшін орындаушы
процесстің жанамасын міндетті түрде сақтау керек және процессор ауысатын
процесс жанамасын қалпына келтіру керек. Мұндай процесстердің
сақтау/қалпына келтіру жұмысының қабілеттілігін кӛрсететін процедура
жанамасымен ауысу деп аталады.
Көпесептілік . Санашық бір уақытта тек бір ағынды орындайды. Бірақ
кӛпесептіліқ операциялық жүйеде пайдаланушыға бірнеше программаларды
пайдалануға мүмкіндік береді:
- бір қордың босағанын немесе ағынның орындалуы үзілгенше ағын
қолданылады;
- ағынның мәнмәтіні сақталады;
- ағынның мәнмәтіні жүктеледі
- орндалуды күткен ағындар бар болғанша бұл қайталау қайталанады.