Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет29/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   420

61 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



қабылданған ұлттық стандарттар негізінде әрекет етеді. Ішкі және сыртқы бақылаушының 

өзара әсерлесудің келесідей үлгісі кеңінен таралған: біріншісі бұзушылықтарды анықтай 

отырып,  қаржылық  аудитті  үкіметтің  ведомствоға  қарасты  органдарында,  мемлекеттік 

кәсіпорындарында  жүргізеді,  ал  екіншілері  –  сол  жерлерде  қызметтестерімен  алынған 

нәтижелерге  сүйенеді  немесе  өз  тексерістерін  жүргізеді.  Кейбір  елдерде  ішкі  аудитті 

жүргізуге  бақылаудың  ең  қатаң  жүйесі  бар:  осылайша,  Қытайда  ішкі  қаржылық  аудит 

жүйесінің  қызметіне  жоғары  бақылаушының  кәсіби  басшылығы  мен  қадағалауы 

қарастырылған,  ал  АҚШ-та  сәйкес  қызметтердің  есеп  берулері  сәйкес  органның 

басқарушысына ғана емес, Конгресске де беріледі. Ресей Федерациясының қолданыстағы 

заңдылығы  мемлекеттік  қаржылық  бақылау  органдарына  бірқатар  министрліктер  мен 

ведомстволарды  жатқызады,  алайда,  қатал  айтқанда,  Есеп  палата  мен  Ресей 

Федерациясының  Қаржы  министрлігінен  басқасын  бақылаушы  органдарға  жатқызуға 

болмайды, өйткені олар, қолданыстағы заңдылықтағы бақылаушы қызметтеріне сәйкес ең 

бастысы өзінің ведомстволық мүдделеріне қызмет ете алады. Осылайша, Ресейдің Қаржы 

министрлігінің бақылау-ревизиялық қызметін ведомстволық орган деп санау керек. Бірақ 

ол  дәстүр  бойынша  жалпы  мемлекеттік  қызметтерді  орындайды.  Ресейдің  Қаржы 

министрлігінің  бақылау-ревизиялық  аппаратында  таратылған  Бақылау-ревизиялық 

басқарманың  міндеттері  мен  қызметтерін  орындайтын  Мемлекеттік  қаржылық  бақылау 

мен аудит департаменті құрылған.  

Қазақстан  Республикасының  басты  бақылаушы  органы  –  Республикалық 

бюджеттің  орындалуын  бақылау  бойынша  есеп  комитеті  –  республикалық  бюджеттің 

орындалуына  сыртқы  бақылауды  жүзеге  асыратын  конституциялық  орган.  Есеп 

комитетінің  мүшелері  халық  қалаулыларының  (ҚР  Президентінің.  ҚР  Парламентінің) 

өкілдері  болып  табылады.  Ол  халықтың  атынан  және  халықтың  мүддесінде  бюджеттің 

орындалуына  бақылауды  жүзеге  асырады.  Есеп  комитеті  мүшелерін  ҚР  Президенті,  ҚР 

Парламент  Палатасы  тағайындайды.  Қазақстан  Республикасының  қаржылық  бақылау 

жүйесі  бірінші  кезекте  мемлекеттік  қаржылық  бақылау  сияқты  құрылымдық  деңгеймен 

көрсетілген[2, 4].  

Оның негізгі мақсаты – мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асыру, қаржылық 

тұрақтылық  үшін  жағдай  жасау.  Экономиканың  қазіргі  жағдайлары  мемлекеттік 

қаржылық  бақылаудың  болу  қажеттілігін  азайтпай,  әлеуметтік  бағыттың  күшеюіне 

байланысты  күрделенуде,  мемлекеттік  органдардың  қоғам  мүшелерінің  қаржылық 

құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау  бойынша  қызметтері  көбейіп,  зиянкестіктер  мен 

ұрлықтарды  болдырмау  мен  алдын  алу  бойынша  әдістерді  енгізу  жүктеліп  отыр. 

Қазақстанда  болған  бюджеттік  жүйедегі  бақылау  негізінен  мекемелерге  бөлінген 

бюджеттік  қаржыларды  қолданудағы  жетіспеушіліктерді  анықтаумен  және  жеке 

жетіспеушіліктерді  жоюмен  шектелді,  мемлекеттік  шығындарды  тиімдендіруге  қажетті 

әсер етпеді, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігіне, қойылған мәселелерді бағалауға, 

олардың  себептерін  талдауға  мүмкіндік  бермеді.  Қазіргі  уақытта  еліміздің  Есеп 

комитетінің негізгі міндеттері – республикалық бюджеттің қаржаттарын тиімді, мақсатты 

және үнемді қолдануды талдау және бақылау; республикалық бюджетке қаражаттардың 

келіп  түсуінің  толықтығы  мен  дер  мезгілділігін  бақылау;  бақылаушы  органдардың 

жұмысының тиімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар беру және т.б.[3]. 

Көптеген шет елдердегі есеп органдардың негізгі міндеттері: 

-  мемлекеттік бюджеттің шығындары мен кірістерін бақылау;  

- қорлардың, мемлекеттік банктердің қаражаттарын бақылау; 

-мемлекеттік меншікті тиімді басқаруды бақылау;  

- мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік кепілдемелерді беруді бақылау.  

Сонымен, белгілі бір дәрежеде шетел тәжірибесін алу үшін осы облыста бізге үлгі 

бола алатын елдердегі мемлекеттік қаржылық бақылаудың дамуы қандай жолмен болып 

жатқанын  нақты  білу  қажет,  олардың  жетістіктері  мен  қателіктерін  зерттеу  біздің 



62 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



өркениетті нарыққа және қаржылық құқық тәртіптілігіне жетудегі өз жолымызды табуда 

сөзсіз көмектеседі. Өмір бір орында тұрмайды, сондықтан тез өзгеріп отыратын әлеммен 

қатар жүріп отыру үшін әрбір елде мемлекеттік қаржылық бақылаудың жүйесін дамыту 

үшін үнемі күш жұмсау қажет[4]. 



Қолданылған дереккөздер тізімі 

1.  «Мемлекеттік  аудит  және  қаржылық  бақылау  туралы»  2015  жылғы  12 

қарашадағы №392-V Қазақстан Республикасының заңы. 

2.  «Қазақстан-2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына 

Жолдауы.-Алматы: ЮРИСТ, 2013. 

3.  Финансовое  право:  учебное  пособие,  обучающихся  по  специальностям 

«Финансы и кредит», «Бухгалтерский учет, анализ и аудит», «Мировая экономика», 

«Налоги  и  налогооблажение»:  Издательство  «Омега-Л»,  2013  (Высшее  финансовое 

образование). 

4.  Республикалық  бюджеттің  атқарылуын  бақылау  жөніндегі  есеп  комитеті 

//www.esep.kz 

 

 

 



Бюджет тиімділігі – мемлекет дамуының кепілі 

 

Кулмаханбетов О. У. 

Қазақстан Республикасы Президенті  жанындағы  

Мемлекеттік басқару академиясы 

E-mail: 

olzhas8920@mail.ru

 

 

Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін оның 



маңызды  шарты  –  республикалық  та,  жергілікті  бюджеттің  де  атқарылуына  тиімді 

бақылау  жасау  болып  табылады.  Осындай  бақылау  процесі  бюджет  қаражаттарының 

мақсатсыз, заңсыз және тиімсіз пайдалану фактілерін анықтауы тиіс. 

Бүгінде  елімізде  республикалық  және  жергілікті  бюджеттің  атқарылуына 

бақылаудың  қолданыстағы  жүйесін  бюджет  қаражаттарын  пайдалануының  сандық 

жағынан  да  нәтижелерінің  болмауымен  сипатталады.  Осының  барлығы  бюджет 

қаражаттарын пайдалануының тиімділігін арттыруға жеткілікті бағдарланбаған.  

Іс  жүзінде  бюджет  қаражаттарын  алушылардың  ішкі  шаруашылық  қаржылық 

бақылауының  жүйесі  барлық  деңгейдегі  бюджеттің  атқарылуына  бақылау  тиімділігіне 

әсері мен өзара байланысы болмай отыр, ал бюджет қаражаттарының мақсатқа сай емес 

және тиімді емес пайдалану көлемінің азаю деңгейі өте төмен. 

Осылайша,  бүгінгі  күнге  дейін  қаржылық  бақылау  жүйесі  бюджет  қаражаттарын 

пайдалануы  кезіндегі  тек  бұзушылықтарын  анықтауға  бағытталып,  алдын  алмайды, 

оларды алдын ала ескермейді.  

Елбасымыз  бюджеттік  жоспарлау  сапасын  арттырудың,  мемлекеттік  қаржылық 

бақылау органдарының қызметін үйлестіру маңыздылығын, бюджет қаражаттарын тиімді 

пайдалану  барысына  қатаң  бақылау  жасаудың  қажеттігін  әрқашан  ескерткеніменен  де, 

бюджеттің  жоспарлануы  мен  атқарылуында  жекелеген  жүйелік  проблемалардың  бар 

екендігін айта кету керек.   

Игерілмеген бюджеттік қаражаттарының көлемін анықтау әдістемесінде алшақтық 

бар,  бюджеттің  сапасыз  жоспарлануы  үшін  тиісті  жауапкершіліктік  болмай  отыр, 

мемлекеттік  органдардың    стратегиялық  және  бағдарламалық  құжаттары  арасында 

келіспеушіліктер жиі кездеседі. Бұдан басқа  квазимемлекеттік сектор субъектілерінің де 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау