Бағалау критерийі Білім алушы
Натурал сандардың ЕҮОБ мен ЕКОЕ қасиетін
қолданады
Өзара жай сандарды таниды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
1-тапсырма
28 және 42 сандарының ортақ бөлгіштерінің астын сызыңыз:
1, 2, 3, 4, 6, 7, 14, 21, 28;
4 және 6 сандарының ортақ еселіктерінің астын сызыңыз:
4, 6, 8, 12, 16, 18, 20, 24, 28, 30, 32, 36, 40, 42
Дескриптор: Білім алушы
сандардың ортақ бөлгіштерін көрсетеді;
сандардың ортақ еселіктерін көрсетеді;
2-тапсырма
Сөйлемдерді аяқтаңыз:
Егер a саны b санына бөлінетін болса, онда ЕҮОБ (a,b) ...
Егер a саны b санына бөлінетін болса, онда ЕКОЕ (a,b) …
Егер ЕҮОБ (a, b) =1 болса, онда …
d) Егер ЕКОЕ болса, онда …
Дескриптор: Білім алушы
ЕҮОБ қасиетін қолданады;
ЕКОЕ қасиетін қолданады;
a және b өзара жай сандар болатынын анықтайды.
3-тапсырма
3, 5, 6 және 25 сандарынан мүмкін болатын өзара жай сандардың жұбын құрастырыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
өзара жай сандардың барлық жұптарын жазады.
5.1В Бөлім: «Натурал сандардың бөлінгіштігі»
Оқу мақсаты 5.1.2.12 екі және одан артық сандардың ЕҮОБ-ін және ЕКОЕ-
ін табу
Бағалау критерийі Білім алушы
Сандардың ЕҮОБ анықтайды
Сандардың ЕКОЕ анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
1-тапсырма
ЕҮОБ-ін табыңыз:
a) 42 мен 60;
b) 26, 65 және 130;
Дескриптор: Білім алушы
сандарды жай көбейткіштерге жіктейді;
екі санның ЕҮОБ табады;
үш санның ЕҮОБ табады.
2-тапсырма
ЕКОЕ-ін табыңыз:
21 мен 18;
b) 12, 30 және 75.
Дескриптор: Білім алушы
сандарды жай көбейткіштерге жіктейді;
екі санның ЕКОЕ табады;
үш санның ЕКОЕ табады.
5.1В Бөлім: «Натурал сандардың бөлінгіштігі»
Оқу мақсаты 5.5.1.2 мәтінді есептерді шығаруда ЕҮОБ және ЕКОЕ
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
ЕҮОБ қолданып, мәтінді есептерді шығарады
ЕКОЕ қолданып, мәтінді есептерді шығарады
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Тапсырма
Балаларға сыйлық дайындау үшін 180 жаңғақ, 150 өрік және 210 кәмпит алынды. Балаларға берілетін сыйлықтардағы өріктердің, жаңғақтардың, кәмпиттердің саны бірдей болуы керек. Сыйлық ең көп дегенде неше балаға жетеді?
Әлияның қадамының ұзындығы 40 см, ал Мәншүктің қадамының ұзындығы 60 см. Әлия неше қадам жасағанда, олардың толық қадамдары ең алғаш рет сәйкес келіп теңеседі?
Дескриптор: Білім алушы
есептің қысқаша шартын жазады;
ЕҮОБ / ЕКОЕ қасиеттерін пайдаланады;
есептің шешімі мен жауабын жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |