Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет376/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   420

760 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



6.  Комaров  С.,Нурумов  A.  Большиe  проблeмы  мaлого  бизнeсa  (О  проблeмaх 

рaзвития прeдпринимaтeльствa в Кaзaхстaнe) // Кaзaхстaнскaя Прaвдa – 2011 -21 маусым 

5б. 

7.  Меньшова  Е.В.,  ФГБОУ  ВО  РГАТУ  г.  Рязань,  Российская  Федерация 



ОРГАНИЗАЦИЯ БУХГАЛТЕРСКОГО УЧЕТА НА МАЛЫХ ПРЕДПРИЯТИЯХ (180-182 

бб.) 


 

 

 

Қаржылық есептіліктің мағынасы мен ақпарат  пайдаланушылары 

 

Сейдахметова Ф.С., Кошкимбаев С.Х., Асылбаев Е.  

Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы қ.   

Е-mail:


 favziy@inbox.ru,

 

erkebulan.asylbaev@mail.ru



 ,  

 

Қаржылық есептілік туралы заңнама «бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік 

туралы»  ҚазақстанРеспубликасының  1995  жылғы  26желтоқсандағы  №  2733  Заңымен 

(2002  жылғы  24  маусымдағы  өзгерістерімен  бірге),  «Қаржылық  есептілікті  ұсыну»  

туралы  2003  жылғы  17  қаңтардағы  №  30  бухгалтерлік  есеп  стандартымен,  ҚР  Қаржы 

министрлігі бекіткен басқа да актілермен ұсынылған.  

Бұдан  бұрын  қолданыста  болған  «Бухгалтерлік  есеп  туралы»  Жарлық 

редакциясына  енгізілген  елеулі  толықтырулар  бухгалтерлік  есептің  Қаржылық  есептілік 

халықаралық  стандарттарында  белгіленген  қағидасына  ауыстырылуына  байланысты. 

«Бухгалтерлік есеп және  қаржылық  есептілік  туралы»  Заңның  2-1 бабына сәйкес 

қаржылық есептілікті жасау қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес 

мемлекеттік мекемелерден басқа ұйымдармен жүзеге асырылады. Бұл талап 2003 жылғы 1 

қаңтардан  бастап  ҚР  Үкіметімен  белгіленген  жекелеген  ұйымдар  үшін  және  басқа 

ұйымдар  үшін  2004  жылғы  1  қаңтардан  бастап  күшіне  енеді.  Сонымен  бірге,  өзге  де 

ұйымдар  2003  жылғы  1  қаңтардан  бастап  өз  еркі  бойынша  Қаржылық  есептіліктің 

халықаралық стандарттарын қолдануға құқылы болды. 

«Бухгалтерлік  есеп  және  қаржылық  есептілік  туралы»  ҚР  Заңының                             

5-1  бабына  сәйкес  қаржылық  есептіліктің  бухгалтерлік  есебін  жүргізу  қағидаларының 

тізбесі қайта түзетілген.  «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңына 

сәйкес  республикада  есептеу  мен  үздіксіздік  есеп  жүргізу  және  қаржылық  есептілікті 

жасау  қағидалары  болып  табылады.    Осы  Заңда,  бұдан  басқа  түсініктілік,  орындылық, 

сенімділік және салыстырмалылық қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары 

екендігі айтылады. 

Қаржылық есептілікке барынша егжей-тегжейлі талаптар ҚР ҚМ-ның бұйрығымен 

бекітілiп    Қаржылық  есептілікті  дайындау  мен  ұсынуға  арналған  тұжырымдалық 

негіздемелер заман мен сәйкес толықтырылады. Сонымен қатар, экономикалық шешімдер 

объект ретінде, негізінде өткен оқиғалардың қаржылық нәтижелерін көрсетінін ескерген 

жөн. 


Қаржылық есептілік, сондай-ақ: 

- инвестициялық шешімдер және несиелер беру бойынша шешімдерді қабылдау; 

- ұйымның болашақ ақша ағындарын бағалау; 

-  оның  басқаруындағы  ресурстарға  байланысты  ұйымның  ресурстарын, 

міндеттемелерін бағалау; 

- басқарушы органдардың жұмысын бағалау үшін пайдалы ақпараттан тұрады. 

Бухгалтерлік  теңгерімдегі  ақпарат  ұйымның  қаржылық  жағдайын  анықтау  үшін 

пайдалы.  Кірістер  мен  шығыстар  туралы  есептегі  ақпарат  ұйымның  қызметі 

нәтижелерінің  көрсеткіштерін  өзгерту  үшін  қажет.  Ақша  қозғалысы  туралы 



761 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



есептіліктердегі  ақпарат  өзінің  ақша  қаражаттарын  оңтайлы  пайдалануға  ұйымның 

қабілеттіктерін бағалау кезінде пайдалы.  

Қаржылық  есептіліктер  ұйымның  шаруашылық  қызметі  органдарының  түрлі 

активтерін  бейнелейтін  болғандықтан  өзара  байланысты  болып  табылады.  Әрбір  есеп 

әртүрлі  ақпаратты  ұсынады,  бір  мақсатты  білдірмейді  және  пайдаланушылардың 

белгіленген қажеттіліктері үшін қажетті барлық ақпаратты бермейді. Яғни, кірістер мен 

шығыстар  туралы  есеп  егер  ол  бухгалтерлік  теңгерім  және  ақша  қозғалысы  туралы 

есептілікпен байланысында пайдаланылмаса, онда қызметтік толық бейнесін көрсетпейді. 

Қаржылық  ақпараттарды  пайдаланудың  екі  негізі  тобы  бар:  ішкі;  сыртқы.  Өз 

кезегінде,  бұл  топтар  пайдаланушылардың  екі  санатына  бөлінеді.  Бұл:  -  субъектіні 

басқаратындар; субъекттен тыс болатындар, бірақ тікелей қаржылық мүдделері бар. 

 

Қаржылық  есептіліктің  халықаралық  стандарттарына  сәйкес  қаржылық  есептілік 



тек  министрліктер  мен  ведомстволар  үшін  ғана  емес,  сонымен  қатар  басқа 

пайдаланушылар  үшін,  және  ең  алдымен  несие  берушілер  мен  инвесторлар  үшін 

дайындалады.  Есептілікті  дайындау  азаматтық  заңнаманың  нормативтік  құқықтық 

актілерінің  ережелеріне  әрқашан  да  сәйкес  келе  бермейтін  әдістер  мен  тәсілдерді талап 

ету мүмкін.  Алайда,  қаржылық  есептілік  пайдаланушыға  қажет  барлық  ақпаратты 

қамтымайды және ұйымның қызметіне жанама қаржылық мүддесі болады. 

Тікелей қаржылық мүдделері бар пайдаланушылар санатына: 

- осы күнгі және әлеуетті инвесторлар; 

- осы күнгі және әлеуетті несие берушілер; 

- сатып алушылар жатады. 

Жанама қаржылық мүдделері бар пайдаланушылар санатына: 

- салық органдары; 

- реттеуші органдар; 

- статистикалық органдар; 

- басқа да топтар (аудиторлар, консультанттар, тұтынушылар топтары және басқа) 

кіреді. 


«Қаржылық  есептілікті  дайындау  мен  ұсынуға  арналған  тұжырымдамалық 

негіздемеге» сәйкес қаржылық есептілікті пайдаланушылар қатарына мыналар жатады: 

-  инвестицияларын  ұсынуларына  байланысты  тәуекелге  ұшырауы  мүмкін 

инвесторлар.  Оларға  акцияларды  сатып  алу,  тарту  немесе  сату  шешімдерін  қабылдауда 

және дивидендтер төлеуде ұйымның қабілеттіктерін бағалауға көмегін тигізетін ақпарат 

қажет; 


-  оларға  тиесілі  несиелері  мен  пайыздары  уақытылы  төленетіне  мүдделі  қарыз 

берушілер; 

- оларға тиесілі сумма төленетінін анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратқа мүдделі 

жеткізіп берушілер және басқа да сауда несие берушілері; 

-  сатып  алушылар,  оларға  ұйым  қызметінің  үздіксіздігі  туралы  ақпарат  қажет, 

әсіресе егер олардың ұзақ мерзімді келісімдері бар және осы ұйымға тәуелді болса, 

-  ұйым  қызметінің  тұрақтылығы  мен  рентабелділігі  туралы  ақпаратқа,  сондай-ақ 

ұйымның оларды еңбекақымен және басқа да жеңілдіктермен, зейнетақымен қамтамасыз 

ету қабілетін бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратта мүдделі жұмыскерлер; 

- ресурстарды бөлу туралы ақпаратқа мүдделі мемлекеттік органдар. Бұдан басқа, 

ұйымның  қызметін  реттеу,  салық  салу  саясатын  және  ұлттық  кіріс  пен  басқа  да 

статистикалық деректерді анықтау үшін негіздеме ретіндегі ақпарат қажет. 

-  жұртшылық,  себебі  ұйымдар  түрлі  тәсілдермен  жергілікті  экономика  өз  үлесін 

қосуы мүмкін, оның ішінде халықты жұмыспен қамту және жергілікті өнім берушілерді 

қолдау.  Қаржылық  есептілік  жұртшылыққа  ұйымды  дамыту  бағыты  және  оның  әл 

ауқатын  жақсартудағы  соңғы  жетістіктері  туралы  ақпаратты  қамтамасыз ете отырып 

жұртшылыққа көмектесуі мүмкін. 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау