Алматы экономика және статистика академиясы



жүктеу 3,05 Mb.
бет14/16
Дата18.12.2017
өлшемі3,05 Mb.
#4750
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

г) негізгі құралдарды жөндеу жөнінде салық заңдарында белгіленген шектеуден артық шығыстар;

д)күмәнді борышты шығыс ретінде тану сәтіндегі айырмашылықтар.

Күмәнді борыштар тауарды сатып алушыға сатқан сәтте туындайды, ол бойынша шығындар бухгалтерлік есепте – күмәнді борыштар жөніндегі резерв құру арқылы, салық есебінде олар туындаған сәттен бастап екі жыл өткен соң тура есептен шығару жолымен жүзеге асырылады.

5. Уақытша немесе тұрақты айырма есеп саясатындағы өзгерістерге байланысты түзету енгізілген немесе елеулі қателер бөлінбеген табыстың бастапқы сальдосын түзету жолымен жөнделген жағдайда туындауы мүмкін.

Мысал: B заңды тұлғасы шаруашылық қызметтің нәтижелері бойынша 2011 жылы 20 млн теңге табыс алды. Тұрақты айырма (валюталық шот бойынша теріс бағамдық айырма) 8 млн. теңге мөлшерінде және уақытша айырма (амортизациялық ақша аудару бойынша ауытқушылықтар) 2 млн теңге мөлшерінде (20 + 8-2) болған кезде салық салынатын табыс 26 млн теңге болады. 2011 жылы B заңды тұлғасы 30 млн. теңге мөлшерінде табыс алды, осы жыл ішінде ол қолданылып жүрген амортизациялық қаржы бөлуді есептеу әдісіне қатысты өзінің есеп саясатын өзгертті, осыған байланысты бұрын есептелген амортизациялық қаржы бөлуге 1 млн теңге мөлшерінде түзету енгізілді, осы жылы тағы да валюталық шот бойынша бағамдық айырманы анықтау кезінде 2011 жылы 3 млн. теңге мөлшерінде қате жіберілгені анықталды. Түзету енгізу және қатені жөндеу бөлінбеген табыстың бастапқы сальдосын табыс салығы шегерілген түзету сомасына өзгерту жолымен жүргізілді. Салық салынатын табыс 2011 жылы 28 млн. теңге (30 -3 + 1) болды, мұнда тұрақты айырма (2011 жылы валюталық шот бойынша теріс бағамдық айырманы көтеру) - 3 млн. теңге мөлшерінде және уақытша айырма (есеп саясатында амортизациялық қаржы бөлуге қатысты өзгерістер) 1 млн. теңге мөлшерінде болды.

6. Тұрақты және уақытша айырмалардың табиғаты мен сомасы туралы ақпарат қаржы есептілігін пайдаланушылар үшін пайдалы болып табылады. Алайда, қаржы есептілігінде бұл айырмаларды есепке алу мен көрсету әдісі әртүрлі. Мәселен, тұрақты айырмалар салық есебінде қолданылатын жеке ведомостарда есепке алынады да, түсіндірме жазбада ашып көрсетілуге жатады. Уақытша айырмалар бухгалтерлік есепте осы уақытша айырмалар сомасынан болған салық нәтижесін анықтау және көрсету жолымен есепке алынады.

7. Уақытша айырмалар сомасынан анықталатын салық нәтижесі салық заңдарына сәйкес кейінге қалдырылатын немесе төленуге тиіс салық төлемдерін көрсетеді.


Есептік кезеңде уақытша айырманың салдарынан пайда болған салық эффектісі бухгалтерлік есепте 632 "Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығы" шотында көрініс табады.

Кезең барысындағы салықтық төлемге міндеттеме әдісіне сәйкес мыналар жатады:

- салық салынатын табыстан төлеуге жататын табыс салығын, ал ол әрекет етіп тұрған заңға сәйкес есептелінеді, оның деңгейі былайша анықталады:

Бухгалтерлік  Тұрақты  Уақытша

табыс айырмасы айырмасы
- уақытша айырманың салықтық эффектісі сол есептік кезеңде не төленеді, не жойылады, оның мөлшерін ағымдағы кезеңнің салықтық мөлшерлемесі бойынша жалпы уақытша айырманың сомасынан анықтайды. Егер де келесі жылға корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі езгеретін болса, онда ол сол өзгерген мөлшерлемесі бойынша алынады.

- есептік кезеңнің басына кейінге қалдырылған салықтарды түзету. Кейінге қалдырылған салықтарды осы есептік кезеңге сәйкес келетіндей етіп түзетеді. Түзету сомасы 632 шотта көрініс табады.

Мысалы. Кәсіпорын 2012 ж. нәтижесі бойынша келесі нәтижені алды делік:

Бухгалтерлік есеп мәліметі


Жылдық жиынтық табыс туралы декларациясының мәліметі және одан жасалған шегерімдер

Көрсеткіштер атауы

Сомасы, мың теңге

Көрсеткіштер атауы

Сомасы, мың теңге

1

2

3

4

1. Өнімді (жұмысты, қызметті) сатқаннан түскен табыс

10200

1. Жылдық жиынтық табыс, оның ішінде:

- өнімді (жұмысты, қызметті) сатқаннан түскен табыс


10400


10200

200


2. Сатылған өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік

құны, оның ішінде:

- негізгі құралдың амортизациясы

- жөндеуге кеткен шығыстары



7015


217

94


2. Тауарды (қызметті, жұмысты) сатумен байланысты

шығыстары 7620 теңге

(7015-217-94+916)

7620


3. Кезең шығыстары

3.1. Жалпы және әкімшілік шығыстары, оған кіретіндер:

- басқару және шаруашылық шығыстары

- бюджетке төленетін, айыппұл санкциялары

- нормадан жоғары жасалған іс сапарының шығыстары

- кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес шығыстары (мүшелді тойларына сыйлық тарту, бассейн абономенттерін өтеу т.б.)



  • салықты есептеу

3.2. Пайызды төлеуге байланысты шығыстар (шетел валютасында резидент еместерден0З.01.02 ж. 10000 доллар немесе 1506000 теңге екі жылға несие алған, 9% жылдық пайызға үстеме төлейтін болып, яғни 135540 теңге (1506000x9%))



1915,54
1780
916
68
44
52

700


135,54

3. Марапаттау (Лондон банкаралық мөлшерлемесі бойынша, несиені алған күні оның деңгейі 2,455 құраған):

- бірінші шектеу кезіндегі

марапаттау сомасы (Лондон

банкаралық нарығының

2-еселенген мөлшерлемесі пайдаланған: 73945 теңге

(150600х(2,455x2)%).

- қосымша шектеуді ескеріп, есепгелген марапаттау сомасы:

0+135540х15/30=67770тг.



67,77

4. Бағамның теріс айырмасы (200-бағамның оң айырмасы;

900,23 - салық салынатын табыс, оң да, теріс те бағамы ескерілмей есептелген; енді осы соңғының 50% аламыз: [(200+50%х900,23)>400 т. бұл толық көлемде шегерімге жатады, өйткені ол бағамның теріс айырмасына қойылған шектеуден аспаған]



400


5. Салықтар (оның 500 мың теңгесі осы кезеңде, 50 мың теңгесі - өткен кезеңде төленген)

550


4. Негізгі қызметі болып саналмайтын сферадан түскен табыс, оның ішінде:

- бағам айырмасынан түскен табыс

- бағам айырмасынан алынған шығыс


(200)


200

400


6. Тіркелген активтер бойынша жасалған шегерімдер және жөндеу шығыстары, амортизациялық аударымдар:

- негізгі кұралдардың амортизациясы

- жөндеуге кеткен шығыстар

1062
981

81


Табыс жиыны

(с.ж.1 - с.ж.2 -с.ж.З +с.ж.4)



1069,46

Салық салынатын табыстың жиыны (с.ж. 1 - с.ж.2 -с.ж.З -с.ж.4-с.ж.5-с.ж.6)

700,23

2012 жылы корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі 20% құраған, ал оның деңгейі 2012 жылы 32% деңгейінде белгіленді делік, онда олардың уақытша салықтық эффектісі 45 мың теңге кұрайды. Енді осы шартты мысалдың негізінде 2012 ж. салықтық төлемнің қанша құрайтындығын анықтаймыз:

- төлеуге жататын табыс салығы (700,23x20%)= 210,07 мың теңге

бухгалтерлік табыс 1069,46 мың теңге

уақытша айырмасы -601 мың теңге

(-981 - (-217) - 81 - (-94) -550 - (-700))

тұрақты айырмасы +231,77 мың теңге

(68 + 44 + 52 - 67,77 - (-135,54))

______________________________________________________________

Салық салынатын табыс 700,23 мың теңге

(1069,46 - 601 + 231,77)



  • ағымдағы жылдағы уақытша айырмасының салықтық эффектісі: (192,32) мың теңге ((601)х32%);

  • кейінге қалдырылған салықты түзету: (3) мың теңге (-45/30% х 32% - (-45)).

Келтірілген мәліметтердің негізінде келесі шоттар корреспонденциясын құрастырамыз.

2012 жылғы уақытша айырма сомасы мен салықтық эффектісінің тізімдемесі




Уақытша айырма атауы

Жыл басындағы сальдо

Түзету

Қосылады

Айырма

Мөлшер-лемесі (ставка)

Салық-тық эффектісі

Жыл соңындағы сальдо

сомасы

салық эффек-тісі

бухгал-терлік табысқа

салық-тық табысқа

сомасы

салық эффек-тісі

А

1

2=

1х20%


3=1х

(32%-20%)



4

5

6=

5-4


7

8=

6x7


9=

1+6


10=2+

+3+8


1.Амортиза-цялық аударымдар

-74

-22,2

-1,48

-217

-981

-764

32%

-244,48

-838

-268,16


2. Жөндеу шығындары

-26

-7,8

-0,52

-94

-81

+13

32%

+4,16

-13

-4,16


3. Салықтар

-50

-15

-1

-700

-550

+150

32%

+48

+100

+32

4. Теріс бағамдық айырмасы








-400

-400

















Жиыны

-150

-45

-3

-1411

-2012

-601

х

-192,32

-751

-240,32

Кейінге қалдырылған табыс салығының сомасын есептеу (есепке алу) үшін әрбір уақытша айырма бойынша жеке аналитикалық (талдамалы) тізімдеме жүргізіледі. Аналитикалық тізімдеменің есебі жоғарыда келтірілген мысалдың негізінде келесі нысанда жасалады.

Уақытша айырмасының сомасының белгісін (таңбасын) салық салынатын табысқа тигізетін әсеріне карап анықтайды. Өйткені олар салық салынатын табысты азайтуы да, көбейтуі де мүмкін. Біздің мысалда бірінші жолдағы уақытша айырманы "-" таңбасымен белгілеген, өйткені салық есебіндегі қосымша шегерімдер салық салынатын табысты азайтқан. Екінші және үшінші жолдағы таңбасын (яғни, жөндеуге кеткен шығыстар мен салықтар) "+" белгілеген, өйткені салық есебінде барлық шығыстар таныла бермейді, бухгалтерлік есепте олар тұтастай көрініс тапқанымен, нәтижесінде, бухгалтерлік есептегісіне қарағанда салық салынатын табыс салығы жоғары болған. Сондықтан таңбаны дұрыс қою үшін, әр уақытта салық есебін бухгалтерлік есептің мәліметімен салыстырып отыру керек.

Бухгалтерлік баланста кейінге қалдырылған табыс салығын көрсету үшін оларды қысқа және ұзақ мерзімділігі бойынша жіктейді Кейінге қалдырылған салықты жіктеу активтердің немесе міңдеттемелердің негізінде жүзеге асады. Егер де уақытша айырма тауарлы-материалдық запастарға қатысты болса, онда ол қысқа мерзімді болып есептелінеді, ал егер де ол негізгі құралға қатысты болса, онда ол ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Егер де уақытша айырмасын активтермен де, міндеттемелермен де байланыстыруға болмаса, онда олардың жойылатын уақытын негізге алады.

Қазақстан Республикасының Салық Кодексі (125 бабы бойынша) кәсіпкерлік қызметтен, сондай-ақ ғимараттарды, қондырғыларды сатқаннан шеккен зиянды алдағы үш жылдың салық салынатын табысынан өтеуге рұқсат етіледі.
3. Салық төлемдері бойынша үнемдеу.
Тартқан зиянның келешектегі алынатын табысқа есепке алынуы (зачет) кәсіпорынның экономикалық потенциалына жол ашады. Осындай операцияның есебінен алынған үнемдеу (экономия) есептік кезеңнің таза табысына енеді, бірақ ол жағдайда өзгеруі мүмкін.

