30
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы
Байгожа Н.Д.
Алматы экономика және статистика колледжі
E-mail:
nazgul.baigoja@gmail.com
Қай елдің болсын әлеуметтік саласының ең жанды жері – жұмыссыздық екені
жасырын емес. Бүгінде жұмыссыздық мәселесімен әлем бойынша күрес жүруде.
Жұмыссызық жоқ мемлеке тбола қоймас, бірақ оны азайтып жатқандар баршылық.
Соның ішінде өзіміздің Қазақстан Республикасыдва бар.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
тікелей тапсырмасымен дағдарысқа қарсы Үкімет қабылдаған іс-қимыл шаралары
шеңберінде жүзеге асырылған “Жол картасы” бағдарламасының еліміздің барлық
өңірлерінің тұрғындарының қиындықтан қиналмай шығуына тигізген игі ықпалы
өлшеусіз.Қаржы тапшылығы белең алған сол кезеңде мемлекет тарапынан бөлінген
қаржы есебінен “Жол картасы” бағдарламасы бойынша іске қосылған жобалар
елімізде жұмыссыздықтың белең алуына тосқауыл қойды. Мәселен, 2009 жылғы “Жол
картасы” шеңберінде еліміз бойынша 5300 жоба жүзеге асырылып, 248 мың адам
жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және “Жастар тәжірибесі”
бағдарламасын кеңейту шараларының нәтижесінде оқу орындарын бітіргендердің және
басқа да жастар тобының қатарынан 125 мың адам жұмысқа орналастырылды. 97,7 мың
адам кәсіптік оқу орындарында даярлықтан және қайта даярлықтан өткізілді. Қорыта
айтқанда, 2009 жылғы “Жол картасы” шараларын іс жүзіне асыру нәтижесінде 146 мың
адам тұрақты жұмыс тапты. Қаржы дағдарысы қыспағында қалған әлемнің бірде-
бір елінде мұндай игілікті бастама жүзеге асқан жоқ[1].
Келесі бағыт«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша ауыз
толтырып айтарлықтай істератқарылып жатыр.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды
ұйымдастыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға
жәрдемдесу. 2014 жылға арналған бағдарламаның барлық бағыттары бойынша жалпы
707,2 миллион теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңде жоспар бойынша сол қаржының
688,8
миллион
теңгесі
игерілді
немесе
ол
97,3
пайызды
құрады.
Бағдарламаның 1-ші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» арқылы 2014 жылы
410 миллион 373 мың теңге қаржы бөлініп, 6 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары
жүргізілді. Сөйтіп, 107 азаматты жұмыспен қамту жоспарланып, 108 азамат уақытша
жұмыспен қамтылды[2].
Бағдарламаның «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және
тірек ауылдарды дамыту» атты 2-ші бағыты бойынша 2014 жылы 134 азаматқа шағын
несие алуға 202 миллион 300 мың теңге қаржы бөлінген. Ал, жетіспейтін инженерлік-
коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 15 азаматқа республикалық және
облыстық бюджеттен 50 миллион теңге қаржы бөлінді[3].
Бүгінгі таңда 15 азаматтың өтініштері бойынша 8 азаматқа 3-фазалық электр
желісі, 6 азаматқа күн сәулелі батереямен жабдықтау, бір азаматты кіші қысымдағы газ
құбыры желісімен қамтамасыз ету үшін олардың құрылысына бас мердігер ретінде
«Кондор Даму Құрылыс» ЖШС танылып, 46 миллион 992 мың теңгесі игерілуде. Қазіргі
таңда 8 азаматқа 3-фазалық электр желісінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп,
қондырғылары орнатылды. Кіші қысымдағы газ құбыры желісі жеткізілді. Бүгінгі таңда 6
азаматтың өтініштері бойынша жайылымдық мал шаруашылығын жарықтандыруға күн
сәулесінен алынатын электр қондырғысын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалына несие
алуға 358 үміткердің тізімі жолданды. Қазіргі таңда 82 азаматқа өз кәсібін дамытуға
31
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
шағын несие беріліп, 2014 жылға бөлінген қаржының 194 миллион 400 мың теңгесі
игерілді. Оның ішінде: өз ісін ашуға 62 азамат, өз ісін кеңейтуге 20 азамат несие алды.
«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша осы
жылдың 30 қазанына дейін 82 азамат несие алған. Сонымен қатар осы бағыт бойынша
облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасына 2015 жылға 820 миллион теңге сұраныс берілді. «Ауыл шаруашылығын
қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалына аталған бағдарламаға сәйкес
облыс аумағында шағын тауарлы сүт фермаларын құру, мал бордақылау алаңдарын соғу,
сүт дайындау пункттерін ашу және сүтті өңдеу бағдарламаларының бағыттары бойынша
несие алуға ниетті 35 азаматтың тізімі жолданған. Қазіргі таңда 11 азамат несие алып,
асыл тұқымды сауын сиыр сатып алуда және мемлекет тарапынан беретін субсидияға
құжаттарын дайындауда.
Бағдарламаның 3-ші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту
және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» «Әлеуметтік бос жұмыс
орындарына» республикалық бюджеттен 40 адамға 8 миллион 726 мың теңге бөлінді. 46
азаматқа аудандағы 16 шағын кәсіпкерге жұмысқа орналасуға жолдама беріліп, ағымдағы
жылға
қаралған
қаржының
7
миллион
180
мың
теңгесі
игерілді.
Ал «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 120 азаматқа 23 миллион 669 мың теңге
қаражат бөлінген. Бүгінде қайта даярлау курсын 17 азамат аяқтап, тұрақты жұмыспен
қамтылды. Біліктілігін арттыру курсына 436 мың теңге қаржы бөлінген.
Жалпы «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 505 адам
жұмыспен қамтылды. Осы бағдарлама арқылы 1189 адам тұрақты және уақытша жұмысқа
тұрды.
Қалған
90
адамды
жұмыспен
қамту
іс-шаралары
жүргізілуде.
Ауылдық округ аумағында «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасын
жарнамалау мақсатында 4 елді мекенге билбордтар ілінді. Мамандардың біліктілігін
арттыру мақсатында Астана, Алматы және Шымкент қалаларына 5 маман дәріс алып,
сертификаттар алды[4].
Қолданылған дереккөздер тізімі
1 Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті
жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
2 Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақ энциклопедиясы, 4 том;
3 Жоғарыға көтеріліңіз↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме
сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
4 Жоғарыға көтеріліңіз↑ http://www.paydesk.co
Английский язык - язык новых технологий
Бахтиярова З.А.
Алматинский колледж экономики и статистики
E-mail:
aminaakzhan@mail.ru
Good day, my dear colleagues and students! Today’s our conference is dedicated to a
presidential address to the nation from the president of the Republic of Kazakhstan Nursultan
Nazarbayev. The address is called “The 3rd modernization of Kazakhstan: Global
Competitiveness. He noticed that English language is language of new technologies.
Президент Республики Казахстан в своем послании «Третья модернизация
Казахстана: глобальная конкурентоспособность» уделил внимание английскому языку как
к языку новых технологий.