1-Тақырып. Басқару есебі туралы негізгі түсінік
Дәріс мақсаты: басқару есебіне негізгі түсінік, есептің мақсатын, міндеттерін, оның қаржылық есеппен салыстырмалы сипаттамасын ашып көрсету
Сұрақтары:
Басқару есебінің мәнінің анықтамасы. Басқару есебінің функциялары Басқару есебінің сапалық сипаттамасы және қаржылық есеп жүйесінің салыстырмалы сипаттамасы Басқару есебінің ақпараттарын пайдаланушылары.
Басқару есебінің мәнінің анықтамасы. Басқару есебінің функциялары
Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардьің шектен тыс болу болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.
Отандық ұйымдарда бүгінгі уақытқа дейін орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу жағдайында дұрыс болып шыққан бұйымдар арасындағы қосымша шығындарды бөлу арқылы толық өзіндік кұн есебі ғана қолданылды. Меншіктің әр түрлі нысаны үйьмның жекелену, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің даму, еркін баға белгілеу мен шығарылатын өнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау тетіктерін енгізу, нарықтык зкономиканың басқа жақтарын дамыту шамасы бойынша бухгалтерлік практиканың жаңа және келешектік бағыттарының бірі басқару есебіне деген қажеттілік бірте-бірте өсуде.
Бухгалтерлік басқару есебі - шаруашылық және қаржылық іс-әрекетпен шұғылданатын әркімге қажет білім саласы.
Шаруашылық қатынастардың қандай тобы көрсетілуіне байланысты бухгалтерлік есеп екі кұрамдас бөлікке бөлінеді: қаржылық есеп пен басқару есебі. Қаржылық есептің мәліметтері салыстырмалы және мекеменің қаржылық жағдайына, оның төлемге және несиеге қабілеттілігіне, оған инвестиция салудың пайдалылығына әділетті баға беру үшін ішкі пайдаланушыларға, ннвесторларға, кредиторларға және басқа пайдаланушыларға қажетті ақпарат бөлуге тиіс.
Нарықтың экономика елдерінде бухгалтерлік есептің дамуы көрсетілген екі бағыт бойынша өзінің методологиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық дербестігін алды.
Сондықтан басқару есебінің мәні мен белгіленген міндетін, оның ұйым есебінің жүйесіндегі орнын, ақпараттык қамтамасыз ету мен жүргізу тәсілдерін карау керек.
Сонымен, басқару есебі есептеу, жоспарлау, бақылау, кіріс, шығыстарды жолдау жүйесі мен талдаушылық тұрғыдан қажетті шаруашылық іс-әрекеттің қорытындыларын, қыска мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін оңтайлындыру мақсатымен әр түрлі басқару шешімдерін шұғыл қабылдау жүйесін көрсетеді.
Басқару есебінің сапалық сипаттамасы және қаржылық есеп жүйесінің салыстырмалы сипаттамасы
Басқару есебінің объектілері ұйым мен оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің қорытындылары мен шығындары; баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі есеп беру болып табылады.
Құнды қағаздармен қаржылық операциялар, мүлікті сату мен сатып алу, жал және лизинг операциялары, еншілес және тәуелді қоғамдарға инвестициялар және т.с.с. басқару есебінің шеңберінен шығады.
Бұрын атап көрсетілгендей, басқару есебінің өрісі - есеп беру орталықтарының (ұйым сегментінің) өндірістік іс-әрекеті, сондықтан басқару есебін кейде жауапкершілік орталықтары жөніпдегі есеп немесе сегменттік есеп деп те атайды.
Сегменттік есеп - ұйымның жеке құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ақпаратты жинау, көрсету және жинақты қорыту жүйесі.
Кәсіпорынның акпаратгық жүйесіндегі басқару есебінің объектілері көрсетілетін әр түрлі әдістер мен амалдар басқару есебімің тәсілдері деп аталады. Ол мынадай элементтерден тұрады.
Құжаттама – кәсіпорынның өндірістік қызметін жеткілікті дәрежеде толық көрсететін алғашқы құжаттар мен ақпараттық машиналық атқарушылары. Кәсіпорын ерекшелігіне сәйкес бастапқы есеп қаржьшық және басқару есебіне арналған ақпараттың негізгі көзі болып табылады.
Түгендеу - объектінің іс жүзіндегі жағдайын, сондай-ақ есептік мәліметтерден ауытқушылықты, есепке алынбаған құндылықтарды, шығындарды, кем шығуды, ұрлықты анықтау тәсілі.
Топтастыру мен жинақтап қорыту, бақылаушы шоттарды пайдалану - белгілі бір белгілер бойынша объекті туралы ақпаратты жинақтауға және жүйелендіруге мүмкіндік беретін – тәсіл. Топтастырылған ақпарат іс-әрекет нәтижелерін бағалау мен шұғыл және стратегиялық шешімдер қабылдау үшін тиімді пайдаланады.
Бақылаушы шоттар - сол кезең операцияларының жиынтық сомасы бойынша жазбалар жасалатын жиынтық шоттар. Бақылаушы шоттар жүйесі қаржылық және басқару есебі арасын байланыстыратын буын болып шығады және есептік жазбалардың толықтығы мен дұрыстығың анықтауға жол ашады.
Мөлшерлеу (нормалау) - ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалану мен шығындарды өнімге айналдыратын ең өнімді жолдарды іздестіруді қамтамасыз ететін оңтайлы нормалар мен нормативтерді ғылыми негізделген есептеу процесі. Мөлшерлеусіз қорлар мен іс жүзіндегі шығындар жағдайын бақылау мен басқару есебі жүйесін ұйымдастыру мүмкін емес. Мөлшерлер бақылау жүйесінің негізгі ретінде жауапкершілік, азық-түлік және операциялар орталықтары бойынша жіктеледі және топтастырылады.
Ынталандыру - кәсіпорының мақсаты мен міндеттерін анықтауға, осы мақсаттарға сәйкес шешімдер қабылдауға жетелейтін өндірістік процеске қатысушылардың дәлелдеу (мотивация) құралы. Бұл ретте сметалар мен оларды орындау туралы атқару есептері алға шығады.
Бақылау - пайда болған ауытқуларды ашу мен жоюға мүмкіндік беретін, кәсіпорын қызметін бұрын белгіленген тапсырмаларды орындауға бағыттайтын жоспарлау мен талдауды аяқтау процесі.
Басқару есебінің ақпараты оперативті басқаруда бухгалтерлік мәліметтермен нығайтылады және кейде толықтырады. Өз кезегінде қаржылық есеп мәліметтері жанжақты қарастырылады; басқару есебінен түсетін ақпаратпен толықтырылады.
Бағалау - шешім қабылдаудың барлық жүйесін талдаудың соңғы процесі; қойылған мақсатқа (кері байланыс) жету анықталады; ауытқу себептері: жоспарлау кемшіліктері; оперативті шешімдер санын көбейтуге әкелген іс-қимылдың қолайсыз жақтары; бақылау жүйесінің басқару талаптарына сәйкессіздігі; қате мақсатты таңдау айқындалады.
Тәсілдің барлық элементтері бір-бірінен алшақ емес, басқару міндеттерін шешуге бағытталған ішкі шаруашылық байланыстарын ұйымдастыру жүйесінде әрекет етеді.
Бухгалтерлік басқару есебінде қолданылатын топтар сан алуан:
бухгалтерлік қаржылық есептің жұмыс әдістері (шоттар мен екі жақты жазу, түгендеу мен құжаттама, байланысты қорыту мен есеп беру);
индекстік тәсіл (статистикада қолданылады);
экономикалық талдау әдістері (нормативті, тізбекті ұластыру жәнет.б.)
математикалық тәсілдер (корреляция, желілі бағдарламалау, ең аз шаршы әдісі және т.б.)
Олардың барлығы бір тұтас жүйеге бірігіп кірістіреледі және кәсіпорынды басқару мақсатында қолданылады.
Сонымен, басқару есебінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін осылайша тұжырымдауға болады:
шығындар мен кірістердің біріккен есеп жүйесін құру;
шығындарды мөлшерлеу (нормалау);
шығындарды жоспарлау, бақылау және талдау;
бюджеттеу;
баға белгілеу үшін негізді қамтамасыз ету;
жедел басқару шешімдерін қабылдауда қаржылық менеджерлерге ақпараттық көмек беру;
кәсіпорын қызметінід және жауапкершілік орталығының экономикалық шешімділігін бақылау, жоспарлау және болжау;
кәсіпорын дамуының ең тиімді жолдарын таңдау.
Кәсіпорынның басқару жүйелерінің жетілдірілуіне байланысты арнайы әдебиетте және өмірде "контроллинг" (баскару дегенді білдіреді) ұғымы жиі-жиі кездесе бастады. Бұл басқарудың барлық саласы мен деңгейін қамтитын шаралар кешені арқылы көрсетілетін, ақпаратты өңдеу, талдау, шаруашылық жоспарлау және тиісті бақылау процестерін біріктіретін тәсілдердің бірі.Контроллинг – кәсіпорынның түпкілікті мақсатын жүзеге асыратын процесті бақылау. бақылау жүргізеді.
Басқару есебі жинау, тіркеу және ақпаратты жинақтап қорыту жүйесі сөзінің тармағынасындағы есебі болып табылмайды. Бұл - бәрінен бұрын әр түрлі жүйе бөліктері мен тәсілдерді бір тұтас мақсатқа жету үшін жұмылдыратын кәсіпорынның басқару жуйесі.
Мұндай жүйе бөлігін басқару есебі, пайда басқармасы немесе контроллинг деп атауға болады.
Басқару есебінің ақпараттарын пайдаланушылары.
Кәсіпорынның өндірістік ресурстары - талдаудың жэне қаржылық басқару есебінің объектілері. Өндіріс процесінде жұмыс істейтін өндірістік ресурстардың құрамдас бөліктері статистикалық болып қалмайды, олар айналым жасайды, түрі өзгереді, өнімге айналады, үнемі қозғалыста болады, тозады және басқа өзгерістерге ұшырайды,
Өндіріс құралдарының айналымының барлық кезеңдерінде өндірістік ресурстар (жабдықтау-дайындау қызметі, өндіріс пен өткізу) жүйелі бухгалтерлік есепте көрініс табады. Алайда бұл көрсету ерекшелікті, ол қозғалысты (мысалы. кәсіпорын қой-маларындағы материалдық ресурстардың есебі, жабдықтаушыларындағы түсім мен өндіріске беру, цехтағы, цех коймаларындағы материалдардың қалдығы), негізінде, ресурстардың жағдайы мен бар-жоғына қатысты болады.
Материалдық ресурстар мен негізгі қорлардың сақталуы үшін материалдарға жауапты адамдар жауапкершілігі ғана қарастырылған. Өндірістік ресурстарды пайдалану тиімділігі үшін жауапкершілік жүктелмейді. Сонымен қатар бұл ресурстар кәсіпорынның әр түрлі саладағы қызметінің белгілі бір операцияларын атқаратын әр қилы құрылымдық бөлімшелерінде қолданылады. Мұндайда олардың әрқайсысына тиімділікті сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі сәйкес келеді.
Сонымен қатар қаржылық есеп пен басқару есебі арасында негізгі айырмашылықтар бар. Олардың ең маңыздыларын қарастырайық.
1. Есептің мақсаты
Қаржылық есептің мақсаты - ақпаратты сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық есеп беруді жасау.
Басқару есебінің мақсаты - ағымдағы өндірістік-шаруашылық қызметті басқару мен бақылау, жоспарлауға арналған ақпаратты жинау және өндеуді шұғыл қамтамысыз ету.
2. Ақпарат көздері
Қаржылық есеп үшін - ұйымның қаржылық акпарат жинақтайтын есептік жүйесі, сонымен қатар салық салу жүйесінің элементтері.
Басқару есебі үшін – кәсіпорынның есеп жүйесінің мәліметтерінен басқалары, материалдық ресурстар шығындарының технологиялық қалдықтардың мөлшері (нормасы) жайлы мәліметтер, рыноктағы ахуал туралы зерттеулер, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы есептер, өндірістің бар жағдайларында олардың қорытындыларын қолдану мүмкіншіліктері, шаруашылық шарттарының тармақтарын тараптардың орындамауы кезінде айыптық санкция мөлшерлері және т.б.
Есеп қорытындыларын пайдаланушылар.
Қаржылық есеп - ең бастысы, сыртқы пайдаланушылар.
Есеп жүргізу тәсілдері
Қаржылық есеп - шоттар мен екі жақты жазу, кұжаттама мен түгендеу негізгі элементтер болып қызмет етеді.
Есептің екі түрін біріктіретін ең маңызды белгі - олардың ақпараты шешім қабылдау үшы қажет екендігін атап айтқан жөн. Сонымен, қаржылық есептің мәліметтері инвесторларға кәсіпорынның даму келешегін бағалауда жәрдемдеседі. Басқару есебінің мәліметтері баға белгілеу, шығындарды азайту және т.б.
Басқару есебі бұл әдістерді қолданады, бірақ үнемі емес. Ақпарат жазу міндетті түрде қосарлы жүйе бойынша жүргізілмейді, яғни кез келген пайдалы жүйе қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
1.Басқару есебі нені оқытып үйретеді?
2.Басқару есебінің мәні, маңызы неде?
3. Басқару есебінің объектілері, тәсілдері мен міндеттерін қалай түсінесіз?
4. Басқару есебінің құрамдас бөліктері мен принціптерін анықтаңыз.
5. Ұйымның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебінің алатын орыны қандай?
6. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы дегеніміз?
7. Басқару есебі мен қаржылық есепке салыстырмалы сипаттама беріңіз.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
1. Ә.Д.Дәулетбеков, К.Т.Тайғашинова, Т.А. Тасмағанбетов.Басқарушы - өндірістік есеп: Оқу құралы / Алматы: Принт 2000 ж. 180 б.
2. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет. – М.: «Аудит», Издательское объединение «ЮНИТИ» 2010 г.
3. Друри К. Управленческий и производственный учет (Перевод с англ.) М. ЮНИТИ, 2007.
4. Төлегенов Э.Т. Басқару есебі. Оқу құралы. Алматы 2006 ж.
2-Тақырып Шыгындардың жіктелуі
Дәріс мақсаты: өнімге кеткен шығындар, кезең шығындары, шешім қабылдау, бақылау үрдісіндегі шығындарды оқыту
Сұрақтары:
Шығындар туралы тусінік және шығындардың пайда болу орындары түсінігі. Шығындар - басқару есебінің негізгі бір объектісі ретінде
Шығындар туралы тусінік және шығындардың пайда болу орындары түсінігі
Басқару есебі ұйымның менеджерлері мен басшыларына шешім қабылдау, жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен реттеу үшін ақпарат бере отырып, қызмет етеді.
Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ыкпалды жүйесін құру қажет.
Бухгалтерлік ақпаратты жіктеудің көптеген сызбалары бар, одардың біреуін эталон деп бөлу мүмкін емес, өйткені жіктеу сызбасы ақпараттағайындауына байланысты.
Шығындарды жіктеу әр түрлі белгілер бойынша жүргізіледі: өндіріс процесіндегі экономикалық рөл (негізгі және қосымша); өнімнің өзіндік құнына кіргізу әдісі (тікелей және жанама); өндіріс көлеміне қатысты (өзгермелі және тұрақты).
Шешілетін міндеттеріне қарай шығыстарды жіктеу: өнімнің өзіндік құны мен апынған пайданы есептеу - келген және шыққан, өндірістік және кезеңдік; бағалауда есепке апынатын және алынбайтын, болашақ кезеңнің шығындарын жоспарлау мен шешім қабылдау, қайтарымсыз (өткен кезең шығыстар), жүктелген, өсіммен артатын және шектік; бақылау мен реттеу; реттелетін және реттелмейтін.
Өндіріске шығынды есептеу жүргізетін бағыт - өндіріске арналған шығындар есебін мақсатты түрде дербес есептеуді талап ететін қызмет аумағы. Тауардың өзіндік құнын калькуляциялау, яғни шын мәнісінде қайсыбір қызмет адамының пайдаланылған ресурстарды бағалау қажет деп ойлайтыннын бәрі де өндіріске жұмсалған шығысты есептеу бағыттарынын мысалы болып табылады. Шығындар есебі жүйесі екі негізгі іс-қимыл үшін өндірістік шығындар туралы ақпаратты жинайды: жұмыс күшіне шыққан шығындар, материалдар немесе қосымша шығындар (немесе шығындар қарқыны бойынша, мысалы, өзгермелік және тұрақты шығындар) сияқты белгілі бір категориялар бойынша жіктейді және оларды есеп бағыттары бойынша бөледі.
Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. Шығысдарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.
Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.
Шығындар - шаруашылық іс-әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдары мен керек-жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге алынған) тұтынылған материалдық еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, «шығындар» ұғымы «өндіріске шыққан шығындар» дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан шығындар - өнімді (жұмысты, көрсетілген -қызметті) өндіру барысында тұтынылған ресурстар бөлігі.
Көбіне экономикалык әдебиетте «шығыстар» мен «шығындар» түсінігі ұқсастырылып, тендестіріліп жүр, алайда бұлардың үлкен айырмашылықтары бар. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес шығысқа шеккен зиян да шыққан шығын да кіреді. Қазақстан Республикасындағы 2002 жылдың 29 қазанындағы №542 «Қаржылық есепті ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздерге» сәйкес шығыстарға ұйымның және т.б. негізгі қызмет барысында туындайтын шығыстар кіреді. Активтердің азаюына немесе сенімді өлшенетін міндетгемелердің ұлғаюына байланысты болашақ экономикалық пайданың кемуі ұйымның шығыстары деп танылады.
Басқаша айтсақ шығыстарды ұйымның кіріс алуына байланысты көтерген шығындарының бөлігі деп түсіндіруге болады.
Шығындар - басқару есебінің негізгі бір объектісі ретінде
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы оны қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі. Өндіріс шығындары - өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру мен өткізуге жұмсалған қоғамдық еңбек шығындары.
Өндіріс шығындарының басқару есебі кәсіпорынның негізгі мақсатын орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен, осы және болашақ шығынды қолдануды талдаудан тұрады. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.
Шығындар-басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн.
Өндіріс шығындарын жіктеу.
Негізгілер - өндірістің технологиялық процусімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадан шығындар.
Қосымшалар - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.
Тіклейлер - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, аударымдар (ақша аударулар). Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы - автосервис бөлімшесінің тікелей шығындары, автомобильді бояу цехында қолданылатын бояудың құны - тікелей бояу цехының шығындары).
Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарнамаға шығыңдар - субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады.
Шығындар бір бөлімше үшін тікелей, екіншілері үшін жанама (завод менеджерінің еңбек ақысы - кейбір бөлімшелер үшін қосымша шығындар, алайда бүкіл завод үшін тікелей шығын) болуы мүмкін.Тура және жанама етіп бөлу салалық ерекшеліктерге, өндірісті ұйымдастыруға, өнімнің өзіндік құнынын калькуляциялаудың қабылданған тәсіліне (көмір өнеркәсібінде, энергетикада - барлық шығындар тікелей байланысты).
Кешенділер - бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамның еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бір элементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар).
Өзгермелілер - мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгеретіндер (өндірстік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялык энергия, отын және т.б.) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді.
Мысалы, егер өндіріс көлемі 10%-ке көбейсе, жалпы өзгермелі шығындар да 10%-ке ұлғаяды.
1-сурет. Өндіріс келемі мен өзгермелі шыгындар сомасы арасындағы тәуелділік
1-суреттен және 1-кестеден көрініп тұрғандай, өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне сайма-сай (пропорциональды) өседі. Өндіріс көлемі екі есе 100-ден 200 бірлікте дейін өссе қалпы өзгермелі шығындар 1000-нан 2000 теңгеге дейін ұлғаяды. Алайда өзгермелі шығындар өнім бірлігін есептегенде көлем өзгергенде тұрақты болып қалады. Бірінші, екінші, оныншы бірлік болғанына қарамастан. Сондықтан өзгермелі және тұрақты шығындар шартты-өзгермелі немесе шартты-тұрақты деп саналады, өйткені олар қосарлы рөл атқарады, бірақ әр түрлі көзқарас тұрғысынан.
1. Өзгермелі шығындардың өнім өндірісі көлеміне тәуелділігі
Достарыңызбен бөлісу: |