459
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің
ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.
Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе
болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан
келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын),
нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).[4]
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте
болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік
беретін түрлі шаралар қолдануға болады.
Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына
тәуелді.
Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты
тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік.
Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл
тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық, транспорттық және
коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік, саудалық).
Сонымен, тәуекелдерді басқару ролінің маңыздылығын нығайту және оны
маманды қызмет сферасына шығару бүгінгі таңда қазақстандық экономиканың тұрақты
дамуына жетудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Қаржылық тәуекел деңгейін төмендету үшін әртүрлі әдістер қолданылады:
1. Девирсификация
2. Нәтижелер және таңдаулар туралы қосымша ақпараттар алу
3. Литмиттеу
4. Сақтандыру және т.б.
Девирсификация - бұл өзара байланысты есем әртүрлі объектілер арасында
инвестицияланатын қаражаттарды бөлу процесі.
Деверсификациялар қағидасының н.егізінде инвестициялық қорлардыңқызметі
жатыр яғни клиенттеріне өз акцияларын сататын, алынған қаржыларын тұрақты табыс
әкелетін әртүрлі бағалы қағазға салу.
Инвесторға тәуекелді төмендету және жақсы болжам жасау үшін және ең жақсы
болжам жасау үшін жеткілікті толық шынайы ақпарат қажет. Сондықтанда ақпарат құнды
тауар т.б. және ол үшін ақы төлеу қажет.
Лимиттеу - бұл шекті белгілеу яғни шекті шығындар сомасын белгілеу, бұл
ссудалар беруде овердовтқа келісімшарттар жасауда банктермен қолданады. Сондай - ақ
займдарды ұсыну тауарларды несиеге сатуда шаруашылық субъектілерін капитал
салымының сомаларын анықтауда инвестормен қолданады.
Сақтандыру - бұл тәуекелден толықтай немесе ішінара қашу үшін табыстың
жартысынан инвестрдың бас тартуы.
Тәуекел - капитал кезкелген түріне тән бірақта тәуекелмен тікелей бацйланысты
капиталды бөліп қарауға болады. Бұл венчурлік капитал немесе - бұл үлкен тәуекелмен
байланысты қызметтің жаңа сферасында болатын жаңа акцияларды шығару түрінде
болатын инвестициялар.
Сонымен, кәсіпорынның қызметі үшін барынша маңызды келесі тәуекелдерді атап
көрсетуге болады:
•
Сатып алушылардың төлемеу тәуекелі;
•
Капитал айналымы жылдамдығының нашарлауымен жоғалтулар тәуекелі;
•
Кәсіпорынның айналым құралдарын тиімсіз пайдалану тәуекелі және т.б.
Қолданылған дереккөздер тізімі
1. Жуйриков К.К., С.Р.Раимов. Корпоративные финансы. Оқулық. –Алматы:
АЭИСИ, 2004г.-с.338
460
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
2. Заманбек А. Қаржылық тәуекелдің теориялық аспектілері. //Экономика
негіздері, №1(31), -бет28
3. Өсербайұлы С. Корпоративтік қаржы. Алматы: Қазақ университеті, 2009 жыл
4. Кадерова Н.Н. Корпоративтік қаржы: Оқу құралы.-Алматы:Экономика, 2008.
Қазақстанда банктік салымдарды кепілдендіру және сақтандыру жүйесінің
даму бағыттары
Бекділда Ж.Б.
Алматы экономика және статистика академиясы
E-mail: zhanbekdilda
@gmail.
com
Жaһaндық қaржы-экономикaлық дaғдaрыс жaппaй жaлпы әлемдік aуқымдaғы және
сол сияқты ұлттық деңгейдегі қaржылық қaтынaстaрдың қолдaныстағы модельдерінің
кемшіліктерін көрсетті. Әлсіз жақтары мемлекеттік реттеу құрылымында және қаржы
институттарының өздерінің қызметінде анықталды.
Қaржы институттарының проблемaлaры тәуекелдерді бaсқaру жүйелерінің
жетілмеуінде және қазіргі заманғы үрдістерге және қабылданатын тәуекелдер деңгейіне
(дәрежесі бойынша, сол сияқты және тәуекел сапасы бойынша) сәйкес келмеуінде,
корпоративтік басқару деңгейінің төмен болуында, айқындылықтың жеткіліксіздігінде
және осының салдарынан теріс үрдістерге сезімтал болып отырған бизнес-модельдердің
тиімсіздігінде пайда болды.
Дaғдaрыстaн кейінгі кезеңнің айрықша белгілерінің бірі қаржы секторының
анықталған проблемаларын жою қажеттілігі, жіберілген қателерді түзету және тұрақты
әртараптандырылған өсуді қамтамасыз ету болып табылады. Егемен Қазақстанның қазіргі
заманғы, тұрақты және бәсекеге қабілетті қаржы жүйесін құру жөніндегі жұмысты
жалғастыру қажет.
Өзінің әлеуетін жоғалтпай, қалыптасып отырған нақты жағдайларды ескере отырып,
пысықтау мен жетілдіруді талап ететін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы
25 желтоқсандағы № 1284 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы
секторын дамытудың тұжырымдамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 30 қаңтардағы № 90 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының өңірлік
қаржы орталығын дамытудың 2020 жылға дейінгі жоспары іске асыру жөніндегі жұмыс
жалғастырылады.
Тұжырымдаманың негізгі мақсаты басқару мен реттеудің сапалы жаңа деңгейіне
көшу бөлігінде қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде төмендегілер арқылы дамыту
болып табылады:
1) қаржы секторының тұрақтылығын арттыру;
2) ағымдағы қаржы-экономикалық дағдарыс барысында анықталған кемшіліктерге,
тұрақсыздық факторларына және құбылыстарына жол бермеу бойынша жағдайлар жасау;
3) дағдарыстан кейінгі кезеңде макроэкономикалық шешімдерді іске асыру құралы
ретінде инвестициялық белсенділікті ынталандыру;
4) инвесторлар тарапынан, сол сияқты қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылар
тарапынан елдің қаржы секторына сенімді нығайту [1].
Мемлекеттің қаржы ресурстарын жұмылдырудағы күш-жігері бірінші кезекте ішкі
инвесторларға бағдарланады. Экономиканың ішкі ресурстары өзінің әлеуетін сақтайды
және ішкі, оның ішінде көлеңкелі секторда айналыстағы жинақ ақшаны тез және ауқымды
тарту жөніндегі құралдарды жедел енгізу қажет. Сонымен қатар Қазақстанның шағын
экономикасына
қатысты
жағдайларда
ресурстардың
шектеулілігі
шетелдік