Салық төлемдері бойынша алған үнемдеу таза табысқа енеді, мына жағдайларды коспағанда:

1. Салық төлемдері бойынша алынған үнемдеу келесі есептік кезеңде өтелуі күмәнді болса және ол кезде алынатын табыс зиянды жабуға жеткіліксіз болса, онда бұндай зияндар есепке алуға жатқызылмайды.

2. Салық төлемдері бойынша алынған үнемдеу, 632 шоттың кредиттік сальдосынан асып кетсе, онда бұндай зияндар есепке алуға жатқызылмайды.

11-БЕС “Табыс салығы бойынша есеп” сәйкес салық төлемдері бойынша үнемді есепке алу:

16. Салық зандылықтары бойынша салық салу жөніндегі залалдарды алдағы кезеңдердің табысы есебінен өтеу үшін оны белгілі бір кезеңге ауыстыруға болады, жіберілген шығын залал есептемесі нәтижесінде салық төлемдерінің төмендеуі есебінен мүмкіндігінше үнем алуды қамтамасыз етеді.

17. Залал есептемесін жүзеге асыру кезеңінде, 20 және 21-параларда жазылған жағдайлардан басқа кезде салық төлемдері бойынша үнем таза табысқа (залалға) енгізіледі.

18. Егер ұйым сақтық қағидасы негізінде болашақтағы табыс бұл залалдың орнын толтыруға жеткілікті екеніне толық сенімді болса, салық төлемдері бойынша үнем осы залал жіберілген кезеңнің таза табысының (залалының) есебіне енгізіледі. Бұл ретте:

а) залалдың келтірілуіне төтенше жағдайлар себеп болатын жағдайлар;

б) ұйымдастыру-техникалық шаралардың нәтижесінде өндіріс тиімділігінің артуы күтілетін жағдайлар сенімділік кепілдігі ретінде қызмет етеді.

19. Салық төлемдері бойынша үнем залал жіберілген кезеңдегі таза табыстың (залалдың) есебіне, «Кейінге қалдырылған салықтар» шотының кредиттік сальдосынан аспайтын сома мөлшерінде енгізіледі, ол залалды өтеуге мүмкіндік беретін уақыт ішінде жойылады.

ҚАРЖЫ ЕСЕПТЕМЕСІНДЕГІ АШЫЛЫМ

20. Қаржы есептемесінде мынадай ақпарат:

а) әдеттегі қызметтен алынатын табысқа қатысты салық төлемдері (салық төлемдері бойынша үнем);

б) төтенше жағдайларға қатысты салық төлемдері;

в) елеулі қателерді түзетуге және есеп жургізу саясатындағы өзгврістерге қатысты салық төлемдері;

г) тұрақты айырмалар және салык, төлемдері мен бухгалтерлік табыс арасындағы қарым-қатынасқа әсер ететін басқа факторлар, егер бұл есепті кезеңде қолданылып жүрген салық ставкаларымен түсіндірілмейтін болса, ашылуы керек.

21. Салық төлемдері бойынша үнемге қатысты мынадай салаларды:

а) 20 және 21-параларға сәйкес залал пайда болған кезеңдегі таза табысқа (залалға) енгізілген салық төлемдері бойынша үнем сомасын;

б) залал есептемесін жүзеге асыру нәтижесінде таза табысқа (залалға) енгізілген салық төлемдері бойынша үнем сомасын;

в) ағымдағы кезеңде өтелмеген және салық ережелеріне сәйкес келесі кезеңге ауыстыруға жататын залал сомасын ашып көрсету керек.

САЛЫҚ ТӨЛЕМДЕРІ БОЙЫНША YHEM «Табыс салығы бойынша есеп» әдістемелік ұсынымдарына сәйкес:

15. Салық заңдары кәсіпкерлік қызметтен болған залалды алдағы кезеңдердің салық салынатын табысы есебінен өтеу үшін белгілі бір мерзімге ауыстыруға рұқсат береді, жіберілген залал осы есептемеге алу нәтижесінде салық төлемдерінің азаюы есебінен ықтимал үнем алуды қамтамасыз етеді. Мұндай үнем таза табыс (залал) есебіне енгізілетін есепті кезеңде өзгеруі мүмкін.

16. Салық төлемдері бойынша үнем залал жіберілген кездегі таза табыс (залал) есебіне мынадай:

а) болашақтағы салық салынатын табыс осы залалды өтеуге жеткілікті болатынына толық сенімді болған жағдайларда,

б) «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шотының кредиттік сальдосы болған жағдайларда енгізіледі. Басқа жағдайларда салық төлемдері бойынша үнем залал есептемеге алынған кезеңде ғана таза табыстың (залалдың) есебіне енгізіледі.

17. Болашақтағы салық салынатын табыс залалды өтеуге жеткілікті болатынына толық сенімділіктің кепілі өндірістің тұрақты рентабельділігі болып табылады, бұл осы заңды тұлғаның болашақта да рентабельді болатынына негіз береді, ал залалдың пайда болуына темір жолдағы апаттың кесірінен шикізат жеткізудегі кідіріс, клиентке қызмет көрсететін банктің банкрот болуы, т.б. сияқты төтенше жағдайлар себеп болған.

18. «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шотының кредиттік сальдосының болуы салық төлемі бойынша үнем алынуы мүмкін, бірақ ол кредиттік сальдо сомасынан жоғары болмайтынын көрсетеді. Бұл салық нәтижесі кредиттік сальдо сомасында көрсетілген уақытша айырмаларды жою процесінің нәтижесінде салық салынатын табыстың тиісті сомасы шығуы мүмкін, бұған қарама-қарсы жіберілген залал өтелуі мүмкін екендігімен түсіндіріледі. Салық заңдары жіберілген залал алдағы кезеңге ауыстырылуы мүмкін кезеңді шектеуіне байланысты, болашақтағы салық салынатын табыстың есептемесіне осы шектеулі уақыт кезеңінде жойылатын уақытша айырмалар ғана енгізіледі.

19 Залал есептемесін жүзеге асыру және салық төлемі бойынша ықтимал үнем алу үшін алдағы кезеңдерде салық салынатын табыстың болуы талап етіледі. Сондықтан да жоғарыда аталған жағдайларды қоспағанда, салық төлемдері бойынша үнем залал есептемесін жүзеге асырған кезеңде есепке алынады.

20 Залалды өтеу нәтижесінде төленуге тиісті болашақтағы табыс салығымен бірге есептемеге жататын табыс салығының сомасын жеке есепке алу ұсынылады. Бұл үшін «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шотында «Ауыстырылған залалдар бойынша кейінге қалдарылған табыс салығы» субшоты ашылады. Бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігінде салық төлемдері бойынша үнемді 16-тармақта аталған шарттарға байланысты, B заңды түлғасының 1991-1992 жылдар кезеңіндегі шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша мәліметтер негізінде көрсету мысалы.

1991 жылдың басында B заңды тұлғасының бухгалтерлік балансында кейінге қалдырылған салықтың кредиттік сальдосы 4,5 мың теңге болды. Қарастырылып отырған кезең ішінде 30 % мөлшеріндегі салық ставкасы өзгеріссіз қалды.


Көрсеткіштердің атауы

Жыл бойынша уақыт кезеңі

1991

1992

Бухгалтерлік табыс (залал)

-50

+40

Уақытша айырмалар (амортизациялық қаржы бөлу бойынша)

-10

+25

Салық салынатын табыс (залал) 1991 жыл

-60

+5(65-60)

Салық төлемі бойынша үнемді мынадай кездерде көрсету:

1) үнемді таза табысқа болашақтағы салық салынатын табыстарды перспективалык, бағалауды негізге алып, залал пайда болған кезеңде енгізу.

Бухгалтерлік есепте көрсету:

Д-т «Ауыстырылған залалдар бойынша

кейінге қалдырылған табыс салығы» 18.0 мың теңге

К-т «Амортизациялық қаржы бойынша

кейінге қалдырылған табыс салығы» 3.0 мың теңге

К-т «Табыс салығы бойынша шығыстар» 15.0 мың теңге

Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп берудегі көрсету:

Әдеттегі қызметтің салық салғанға

дейінгі табысы (залалы) - 50 мың теңге

Табыс салығы (сапык, төлемі бойынша унем): - 15 мың теңге

төленуге тиісті - жоқ

кейінге қалдырылған - 15 мың теңге

Таза табыс (залал) - 35 мың теңге

Түсіндірме жазбадагы ашылуы:

15 мың теңге мөлшеріндегі салық төлемі бойынша үнем залалдың пайда болуы төтенше жағдайға (электр станциясындағы апаттың салдарынан ұзақ уақыт электр энергиясының болмауы) байланысты болғандықтан, залал пайда болған кезеңде таза табыс есебіне енгізілді.

2) үнемді таза табысқа «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шотының кредиттік салъдосынан аспайтын сома мөлшерінде залал пайда болған кезеңде енгізу

Бухгалтерлік есепте көрсету:

Д-т «Ауыстырылган залалдар бойынша

кейінге қалдырылған табыс салығы» 7.5 мың теңге

К-т «Амортизациялық қаржы бойынша

кейінге қалдырылған табыс салығы» 3.0 мың теңге

К-т «Табыс салығы бойынша шығыстар» 4.5 мың теңге

Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп берудегі

көрсету:

Әдеттегі қызметтің салық салғанға дейінгі табысы (залалы)

- 50 мың теңге

Табыс салығы (салық төлемі бойынша үнем): 4.5 мың теңге -

төленуге тиісті - кейінге қалдырылған - 4.5 мың теңге

Таза табыс (залал) - 45.5 мың теңге

Түсіндірме жазбадағы ашылуы:

4.5 мың теңге мөлшеріндегі салық төлемі бойынша үнем «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шоты бойынша кредиттік қалдықтың болуына байланысты, залал пайда болган кезеңде таза табыс есебіне енгізілді.

3) үнемді таза табысқа залал есептемесін жүзеге асыру кезеңінде енгізу

Бухгалтерлік есепте көрсету:

Д-т «Ауыстырылған залал бойынша

кейінге қалдырылған табыс салығы» 3 мың теңге

К-т «Амортизациялык, қаржы бойынша

кейінге қалдырылған табыс салығы» 3 мың теңге

Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беруде көрсету:

Әдеттегі қызметтің салық салғанға дейінгі табысы (залалы) 50мың теңге Табыс салығы - Таза табыс (залал) 50мың теңге 1992 жыл Салык, төлемі бойынша үнемді көрсету: 1). Үнемді таза табысқа болашақтағы салық салынатын табыстарды перспективалық бағалауды негізге алып, залал пайда болған кезеңде енгізу

Бухгалтерлік есепте көрсету:

Д-т «Табыс салығы бойынша шығыстар» 12.0 мың теңге

Д-т «Амортизациялык, қаржы бойынша

кейінге қалдырылган табыс салығы» 7.5 мың теңге

К-т «Төленуге тиіс ағымдағы табыс салығы» 19.5 мың теңге

шығынды есептемеге алу:

Д-т «Төленуге тиіс ағымдағы табыс салығы» 18 мың теңге

К-т «Табыс салығы бойынша шығыстар» 15 мың теңге

К-т «Ауыстырылған залал бойынша кейінге қалдырылған табыс салығың 3 мың теңге

Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беруде көрсету:

Әдеттегі қызметтің салық салғанға

дейінгі табысы (залалы) - 40 мың теңге

Табыс салығы(салық төлемі бойынша үнем) - 3 мың теңге

төленуге тиіс - 7.5 мың теңге

кейінге қалдырылған -4.5 мың теңге

Таза табыс (залал) - 43 мың теңге

Түсіндірме жазбадағы ашылу:

а) салык, төлемдері бойынша 3 мың теңге мөлшеріндегі үнем 1991 жылы жіберілген залалдың есептемесін жүзеге асыру нәтижесінде таза табыс есебіне енгізілді;

б) салық заңдарына сәйкес 1992 жылға ауыстырылган 60 мың теңге мөлшеріндегі салық салу жөніндегі залал шаруашылық қызметтің нәтижесінде алынған табыс (40) және есепті кезеңде жойылатын уақытша айырмалар сомасы (20) есебінен толық көлемде өтеледі.

B заңды тұлғасы шаруашылық қызметтің нәтижесі бойынша 1991-1992 жылдар кезеңінде алған таза табыс:

1) үнемді таза табысқа болашақтағы салық салынатын табыстарды перспективалык, бағалауды негізге алып, залал пайда болған кезеңде енгізу. -7мың теңге (-35+28)

2). үнемді таза табысқа «Кейінге қалдырылған табыс салығың шотының кредиттік сальдосынан аспайтын сома мөлшерінде залал пайда болған кезеңде енгізу -7мың теңге (-45.5+38.5)

3). Үнемді таза табысқа залал есептемесін жүзеге асыру кезеңінде енгізу

- 7мың теңге (-50+43)


Қаржылық есеп беруде мына төмендегі ақпараттар ашып көрсетілуге тиіс: әдеттегі кызметінен түскен табысына қатысты төленетін салық төлемдері (салық төлемі бойынша үнемделуі); елеулі кателіктеріне түзетулермен, сондай-ақ есеп саясатының өзгеруімен байланысты төленетін салық төлемдері (салық төлемі бойынша үнемделуі); төтенше жағдайларға жататын салық төлемі (салық төлемі бойынша үнем); қайта бағаланған активтерге жататын салық тиімділіктері; салық төлемі мен бухгалтерлік кіріс арасындағы қатынасқа ықпал ететін тұрақты айырмашылықтары және осы сияқты басқа да факторлары, егер бұл есепті кезеңде қолданылып жүрген салық мөлшерлемесімен (ставкаларымен) түсіндірілмейтін болса.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:


1. Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есебі

2. Кейінге қалдырылған табыс салығының есебі.

3. Салық төлемдері бойынша үнемдеу.
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер




  1. 2011 жылғы 12 маусым №209-II ҚР «Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер» туралы кодексі (Салық кодексі) Алматы, 2012

  2. 2012 жылғы шілде ҚР «Бух есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңы (өзгерту және толықтыруларымен) Алматы, 2012

  3. Корпоративный подоходный налог: информационно-практическое пособие. Алматы: «Издательство LEM» 2012.-264с.

  4. 2011 жылғы 27 желтоқсан ҚР «Азаматтық кодексі» (өзгерту және толықтыуларымен).

  5. 2011 ж. 28 шілде № 33 «Заңды тұлғалардың табыс салығын есептеу және бюджетке төлеу тәртібі туралы» нұсқау № 161 (өзгерту және толықтыруларымен)

  6. №33 нұсқауға қосымша «Заңды тұлғалардың ЖЖТ және одан жасалатын шегерімдері туралы Декларацияны құрастыруға қолбасшылық»

  7. «Бухгалтерлік есеп стандарттары» Алматы, 2011ж.

  8. 2012 жылы 10 ақпан «Әлеументтік салық есептеу және төлеу» туралы № 46 нұсқау (өзгертулер және толықтыруларымен)

  9. 2011 ж. 27 маусым «жерге салынатын салықты есептеу және төлеу» туралы № 34 нұсқау (өзгертулер және толықтыруларымен)

  10. 2011 ж. 21 маусым «мүлікке салынатын салықты есептеу және төлеу» туралы № 38 нұсқау (өзгертулер және толықтыруларымен).

  11. 2011 ж. 21 маусым «Көлік құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу» туралы № 39 нұсқау (өзгертулер және толықтыруларымен).

  12. 2011 ж. 29 желтоқсан «Бағалы қағаздар шығарылуын тіркеу үшін төленуі есептеу және төлеу» туралы № 35 нұсқау (өзгертулер және толықтыруларымен).

  13. Ермекбаева Б.Ж. «Салықтар және салық салу» Алматы, Қазақ университеті. 2012 ж.

  14. Ильясов К.К. «Қазақстандағы заңды тұлғаларға салық салу» Алматы, Қаржы-Қаражат. 2011 ж.

II. Қосымша әдебиеттер



  1. Идрисова Э.К. «Шағын және орташа бизнес сферасындағы кейіпкерлік қызметке салынатын салықты реттеу» Алматы, Қаржы-Қаражат. 2012 ж.

  2. А.И. Худяков «Қазақстандағы салық жүйесі – табыс салығы» Алматы, Баспа 2011 ж.

  3. А.И. Худяков «Салықтар туралы түсініктер, қалыптастыру элементтері мен түрлері» Алматы, Баспа 2012 ж.

  4. Журнал «Бухгалтер бюллетені»

  5. Журнал «Салық төлеуші»

  6. Журнал «Бизнес класс»



АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ



жүктеу 3,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау