36
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
болашақ, қазақстанның бәсегекеге қабілітті мемлекет қатарына енгізілу құндылықтары
жатыр.
«Қазақстан – 2050» мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы
жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын.
Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын. Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып,
Жасай берсін елдігіміз мәңгілік!», - деп аяқтады өз Жолдауын Мемлекет басшысы.
Жалпыұлттық идея бүкіл қазақстандық азаматтардың патриоттық сезімдерін
ұлғайтуға және Қазақ Елінің болашақта әлемдік аренада биік белестен орын алып,
бәсекеге қабілетті мемлекет екеніне сенім білдіретін стратегия.
Қорыта айтқанда
Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Мәнгілік Ел» идеясы— Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси көрегенділігінің,
парасаттылығының көрінісі деп тұжырымдауға болады.
Қолданылған дереккөздер тізімі
1.
БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ҚАСТЕРЛІ ҚАЗЫНА. Егемен Қазақстан
№238 (28966) 10 желтоқсан, 2016 жыл.-1 б
2.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар
3.
«Нұр Отан» партиясы: «Мәңгілік Ел» идеясы – дініміз бен тіліміздің беріктігін
айқындайды. Түркістан халықаралық саяси апталық газеті 3 сәуір 2017 жыл.- 1 б.
4.
Ералы Тоғжанов: 25 жылдың 25 сәті. "Егемен Қазақстан" газеті. 09.08.2016 ж.
5.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ӘКІМШІЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХАТШЫЛЫҒЫ . Қазақстан халқы
Ассамблеясы жылын өткізу тұжырымдамасы.
№ исх: 13-04-15/6091//35-27.1 от:
06.01.2015.
Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәдениетінің қалыптасу тарихы
Жақсыбаева А., Кулбашева Т.
Ғылыми жетекшісі Рысбекова Г.Е. п.ғ.к.
ҚР, Алматы қ., Евразиялық Технологиялық Университеті
E-mail: arujan_
_2006@mail.ru
Көп ұлтты қоғамның тұрақты дамуының кепілі ретіндегі түрлі ұлт өкілдерінің
бірге бейбіт өмір сүруі, олардың өзара қарым-қатынасын реттеу, өзара келісімді
қамтамасыз ету негізінде ұлтаралық қатынас мәдениетінің ұстанымдары қалыптасты. Бұл,
ең алдымен, гуманизм, өзара сыйластық, түрлі ұлт өкілдері арасындағы сенім, бір біріне
өзара көмек көрсету құндылықтарына сайып келеді.
Олар ұлтаралық қатынастағы сыйластық, ұлттық ожданға, ұлттық тілге, салт-
дәстүрге, құндылықтарға деген құрметті білдіреді.
Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар тарихи дамудың түрлі кезеңдерінде
этностар өмірінің мүдделеріне сәйкес болды. Оған заманның ерекшеліктері, мемлекеттің
ұлттық саясаты, сол кезеңнің ғұрыптары әсер етті. Тарихи даму кезеңдердің қойнауында
жүзеге асырылған ұлтаралық қатынастардың ерекшеліктері этностардың жеке және
ұжымдық жадында, менталитетінде сақталып қалды. Мұны ұлтаралық қатынас
мәдениетінде назарға алып, ұмытпауға тиістіміз.
Ұлтаралық қатынас мәдениеті – тарихи ұғым, ол белгілі бір әмбебап мазмұнға
ие. Дегенмен, ол нақты бір уақытта, нақты бір елде өзіндік ерекшелікке ие. Қазақстандағы
ұлтаралық қатынас мәдениетінің тарихи тамырларына зер салғанда қандай тарихи
фактілер мен оқиғаларды білу қажет. Бұл Қазақ жерінің Ресей империясы құрамында
37
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
болған кезеңде патша үкіметінің аумақтық, әкімшілік реформалары барысында халықтың
этникалық құрамы үлкен өзгеріске ұшырады. Қазақстан енді бірұлтты емес, көпұлтты
елге айналды. 1897 жылғы санақ есебі бойынша Қазақстанда 4 млн. 147 мың адам өмір
сүрген.
Сол дәуірдің құжаттарының тілімен сөйлегенде халық «жергілікті» - қазақтар,
«орыс қоныс аударушылары» болып бөлінген және «басқалар», яғни оған жоғары
аталғандардан басқа этностардың бәрі кірген. Сол кезде Қазақстан Далалық және
Түркістан генерал-губернаторлығы болып екіге бөлінді. Далалық өлкеде қазақтар – 77%,
орыстардың үлес салмағы 20%, басқа ұлт өкілдерінің барлығын қоса есептегенде – 3%-ды
құрады.
Ал Түркістан өлкесінде мұндай көрсеткіштер төмендегідей болды: «жергілікті
бұратаналар» – 94,4%, орыстар – 3,7%, басқа халықтар – 1,9%. Жалпы Қазақстан бойынша
халықтың этникалық құрамы төмендегідей көрсеткіштерді құрады: жергілікті халық –
85.7%, ХІХ ғ. соңына қарай қоныс аударушылар – 11.9%, басқа халықтар – 2,4% [1]. XX ғ.
басында «столыпин реформасы» кезінде Қазақстанға қоныс аудару қозғалысының
белсенді жүргізілуіне байланысты еліміздің этникалық құрамы едәуір өзгеріске ұшырады.
І дүниежүзілік соғыс қарсаңында 1913 ж. қазақтар - 58,5%, ал орыстар 29,6% құрады [2]
Қазақстан халқы құрамының көпұлтты болып қалыптасу үдерісі кеңестік
дәуірде одан әрі күшейді. Оған алғышарт болған тарихи оқиғаларға мыналар жатты:
индустрияландыру кезінде жаппай сипат алған миграциялық үдерістер, күштеп
ұжымдастыру мен саяси қуғын-сүргін науқандары, тұтас халықтарды күштеп қоныс
38
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
аудару, Ұлы Отан соғысы кезіндегі бейбіт халықты эвакуациялау, тың және тыңайған
жерлерді игеру. 1926 жылы 17 желтоқсанда екінші бүкілресейлік халық санағы жүргізілді.
1926 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстанның этникалық құрамы
төмендегідей болып қалыптасқандығын көрсетті: қазақтар – 3 627 612 адам немесе 58,5%,
орыстар – 20,6%, басқа ұлт өкілдері – 20,9% құрады [3, 31 б.].
Қазақстан үшін аса ауыр нәубет әкелген ұжымдастыру мен көшпелі халықты
күштеп отырықшыландыру науқаны еді. Өйткені, кеңес үкіметінің есепсіз саясаты
Қазақстанда 1930 – 1933 жылдарды қамтыған үлкен аштыққа алып келді. Қазақ
даласында бұрын-соңды болып көрмеген бұл аштықтан ресми дерек бойынша 1 млн 750
мың адам немесе қазақ халқының 42%-ы қырылып қалды [4]. Аштық пен қуғын-сүргіннен
бас сауғалап 1 млн 30 мың адам Қазақстаннан тыс жерлерге кетуге мәжбүр болып, оның
616 мыңы қайтып оралмады. 200 мыңға жуық қазақ Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран,
Түркия елдеріне асып кетті.