Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Сөздердің антоним, омоним, синонимін анықтайды
Ойын білдіруде сөздерді синонимдерімен, омонимдерімен, антонимдерімен қатар қолданады
|
Ойлау дағдыларының
деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
|
Берілген сөздердің синонимдік қатарын анықтаңыз.
Сөздер
|
Синонимдік қатары
|
Тәуелсіз
|
|
Тату
|
|
Әйгілі
|
|
Ұлттар
|
|
Болашақ
|
|
Сөздерді синонимдік қатарымен қолдана отырып, «Елім - мақтанышым» деген тақырыпта ауызша шағын мәтін құраңыз (5-6 сөйлем).
Дескриптор Білім алушы
берілген сөздердің синонимдік қатарын анықтайды;
тақырып бойынша ауызша мәтін құрастырып айтады;
мәтінде кем дегенде 3 сөзді синонимдік қатарымен қолданады.
|
Оқу мақсаты
|
5.3.5.1 Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының
деңгейі
|
Білу және түсіну
|
Тапсырма
|
Мәтінді түсініп оқыңыз. Балық қаңқасының жоғары жағындағы сөздерге қатысты мәліметтерді мәтіннен табыңыз. Төменгі қаңқаларға анықталған мәліметтерді өз сөзіңізбен жеткізіңіз.
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.
Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл соғыстағы жеңіске миллиондаған адамды құрбан еткен алып мемлекеттің айрықша күш жұмылдырғанының арқасында қол жетті. Жарымжан күйге түскен ел үйінді арасынан шығып, енді ғана еңсесін көтерді. Жеңістен кейін бірнеше жыл өткен соң КСРО «қырғи-қабақ соғыс» деп аталған, барлық ауыртпалығы қарапайым халықтың иығына түскен жаңа мазасыз додаға қосылды.
Бұл ел әлі аш-жалаңаштықтан арыла қоймаған ауыр кезең еді. Бірақ бала Нұрсұлтанның жас зердесінде сол кезеңнің қыспаққа салған қиыншылықтары ғана емес, анасының аялы алақаны мен әкесінің мейірлі жүзі де сақталып қалды. Тату отбасы, бауырлар, әке-шешесі айтқан әндер... Алатаудың әсем ақбас шыңдары, баланы еліктіретін ойындар... Оның қатарластарының бәрінің балалық шағы осылай өтті. Нұрсұлтан өз әкесінің ешқашан қол қусырып қарап отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге ұмтылды. Үйде де, бақшада да, алма бағында да әкесінің жанында болып, картоп пен алма өсіруге жәрдемдесті. Нұрсұлтан мал жайғарумен айналысты, әкесімен бірге тауға барып, шөп шапты.
Дескриптор Білім алушы
жоғары қаңқадағы төрт сөзге қатысты ақпараттарды мәтіннен іріктейді;
төменгі қаңқаларға іріктелген мәліметтерді өз сөзімен береді.
|
Оқу мақсаты
|
5.4.1.1 Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |