Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет13/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   420

26 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



съез  барысында  былай  деген  еді:  «Қазіргі  күні  бізге  бұрын  да  белгілі  демографиялық 

проблемалар,  кедейшілік,  экологиялық  мәселелер,  қоршаған  ортаны  қорғау  сынды 

қиындықтарға жаңа қатерлердің қосылып отырғаны рас. Оны бірде-бір қоғамдық ұйым, 

мемлекет, діни ұйым өздігінен шеше алмайтыны және түсінікті. Сол себепті біздің үніміз 

бір жерден шығуы маңызды» [7]. 

Конфессияаралық үнқатысу идеясы осы жылдар ішінде кең қолдау мен өркендеуге 

ие  болды.  Егер  2003  жылдың  23-24  қыркүйегінде  өткен  І  Съезге  17  делегация  қатысса, 

2006  жылдың  12-13  қыркүйегінде  өткенсъез  қатысушылары  20  елден  келген  43 

делегацияға  жетті,  2009  жылдың  1-2  шілдесінде  өткен  ІІІ  съезге  әлемнің  35  елінен  77 

делегация,  2012  жылдың  30-31  мамырында  өткен  съез  жұмысына  40  елден  келген  85 

делегация,  ал  2015  жылдың  10-11  маусымында  өткен  съезге  әлемнің  42  елінен  80 

делегация  қатысты.  V  съезге  БҰҰ  Бас  хатшысы  Пан  Ги  Мун  және  Финляндия 

Республикасының басшысы Саули Ниинисте қатысты.  

Елордадағы  форум  өзінің  маңызы  бойынша  діндер  мен  конфессиялар  және 

өркениеттер арасындағы ғаламдық үнқатысудың ықпалды факторына айналды. Діни съез 

нақты бір заңдық күші бар шешім шығара алмайды. Дегенмен оның мақсаты адамзатты 

бейбітшілікке,  ізгілікке,  келісімге  шақыру.  Алғашқы  съезден  бастап  оған 

қатысушылардың бейбітшілік мәселесіне ерекше көңіл бөлуі соған айғақ бола алады. 2009 

жылы  өткен  үшінші  съезге  қатысқан  БҰҰ  Бас  хатшысының  орынбасары  Сергей 

Орджоникидзе өткен ғасырдың 70-ші жылдары құрылған БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің 

басында  елеусіз  құрылым  болғанымен,  бұл  күндері  халықаралық  беделді  органға 

айналғандығына тоқталды. С. Орджоникидзе сол тәрізді келешекте әлемдік және дәстүрлі 

діндер лидерлері съезінің де беделі биікке көтерілетіндігіне сенім білдірді. Президентіміз 

Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сөзінде «оны 

өткізу  ХХІ  ғасырдағы  әлемді  қалыптастырудың  маңызды  қағидаты  ретіндегі  жаһандық 

толеранттылықты орнықтыру ісіне қосқан Қазақстанның ең ұлы сыйы» [8] деген еді. Шын 

мәнінде  Қазақстан  толеранттылық  саясатын  ұстануы  арқылы  конфессияаралық  және 

ұлтаралық татулығымен әлем елдеріне үлгі болып отыр.  

Қазіргі  таңда  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  көшбасшыларының  съезі  жаһанға 

танымал  диалог  алаңына  айналып  отыр.  Бұл  съездің  маңызына  діни  көшбасшылар  да 

жоғары  бағасын  беруде.  Мәселен,  Константинополь  Православ  шіркеуінің  Патриархы 

Варфоломей І: "Осы күндері түсіністікпен әрі сүйіспеншілікпен биік мұраттар жолындағы 

жасаған еңбегіміз Жер бетіндегі бейбітшілік пен адамдардың бақытына арналатын өмірдің 

нағыз  шынайы  шындығына  айналсын"  десе,  ал  Қасиетті  Тақ  иесі  делегациясының 

басшысы, Жоғары нуркейіпті Кардинал Йозеф Томко Мен баршамызды, бейбітшіл ерлер 

мен әйелдерді, бейбітшілік туралы ой толғап, сыйыну үшін осы елге жинағаны үшін Оған, 

Құдіретті Құдай тағалаға алғысымды арнаймын..."[9].

 

Израилдің  бас  сэфард  раввині  Шломо  Амардың  діндер  съезінің  маңыздылығын 



былай  деп  бағалайды:  «Қазақстан  Президенті  халықтарды  ғана  емес,  діндерді 

мәдениеттер  мен  қоғамды  біріктіретін  «Жаңа  БҰҰ»  құрды.  Тек  сұхбаттастық  пен  өзара 

келісім жолымен ғана түрлі халықтар мен мәдениеттер бейбітшілікке қол жеткізе алады. 

Қазақстан Президенті мен халқы оған үлгерді. Конфессияаралық келісім мен төзімділікті 

қамтамасыз етудегі сіздердің елдеріңіздің табысы әлемге үлгі» [10],-деген еді. 

Елордамызда  өткен  діндер  съезінің  мақсаты  әлемдегі  ұлтаралық  және  дінаралық 

татулықты  сақтау  екенін  атап  өттік.  Біз  үшін  бейбітшілік  бесігі  болып  табылатын 

Қазақстанымыздағы  діни  тұрақтылықты  сақтап  қалу  аса  маңызды  міндет.«Адамзаттың 

бәрін сүй бауырым деп» деген Абай Құнанбайұлының өнегелі сөзін есте сақтап, адамның 

барлығына сүйіспеншілікпен қарау бір ғанибет дер едім. Әлемдегі болып жатқан бітпейтін 

өзара  қырқыстарды  тоқтатып,  бейбітшілік  пен  келісімде  өмір  сүрудің  маңыздылығын 

адам баласы Жаратушы алдындағы міндеті әрі парызы екендігін білсе керек. 

 



27 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Қолданылған дереккөздер тізімі 

1.   «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты 

http://strategy2050.kz/page/message_text/ 

2.  Қазақстан  Республикасы Дін істері  және  азаматтық  қоғам  министрлігінің 

ресми сайты, «Дін саласы» бөлімі, 

http://www.din.gov.kz/kaz/deyatelnost/religioznaya_sfera/

 

3.  Дінаралық  диалог  принциптері,   



http://e-islam.kz/dinaralyq-unqatysu/ishki-

kategoriyalar/dinaraly-kelisimni-qazaqstandy-ulgisi/item/647-eislam

 

4.  Абуов А.П., Межконфессиональный диалог как основа социального согласия, 



http://www.ashgabat.kz/article/142

 

5.  Нұрмұратов С., Дінаралық бейбітшілік – біз сақтап қалуға және дамытуға тиіс 



ұлы құндылық, http://almaty-akshamy.kz/2013/11/14 

6.  Генсек ООН: создать единую почву для решения проблем и построения мира,

 

http://khabar.kz/archive/ru/politika/item/25879-generalnyj-sekretar-pan-gi-mun-sozdat-edinuyu-



pochvu-dlya-resheniya-problem-i-postroeniya-mira 

7.  «Егемен Қазақстан» 31 мамыр 2012 жыл №283 – 287 (27361) 4 бет 

8.  «Егемен Қазақстан» 11 мамыр 2012 жыл №225 – 230 (27304) 3 бет 

9. 


http://www.religions-congress.org/content/view/168/46/lang,kz/

 

10.  «Айқын апта» 31 мамыр 2012 жыл №98 (2009) 1 бет  



 

 

 

Қазақ елінің болашағы- мәңгілік елді нығайту 

 

Базарбаева А. 

Алматы экономика және статистика колледжі 

               E-mail: 

Aruka.987.nur@gmail.com

 

 



                                                                                             Қазақ деген елденбіз

                                                                                                 Ғажап деген жерденбіз. 

                                                                                               Бодандықтан босанып, 

                                                                                           Еркіндікке енгенбіз. 

                                                                                              Сан азапты көргенбіз

                                                                                                          Мың тіріліп өлгенбіз. 

                                                                                               Атой салып дұшпанға

                                                                                               Айқастарда жеңгенбіз. 

 

Мен  бүгінгі  сөзімді  мынадай  сөзбен  бастағалы  тұрмын.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев 



өзінің "Тарих толқынында" атты кітабында: "Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің 

мемлекетімізді  ұзақ  уақытқа  меңзеп  тұрғымыз  келсе,  онда  халық  руханиятының 

бастауларын түсінгеніміз жөн. Ал оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр", 

деген болатын. Енді міне "Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты 

Қазақстан  халқына  Жолдауында  ежелгі  ата-бабаларымыз-түркілердің  Мәңгілік  ел 

идеясын-Қазақ елінің ұлттық идеясы ретінде жариялап отыр. Елім дейтін, жерім дейтін, 

елінің,  жерінің  қамын  жейтін  әрбір  қазақ  үшін,  ой-арманын  астастырып  үлгерген  әрбір 

қазақстандық  үшін  Президент  Н.Ә.Назарбаевтың  бұл  жолғы  сөзі  ең  алдымен  ата-

бабаларымыздың  сан  мың  жылдан бергі асыл арманын-әлем  елдерімен  терезесі  тең 

қатынас  құрып,  әлем  картасынан  ойып  тұрып  орын  алатын  Тәуелсіз  Мемлекет  атану 

арманын,  тұрмысы  бақуатты,  түтіні  түзу  ұшқан,  ұрпағы  ертеңіне  сеніммен  қарайтын 

бақытты  ел  болу  арманын  ақиқатқа  айналдырғанымызды  атап  айтумен,  болашағымызға 

бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсатқа жетелейтін идеяны-Мәңгілік Ел идеясын 

Қазақ елінің ұлттық Идеясы деп жариялауымен айрықша, бөлекше бағалы[1]. 




жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау