Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет268/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   420

542 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



өтімділік  туралы  талаптарды  сақтаумен  қатар  жаңа  операцияларын  дамытуға  мүмкіндік 

береді. Бұндай талдау коммерциялық банктің төлем қабілеттілік пен өтімділік деңгейінің 

өзгерісін  көруге  мүмкіндік  береді  және  олар  бойынша  тұрақтандырудың  уақытылы 

қажетті шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.  

Инвестициялық тартымдылық деңгейі бойынша екінші орында евроноталар болып 

табылады.  Евроноталармен  олардың  өсуі,  бұл  актив  түріне  орналастыру  көлемінің 

жоғарлауымен  байланысты.  Сонымен  қатар,  бүл  қаржылық  құрал  банкке  өзінің  жоғары 

өтімділігімен  пайдалы,  оны  өтімділіктің  қосымша  резерві  ретінде  қарастырады. 

Жоғарыдағыны қарастыра отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: 

Біріншіден,  «А»  тобындағы  банктеріміз  алдағы  уақытта  активтерінің  шексіз 

ұлғаюына көңіл аударуы қажет, яғни бұл жерді ұзақ мерзімді несиелердің өсуі өз кезегінде 

банктердің өтімділігін төмендететіні және оның тәуекелмен байланыстығын есте ұстаған 

дұрыс.  Проблемалық  несиелердің  үлесі  жағынан  «Казкоммерцбанкі»  АҚ  алады.  Бұл 

банкте несиелеу шартын қайта қарап несие саясатын қатаң жүргізуде. Тек мұнда тұрақты 

несие саясат жүргізіп отырған Халық банкі, оның несиелеу шартында аса өзгеріс болған 

жоқ,  яғни  бұл  дегеңіміз  аталған  банктердің  активтерінің  сапасының  жоғары  деңгейде 

болуын ситпаттайды. 

Екіншіден,  «В»  тобындағы  7  банкіміздің  активтерінің  «А»  тобындағы  банктердің 

активтерінен  3  еседей  кем  болуы,  қадағалаушы  ұйымдарды  ойлантуға  тиіс.  Әсіресе 

осындай банктердің активтерінің сапасына мән беру қажет. 

Үшіншіден, «С» тобындағы 23 банктердің активтерінің жиынтығы «А» тобындағы 

банктерден  2  есе  еседей  кем.  Нақтырақ  айтсақ,  олардың  жиынтық  активтерінің  шамасы 

«үлкен  үштікке»  кіретін  бір  банктің  активіне  пара-пар.  Сонда  мұны  қалай  түсінуге 

болады,  яғни  барлығы  қосылып  бір  банктің  қызметін  ғана  көрсетіп  отырғаны 

ойландырады. 

Қолданылған дереккөздер тізімі 

1. 


С. Б. Мақыш. Банк ісі: оқулық. - Алматы: ИздатМаркет, 2007. - 441 б. 

2. 


С.А.  Ельтинова.  Қазақстан  Республикасындағы  инвестициялық  жобалардың 

тиімділігін  әлемдік  тәжірибені  қолдану  арқылы  жетілдіру  //  ҚазҰУ  хабаршысы. 

Экономика сериясы . - 2013. - № 5. - Б. 180-182. 

 

 



 

Банктің корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету саясатын  

жетілдіру жолдары 

 

Мейрханқызы С. 



Алматы экономика және статистика академия, Алматы қ. 

Е-mail: 


sumbat_meirhankyzy@mail.ru

 

 



Корпоративтік  клиенттермен  жұмыс  –  кез-келген  банк  үшін  өте  маңызды 

мәселелердің  бірі.  Жалпы  алғанда,  банктердің  барлығы  бірыңғай  стандартты  өнімдер 

тізбегінен  бастайды,  дегенмен  уақыт  ағымына  және  айналымның  артуына  байланысты 

жекелеген  клиенттерге  арнайы  мөлшерлемелер,  қызметтер  құны,  төлем  бойынша 

кешіктірулер және т.б. преференциялар ұсынылуы мүмкін. Әдетте осы тәріздес шешімдер 

банктерде  айрықша  дербес  болып  табылады,  себебі  ол  менеджерге,  кәсіпорынның 

жетекшісіне  және  сол  фирманың  қаржылық  директорының  немесе  бухгалтерінің 

табандылығына  тәуелді.  Шағын  қаржы-несие  мекемелерінде  осындай  бағыттар  қалыпты 

практика болып есептеледі, яғни онда таң қалатын еш нәрсе жоқ [1].  

Банкте  қызмет  көрсетілетін  компаниялар  дәстүрлі  түрде  шотты  жүргізу,  есеп 

айырысу-кассалық  қызмет  көрсету,  шотты  қашықтықтан  басқару  жүйесін  қолдану,  әр 



543 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



түрлі кредиттер (овердрафттан бастап инвестициялыққа дейін) сияқты банктік өнімдердің 

тұтастай  қатарын  пайдалана  алады.  Әдетте  әрбір  осы  сияқты  қызметтер  үшін  төлемдер 

жалпы тарифке сәйкес өз алдына бөлек алынады. Сондықтан жеке бағыттарға тек өте ірі 

корпоративтік клиенттер ғана иек артуы мүмкін.  

Осы  тұрғыдан  алғанда  корпоративтік  клиенттерді  ынтымақтастық  орнатуға 

ынталандыру мақсатында қызметтерді бір-бірлеп бөлшек түрде емес, көтерме, яғни пакет 

түрінде  пайдаланатындай  етіп  бірнеше  пакеттер  шығарылуы  мүмкін.  Бизнеске  арналған 

өзіндік  «тарифтік  жоспарлардың»,  ұсынылатын  пакеттердің  әрқайсысы  аладын  ала 

төленген  қызметтердің  белгілі  бір  жиынтығын  қарастырады.  Егер  де  клиент  неғұрлым 

ауқымды  пакетті  пайдаланатын  болса,  онда  оның  жекелеген  операциялар  бойынша 

шығындары  азая  түседі,  яғни  өз  қаражатын  елеулі  түрде  үнемдеуге  қол  жеткізеді.  Бұл 

жерде  мән  беретін  нәрсе  ол  –  пакеттер  градациясының  бәрінен  бұрын  бизнестің 

қажеттіліктеріне  негізделе  отырып  жүзеге  асырылатындығы.  Егер  клиент  банктік 

өнімдердің  аз  ғана  бөлігін  пайдаланса,  шот  бойынша  операциялардың  шектеулі  санын 

жүргізетін  болса,  онда  оған  арзанырақ  пакет  жеткілікті  болады,  ал  егер  клиент 

қызметтердің  көптеген  түрін  қолданатын  болса,  шот  бойынша  операцияларды 

айтарлықтай  мөлшерде  жүргізсе,  онда  оған  барынша  толық  «тарифтік  жоспарға»  өту 

тиімдірек болып саналады. 

Корпоративтік клиенттермен жұмысты ұйымдастыру кезіндегі көптеген банктердің 

негізгі кемшілігі – клиенттік базаны басқарудың болмауы. Клиенттік база әдеттегі басқару 

объектісі  ретінде  қарастырылуы  тиіс  және  келесі  аталғандарды  орындауы  қажет:  

клиенттік  базаның  дамуын  жоспарлап  және  болжамдап  отыру;  басымдықтарын, 

ресурстарды, өзгеру уақыттарын анықтау; базадағы өзгерістер бойынша жұмыс процесін 

түзетумен  және  ұйымдастырумен  айналысу;  оңтайлы  ұйымдық  құрылымды 

қалыптастыру; сәйкес келетін технологияларды тағайындау; осы үдеріске қатысушыларды 

ынталандыру мәселелерін шешу; бақылау жүйесін құру [2]. 

Клиенттік  базаны  басқарудың  барлық  жүйесінде  бір  негізгі  қағида  бар,  оның 

көмегінсіз  корпоративтік  клиенттермен  жұмысты  айтарлықтай  жақсарту  мүмкін  емес 

және  сапалы  басқару  тіптен  ақылға  сыйымсыз.  Бұл  жерде  әңгіме  банктің  клиенттік 

базасын құру және сапалы басқару процесін ақпараттық қамтамасыз ету жайында болып 

отыр.  Екінші  деңгейлі  банктер  үшін  бұл  қағидаға  ерекше  көңіл  бөлу  төменде 

аталғандармен түсіндіріледі: 

− 

клиент  ретінде  өздерінің  банкпен  өзара  қарым-қатынастарына  қанағаттанатын 



және  қанағаттанбайтын  компаниялардың,  кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  нақты  санын 

білу  қажеттілігі.  Клиенттердің  мұндай  айтарлықтай  қауіпті  тобын  білмеу  клиенттік 

базадағы ғана  емес, сондай-ақ бизнестегі жоғалтуларға әкеліп соқтырады; 

− 

табысты клиенттерді тартуды жоспарлау үшін басшылықтың осы жұмыс бағыты 



бойынша нарықта орын алып жатқан нақты жағдайлардан хабардар болу міндеттілігі. Бұл 

жерде әр түрлі ақпарат көздері маңызды рөл атқарады: статистикалық (қызмет нәтижесі 

бойынша қандай компаниялар жоғары табыстылыққа ие), экономикалық-саяси (салмақты 

«пакет» ұстаушы клиенттердің арасынан қайсысының банкротқа ұшырауы мүмкін немесе 

экономикалық қиындықтарды бастан кешіруде),  жеке (қайсы клиенттердің банкпен өзара 

байланысына көңілдері толмайды және басқа банкке кетуге дайын); 

− 

клиенттермен жұмыс барысында банктің ішкі тізбегінің қай бөлімдері жеткілікті 



дәрежеде жұмыс істемейтіндігін, клиенттік базаның құрамына әсер ететіндігін және елеулі 

жағымсыз жағдайларға әкелетіндігін түсіне білу. 

Бұлардың 

барлығы 


клиенттермен 

жұмыстың 

ішкі 

компоненттеріне 



(технологиялардың  бәсекеге  дайындығы,  қызметкерлердің  біліктілігі,  ынталандыру 

жүйелері және т.б.) талдау жүргізуді талап етеді. 

Әдетте  клиенттік  базамен  жұмысты  банктің  басқармасы  ұйымдастырады. 

Дегенмен,  көпшілік  жағдайда  банктер  бұл  мақсат  үшін  клиенттермен  жұмыс  бойынша 




жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау