62
2-
ші сурет. Қарапайым кестенің мысалы.
3-
ші сурет. Кесте құру терезесі
Осылардың ең негізгілерін қарастырайық.
Өрістің ең үлкен ұзындығы. Мәтіндік қатардың өлшемі 255-тен аспауы керек. Егер мәтін
одан ұзын болса, онда Memo өрісі компонентін пайдалану керек. Егер мәтін ұзынырақ
болса, онда Memo өрісінің ScrolBar қасиетін баптау арқылы көлденең және/немесе
жүгірмектерін қою керек.
Өрістің форматы. Сізге бұл жерде деректердің сыртқы түрін көрсетуге болады. Мысалы,
логикалық өрістер үшін - Yes/NO, дата өрістері үшін - mmуууу қою керек.
Енгізу маскасы. Біз бұл жерде масканы енгіземіз, ол деректерді енгізген кезде өрістерді
редактірлейді. Егер сіз тышқанмен шертетін болсаныз нүктелермен — ... — қатарында
Енгізу маскасы мастері шығады, онда сіз жаңадан құратын масканың мастерін көресіз.
Деректер енгізілмеген кезде өздігінен қойылатын мәндер. Егер орындаушы ешқандай
деректер бермейтін болса, онда өзінің бастапқы мәндері қойылады.
Міндетті түрде қойылатын өріс. Егер орындаушы ешқандай деректер бермейтін болса онда
бұндай өріс бос болмауы керек... деген, қате туралы ескерту шығады,
Бос қатарлар. Алдыңғы жағдай сияқты, бұл өрісте бос болмауы керек.
Индекстелген өріс. Бұл өріс келесідей болуы мүмкін:
•
индекстелген;
• бір-біріне сәйкес болуы мүмкінделіп индекстелген;
• бір-біріне сәйкес болуы мүмкін емес етіліп индекстелген.
63
2. Қолданылатын программаның басы
MS Acces-
те жұмыс жасайтын программа құрудың, алдында айтылып кеткендей, ең
тиімдісі ADO-ны пайдалану болып саналады. Ақпараттар қорымен жұмыс істейтін бірінші
программамыздың басын бастайық. Ең алдымен жоба құрайық. Енді формаға ADO ішкі
бетінен Adoconnection элементін орнатамыз. Енді сервермен байланыс орнатайық. Ол үшін
екі рет тышқанмен connectionstring шерту керек. Сіздің алдыңызда, мына 4-ші суреттегідей
терезе ашылады.
Сіз берілген екі жолдың біреуін таңдауыңыз керек:
• (Use Data Link File)
арнайы файылын пайдалану керек;
• (Use Connection String)
қосылу қатарын пайдалану керек.
4-
ші сурет. Деректер қорымен байланыс құру формасы
Менің ойымша 2-ші жолы жақсы сияқты, сондықтан осы 2-ші байланысты
қарастырамыз. Ол үшін Build бір рет шертіңіз. Сіздің алдыңызда 5-ші сурет ашылады.
Provider -
деректер берушісі барлық пайдалануға берілген ADO драйверлері
орналасқан ақпараттар жүйесіне арналған. Біз — Microsoft OLE DB Provider for ODBC
Drivers таңдайық. Бұл драйвер ODBC - драйвері арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік
береді. Бұл драйвер көптеген мәліметтер қорымен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Microsoft Jet 4.0 OLE DB Provider. Осыдан кейін Далее (Next), немесе Подключение
(Connection) ішкі бетіне енеміз.
5-
ші сурет.. Байланыс орнатуға арналған терезе
64
Сурет .13. Байланыс терезесі
Ең алдымен мәліметтер қорының атын беріңіз (Select or enter a database name), (керек
болса жолын да көрсетіңіз). Егер мәліметтер қоры программа орналасқан жерде болса, онда
жолын көрсетудің қадеті жоқ.
65
Алматы экономика және статистика академиясы
«Информатика» кафедрасы
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
«
Визуальды программалау» пәні бойынша
«5В070300 - Ақпараттық жүйелер» мамандығы үшін
Алматы, 2014
66
Тәжірибелік жұмыс №1
DELPHI ортасымен танысу
Жоғарғы деңгейлі программалау тілдері жарыққа шыға бастағаннан бері көптеген
программалау тілдері пайда болды. Қазіргі кезде олар процедуралық логикалық және
обьектілі – бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Мысалы, дәстүрлі (“классикалық”)
процедуралық программалау тілдері-Фортран, Бейсик, Паскаль логикалық тілдер – ЛИСП,
Пролог. Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы және программалық жабдықтауды тиімді
дайындауға қажеттілік нәтижесінде соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан
және обьектілі – бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері –
Borland C++ for Windows, Object Pascal және визуальды Microsoft Visual Basic, Borland
Delphi.
Процедуралық программалау тілдерінде программаның жұмысы операторларды
ретімен орындау бойынша, ал логикалық прораммалау тілдерінде ол қатаң логикалық
ережелерге сәйкес өзгертулер енгізу ретінде қарастырылған болатын. Обьектіге бағдарлы
оқиғалық программалау тілінде программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және
түрлі обьектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері – Visual
Basic тілі QBasic программалау тілі негізінде, Delphi (Дельфи) обьектілі Паскаль (Object
Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (Visual –
көзбен көру, экрандық). Олар әсіресе, Delphi программалау тілі – кез келген қосымшаны
дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Delphi-
дің бірінші нұсқасы 1994ж жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте
кеңейтілген 2,3,4,5,6- нұсқалары жарық көрді. Мысалы, 5-нұсқа 1999ж, 6-нұсқа 2001 жылдың
мамыр айында жарыққа шықты, 5,6-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге
болады, екеуі де Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Тек, Delphi 6,
оған қоса, 1991жылы жарық көрген, салыстырмалы арзан, Linex операциялық жүйесінің
негізінде де жұмыс істей алады ( Linex жүйесі UNIX операциялық жүйесіне шамалас,
мүмкіндігі Windows32 жүйесінің мүмкіндігінен кем емес). Delphi 6-да интернет үшін
қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуде
ұсынылып отырған кітапта қарастырылмаған кейбір өзгешеліктер енгізілген.
Дәстүрлі Паскаль оқып үйренуге жеңіл және MS DOS жүйесінде программа
дайындауға ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi-де Паскаль
тілінді орындау мүмкін және ммүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады.
Windows -
дің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда компонентік және объектілік
тәсілдер пайдаланылады (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны
көбінесе қосымша деп аталады). Бұл программалау технологиясында нағыз революция
жасады деуге болады. Компонентік тәсілдің мәнісі жеңіл: Әр қосымша кітпаханасы
программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер
элементтерінен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме
программа құрылады.Delphi-де қолданылатын негізгі кітапхананы визуальды компоненттер
кітапханасы (VCL, Visual Component Library) деп аталады. Компоненттер панелінде топ-
тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиісті стандартты компоненттер бар.
Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.
Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген
операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация,
мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік
қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындау да мүмкін.
Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.
Delphi екі түрде дайындалған: біріншісі-күрделі қосымшаны бірлесіп дайындаушылар
үшін (Delphi Client-Server),екіншісі – қалған программалаушылар үшін (Delphi for Windows).
Соңғысы ыңғайланып, қысқартылып алынған түрі. Ол тек маман программалаушылар емес,
барлық Delphi-мен жұмыс істеушілерге арналған әдетте пайдаланылатыны – екінші түр.
Достарыңызбен бөлісу: |