Алматы экономика және статистика академиясы «Сібір бизнес, басқару және психология институты» мемлекеттік емес жоғары кәсіпкерлік білім беру мекемесі



жүктеу 2,87 Mb.
Pdf просмотр
бет92/119
Дата17.11.2018
өлшемі2,87 Mb.
#20440
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   119

195 
 
―Липецк‖  арнайы  экономикалық  аймақтары  дамуы  жағынан  артта  қалған  ӛңірлерде 
құрылған. 
Оффшорлық  қызмет  субъектілері  –  арнайы  территориялық  бірлестік 
заңдылықтарына  сәйкес  құрылған  салық  салудың  жеңілдетілген  режиміне  негізделген 
және  ұйымдастыру-құқықтық  міндеттемелерді  орындаудың  жеңілдетілген  режиміне  сай 
қызмет  ететін  тұлғалар,  бұлар  кӛбінесе  корпоративтік  құрылмыдағы  заңды  тұлғалар.  
Сәйкесінше  салық  салудың  жеңілдетілген  режимі  «резидент  емес»  немесе  басқаша 
жеңілдік статустарына сай инкорпорация территориясында шаруашылық қызметін шектеп 
жүргізуімен  сипатталады.   Ұйымдастыру-құқықтық  міндеттемелерді  орындаудың 
жеңілдетілген  режимі  тіркеу,  басқару,  валюталық  бақылау  және  оффшорлық  қвызмет 
субъектісінің есептілігімен сипатталады[1]. 
Оффшорлық қызмет түсінігіне ең жақын мазмұндағы сәйкестік отандық тәжірибеде 
Арнайы экономикалық аймақтар арқылы қарастырылады. 
Арнайы экономикалық аймақтардың пайда болуы туралы идеялар ағылшындық П. 
Халла  мен  С.  Хоуль,  сондай-ақ  американдық  С.  Бутлер  есімдерімен  байланысты,  олар 
әртүрлі  кризистік  жағдайларды  мемлекеттің  араласуы  ірі  ӛнеркәсіптік  орталықтарды 
экономикалық  тӛмендеуден  сақтай  алмайды  деген  пікірді  жақтаған.  Олар  экономикалық 
және  саяси  әсер  етудің  дәстүрлі  шаралары  ретінде  осы  аумақтарда  қызмет  етуші 
кәсіпкерлерге  жеңілдіктер  қарастырады.  Классикалық  оффшорлық  аумақтарда  бірінші 
қадам  салық  жеңілдіктерін  беру  және  ел  территориясында  әрекет  ететін  басқа  да 
әкімшілік-валюталық шектеулерді алу болды. 
Арнайы экономикалық аймақтардың құрылу мақсаты: 
 
Инвестиция тартуға жағымды жағдайларды қалыптастыру; 
 
 Аудандарды дамытуды жеделдету; 
 
 Нарықтық  инфрақұрылым  мен  кәсіпкерлікті  дамыту  жағдайларын 
қалыптастыру; 
 
 ӛндіріс  пен  сауда,  қазіргі  жетілген  технологияларды,  әлемдік  озық 
тәжірибелерді пайдалану. 
Арнайы  экономикалық  аймақ  –  капиталды  инвестициялау  және  экономиканы 
дамыту үшін жағдай туғызатын шетел және отандық кәсіпкерлерге ерекше экономикалық 
жеңілдіктері  бар  ұлттық-мемлекеттік  шектелген  аумақ  бӛлігі.  Арнайы  экономикалық 
аймақтар  ішкі  сауда,  жалпы  экономикалық,  әлеуметтік  және  ғылыми-техникалық 
мәселелерді шешу үшін құрылады. 
Қазақстан  Республикасы  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  17  жылдан  бері  халықаралық 
экономикалық бірлестік жетегінде бола отырып сыртқы экономикалық қызметті құқықтық 
реттеу аясындағы интеграциялық процестерден шет қала алмады, яғни оффшорлық бизнес 
механизмдерінің бір бӛлігі отандық заңдылықтарда кӛрініс тапты. 
Оффшорлық  немесе  экономикалық  аймақтар бізде  2000  жылдан  кейін  пайда  бола 
бастады. Одан бері біршама уақыт ӛтті. Алайда бұл ретте күтілген нәтижеге толықтай қол 
жеткізе алмай отырмыз. Оған басты себеп – инфрақұрылымдық мәселелердің шешілмеуі, 
осы аймақтарды дамытушы ірі жобалардың аздығы. Әрине, мұндай тежеліске бірінің ізін 
бірі  басқан  әлемдік  қаржылық  дағдарыс  толқындарының  да  ӛзіндік  ықпалы  бар.  Бірақ 
осындай  кедергілерге  қарамастан,  ел  Үкіметі  бұл  бағыттағы  жұмысты  күшейте  түспек-
ші... Үкімет арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жұмыстарын жалғастырады [2]. 
2011 жылдың 1 шілдесінде Елбасы ҚР-дағы  «Арнайы экономикалық аймақтар ту-
ралы» Заңға қол қойды. Онда осы аймақтардың қызметі мен басқару тиімділігін арттыруға 
барынша  басымдық  берілген.  Соған  сәйкес,  аталған  аймақтарға  ірі  кәсіби  басқарушы 
компаниялар  тарту  кӛзделген.  Сондай-ақ  құқықтық  құжатта  қосымша  салықтық 
жеңілдіктер  белгіленген.  Заңдағы  осындай  айрықша  пункттер  арнайы  экономикалық 
аймақтардың ӛзіне жүктелген міндеттерін таяу болашақта қалтқысыз атқаруына мүмкіндік 
береді деп күтіліп отыр. 
Нақтысында,  оның  негізі  90-жылдары  қаланғаны  белгілі.  Ол  сол  кездегі  «Еркін 
экономикалық аймақ туралы» Заңның қабылдануымен тығыз байланысты еді. Онда ұсы-


196 
 
нылған бірқатар жеңілдіктер, кедендік артықшылықтар негізінде 1991 және 1996 жылдары 
аралығында  елімізде  осындай  тоғыз  аймақ  құрылды.  Елбасының  Жарлығымен  құрылған 
бұл  аймақтардың  ішінде  ішкі  мәселе  мен  сыртқы  ықпалға  тӛтеп  бере  алғаны  біреу  ғана 
еді.  Ол  –  1993  жылы  негізі  қаланған  «Лисаковская».  Бұл  аймақ  режимі  қаладағы 
«Лисаковкая ТКК» АҚ және «Қызыл Октябрь бокситті басқару» АҚ секілді негізгі деген 
екі  кәсіпорынның  жұмысын  тұрақтандыруға  ықпал  етіп,  ондаған  жеңіл  және  тамақ 
ӛнеркәсібін құруға мүмкіндік берді. Бұл ұйымда ӛз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. 
Елбасының  Жарлығы  негізінде  1996  жылы  «Арнайы  экономикалық  аймақтар 
туралы»  Заң  қабылданды.  Онда  әрбір  аймақтың  айналысатын  қызметі  мен  тиісті 
жеңілдіктері нақты кӛрсетілді. Сӛйтіп, 2002 жылы жаңа буынның алғашқы аймағы пайда 
болды. 
Содан  бері  бүгіндері  қалыпты  ағымға  түсе  алған  алты  арнайы  экономикалық  ай-
мағымыз бар:  
1. «Астана – жаңа қала» 
2. «Ақтау теңіз порты» 
3. «Инновациялық технологиялар паркі» 
4. «Оңтүстік» 
5. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия техникалық паркі» 
6. «Бурабай» және Астана мен Қарағанды қалаларындағы екі индустриялық аймақ.  
Сол секілді былтыр жыл соңында осындай үш салалық аймақ құрылды:  
1.  Қарағанды  облысында  металлургия  мен  металды  ӛңдеуді  дамыту  үшін 
«Сарыарқа» 
2. Алматы облысында еліміздің кӛліктік-логистикалық потенциалын арттыру үшін 
«Қорғас – Шығыс қақпа»,  
3.Павлодар  облысында  химия  және  мұнай  химиясы  ӛндірісін  жандандыру  үшін 
«Павлодар» арнайы экономикалық аймақтары. 
Жалпы,  арнайы  экономикалық  аймақ  дегеніміз  –  капиталды  инвестициялау  және 
экономиканы дамыту үшін жағдай туғызатын шетел және отандық кәсіпкерлерге ерекше 
экономикалық  жеңілдіктер  беретін  ұлттық-мемлекеттік  шектелген  аумақ  бӛлігі  болып 
табылады.  Олар  ішкі  сауда,  жалпы  экономикалық,  әлеуметтік  және  ғылыми-техникалық 
мәселелерді шешу үшін құрылады[2]. 
Оффшорлық  қызмет  түсінігіне  де  ең  жақын  мазмұндағы  сәйкестік  отандық  тәжі-
рибеде арнайы экономикалық аймақтар арқылы қарастырылады. 
Ең қызығы, кез келген қазақстандық ӛзінің атына оффшор тіркей алмайды. Әдетте, 
оффшорлық  аймақтар  арқылы  жұмыс  істейтін  фирмалар   қаржы  полициясы  мен  тәртіп 
сақшыларының  назарына  тез  түседі.  Олар  үшін  оффшорлық  компания  –  салықтан 
жалтарып, капиталды шетелге асырудың бір жолы. Бірақ оффшорлық компанияның тағы 
бір  ұтымды  жағы  бар:  мұндай  жерде  тіркелген  кез  келген  активке  рейдерлік  шабуыл 
жасалмайды.  Себебі,  бұл  активтер  халықаралық  соттың  қорғауында  болады.   Еліміздің 
қаржы  нарығын  және  қаржы  ұйымдарын  реттеу  мен  бақылау  агенттігі  қазақстандық 
компаниялардың  жұмыс  істейтін  тӛмендегі  оффшорлық  аймақтарды  жіті  қадағалап 
отырады:    Андорра  княздігі;  Антигуа  және  Барбуда;  Багам  аралдары  Достастығы;  
Барбадос;  Белиз;  Бруней  Даруссалам;  Вануату  республикасы;  Гватемала  республикасы; 
Гренада;  Жибути  республикасы;  Доминикан  республикасы;  Индонезия  республикасы; 
Испания  (Канар  аралдарында  ғана);  Кипр  республикасы;  Қытай  Халық  Республикасы 
(Аомынь  (Макао)  және  Сянган  (Гонконг));  Комор  аралдары;  Коста-Рика  республикасы; 
Малайзия (Лабуан анклавы); т.б. мемлекеттер бар.  
Әдетте,  қазақстандық  ірі  компания  немесе  жеке  тұлға  оффшорлық  фирманы 
оффшорлық  аймақтағы  азаматтың  атына  тіркейді.  Ал  қазақстандық  жақ  мӛр  мен 
фирманың  құжаттарды  қолға  алады.  Оффшорлық  компания  банктен  есепшот  ашады,  ал 
қазақстандық  корпоративті  және  жеке  шығындарына   жұмсалатын  карточканы  алады. 
Сӛйтіп,  жерлесіміз  барлық  келісімдерді  оффшорлық  компания  атынан  жүзеге  асыра 
береді.  


жүктеу 2,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   119




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау