2. Ғалым еңбектерінің практикалық мәні:
а) Әліпбиді реформалау жөніндегі, кірме сөздердің тіліміздің емлелік
ерекшеліктеріне сәйкестендірілуі жөніндегі пікірлері әлі де маңызын
жойған жоқ, әсіресе, бұл пікірлері қазір сөз болып жүрген латын әліпбиіне
көші жөніндегі ұсыныстармен сабақтас, әліпбиді осы ыңғайда реформалаған
жағдайда практикалық мәні зор болмақ;
ә) Жеклеген әріптердің, біріккен сөздердің емлелері жөніндегі
пікірлерінің, кейбір қазіргі қалыпқа келмейтін тұстары болғанымен, әлі де
маңыздылығы күн тәртібінен түскен жоқ, емледегі қиын мәселелерді
шешуде соны пікір ретінде, ішінара болса да, пайдалануға болады;
б)Ғалым авторлығымен жарық көрген бастауыш мектептерге арналған
«Орысша –қазақша сөздік» (С.Жиенбаев, А.Кушумбаев. Русско –казакский
словарь. А-ты.1942 г.) пен орта мектептерге арналған «Орысша –қазақша
сөздік» (Н.Т. Сауранбев, С.Жиенбаев. Русско –казакский словарь. 1945 г.).
Онан соң шыққан осындай сөздіктерге дайын қор көздері болып келеді,
болып қала бермек. Сонымен қатар, С. Жиенбаевтың «Сөздіктің мақсаты
мен жасалу принциптері» атты еңбегі (Қазақ ССР ҒА Хабарлары. №3.1945
ж., Филологиялық серия). Сөздіктер жасау ісіне нұсқаушы қызметін
атқарды, кейінгі жасалған нұсқауларға негіз болды;
в) С.С.Жиенбаевтың синтаксис мәселелеріне қатысты айтқан пікірлері
осы салада зерттеу жүргізушілерге методологиялық көздердің бірі болып
келді, маңыздылықтарын әлі де жойған жоқ. Атап айтқанда, салаластарды
жіктеуі осы сөйлем типтеріне байланысты жітеудің ықшамдылығының
үлгісі болса, сабақтастарды жіктеудегі ұстанған принциптері басыңқы мен
бағыныңқының мағыналық қарым–қатынастарын айқындауға көмекші
қызмет атқарып жүргені жаңалық емес;
г) Сонымен қатар, С.С.Жиенбаевтың қазақ тілі білімінің басқа да
мәселелеріне қатысты айтқан пікірлері, атап айтқанда, сөйлемнің үйірлі
мүшелеріне қатысты айтқан пікірлері, атап айтқанда, сөйлемнің үйірлі
мүшелеріне, айқындауыш мүшелерге, атаулы сөйлемге қатысты айтқан
пікірлері аталған тақырыптар бойынша зерттеу жүргізушілерге алға қойған
мақсаттарына жетуге көмекші болады деп ойлаймыз, т.б.
Жоғарыдағыларды қорытындылай келе, зерттеу нысаны Сейіл
Сарықұлұлы Жиенбаевтың шын мәніндегі кең құлашты, терең білімді
ғалым екендігіне, қазақ тілі білімінің қазіргі деңгейіне жетуіне көп еңбек
сіңіргендігіне, қазақ тілі білімінің негізін салушылардың қатарында
салмақты орны барлығына, қазақ тіл білімінің тарихындағы алатын
бағасының жоғары екендігіне, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың
қатарында салмақты орны барлығына, қазақ тіл білімінің тарихындағы
алатын бағасының жоғары екендігіне көзіміз жетті. Диссертациялық
жұмысты орындау барысында ғалымның теориялық танымы анықталып,
ғалымның ұстанған бағыт –бағдары, ұсынған пікірлерінің мәні айқындалды,
атап айтқанда бұрыннан ішінара сөз болып жүрген ғалымның синтаксиске
қатысты еңбектерімен қатар, фонетика, орфография, пунктуация,
лексикология және морфологияға қатысты тұжырымдары еңбегімізде
тұңғыш рет пайымдалды.
|