Алматы экономика және статистика академиясы



жүктеу 5,08 Kb.
Pdf просмотр
бет18/44
Дата22.02.2018
өлшемі5,08 Kb.
#10535
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44

 
 
57 
 
Жүйеде  пайда  болатын  әрбір  жаңа  процесс  «дайындық»  күйінде  тап 
болады.  ОЖ  алгоритмді  жоспарлауды  пайдаланып  процесстердің  дайын 
біреуін  таңдап  алады  да  оны  «орындалу»  күйіне  ауыстырады.  «Орындалу» 
күйде процесстің программалық кодын табу орындалады. Процесстің мұндай 
күйден шығуының үш себебі бар: 
-ОЖ оның жұмысын тоқтатады; 
-белгілі  бір  әрекет  болмайынша  ол  ӛз  жұмысын  жалғастыра  алмайды 
және ОЖ оны «күту» күйіне ауыстсрады; 
-нәтижесінде  есептеу  жүйесінде  үзіліс  пайда  болады  (мысалы,  бӛлінген 
уақыттың  орындалуы  біткен  кезде  оны  таймерден  үзіп  тастау),  яғни 
«дайындық» күйіне қайта оралады. 
Енді есептеу жүйесінде процесс болуы үшін ол «пайда болу» (рождение) 
күйі  арқылы  ӛтуі  керек.  Процесс  «пайда  болғаннан»  кейін  ӛзінің  кезегінде 
процесстің  программалық  коды  жүктелетін  оның  кеңістікте  мекені  (адресі) 
пайда болады. Оған стек және жүйелік ресурс бӛлінеді және осы санауыштың 
мәні  қондырылады  т.с.с.  «Пайда  болған»  процесс  «дайындық»  күйіне 
ауысады.  Процесс  ӛзінің  жұмысын  аяқтау  кезінде  «орындау»  күйінен 
«орындауды аяқтау» күйіне тап болады. 
ОЖ-дегі  процесстің  күйін  бұдан  да  жақсы  сипаттауға  болады,  яғни 
процесс күйінің бір түрінен екіншісіне ауысуының бірнеше жаңа нұсқалары 
пайда  болуы  мүмкін.  Мысалы,  WindowsNT  ОЖ  үшін  модельдің  күйі  –  7 
түрлі,  ал  Unix  ОЖ  үшін  –  9  түрлі.  Бірақ  барлық  ОЖ-лер  жоғарыда 
кӛрсетілген модельдерге бағынады. 
 
 
Курстық қабылдаған процесс күйінің диаграммасы 
 


 
 
58 
 
Сигналдар  өңдеу  жабдықтары.  Сигналдар  бір  үрдістен  екінші  үрдіске 
ӛткенде немесе ОЖ ядросында қандайда бір жағдайдың анықталуына байла-
нысты  түзіледі.  Үрдістер  арасындағы  қарым  –қатынасын  сигналды  жіберу 
және қабылдау арқылы қарастырайық.  
Үзулердін пайда болуы сияқты сигналдардың пайда болуы келесі себеп-
терге байланысты: 
- программа ішіндегі кейбір жағдайлар, мысалы аса толу болғанда немесе 
нольге бӛлгенде; 
 -  құрылғыдан    келген  кейбір  ақпараттарға  байланысты,  мысалы  перне-
тақтадан «Ctrl+C» комбинациясын беруге байланысты; 
-  бір үрдістің екінші үрдіске әрекеттесуіне байланысты, мысалы «SIG_KILL». 
 Жүйеде  тиянақталған  жағдай  жиыны  бар,  олар  жүйде  пайда  болуы 
мүмкін. Әр жағдайдың ӛзінің  уникалды аты болады: бұл аттар  әдетте  Unix 
версиясы үшін бірдей.  Бұл аттарды сигналдар деп атаймыз. 
Үрдістерді  басқаратын  уақиғалық  тітіктер.  Үрдістер  әрекеттестігі.  
Позициялық түрде үрдісті басқару үш топқа бӛлінеді: 
1.  тәуелді  үрдістер  –  үрдістің  барлық  ӛмір  сүру  периодында  автономды 
орындалады; 
2.  бірігіп орындалатын үрдістер  – таратылатын есептеу алгоритмі негізі-
нде әрекеттеседі; 
3.  бәсекелес үрдістер – жалпы қорлар негізінде әрекеттеседі. 
Үрдістің ӛмірі бірнеше бӛлек кезеңдерден тұрады: 
1. Үрдісті құрунемесе бастапқы пайда болуы . ОЖ кесесінде үрдіс туралы 
басқарушы  жазба  құрылады.  Бұл  жазбада  идентификацияланатын  ақпарат 
болады. 
2. Инициализация. Бұнда үрдістің орындалуына қажетті қорлар анықталады. 
3. Үрдісті белсенділеу.  Бұл кезеңде үрдіске  санашық қоры бӛлінеді және 
орындалуға  жіберіледі.  Үрдістің  орындалу  кезінде  ол  бұғаттау  немесе  күту 
күйінде болуы мүмкін. 
4. Ұрдіс аяқталғаннан кейін оның жойылуы басталады. 
Бәсекелес  үрдістерді  басқару  негізіне  критикалық  интервалда  басқару 
әдісі белгіленген. Бұл әдістің негізі коллективті қатынау ішінде әр бір үрдіске 
ӛзінше автономды жұмыс жасау үшін уақыт интервалын анықтау мағынасы 
жатыр. 
Бұл талаптар келесі түрде анықталады: 
1.  әр бір уақыт интервалында тек қана бір үрдіс болу керек 
2.  интервалда үрдіс кӛп уақыт болмауы керек 
3.  үрдістер критикалық интервалға шығуды кӛп уақыт күтпеу керек. 
Кӛрсетілген    принциптер  арнайы  басқаратын  программалар  кӛмегімен 
жүзеге асырылады, бұл программаларды жолшамдар деп атайды. 
Үзу мен алып тастау - ол ОЖ-гі күйлер. Олар программаны немесе аппа-
ратты  анықталады.  Үзу  немесе  алып  тастау    анықталғанда  санашық  сол 
уақытта орындап жатқан жұмысын тоқтатады және басқаруды пайда болған 


 
 
59 
 
күйді ӛңдейтін код мекені бойынша жадының ерекше аймағына береді. WNT 
бұл кодты қақпан ӛңдеуші деп атайды. (trap hondeer). 
NT  ядросы  үзу  және  алып  тастауды  ажыратады.  Үзу  (interrupt)- 
санашықтың  қандай  жұмыс  орындап  жатқанына  қарамайтын  кез-келген 
уақытта  болатын  асинхронды  жағдай.  Кӛбінесе  үзу  енгізу-шығару 
құрылғыларының әсерінен болуы мүмкін. 
Алып  тастау  (excaption)-синхронды  қателі  қалып-күй,  машиналық  команда 
арқылы орындалады.  Мысалы, жадының қорғанысының бұзылуы. 
         WNT  ядросы  жүйелік  қызмет  кӛрсетудің  шақыруын  нәтиже  ретінде 
қарастырады. (бірақ ол жүйелік қақпандар). 
Қақпандарды  өңдеуші.          Қақпан  (trop)  термині  ол  санашықпен 
қолданылатын  механизм.  Орындалып  жатқан  ағында  үзу  немесе  нәтиже 
пайда  болған  да  ол  басқаруды  алып  ОЖ-ң  бекітілген  нүктесіне  басқаруды 
береді.    WNT-де  санашық  басқаруды  NT  ядросындағы  қақпандарды 
ӛңдеушіге береді. Бұл модуль каммутационды панельдің рӛлін атқарады: ол 
санашық  генерациялайтын  үзулер  мен  нәтижелерді  қабылдайды  және 
басқаруды сәйкес жағдайды ӛңдейтін кодқа береді. 
Қақпан ӛңдеушісі ӛзінің шақыру кезінде машинаның қалып-күйін сақтау 
үшін уақытша үзуге тиым салады, ӛйткені егер жаңа үзу немесе нәтиже пайда 
болса,  онда  ақпараттар  жоғалып  кетер  еді.  Сол  үшін  ол  қақпан  кадырын 
құрады  және  оған  үзілген  ағынның  орындалатын  күйі  жайында  ақпаратты 
орналастырады. Үзу немесе нәтиже ӛңдеуді аяқталған соң бұл ақпарат ядроға 
ағынның әрі қарай орындалуына мүмкіндік береді. 
        Кейбір  нәтиже  ӛңдеуіш  ӛзі  шешеді,  бірақ  кӛбінесе  ол  пайда  болған 
күйдің  типін  анықтап  оны  ядроның  басқа  модуліне  немесе  жүйелік 
атқарушыға басқаруды береді. 
        Мысалы,  егер  үзу  құрылғыдан  болса,  онда  басқару  үзуді  ӛңдейтін 
процедураларына  жібереді.  (interrupt  service  routine  ISR).  Егер  үзу  жүйелік 
қызмет  кӛрсетуден  пайда  болса,  онда  ӛңдеуіш  басқаруды  NT  жүйесінің 
жүйелік қызмет кӛрсету кодына жібереді. Бӛлек нәтиже ядроның нәтижелер 
диспетчері арқылы ӛңделеді. 
        Үзуге  үзу  диспетчері  жауап  қайтарады.  Ол  үзудің  кӛзін  анықтап 
басқаруды  сыртқы  қызмет  кӛрсететін  процедураларға  немесе  ядроның  ішкі 
процедураларына береді. 
Үзудің  типтері  және  пұрсаттылықтары.  Әр  түрлі  санашық  әр  түрлі  типті 
және  әр  түрлі  мӛлшер  үзулерді  анықтайды.  ОЖ  танитын  үзу  деңгейлерінің 
стандартты  жинақысына  үзу  диспетчері,  үзудің  аппаратты  деңгейлерін 
бейнелейді.  Үзу  деңгейлері  үзуді  пұрсаттылығымен  бӛледі.  Ядролық 
режимде  ағын  ӛзі  орындалып  жатқан  санашықтың  үзу  деңгейін  кӛтеріп 
немесе  тӛмендетуі  мүмкін.  Пұрсаттылық  кезегі  бойынша  үзу  қызмет  етеді. 
Үзу  жоғары  пұрсаттылығымен  тӛмен  пұрсаттылықты  үзудің  орындалуын 
басып алады. 
 


жүктеу 5,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау