Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет228/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   420

461 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



инвесторлардың  қаражаттары  мен  ресурстарын  индустриализациялау  бағдарламасын 

қаржыландыру процесіндегі жоғары маңыздылығын айқындайды. 

Бұл үшін мемлекеттің ерте кезеңде жүйелік тәуекелдерді және олардың көріністерін 

анықтау, алдын алу және еңсеру қабілеттерін арттыру үшін қадағалау және реттеу жүйесін 

нығайту  жөніндегі,  қаржы  ресурстарын  жұмылдыру  мәселелеріндегі  мемлекеттің  рөлін 

айқындау  жөніндегі,  қаржы  ұйымдары  жүзеге  асыратын  қызметтің  айқындылығын 

қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер іске асырылады.  

Сонымен  қатар  инвесторларды  және  қаржылық  қызмет  көрсетулерді 

тұтынушыларды  қорғауды  қамтамасыз  ету  жөніндегі  рәсімдер  жетілдіріледі. 

Корпоративтік басқару және қаржы ұйымдарының тәуекел-менеджменті одан әрі дамиды. 

Депозиттерді  сақтандырудың  Қазақстандық  жүйесі  қайтару  схемасын  жеңілдетуге 

бағытталған, қайтарым көлемін арттыру, сақтандырылатын депозиттер түрлерін көбейтуге 

жұмыстар  атқарып  жатыр.  Қазақстан  көптеген  Еуропалық  мемлекеттер  мен  АҚШ-тың 

сәтті тәжірибесіне сүйеніп, ұсақ және орта салымшылардың мүддесін қорғау мақсатында 

банктік депозиттерді кепілдендіру жүйесін таңдап алды.  

Қазақстанның  қаржы  секторын  дағдарыстан  кейін  дамытудың  бірінші  кезектегі 

міндеттері  ел  экономикасын  дамытуды  қаржыландырудың  негізгі  тетігі  ретінде 

мемлекеттік-жеке  әріптестік  институтын  пайдалану,  сондай-ақ  қаржы  секторын  реттеу 

мен қадағалаудың негізгі қағидаты ретінде контрциклдық қағидатты пайдалану болады. 

Көптеген  елдердің  экономикалық  тәжірибесі  экономиканы  мемлекеттік  реттеудің 

бәсекелестіктің  нарықтық  тетіктері  мен  жеке  кәсіпкерлік  бастаманы  мақсатқа  сай  қатар 

қолдану  шараларының  артықшылығын  растап  отыр.  Осыған  байланысты  экономиканы 

шоғырландырылған  негізде  мемлекеттік  жоспарлау  мен  ынталандырудың  рөлі  артады. 

Сонымен  қатар,  еркін  нарықтың  бәсекелестік,  жеке  меншікке  қол  сұқпау  және  іскерлік 

бастаманы қолдау сияқты базалық қағидаттары тұрақты болып қалады, ал жеке сектордың 

тиімді қызметі ынталандырылады. Ішкі ресурстарды жұмылдыру жөніндегі міндетті шешу 

үшін  республиканың  қаржы  секторына  деген  сенімді  қалпына  келтіру  басым  бағыт 

болады.  Бұл  ретте  қаржылық  қызмет  көрсетулер  аясын  кеңейту  жөніндегі  жұмыс 

жандандырылады. 

Жинақтаушы  зейнетақы,  әлеуметтік  және  медициналық  қамсыздандыру 

(сақтандыру)  жүйелерін  одан  әрі  жетілдіру  шеңберінде  нарықтық  қағидаттарды  және 

жинақтаушы  зейнетақы  қорлары  мен  сақтандыру  компанияларының  мүмкіндіктерін 

неғұрлым  кеңінен  пайдалана  отырып  әлеуметтік  қамсыздандыру  жүйесінің  жаңа 

тұжырымдамасы ұсынылады.  

Осы  жұмыс  шеңберінде  күш-жігер  тек  азаматтардың  әлеуметтік  қорғалуын 

арттыруға  ғана  емес,  сонымен  қатар  ел  экономикасын  ұзақ  мерзімді  қаржыландыруды 

қамтамасыз етуге қабілетті институционалдық инвесторлардың мүмкіндіктерін нығайтуға 

бағытталады. 

Қазақстан  қаржы  секторының  сыртқы  қарыз  алуға  тәуелді  болуының  теріс 

тәжірибесі  қаржыландырудың  ішкі  көздерін  тарту  жөніндегі  жұмысты  жандандыруды 

басым  бағыт  ретінде  айқындайды.  Бұл  ретте  ел  ішінде  қаржы  ресурстарын  жұмылдыру 

жөніндегі  жұмыстың  жинақталған  тәжірибесі  депозиттерге  кепілдік  беру  және  оны 

сақтандаруды жетілдіруді талап етеді. 

Қaзaқстaнның  қаржы  жүйесі  нарықтық  шоғырландырудың  барынша  жоғары 

деңгейімен  сипатталады.  Әсіресе,  бұл  елдің  банктік  және  зейнетақы  секторларына 

қатысты.  Осындай  үрдістердің  болуы  және  Қазақстанның  қаржы  секторы  үшін  қазіргі 

дағдарыстың  салдарлары  аса  ірі  қаржы  институттарының  тәуекелдері  бүкіл  қаржы 

жүйесінің жай-күйіне жүйелік қысым көрсететін дәстүрлі теорияны тағы да растайды. 

Мұндaй  жaғдaйлaрдa  дaғдaрыстaн  кейінгі  дaмудың  негізгі  бaсымдықтaрының  бірі 

қaржы  секторындaғы  бәсекелестікті  ынтaлaндыру  болып  тaбылaды.  Мұның  өзі  тікелей 

шaрa  ретінде  бірінші  кезекте  бaнктердің  кaпитaлының  ең  төменгі  мөлшерін  біртіндеп 



462 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



ұлғaйту  қажеттілігін  көздейді.  Олaрды  ірілендіру  және  топтaстыру  не  қaржы 

институттарының  бaсқa  түрлеріне  қaйтa  құру  жaппaй  өнімдер  бойыншa  ірі  бaнктерге 

тиісті  бәсекелестік  көрсетуге  қабілетті  орташа  банктердің  нарықтық  үлесінің  өсуіне 

себепші болады.  

Сонымен қaтaр бaнктерді және бaнк өнімдерін дамытудың неғұрлым табысты шарты 

олардың бәсекеге қабілеттілігі болып табылады. Бұл сонымен қатар, әсіресе, aймaқтaрдa 

банктік  қызмет  көрсетудің  барынша  ауқымды  тізбесін  қамтуды  кеңейту  және  халықтың 

қол жетімділігі тұрғысынан алғанда маңызды [2]. 

Депозиттер  нарығын  одан  әрi  жетiлдiру  мен  кеңейтудің  маңызды  факторларының 

бiрi  –  банктің  басқа  қаржылық  ұстамдармен  салыстырғанда  беделдi  және  басқа  салым 

түрлерiмен  салыстырғанда  пайыздық  мөлшерлердiң  бәсекеқабiлеттiлiгі,  сондай-ақ 

депозиттердің  бiр  түрінің  аумағында  банктің  қызмет  спектрын  ұлғайту  –  арнайы 

депозиттерде,  өйткенi  осы  депозит  салымшылар  мүддесiн  қорғауда  жоғары  икемдiлiкке 

ие. 


Жеке  тұлғалардың  депозиттеріне  кепілдік  беру  жүйесінің  тұрақтылығын  ұлғайту 

үшін  қатысушы  банктердің  күнтізбелік  жарналарды  төлеудің  барынша  консервативтік 

жүйесі енгізілетін болады. Тәуекелді және агрессивті стратегияларды қолдайтын банк, өз 

тәуекелдерін барынша азайту  жөнінде шаралар қабылдайтын басқа қатысушы банктерге 

қарағанда,  әсіресе  экономикалық  циклдің  көтеріңкі  фазасы  жағдайында  көбірек  төлеуі 

тиіс. 


Сaқтaндыру нaрығындa сaқтaндыру төлемдерінің кепілдік беру жүйесіне тартылған 

сақтандыру сыныптарының (түрлерінің) аясын кеңейту мүмкіндігін қарастыру қажет. 

Сонымен  қатар  Қаржылық  есептілік  депозитарийіне  берілетін  ақпарат  спектрін 

кеңейту мәселесі қаралады. 

Тұжырымдаманы  іске  асыру  елдің  үдемелі  индустриялық-инновациялық  дамуы 

жөніндегі, сондай-ақ қаржы секторының тұрақты дамуы және оған деген сенімді нығайту 

үшін жағдайлар жасау жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін қаржы ресурстарын тартуды 

қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ 2015-2020 жылдарға арналған 

стрaтегиялық  жоспaрындa  қордың  aлдaғы  үш  жылғa  aрнaлғaн  қызметінің  стратегиялық 

бағыты, мақсаттары және басымдылықтары анықталған. 

Стратегиялық  бағыт  экономикалық  орта  мен  жоспарланған  кезең  ішінде  күтілетін 

тәуекелдерді  талдауға  негізделген.  Қор  кешенді  стратегиялық  басқарудың 

тұжырымдамасы негізінде дамиды, ол қор ұшырауы мүмкін неғұрлым елеулі тәуекелдерді 

талдауды, оларды барынша азайту бойынша тиімді шаралар мен іс-қимылдарды әзірлеуді, 

депозиттерге  кепілдік  беру  жүйесін  дамытудың  сапалы  жаңа  кезеңдеріне  көшу 

мақсатында қор қызметінің негізгі бағыттарын одан әрі жетілдіруді қамтиды. 

Қордың  стратегиялық  даму  жоспары  миссияны  тиімді  жүзеге  асырудың  бағытын, 

сондай-ақ біздің дүниетанымдық тұжырымдаманы – өз миссиясын әлем тәжірибесінің ең 

үздік жетістіктерін қолдана отырып, депозиттерге кепілдік берудің тиімді жүйесі болуға 

қол жеткізу үшін жұмсайтын күш-жігерін болжайды.  

Қор өте аз уақыт кезеңі ішінде өз дамуында  «pay-box» жүйесінен немесе  «қаражат 

жинақтауға  арналған  себеттен»  сапалы  жаңа  деңгейге  –  барабар  бағалауға  арналған 

құралға  және  оған  тән  тәуекелдерді  нақты  басқаруға  ие  жүйеге  өте  отырып,  жоғары 

нәтижелерге қол жеткізді. 

Депозиттерге мемлекет кепілдігі. Өткен үш жыл ішінде мемлекеттегі және одан тыс 

жерлердегі  жалпы  экономикалық  ахуал,  күрделі  проблемалар  мен  анықсыздықты  әкеле 

отырып  күшті  шиеленісті.  Ішкі  және  сыртқы  қаржылық  ландшафтыдағы  осындай 

өзгерістер  ғаламдық  қаржылық  дағдарыстың  әсерін  жеңілдетуге  және  қаржылық 

тұрақсыздық  проблемасына  қадала  назар  салуға  бағытталған  бірқатар  мемлекеттік  және 

реттеуші шараларды қабылдауға алып келді. 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау