11.Бұхгалтерлік құжат дегеніміз не?
12.Құжаттарды қандай белгілері бойынша жеткізуге болады?
13.Бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспары дегеніміз не?
14.Қаржылық есеп берудің мақсаты қандай?
15. Қаржылық есеп беру мыналардың қайсысынан тұрады?
16.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп дегеніміз?
17. Мыналардың қайсысы материалдық емес активтерге жатады?
18.Бухгалтерлік баланс пен қаржы-шаруашылық қызметтің нәтіжелері туралы есеп беру бірің-бірі қалайша толықтырады?
19.Бүхгалтерлік есеп әдісіндегі «екі жақты жазу» элементінің қызметі қандай?
20.Бухгалтерлік есептің жинақтаушы шоттары бойынша айналым ведомосі неге арналған?
21.Пассивтік шоттарды соңғы сальдо қалайша аңықталады?
22.Кәсіпорының мүліктері пайда болу көздеріне қарай қалайша жіктеледі?
23.Шаруашылық операциясы қандай типке жатады: «Материалдар үшін жеткізушілерге берешекте өтеуге есеп айырысу шотынан ақша аударылды»?
24.Шаруашылық операциясы қандай типке жатады : «Зейнетақы қорына және басқа да сақтандыру органдарына аударым жасалды»?
25.«Негізгі құралдардың тозуы», «Материалдық емес активтердің тозуы» деген баптары жоқ баланс қалай аталады?
26.Активтік шоттар неге арналған?
27.Пассивтік шоттар неге арналған ?
28.Бухгалтерік баланс дегеніміз:
29.Калькуляция дегеніміз:
30.Бағалау дегеніміз:
31.Екі жақты жазу дегеніміз:
32.Әрбір шотта болуға тиістісі:
33.Шаруашылық операцияларының туындауна және құжаттармен ресімделуіне қалай аталады?
34. Субшот дегеніміз не?
35. Түгендеу дегеніміз не?
36. Бухгалтерлік есептегі Шоттардың Бас Жоспары дегеніиіз не?
37. Клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отыратын контрагентінің пайдасына берілген банкінің сөзсіз орындалуға тиісті міндеттемесі.
38.Өндіріс процесінде бірақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрайды, өзіндік құнына кіреді.
39. Тауарлы материалдық құндылықтар бөлінеді.
40. Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін, есепке алу жүргізіледі.
Есеп айырысу шотындағы акша каражатынын козғалысы мына кұжатта
жүргізіледі:
Кассалык есепті толтыру үшін кассирде міндетті түрде болу керек:
А) кассалық кітап
43. Негізгі еңбекақы қорына кірмейді:
44. Міндеттеме - бұл
45. Түсім -
46. Негізгі ендірістен нақты өзіндік кұны бойынша дайын өнім коймага
кабылданды:
47. Негізгі өндіріс жұмысшыларына еңбекақы есептелінді:
48. Негізгі кұралдарға амортизациялык аударым есептеу келесі әдістермен
есептеледі:
49. ¥йымнын меншікті капиталының к-здері болып табылады:
50. Дайын өнім коймаға мына кұжат негізінде кабылданады:
51. Негізгі өндіріс жұмысшыларыныц еңбекакысынан әлеуметтік камсыздандыру
сомасы есептелінді:
52. Жарғылық капиталға салым есебінде отын алынды:
53. Шикізат пен материалдарды жеткізгені үшін көлік ұйымының шоты акцептелді:
54. Бухгалтерлік баланста колданылатын өлшем бірлік:
55. №2420 шотына есептік-экономикалық сипаттама беріңіз:
56. Сандарды қосу бойынша тозудың есептеу тәсілі есептеу коэффициентінің бөлімі болып табылады, объектінің қызмет ету мерзімдегі жылдар санын қосу арқылы анықталады.
57. Екі еселенген амортизациялау нормасын қолдану арқылы есептейді
58. Аудит дегеніміз не?
59. Аудиттің қажеттілігі:
60. Тексеруші орган алдында есеп беру кезеңінде табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысудың уақытылығы мен толықтығын белгілеу мақсаты тұр. Тексеруді жүргізетіндер:
61. «АВС» фирмасының тауарлы-материалдық құндылықтардың қозғалысы мен сақталуын тексеру нәтижесінде қойма меңгерушісі және сату бойынша менеджер қызметтерінен алшақтатылды. Тексеруді кім жүргізді?
62. «Аудитор» термині «аудире» деген латын етістігінен шыққан, яғни ол мынадай мағынаны береді:
63. Аудиторлық фирма өзі бухгалтерлік есепті жүргізуде қызмет көрсеткен компанияға аудиторлық тексеру жүргізуіне құқы бар ма?
64. Қазіргі түсінік бойынша аудиттің тарихи отаны:
65. Алаяқтық мінездемесі:
66. Аудиторлық тексерудің негізгі мақсаты не?
67. Келесі құжаттардың қайсысымен аудиторлық тексеру мерзімі анықталады?
68. Аудиттің мәні:
69. Аудиттің даму тарихы неше кезеңнен тұрады?
70. Шоттар корреспонденциясын құрастыруда аудиторлармен қатені табу және түзету аудиттің қай функциясына жатады?
71. Кәсіби аудитор мақсатын іске асырмайтын принціп:
72. Міндетті аудит:
73. Аудитор тексеру барысында анықталған салық заңдарын бұзуды салық мекемесіне хабарлауға міндетті ме?
74. Қаржылық есеп беру аудитін жүргізу үшін, келесі жағдайлардың қайсысында аудитордың тәуелсіздігі және объективтілігі бұзылмаған болып есептеледі?
75. Мекемені ішкі бақылау жүйесінде олардың құрылымының жиынтығына кіретіндер:
76. Тексерілетін мекемеге құрылтайшы бола отырып, аудитор сол мекемеге тексеру жүргізе алады ма?
77. Аудиторға мамандандырылған куәлік:
78. Төменде келтірілген функциялардың ішінен ішкі аудит қызметіне қатысты функцияларды табыңыз:
79. Тексеру барысында аудитор қажетті ақпаратты үшінші жақтан алуға құқы бар ма?
80. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау келесілермен жүргізіледі:
81. Аудитор сапасыз тексеру жүргізген кезде, неге байланысты материалдық жауапкершілікке тартылады
82. Бухгалтерлік есеп жүйесі мынадай жағдайларда тиімді болып есептеледі:
83. Ішкі аудит қызметінің жұмысын бағалау үшін сыртқы аудитор ең алдымен мыналарға көңіл бөлуі керек:
84. Аудитордың құқы мен міндеті қандай нормативті құжатпен анықталады?
85. Аудитор клиент туралы ақпаратты жая алады ма?
86. Аудитор комиссиялық үстемені төлеуге немесе алуға құқылы ма?
87. Ерікті аудит – бұл ....
88. Сіздің ойыңызша аудитор қандай қызмет көрсетуге құқы жоқ?
89. Аудиторлық тексеру нәтижесі – бұл:
90. Аудитті жүргізуге келісім бергенде аудиторлық мекеменің міндеттеме-хатында қандай ережелер көрсетілуі тиіс:
91. Компания қызметін әкімшілік қабылдаған тәртібіне сәйкес анықтау, қай аудиттің мақсаты:
92. Компанияның қаржылық есеп беруін тексерудегі аудиторлық есеп беру дегеніміз:
93. Сыртқы аудиттің ішкі аудиттен принціпті айырмашылығы қандай:
94. Заң талабына сай аудиттің жіктелуі:
95. Мәліметтердің әр түрлі жақтан алынып, барлық шаруашылық операциялар бойынша ақпараттардың құжаттарға енгізілуі келесі мақсатқа қол жеткізуге көмектеседі:
96. Сату актісін төлеу туралы шоттармен салыстырып, ауытқу бойынша есеп беруді құрастыру нені білдіреді?
97. Қабылданған талаптарға сай қажетті шаруашылық опреацияларды оған құқы бар тұлғамен бекіту, келесі мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді:
98.Компанияда ай сайын «Шикізаттар мен материалдар» шотының ведомості пен журнал-ордері бойынша қалдық тексеріледі. Бұл бақылау процедурасы келесі себептермен қажетті:
99. Тауарлы-материалдық құндылықтарға қатысты міндеттерді бөлуді тексеру былай іске асады:
100.Міндеттемелерді бөлу дегеніміз, бір қызметкердің келесі мүмкіндігінің шекетлуі:
14.2 Емтихан тапсыруға арналған сұрақтары
Бухгалтерлік есепке анықтама беріңіз.
Бухгалтерлік есептің принциптеріне түсініктеме беріңіз.
Бухгалтерлік есептің пәніне және объектісіне түсініктеме беру керек.
Бухгалтерлік есептің элементіне түсініктеме беру керек.
Екі жақты жазу әдісіне түсініктеме беріңіз.
Баланстың активтік бөліміне түсініктеме беріңіз.
Баланстың пассивтік бөліміне түсініктеме беріңіз.
Баланстық активінің мазмұны және құрылымы
Шаруашылық операцияның бухгалтерлік балансқа әсері
Бухгалтерлік есептің мақсаты
Бухгалтерлік есептің объектілерін анықтау
Бухгалтерлік есептің элементтерін жіктеңіз
“Меншікті капиталмен міндеттерінің маңызымен мәнін” анықтаңыз
Бухгалтерлік есеп счеттарының схемасын көрсетіңіз
Екі жақты жазу әдісіне түсініктеме беріңіз
Бухгалтерлік есеп пәні мен объектілеріне анықтама беріңіз.
Инвентаризация не мағына береді.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты
Бухгалтерлік есептің принциптерін таңдаңыз
Қаржылық есепке талдау жасаңыз
Бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдалану.
Бухгалтерлік есептің анықтамасы және оның міндеті.
Экономикалық ақпарат көзі ретінде бухгалтерлік есеп беру және оны пайдаланушылар.
Каржылық есеп берудің элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері.
Активтердің құрамы мен сипаттамасы.
Үзақ мерзімді активтер.
Ағымдағы активтер.
Үзақ және қысқа мерзімді міндеттемелердің кұрамы мен сипаттамасы.
Меншікті капиталдың құрамы мен сипаттамасы.
Аудит анықгамасына енгізілген сөздермен сөйлемдерді қысқаша түсіндіріңіз.
Келесідей түсініктерге сипаттама беріңіз: аудиттың мақсаты, маңызы мен мінддеттері.
Аудиттың пайда болу себебін керсетіңіз.
Аудит түрлерін сипаттаңыз.
Ішкі және сыртқы аудит арасывдағы байланысты анықгаңыз және ерекшелікті көрсетіңіз?
Сыртқы аудит дәлелдемелері тексерілетін кәсіпорынға қандай басьыымдылықгар беретінін түсіндіріңіз.
Аудиторлық қызмет көрсету түрлерін сипаттаңыз/
Халықаралық практикада аудитор болғысы келетіндерге қандай талаптар қойылатынын атап өтіңіз?
Бухгалтерлік қүжаттар, олардың атқаратын қызметі мен жіктелінуі.
Түгендеу.
Бухгалтерлік есепке еңгізу формалары.
Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері.
Ағымдағы активтер: ақшалар және оның сипаттамасы.
Акшалардың қозғалысын бақылаудың ішкі жүйесі.
Дебиторлық борыштың танылуы мен бағалануының есебі.
Тауарлық-материалдық қорлар есебі бағалау.
Аудиторлық қорытындымен бірге жүмыс құжаттарын беру аудитордың міндетіне жата ма?
Аудиторлар жұмысының сапасына Мемлекет тарапынан бақылауқалай жүзеге асырылады?
Аудиторлық фирманың тарапыынан онда жүмыс жасайтын аудиторлардың жүмысына бақылау жасау жүйесі қандай-да бір нормативтік актілермен реттелген бе?
15. Студенттің білімін бағалау жүйесі
Ағымдағы үлгерімді бағалау ағымдағы бақылау және рубеждік (аралық) бақылау бағаларынан тұрады.
Үлгерімді ағымдық бақылау – оқу сабағын жүргізуші оқытушының пәннің әр оқу тақырыптары бойынша студенттің жетістіктерін жүйелі түрде тексеруі.
Рубеждік бақылау оқу пәнінің ірі бөлімдерін (модульдерін) аяқтаған соң жүргізілетін бақылау.
Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім бағасы мен қорытынды бақылаудың бағасынан тұрады. Ағымдағы үлгерімді бағалау (жіберу рейтингі) пән бойынша қорытынды бағаның 60% құрайды. Емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 40% құрайды.
Студенттің білімін бағалау балдық- рейтингтік әріптік жүйе бойынша сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару арқылы жүзеге асады.
15.1 Студенттің рейтингін қою шкаласы
№
|
Бақылау түрі
|
1-рейтингті бағалау критерийі (Р1), %
|
Апта
|
1-рейтинга қорытындысы, (Р1)
|
2-рейтингті бағалау критерийі (Р1), %
|
Апта
|
2-рейтинга қорытындысы, (Р1)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
|
Сабаққа қатысу (лекция)
|
8
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
|
7
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
|
|
Лекцияны конспектілеу
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
10
|
|
10
|
|
|
|
|
|
|
10
|
|
|
СОӨЖ тапсырмаларын орындау
|
15
|
|
3
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
|
15
|
|
4
|
2
|
2
|
2
|
2
|
3
|
|
|
СӨЖ тапсырмаларын орындау (курстық жұмыс)
|
20
|
|
|
5
|
5
|
|
5
|
5
|
|
|
20
|
|
5
|
|
5
|
|
5
|
5
|
|
|
Рубеждік бақылау тапсырмаларын орындау
|
12
|
|
|
|
|
|
|
|
12
|
|
13
|
|
|
|
|
|
|
13
|
|
|
Тәжірибелік сабақ тапсырманы орындау
|
35
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
2
|
3
|
|
35
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
|
Барлығы
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды бағадағы үлесі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
30%
|
|
|
|
|
|
|
|
|
30%
|
15.2 Қорытынды бағаны есептеу
Пән бойынша қорытынды баға пайыздық мазмұнда келесі формула бойынша есептеледі:
И% = Р1+Р2 х 0,6 + Э х 0,4
2
мұндағы:
Р1 –1- рейтингті бағалаудың пайыздық мазмұны;
Р2 – 2- рейтингті бағалаудың пайыздық мазмұны;
Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны (тест-емтихан).
15.3 Студенттің оқу жетістіктерінің балдық- рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалау және сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Баллдардың сандық баламасы
|
Оқу пәнін меңгерудің %-қ мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
A
|
4,0
|
95-100
|
үздік
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
15.4 Академиялық тәртіп саясаты
№
|
Тәртіпті бағалау критерийлері
|
Баллдар саны*
|
1.
|
Сабақтан кешігу
|
-1
|
2.
|
Сабақ кезінде ұялы телефонмен сөйлесу
|
-2
|
3.
|
Практика (семинар) сабақтарына белсене қатысу
|
+3
|
4.
|
Басқа да критерийлер
|
|
*Ескерту: студенттің рейтингін төмендететін баллдар минуспен, жоғарылататын баллдар плюспен қойылады.
АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ
«Есеп және аудит» кафедрасы
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
«Бухгалтерлік есеп және аудит » пәні бойынша
5В050600 «Экономика» мамандығы
Алматы, 2012ж.
1-тақырып. Бухгалтерлік есептің концепциясы, стандарттары және қағидалары
Дәріс мақсаты: есепті пайдаланушыларға кәсілорынның мүлкі мен қаржылық жағдайы және олардың қозғалысы туралы, сондай-ақ кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері туралық әрі ақиқат ақпарат беруден тұрады. Ұйым туралы ақпаратқа мүдделі жеке немесе заңды тұлғалар осы кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдалану
Бухгалтерлік есептің мақсаты мен міндеттері.
Бухгалтерлік есепте қолданылатын өлшемдер..
Бухгалтерлік есепті жүргізудің қағидалары.
Бухгалтерлік есептің әдісі мен негізгі элементтері.
Бухгалтерлік есептің мақсаты мен міндеттері.
Бухгалтерлік есеп- белгілі бір шаруашылық жүргізуші субъект туралы қаржылық ақпараттарды өлшеуді, өңдеуді және тапсыруды жүзеге асырушы жүйе. Бұл ақпараттар оларды пайдаланушыларға субъектінің шаруашылық қызметіне басқару жүргізудің альтернативтік варианттарын таңдау кезінде негізді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есеп субъектінің шаруашылық қызметі мен шешім қабылдаушы адамдардың арасын байланыстырушы сала ретінде қызмет атқарады. Ол:
субъектінің шаруашылық қызметі туралы мәліметтерді ары қарай пайдалану үшін оларды тіркеу жолымен өлшейді;
керекті сәтке дейін отырып, мәліметтерді өңдейді, ал содан кейін олар пайдалы ақпараттарға айналу үшін қайта өңдейді;
қорытынды есеп беру арқылы ақпараттрды оларды пайдаланушылар шешіи қабылдау үшін тапсырады.
Яғни, бүгінгі күнгі бухгалтер ақпараттарды пайдаланушылардың ішкі күнгі бухгалтер ақпараттарды пайдаланушылардың ішкі немесе сыртқы екендігіне қарамастан, есеп ақпараттарын кім тұтынады, солардың барлығының сұранысын қанағаттандыруға міндетті.
Бухгалтерлік қызмет- басқару ақпараттық жүйенің қаржылық орталығы. Ол басқару аппаратында да, сыртқы пайдаланушыларда да кәсіпорынның шаруашылық қызметінің толық көрінісінің ( бейнесінің) бар болуына мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік қызметтің негізгі міндеттері:
субъектіні, сонымен бірге басқа да мүдделі тұлғаларды оның шаруашылық қызметі туралы толық және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету;
субъектінің шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуына бақылау жасаушы мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.
Халықаралық практикада бухгалтерлік ессп үдерісін төрт түрлі негізгі сатыға бөлу қабылданған.
Бірінші сатыда ор түрлі шаруашылық фактілсрі (іскерлік мәліметтер) қүжатталады.
Екінші сатыда — есеп деректері жіктеліп және оларды бухгалтерлік есеп шоттарына, бухгалтерлік есептеу тіркеліміңдс бас кітапта көрсету жолымен біріктіріп жазады.
Үшінші сатыда мазмүнына қарай бухгалтерлік есептің мемлекеттік жүйесінің талабына сай бухгалтерлік қорытыңды есеп жасалады.
Төртінші бухгалтерлік есеп үдерісінің қорытындылама сатысында ұйымның шаруашылық қызметіне талдау жүргізіліп, оның нәтижесі кәсіпорын әкімшілігініңде қызметіне баға беруі мен алдағы уақытта орындалатын жұмыстары туралы шешімдер қабылдауы үшін пайдаланады.
Бухгалтерлік қорытынды есеп берудің мақсаты бұл есепті пайдаланушыларға кәсілорынның мүлкі мен қаржылық жағдайы және олардың қозғалысы туралы, сондай-ақ кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері туралық әрі ақиқат ақпарат беруден тұрады. Ұйым туралы ақпаратқа мүдделі жеке немесе заңды тұлғалар осы кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдаланушы болып саналады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдаланушылардың барлығы бухгалтерлік ссептің халықаралық стандартына сәйкес ілгеріде айтып өткеніміздсй үш топқа біріктіріледі.
Бірінші топқа осы ұйымда қызмет атқаратын адамдар, яғни жұмысшылар мен қызметкерлер жатады. Оларды осы шаруашылықтың экономикалық тұрақтылығы мен табыстылығы туралы ақпараттар қызықтырады. Сонымен қатар олар өздерінің жұмыс орындарының сақталуы, сондай-ақ уақытымен сңбекақы және басқа да жәрдемақы, сыйақы алуы үшін мүдделі болып табылады. Қатаң бәсеке шартында кез келген кәсіпорынның өміріңдеігі оның басшысының екі негізгі міндетті, яғни пайдалы жұмыстың табыстылығы (рентабельділігі) мен активтердің өтімділігін қамтамасыз студі қаншалықты үздік шешуінс байланысты.
Қолда бар капиталды сақтап және жаңасын жұмылдыру арқылы кәсіпорынның жеткілікті пайда табу мүмкіндігі табыстылық (рентабельділік) болып саналады.
Кредиторлар алдындағы қарыздарын өтеуі үшін ұйымның жеткілікті түрде ақшаларының және басқа да қорларының болуы, ол кәсіпорын активтерінің өтімділігін білдіреді.
Екінші топты — осы ұйымда жұмыс істемейтін, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей ынталылар, мүдделілер құрайды. Бұл топқа кәсіпорынның инвесторларын, несие беруші банк және басқа да мекемелерін, жабдықтаушы-мердігерлерін және басқаларды жатқызуға болады.
Инвесторларды олардың салынған капиталының табыстылығы қызықтырып және сонымен қатар алдағы уақытта осы ұйым үшін қолайсыз жағдайлардан болатын қатер жайлы ақпараттар аландатады. Бұл ақпараттар оларға қай кезде кәсіпорынның акцияларды сатып алуға, ұстап отыруға немесе сатуға болатындығын біліп, шешім қабылдау үшін қажет.
Несие берушілерді ұйымға берілген төлемді уақытымен қайтарып алу мүмкіншілігі және одан түсетін тиесілі проценті (пайызды) алу мүмкіндігі туралы ақпараттар кызықтырады,
Жабдықтаушы-мердігерлерді кәсіпорынның телем қабілетгілігімен шоттарды уақтылы төлеу мүмкіндігі жайлы ақпараттар қызықтырады.
Үшінші топқа - кәсіпорынның қаржылық жағдайына жанама мүдделілерге қор биржалары, салық комитеті, жоспарлауды жүзеге асырушы органдар және басқа да заңды тұлғалар жатады. Олар ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдалану арқылы елдегі адамдардың орташа еңбекақысын және басқа да статистикалық көрсеткіштерді есептеп отырады. Осыларды ескере келсек, кәсіпорындардың бухгалтерлік қорытынды есеп мәлімет-тері тек қана бір кәсіпорынның экономикасын көтеру үшін ғана емес, соньмен қатар елдің және сол елдегі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту ушін қажет.
2. Бухгалтерлік есепте қолданылатын өлшемдер..
Бухгалтерлік есеп жүйесі ұйымдардағы сатылы экономикалық үрдісті қамтамасыз ету бағытында құрылуы керек. Шаруашылық фактілері экономикалық үрдістің кезеңдік негіздерін қүрайтын заңдылық сабақтастыққа жауап беретін болып қалыптасады.
Ол мынандай кезеңдерге бөлінеді:
активтер мен бұлардың көздерін қалыптастыру;
инвестициялар келтіру;
қаржылық активтерді (экономикалық ресурстарды) қаржыландыру және несиелік міндеттемелер қабылдау;
қалыпты жағдайда жүргізілетін өндірістік үрдістің өзгерістері мен қалыптасуын есепке алу;
өндірістік шығындар жұмсап, табыстар табу жолдарының есебін жүргізу;
түскен табыстар (пайданы) бөлу және қайта бөлу;
бөлінбеген таза пайданың ұдайы көбеюін камтамасыз ету және түскен таза пайданы өндіріс үрдісін кеңейту мен ары қарай жетілдіруге, бұлардың қорлануын қалыптастыруға жұмсау.
Экономикалық заңдылықтардың өндірістік үрдісте іске асырылатын кезеңдеріне тән құрылған жоғарыдағы сабақтастық кезеңдер қаржылық талдау мен басқарушылық шешім қабылдау үшін аса қажет.
Бұл мақсаттар мен міндеттердің нақтылы іске асатындығын есепке алып, ақпараттар жүйесін қалыптастыруда бухгалтерлік есептің атқаратын релі өте зор. Бухгалтерлік есеп жұмысы экономикалық кезеңді қатынастарды көрсетеді және әр кезеңдерге сай дамиды. Бухгалтерлік есеп - базарлы сауданы, технологиялық ерекшеліктерге сай өнім өндіруді, экономикалық бостандықты, кәсіпкерлік қатынастарды, бірлескен әрекеттерді т.с.с. байланыстар жөніндегі көрсеткіш мәліметтерді даярлап, тиісті тұтынушыларға хабарлап, талдап, мұның негізіне тиімді шешімдер қабылдайтын, өз орны мен әдісі және принципі бар пән. Сондықтан бухгалтерлік есептің алғы шарты экономикалық қатынастарға, мұның өзін теориялық тұрғыда зерттеуге, басқарудың тиімді жолдарын анықтауға ақпараттар дайындайтын ерекше бағыттағы айрықша жүйе.
Қандайда болмасын есеп ақпаратары мен көрсеткіштерін, мұндағы цифрларды экономикалық маңызы зор мәселелер деп қараған жөн. Бухгалтерлік есеп нарықтық қатынастарға байланысты іс-әрекеттерді саналы түрде жүргізу мен мәліметтерді жан-жақты қолдану және бұлардың маңызын түсіну үшін ақпаратар жинап, тиімді және тиімсіз, пайдалы және зиянды мәліметтер жүйесін топтастырып, белгілі дәрежеде шешім қабылдау үшін көрсеткіштер мен мәліметтер даярлайды.
Нарықтық қатынастар мен меншік иелігіне сүйеніп қол ұшымен жалғасып, сыбайластық әрекеттерге барушы және жұмыс бабын жеке басының игілігіне пайдаланушы, заңсыз жүріп қаражат табушы алаяқтар арасында күрес жүргізуде де бухгалтерлік есептің атқартын рөлі зор. Мұндай әрекеттерді бодырмау үшін әрбір атқарушы бухгалтер өз кәсібін сыйлап, таза және сапалы еңбек етуі керек.
Бухгалтерлік есеп бүкіл халықтық ілімге жатады. Мұның диапазон кеңістігі мол, Сондықтан, экономиканы басқару жүйесін жетілдіру, халықтың сұранысы мен тұтынысын зерттеу, базарлы саудаға тән шешім қабылдау, тексеру мен бақылау жүйесін кеңінен қолдану, есеп көрсеткіштерін қарапайымдау, заңсыз қағаз бастылықты болдырмау үшін бухгалтерлік есеп ілімі өз мәні мен мақсатын жоймайтын сабақтастық бағытта болуы керек.
Бүгінгі күннің талабына сай бухгалтерлік есепте қолданылатын үлгі - мәтін, бастапқы құжаттарды рәсімдеу, есеп регистрлары және қорытынды есеп көрсеткіштері т.б. жазулардың көлемі мен маңызы қарапайым жолдармен жасалып, пайдаланушы қауымға түсінікті болуы керек.
Енді бухгалтерлік есеп жүйесінің алдына қойылған жалпы мақсаттар мен талаптарды шешудің бастапқы сабақтастығына тоқталалық. Жалпы есеп жүйесінде қабылданған тәжірибеге және көптеген ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда бухгалтерлік есеп ең әуелі өзінің байқау, өлшеу, тіркеу принциптерін жүзеге асырады.
Байқау принципі деп - шаруашылық жүргізушілер өрісіндегі фактіні немесе объектіні көзбен көруді айтамыз.
Өлшеу деп - натуралдық өлшеммен берілген есеп объектісін ақшалай өлшемге айналдыруды айтады.
Тіркеу деп - бухгалтерлік есеп мәліметтері мен көрсеткіштерін ақпараттар тасушы құралдарға түсіруді айтамыз.
Сонымен байқау, өлшеу және тіркеу принциптері бірімен-бірі тығыз байланысқан, бірінің мазмұнын бірі толықтырып отыратын сабақтастық жүйе деп таныуымыз керек.
Бухгалтерлік есептің маңызы мен мәні және бұл жүйені жүргізу мен аяқтау үрдісі, ең әуелі бухгалтерлік есеп негізін біліп үйренуден, қаржы есебін жүргізу тәсілдерінен, басқару есебіндегі көрсеткіштерді бағалай білуден, қаржылык қорытынды есепті сапалы жасаудан, сондай-ақ ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін экономикалық жағынан талдаудан тұрады.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттар қазырғы кездегі Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттар талабына сай кәсіпкерлерге, мамандарға, салық және қаржы салаларындағы қызметкерлерге, т.б. тұлғаларға қызмет көрсетеді. Потенциалды қаржы салымшы инвесторлардың, басқа да несиелендіруші заңды тұлғалардың қаражаттарын іске қосып, түпкі мақсат - таза табыстың көлемін арттырып отыру үшін бухгалтерлік есеп өрісіндегі қалыптасқан ақпараттарды хабарлап отыру қажеттігі туындайды.
3 Бухгалтерлік есепті жүргізудің қағидалары.
Бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік қорытынды ссебі мынадай негізгі талаптарға жауап беру керек: сенім-ділікке, тұтастыққа, тізбектілікке, салыстырымдылыққа, есепті кезеңге және рәсімделуге.
Сенімділік дегеніміз бұл бухгалтерлік қорытынды есептің сснімді және толық түрде кәсіпорынның мүліктік немесе қаржылық жағдайын таныстыратын шаруашылық қызметтегі каржылық нәтижелері болып табылады. Сенімді бухгалтерлік қорытынды есеп Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебі стандарттарына, сондай-ақ белгіленген нормативті актілермен ережелерге сәйкес жасалады.
Тұтастылық дегеніміз ұйымның бухгалтсрлік қорытынды есебінде осы кәсіпорында орындалған барлық шаруашылық операциялардың міндетті түрде қамтылып (қосылып) көрсетілуі болып табылады.
Тізбеклілік дегеніміз кәсіпорынның бір есепті кезеңінен екінші есепті кезеңіне дейінгі орындалған операциялардың күнделікті тіркеліп отыруы.
Салыстырымдылық бұл бухгалтерлік қорытынды есептің бір кезендегі мәліметінің екінші есепті кезеңнің мәліметімен салыстырылып көрсетілуі болып табылады.
Белгіленген заңға сәйкес есеп беру кезеңі барлық ұйымдар үшін 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі аралық болып бекітілген.
Бірінші қорытынды есеп жылы болып кәсіпорынның жаңадан құрылған күнінен бастап немесе ұйымның қайта ұйымдастырылған уақытынан, яғни тіркелуінен басталып сол жылдың 31 желтоқсанына дейінгі уақыт аралығы саналады.
Егер ол кәсіпорын тіркеуден 1 қазан мен (1 қазан кіреді) 31 желтоқсан аралығында өткен жағдайда, ол кәсіпорынның алғашқы есеп беру уақыты келесі жылдан басталады. Ұйымның тіркеуден өткенге дейінгі операциялары бойынша шығындары алғашқы жасалатын бухгалтерлік қорытынды есепке қосылады.
Бухгалтерлік есептің әдісі мен негізгі элементтері.
Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есепті қолданудың негізгі учаскелері болып табылады. Онда оның көмегімен барлық шаруашылық қызметінің үстінен қадағалау және бақыдау жасау қамтамасыз етіледі. Кәсіпорындар құрылған кезде қатысушылардың салымдары есебінен қорлар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмет етеді.
Сонымен, қалыптастыру көздерімен байланыстағы шаруашылық құралдары және шаруашылық қызметі процесіндегі олардың айналымы бухгалтерлік есептің пәні болып табылады. Пәніне сипаттама бере келіп, бухгалтерлік есептің объектілерін айырып алу керек. Олардың құрамы халық шаруашылығының алуан түрлі салаларындағы кәсіпорындардың меншік нысандарына, ерекшеліктеріне және функцияларына байланысты.
Кәсіпорындағы есептің маңызды объектілеріне: материалдық емес ативтер, негізгі құралдар, материалдар, еңбекақы бойынша есеп айырысу, өнім өндіру, жабдықтау, өнім өндіру және сату процестердіндегі шығындар, ақша құжаттары мен есеп айырысулар, қаржы нәтижелері және т.с.с. жатады.
Шаруашылық құралдарының құжатпен ресімделген қозғалысы мен өзгерімінің фактісі шаруашылық операциясы болып табылады.
Бұл орайда шаруашылық операциялары кәсіпорынның мүлкіне ғана (баланстың активі) немесе оның тек пайда болу көзіне (пассив) ғана немесе бір мезгілде мүлікке де, оның қалыптасу көзіне де (баланстың активі де, пассиві де) қатысты болуы мүмкін.
Шаруашылық операциялары жеткізушілерден тауарлы- материалдық құндылықтарды сатып алудан, негізгі қорларды пайдаланудан, жалақы есептеуден, өнім өндіруге жұмсалған шығындарды анықтаудан және т.с.с. тұрады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін әдістер мен тәсілдер жүйесі құрайды. Олар құжаттау, түгендеу, бухгалтерлік балама жасау, екі жақты жүйесін, мүліктер мен міндеттемелерді бағалау, калькуляциялау мен кәсіпорынның есеп беруі арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттау- шаруашылық операцияларын құжаттардың көмегімен олар жасалған сәтте және сол жерде бастапқы тіркеу.
Құжат бухгалтерлік жазбалар үшін мәндетті негіз болып саналады. Әрбір шаруашылық операциясына ол жасаған сәтте құжат жасалады, онда құжаттың атауы, операцияның мазмұны, оның жасалған күні, өлшем бірлігі, операцияның жасалуына жауапты адамдаржың қойған қолдары көрсетіледі. Сөйтіп құжаттар заңдық растаушы күшке ие болады.
Түгендеу- мүліктің нақты қолда барын бухгалтерлік есептің деректері бойынша заттай сәйкестігін тексерудің әдісі. Ол бухгалтерлік есеп деректерінің растығы мен кәсіпорын меншігінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатымен жүргізіледі. Негізгі құралдар, тауарлы- материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары, аяқталмаған өндіріс, сауда кәсіпорының таурлары және басқалар түгенделуге тиіс.
Түгендеу белгіленген мерзімдерде материалды- жауапты адамдар ауысқан кезде, аудиторлардың тергеу органдарының талабы бойынша және т.б. жағдайларда жүргізіледі. Түгендеудің деректері актімен ресімделеді.
Бағалау- бұл натуралды көрсеткіштерді ақшалай көрсеткіштерге аударудың әдісі. Мұның өзі шаруашылық қорлар мен олардың қорлану көздері туралы жалпынама деректерді алу үшін бухгалтерлік есепте ақшалай көрсеткіштерді міндетті түрде пайдаланумен байланысты болып отыр.
Калькуляция- шығындарды топтастыру мен сатып алынған материалдық құндылықтардың, әзірленген өнімдер мен атқарылған жұмыстардың өзіндік құнын анықтау әдісі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау нормативтік құжаттармен реттелінеді.
Екіжақты жазу- шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарында тіркеудің әдісі. Бұл әдістің мәні- әрбір шаруашылық операциясы екі рет тең сомамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде жазылады.
Бухгалтерлік баланс- кәсіпорынның мүлкі мен олардың пайда болу көздерін ақшалай бағамен белгілі бір күнге, әдетте айдың 1- күніне экономикалық топтастырудың әдісі.
Кәсіпорыннң қорлары бухгалтерлік баланста ақшалай екі топтамада көрсетіледі, оның бірі кәсіпорынның қандай қорлары бар екендігін, екіншісі- олардың қандай көздерден пайда болғанын көрсетеді, яғни баланс кесте түрінде жасалады.
Есеп беру дегеніміз- кәсіпорының белгілі бір кезеңдегі өндірістік- шаруашылық және қаржы қызметтерін сипаттайтын көрсеткіштердің арнайы кестелерге топтастырылған жүйесі.
Есеп берудің көрсеткіштері кәсіпорының қаржы жағдайын талдау үшін, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын бағалау үшін тиісті басқарушылық шешімдерге негіздеме әзірлеу және қабылдау үшін пайдаланылады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есепті стандарттаудың мақсатын сипаттап түсіндіріңіз.
Бухгалтерлік есеп принциптерін және элементтеріне не жатады?
Халықаралық стандарттарды кімдер және қайда жасалынады, бұлар қандай ресми құжаттардан құралған?
Бухгалтерлік есеп стандарттының типтік бағытын және сабақтастық жолдарын атаңыз.
Бухгалтерлік есептің қажеттілігі
Халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттарының аталуы мш санын айтыңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет.
Митюгина Г.Д «Оплата труда: удержания, вычеты, начисления;/ Библиотека бухгалтера и предпринимателя, №7(132) июль 2001 г;
Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. Қаржылық есеп, А., Экономика. 2001ж-400б. ;
Баканов М.И., Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа», М., «Финансы и статистика», 2008 г.
Тулешова Г.К. Халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есеп және есептілік Алматы, “Бизнес информация” 2005.
2-тақырып. Екі жақтылық қағидалары және баланстық теңдеу
Дәріс мақсаты: Баланс көрсеткіштері ақшалай бағалануы. Міндеттемелер қанша ақшаның қайдан алынғандығын көрсетуі. Активтер алынған ақшаның немесе каражаттардың қалай жұмсалғандығын, қайда және не үшін жұмсалғанын көрсетіп анықтау.
Бухгалтерлік баланстың мазмұны мен маңызы.
Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептіліктердің ашылып көрсетілуі.
Шаруашылық операцияларының әсерінен баланстағы болатын өгерістер және олардың сипаттамасы.
Бухгалтерлік баланстың мазмұны мен маңызы.
Бухгалтерлік баланс деп - ақшалай өлшеммен өлшенетін капитал мен міндеттемелер жөніндегі белгілі бір мерзімге жасалған қорытынды есепті айтамыз. Баланс активтерді (осы ұйымның қаражаттарын) және бұларды қаржыландыру көздерін экоиомикалық маңызына қарай белгілі бір уақытта жинақтап отырады. Баланс көрсеткіштері ақшалай бағаланады, Міндеттемелер қанша ақшаның қайдан алынғандығын көрсетеді. Активтер алынған ақшаның немесе каражаттардың қалай жұмсалғандығын, қайда және не үшін жұмсалғанын көрсетеді. Меншікті капитал осы ұйымды құрып қалыптастырушы жеке тұлғаның, ұйым иесінің салған ақшасынан тұрады.
Нәтижесінде активтердің жалпы сомасы алынған міндеттемелер мен меншікті капиталдың жалпы сомасымен тепе-тең болатындығын тағыда қайталаймыз. Осындай сабақтастық жолдармен бухгалтерлік баланс әдісі қалыптасып қордаланып отырады. Кез келген бухгалтерлік балансқа баланс жасаушы ұйымның аталуы және баланстың қай уақытқа қорытындыланып жасалған күні жазылады.
Көптеген тұлғалар өздерінің бухгалтерлік балансын әрбір кезеңдерге қарай жасап, қолда бар қаражатының барын, басқа тұлғаларға қанша көлемде берешегінің бар екендігін көрсетіп отырады. Яғни бухгалтерлік баланс осы «ұйымның қолда бар активті қаражаттарын және берешектерін белгілі бір уақытқа қарай көрсетіп отырады» деу орнықты ұғым. Тағы да қайталаймыз: белгілі бір ұйымның қолда бар мүліктері активтер деп аталынады. Ал осы ұйымның басқаларға берешегі міндеттемелер деп аталынады. Активтер құрамына осы ұйымның меншігіндегі: жер, ғимараттар, өндірістік жабдықтар, тасымалдау құралдары, өлшеу т.б. приборлар, өнім беретін малдар, күш беруші машиналар т.с.с. жатады. Сонымен қатар осы ұйым меншігіндегі шикізаттар мен материалдар, босалқы бөлшектер, тауарлар, дайын өнімдер, ақшалай өлшеммен өлшеніп, осы ұйымның меншігінде болады.
Бұлардың барлығы да активтер түрінде классификацияланады.
Осы жерде ұйымдар өзінің активті қаражаттарын толықтырып, бұларды өндірістік үрдіске тиімді пайдаланып отыруы үшін әртүрлі көздерден ақшша алу мүмкіндігі болатындығын тағы да қайталайық. Қосымша алынатын ақшаларды, бұлар компаниялардан немесе банктерден алады. Алған ақшалары үшін осы ұйым қарыз алуушының қатарына (категориясына) түседі. Қарызға алынған ақшаларды міндеттемелер деп атайды. Банктерден алынған несиелерден бөлек осы ұйым басқа да тұлғалардан көп көлемде қарыз ақшалар алуына болады (мысалы, өзінің үлес қосушы аккционерлерінен). Ірі акционерлерден алынған қаражаттарды акционерлік капитал деп атайды. Осы ұйымды қолдаушы кейбір акционерлік компаниялар акцияларға жазылады немесе акционерлер осы ұйымның қызметін жалғастыра беру үшін белгісіз уақытқа дейін акционерлік ақша береді. Қандай да болмасын алынған акционерлік капитал, ең соңында жазылған акцияларға сай қайтарылады. Яғни осы ұйымның алған акционерлік ақшасы уақытша алынған қарыз ақша түріне саналады. Акцияға жазылган, түбінде қайтарылатын ақшаны міндеттемелер деп атайды. Нарық экономикасы жағдайында бухгалтерлік баланс әр түрлі әдістермен жасалынып, әрқашан да активтер мен міндемелер сомасы бірдей тепе-теңдік жағдайда болады. Бухгалтерлік баланс жекелеген синтетикалық счеттар қалдығын жинақтауды туындайды. Баланс қорытынды есеп жасаудың ең негізі 5 болып табылады. Әрбір келесі кезеңге қорытынды есеп жасау үшін барлық бухгалтерлік есеп мәліметтерін топтастырып жинақтау мақсатында баланс құрылады, Баланс құруды екі жақты принциптің қолданбалы әдісі деп те түсінуге болиады. Әрбір келесі кезеңге баланс қүруда бұрында бухгалтерлгік баланста көрсетілген көрсеткіштер, яғни (мәліметтер) балансттгың жекелеген элементтері арнайы счеттарға таратыльш жазылады. Әрбір жекелеген счеттар материалдық және қаржылық объектілерге, мысалға, несиелендірушілер, алашақтар, берешектер, меншіик иелері, инвесторлар, негізгі құралдар, қоюшылар т.с. с. жатады. Бухгалтерлік баланс ұйымдардың қаржылық жағдайын белгілі бір кезеңге қарай жинақтап көрсетеді.
Баланс деп— ұйымдар қызметіндегі активтер, меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде болған өзгеріс көрсеткіштерді экономикалық маңызына қарай белгілі бір мерзімге топтастырып, ақшалай өлшеммен өлшеуді айтады. Бұл анықтамада
1) баланс;
2) үлгі;
3) пайдаланушылардың мүддесі;
4) сыртқы сипаты;
5) белгілі бір мерзім;
6) қаржы жағдайы;
7) кәсіпорындар (ұйымдар) деген сияқты элементтер қатысады. «Баланс» - латын сөзі. Бұл сөз «екі табақты таразы» деген ұғымды білдіреді.
Үлгі - баланс мәліметтерін пайдаланушылардың талабына сай, кәсіпорынның активті қаражаттары мен меншікті капиталының, міндеттемелерінің жағдайы мен бұлардың қозғалысын жинақтап көрсетуші ресми қағаз. Баланстық үлгі қағаз қорытынды есеп жасау қажеттігінен туындаған. Бұл үлгіге жазылған жазулар ұйымның қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланстық үлгі қағазға (сызық жолдарға) жазылған жекелеген көрсеткіштер баланстың белгілі баптары деп аталынады. Балансты тек үлгі қағаз ретінде ғана қарамай, мұның өзі ұйымдардың шашыранды шаруашылық қызметін жинақтап көрсететін бухгалтерлік есеп объектілерінен туындайтын жалпы есеп жүйесінің маңызды категориясы екендігін білген жөн.
Пайдаланушылардың мүддесі. Баланс көрсеткіштеріндегі сомаларды оқып отырып, әрбір пайдаланушылар өз мақсатын шешуге ұмтылады. Бухгалтер баланстағы жекелеген баптарға жазылған сомалардың дұрыстығын тексереді. Бұдан баланстың теңдігі - активтер мен пассивтер сомаларының дәлдігі туындайды. Несиелендірушілер ұйымның төлем өтеушілік қабілетін біліп отырғысы келеді. Яғни ұйымның мүліктік жағдайы бухгалтерлік балансқа жазылуы керек.
Сонымен қатар, ұйым басшылары мен қожайындары таза пайдамен жұмыс істеуге ынталы болады. Есепті жыл ішіндегі ұйымның қаржы қорытындысын шығару үшін капитал қозғалысы көрсеткіштері де бухгалтерлік баланска жазылуы керек. Салық органдары үшін барлық ұйымдар декларация жасап тапсырады. Декларация көрсеткіштері мен баланс көрсеткіштері арасында сәйкестік болуы шарт. Баланс баптары салықтың белгілі бір түріне қарай топтастырылуы мүмкін. Яғни баланста көрсетілген пайда көлемі салық салынатын көлеммен бірдей болуы міндетті.
Сыртқы сипаты. Баланс көрсеткіштерін тігінен және көлденеңінен оқып сипаттауға болады. Баланс мазмұнын тігінен қарағанда екі жақты кестеден, сол жағы актив, ал оң жағы пассив болып екіге бөлінеді. Сыртқы пайдаланушылардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен активтерді қаражаттар, ал пассивтерді қаражат көздері деп те атауға болады. Сонымен қатар капитал айналысына тікелей байланысты қозғалыстарды да бухгалтерлік баланс арқылы талдауға болады.
Балансқа көлденең жазылған көрсеткіштер есеп объектілерінің өзара байланысын көрсетеді. Қандай жағдайда болмасын балансқа көлденең жазылатын көрсеткіштер счеттардағы қалдық сомаларымен бірдей сомада болуы керек. Яғни дебеттік қалдық баланстың активінде, ал кредиттік қалдық пассивінде жазылады. Белгілі бір мезім. Әдетте бухгалтерлік баланс айдың, тоқсанның және жылдың 1-күніне жасалып, ұйымның қаржылық қызметінің жағдайын көрсетеді. Ұйымның қаржылық жағдайы түскен пайданың мөлшерімен сипатталады. Сондықтан пайда айдың, тоқсанның, жылдың біріне ғана жаза салатын көрсеткіш емес, пайда өткен шақтағы атқарған ұйымның қаржылық нәтижесін көрсететін ең негізгі көрсеткіш болып табылады.
Қаржы жағдайы. Ұйымдардың қаржы жағдайы қойылған мақсаттарға қарай әр түрлі көздерден қалыптасады. Сондықтан баланстың әрбір баптары арқылы ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін бағалап, талдау әдістерін қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Ұйымның меншікті активтері әр түрлі ресурстар мен қаражат көздерінен қалыптасатындықтан ұйымдардың ресурстары шын мәнінде көбейіп отыратын болса, онда бұл ұйымның пайдамен жұмыс істегендігін көрсетеді.
Құнсыздануға (инфляцияға) байланысты ұйымның активтері көбейіп кеткен жағдайда түскен пайда - таза пайдаға жатқызылмайды. Мұны шындыққа жанаспайтын пайда деп таныған жөн. Егер ұйым ақысыз (құнын төлемей) түбінде қайтарылмайтын активтерді басқалардан алған жағдайда, мұндай активтердің құны пайда құрамына жазылмай, тек қана баланстың көбеюуін білдіреді.
Кәсіпорындар (ұйымдар). Ұйымдар деп - кез келген шаруашылық қызмет атқарушы құрылымдарды айтады. Бұлардың түпкі мақсаты пайда түсіріп, пайдамен жұмыс істеу болып табылады.
Бухгалтерлік баланс түрлері. Ұйымның құрылуын, қаржылық жағдайын, үздіксіз қызмет атқаруын, жойылып кетуін немесе аналық үлкен компания құрамына ену жағдайын ескере отырып, бухгалтерлік баланс үшке бөлінеді:
1) кіріспе баланс;
2) аралық баланс;
3) жойылуға байланысты баланс.
Кіріспе баланс ұйымдар мен фирмалар т.б. заңды тұлғалардың жарғысы тіркелгеннен соң, меншік иелерінің салған қаражатын және басқа да қаржы салымшыларының, несиелендірушілердің қаражаттарын кіріске алып, жарғылық қор мен активтерді қалыптастырудан басталады.
Аралық баланс белгілі бір тапсырмаға байланысты, айға, күнге, тоқсанға қарай жасалынады. Мысалға, капиталдың шеңберлі айналысы фазаларына, активті қаражаттар қозғалысына талдау жасау жұмысын және арнайы тапсырмаға байланысты үйым қызметіне толық тексеру жұмысын жүргізу үшін жасалынатын балансты аралық баланс деп атайды.
Жойылуға байланысты баланс. Ұйым банкротқа ұшырап, өз қызметін тоқтатқан жағдайда арнайы комиссияның қатысуымен ұйымды жою мақсатьшда баланс жасалынады. Жою балансы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең осы ұйымның жабылуына байланысты жасалса, екінші кезеңде ұйымның жойылғандығының қорытындысын бағалау үшін жасалынады.
Заңды тұлға болып танылған ұйымдардың барлығы да бухгалтерлік баланс жасауға міндетті. Егер заңды тұлғалар құрамына енген еншілес ұйымдар құрылған жағдайда, негізгі ұйым басшыларының рұқсаты бойынша еншілес кәсіпорындар да баланс жасауына болады.
Ендігі жерде ұйымдарда жасалатын, қаржы қорытындысын шығарып отыратын бухгалтерлік есеп балансының қалай және қандай принциптерді қолдану арқылы құрылатындығына мысалдар келтіреміз.
Баланстың ең біршші сатысы
Операциялар мазмұны.
І.Несиеге алынған тауарлар - активтер мен міндеттемелер (несиелендірушілер) сомасын көбейтті.
2.Ақшасы төленіп, тауарлар сатылып алынды: активтер (тауарлар) көбейді, банктегі ақша (активтер) азайды.
З.Несиелендірушілердің берген қарызы - банктегі ақша (активтер) азайды, міндеттемелер де (несиелендірушілер) азайды.
4.Осы ұйымның қожайыны банктегі ақшаға қосымша капитал құйды: банктегі ақша (активтер) мен капитал көбейді.
5.Ұйымның қожайыны өзінің жеке мұқтаждығына осы ұйым кассасынан ақша алды: активтер (ақша) азайды, капитал сомасы да азайды.
6. Несиелендірушілерге ұйым қожайыны осы ұйым есебіне жатпайтын өз қалтасынан ақша берді: міндеттемелер (несиелендірушілер) сомасы азайып, меншікті капитал сомасы көбейді.
Осы айтылғандар негізінде, біздер Активтер = Меншікті капитал + Міндеттемелер сомалары әрқашан да тепе-теңдікте болатындығын және екіжақтылық принциптің сақталғандығын тағыда көріп отырмыз1.
1Оқырмандарга ескерту: Тусіндіру және есептеуді жеңілдету, сондай-ак цифрларды орынды қолдану, қате жібермеу мақсатында пайдаланылған, қолданылатын шағын сомадағы цифрлар мен ұйымдардың атаулары шартты түрде берілді. Мұның өзі осы кітаппен жұмыс істеуді жеңілдетеді
Баланс жүргізу қажеттілігінің кейбір теориялық мәселелері
Баланс жүргізу жалпы бухгалтерлік есеп жүйесінің териялық негізін қалайтын әдіснамалардан тұрады. Баланс жүргізу теориясы балансқа тән принциптерді, баланстың экономикалық күрылымын, баланстағы тараулар мен баптардың экономикалық мәнін бағалау, осылардың негізінде экономикалық жағынан тиімді шешімдер қабылдау болып табылады. Баланс жүргізу теориясы экономикалық қатынастарды тиімді жүргізу бағытында капитал қалыптастыру, мүның функционалды аспектілерін зерттеу үрдісіндегі маңызы өте зор. Екі жақтылық теория бухгалтерлік баланспен тікелей байланыста болады. Баланс жүргізу теориясының негізінде бухгалтерлік есеп жүйесінің әдіснамалық ережелері қалыптасады. Бухгалтерлік есеп счеттарын жүргізу арқылы бухгалтерлік есеп жүйесінің техникалық жақтары іске асырылады.
Бухгалтерлік есепті арнайы жүйеге келтіру үш аспектіден және күрамдас сабақтастықтан тұрады:
Екі жақтылық ---------Бухгалтерлік есеп счеттары --------
Бухгалтерлік баланс
Баланс жүргізу теориясы екі жақтылық принциптен (тұрақты түрде екі жақтылықтың сақталуынан), сондай-ақ шаруашылық операцияларын счеттарға жазудан қалыптасады. Есеп объектілері деп - әрбір ұйымдардағы орын алған фактілер мен операцияларды және атқарылған қызметтерді айтуға болады.
Он тоғызыншы ғасырдың басында Италияның ғалымы Эмануэл Пизани баланстық теорияның негізін салды. Ол «статмография» ұғымын енгізген. Грек тілінде «статмо» - баланс, «графия» - жазып талдау деген ұғым береді.
Ертеректе бухгалтерлік есеп счеттары экономикалық және бюджеттік болып екі топқа бөлінген. Мүмкін осылайша бөлуге қарай қаржылық және басқарушылық есеп пайда болған болар.
Бухгалтерлік баланс - ұйымдардың экономикалық өміріндегі капиталдың шеңберлі айналысы процесін зерттеуші әдіс. Өзінің пәндік қасиеті тұрғысынан капитал әрқашан да нақтылық мақсатта, құндық маңызда болады. Капталдың негізгі орындаушылық қасиеті бухгалтерлік баланстың активінде экономикалық ресурстар түрінде сипатталады. Баланстың пассивіндегі көздер міндеттемелер түрінде мақсаттық сипатта болып, құқықтық қатынастарды құрайды. Пассивтік көздер құқықтық қатынастардың пайда болуы мен себебтерін, сондай-ақ акционерлердің (қатысушылардың) мүддесін қорғайды.
Несиелендірушілер, акционерлер, қаржы салымшы инвесторлар мақсаты осы ұйымның мүліктерін таратып алу емес, ақшаны ақшаға айналдырып табыс алу болып табылады. Мұндай мақсаттар мен себептер негізінде ұйымдар мүмкіндігін (активтерін) екі түрге: құқықтық мүліктерге (таза активтер) және мүліктік міндеттемелерге бөліп қараған жөн. Бұдан таза активтер және шартты активтер ұғымы туындайды.
Ұйымдарды ең әуелгі бастапқы кезеңде ұйымдастыру үшін активті қаражаттар қалыптастырудың көздері қарастырылады. Белгілі көлемде қаржы көздері табылмаған жағдайда, ұйымдардағы бухгалтерлік баланс инвестицияланған капиталдың шеңберлі айналысын әрбір экономикалық фазаларға қарай багалап отыруды мақсат тұтады.
Инвестицияланған капитал кәсіпкерлік әрекеттің негізін құрап, осы кәсіпкерліктің (ұйымның) құрылу себептерін және капитал айналысының базисін қалыптастырады.
Егер, біздер екі жақтылық дүниені пәлсафалық категория түрінде қарайтын болсақ, онда бухгалтерлік есепке тән қор көздерін - «базис», ал активті қаражаттарды - «қондырма» деп сипаттауға да болады. Яғни «статмо» үғымын базистік түрақтылық, ал «графия» ұғымын қозғалыстағы қондырма деп қарайтын болсақ, онда бухгалтерлік есеп дүниесіндегі екі жақтылық принципті пәлсафалық жағынан ары қарай зерттеу мүмкіндігі зор болар ма еді.
Активтерді қозғалыстағы қондырма категориясына тән деп қараған жағдайда капитал айналысының мақсаты есепті жылы алынған қаржылық қорытындының өсу қарқынымен өлшенеді. Қаржылық қорьпындының өсу қарқыны жылдан-жылға көбейген жағдайда капиталды қайта инвестициялау, мұның көлемін арттырып отыру мүмкіндігі туындайды. Осы айтылғандарға байланысты капиталдың шеңберлі айналысы есебін жүргізіп, жинақтауға, талдауға арналған бухгалтерлік баланстың әдіснамалық функциялары (қасиеті) өте зор. Сонымен қатар бухгалтерлік баланстағы жинақталған көрсеткіштер мен ақпараттар негізінде қаржылық қорытынды есеп жасап, капитал қозғалысын бағалау мен талдауға болады.
Бухгалтерлік балансты экономикалық, қаржылық, құқықтық заңдылығын және капиталдың пайда болуы мен қозғалысын, мұның бір түрден екінші түрге ауысуын, капиталдың өсу қарқынын, капиталдың сандық мағанасының сапалық және қаржылық мағанаға айналу аспектілерін сипаттайтын, оны ары қарай зерттеу моделі түрінде тану қажет. Сондықтан қандай да болмасын ұйымдарда жасалатын балансты капитал рыногын, мұның айналымы мен шеңберлі айналысын, таза пайданың өсу қарқынын, инвестицияның тиімділігін белгілі бір кезеңдерге сай зерттеу жұмыстарының әдіснамасы деп караған да жөн.
Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептіліктердің ашылып көрсетілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |