Қалиев С. ж б. Оқушылардың тұлғалық қасиеттеріи дамытудың педагогикалық негіздері./ С. Қалиев, Ш. Майғаранова, Г. Нысанбаева, А. Бейсенбаева. Алматы: "Білім", 2001, -224 б. Жалпы редакциясын басқарған п


І-ІХ сынып оқушылары тәрбиесінің негізгі ерекшеліктері мен міндеттері



жүктеу 1,13 Mb.
бет6/16
Дата15.11.2018
өлшемі1,13 Mb.
#20382
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

І-ІХ сынып оқушылары тәрбиесінің негізгі ерекшеліктері мен міндеттері. Кітаптың бірінші бөлімінде айтылған тәрбиенің жалпы мақсаттары барлық басқыштағы жаста жүзеге асырылады. Сондықтан бұл бөлімде I—IV, V—VI, ҮІІ-ҮІІІ, IX сынып оқушыларын тәрбиелеу олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қарастырылып, жалпы міндетгері нақтыланады, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруға көмегін тигізетін тәрбиенің үлгілері ұсынылады.

Осы арада жасына қарай жекелеген топтардың арасындағы шек қоюшылық туралы мәселені шешуге белгілі бір ықпал жасайтын кейбір жаңа құбылыстарға назар аударған жөн. Соңғы уақытга барлық жерде балалардың дене және психикалық жағынан барынша ерте даму себебі әлі күнге жеткілікті зерттеліп болмаған акселерация жайы еске алынып отыр. Мұғалім, тәрбиеші үшін жас ерекшеліктеріне байланысты көзқарасты екі түрлі мағынада қарастыруға тура келеді. Ол, біріншіден, әр балаға тән жас ерекшелігі ғана емес, сонымен бірге топ немесе ұжымға тән жас ерекшелігін де ескеруге тура келеді. Сондықтан тәрбиешілерге тек жекелеген окушының жас ерекшелігін біліп қою жеткіліксіз, сонымен бірге, сынып оқушьшарының жас ерекшеліктері туралы мағлұматының да мол болуы қажет. Оны тәрбиелеу мақсатында оқушының жеке басын зерттеп білу кезінде мұғалім, ең алдымен, нені білу керектігін айқындап алуы керек.

Бірқатар себептер бойынша І-ІҮ сынып (7-10 жас) оқушьшары педагогикалық түрғыдан ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Біріншіден, педаготтың бұл жастағы баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, әлеуметгік ортамен жаңа қатынастарға түсіп отырғанын есінде ұстауы тиіс. Бұл төменгі сынып оқушьшарының өмірін жаңа жағдаймен толықтырады. Сөйтіп, жаңа ортамен өзара қарым-қатынас жасау үрдісінде оның мінез-құлқы, еркі, оқуға деген қызығушылығы мен танымдық қабілеті дамиды. Екіншіден, тәрбиешіге бұ л жастағы баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін білу аса қажет. Солардың кейбіреуін атайық: бұл кезенде физиологиялық тұрғыдан алғанда, 7-10 жастағы оқушыларда

75

негізінен бас сүйегі қатаяды, тұтастай алғанда қаңқаның қатаюы жалғаса береді. Ми салмағының артуы, жүйке жүйесінің жетілуі, екінші сигналдық жүйенің (сөйлеу) қарқынды дамуы байқалады, сөздік қор көбейеді, тежелуден қозудың басым болушылығы, ойдың нақты бейнелі түрі және естің болуы, елестетудің айқындығы, білуте құмартушылық, жеңіл-желпі сенушілік, елік-теушілік, ерік үрдісінің дамуы сезіледі, моральдық санасында императивтік (бұйырушылық) элементі, өз құрбыларының мінез-құлқындағы кемшіліктерге қатты әсер ету жөне өзіне сын көзбен қарамауы басым болады.



Психиканың дамуы “жаңа құрылым” деп аталатын қызмет түріндегі жүйелі оқу сияқты жаңа сапалық ерекшеліктердің пайда болуына байланысты: ойын қызметтің шешуші түрлерінің бірі болып қала береді, келесі сынып ұжымына ауысқанда ойын балалардың мінез-құлқында ерекше ізін қалдырады.

Үшіншіден, оқу процесі баланың жеке басына, оның назарьша, есіне, ойлау жүйесіне әсер етіп, тұлғаның психикалық даму деңгейі мен үнемі өсіп отыратын талаптар арасындағы қайшылықтардың тууына себепкер болады.

Мектепке келген алғашқы күннен бастап балалардың өз құрбыларына, педагоггарға, оқуға, табиғи ортаға деген қарым-қатынасы қалыптасады, алғашқы дағдылар мен әдеттер пайда болып, кейін оқушының мінез-құлық стилін және оның мектеп ұжымындағы орны мен бағытын айқындайды.

Төменгі сынып оқушылары көп әсерленгіштігімен, басқаға назар аудара білушілігімен біршама ерекшеленеді. Сондықтан оларды оқыту үрдісімен және сабақтан тыс кездегі бірлестікге өткізілетін тартымды жұмыстармен қызықтыра білудің маңызы зор. Жеті жастағы бала әдетте тәрбиелік ықпалға тез көндігеді. Оның жақсы оқушы болғысы келеді. Бұл жастағы баланың бойында қазірдің өзінде белгілі бір дәрежеде адамгершілік тәжірибесі бар екенін есте ұстау керек.

Мамандар дәлелдегендей, балалардың адамгершілік жайындағы түсінігі бастауыш сыныптарда қалыптаса бастайды. Оқушының іс-әрекетінде белгілі бір ортаға бейімділік байқалады. Қоғамдық ортада болғанда төменгі сынып оқушыларывда моральдық түсінік тез дамиды және бастауыш мектептің соңына қарай оларда адамгершілік туралы- белгілі бір түсінік пайда болады. Мәселен, егер I-II сыныпта оқушының мораль жөніндегі түсінігі тек ата-

76

аналар мен мұғалімдердің пікірлеріне негізделетін болса, III—IV сыныпта ол басқа адамдардың іс-әрекетіне талдау жасауға және қорытындылауға тырысады. Сонымсн бірге, олардың бойында өздерінің оқығандары мен көргендерінен тәжірибе жинақталады және ол жеке басының әрекеттерін саналы түрде бағалай білу деңгейіне көтеріледі. Бастауыш сыныптарда оқушының бойында өзіне тән мінез-құлықтың қалыптаса бастайтынын және түрліше қайшылықтардың бой көрсететінін білудің маңызы зор. Оны төмендегі фактілермен тұжырымдауға болады: жүйке жүйесінің әлсіздігіне байланысты төменгі сынып оқушыларында ұялшақтық пен тұйықтық пайда болады; тежеу үрдісінің әлсіздігінен шапшаң қимылдаушылық пен өз әрекетін тежеуге қабілетсіздігі басым болады; психикалық үрдістің әлсіз қозғалуынан оларда баяулық және бір заттан екіншісіне солғын назар аударушылық байқалады. Оқытудың бастауыш басқышында оқушының ойланбай жасалатын қылықтарға бейім тұратынын есте ұстаған жөн. Мәселен, ерік үрдістерінің әлсіздігінен бала тіпті белгіленген мақсаттарды орындай алмауы мүмкін, сонымен бірге оған назарының тұрақсыздығы да тән. Осыған байланысты мұғалімдер мен ата-аналар баланың өзіне деген сенімін әрқашан қолдап отыруы керек.



Бастауыш басқыштың оқушысы үшін мұғалім қашан да еліктейтін үлгі болып табылады. Оқушы барлық істе мұғалімге ұқсағысы келеді. Озат мұғалімдердің тәжірибесі осындай қызығушылықты тәрбиелік жұмысқа пайдалана отырып, үлкен нәтижелерге жетуге болатынын көрсетті. Егер III сыныптың басында оқу-тәрбие жұмысы педагогикалық тұрғыждан сауатты ұйымдастырылған болса, онда оқушылардың бойында еңбексүйгіштік, ұқыптылық, шыдамдылық, жауаптылық, қиындықты жеңе білушілік сияқты ерік сапаларын дамытуға болады. Бастауыш басқыштың оқушысында оқуға деген талап пен қызығушылықтың өте жоғары екені белгілі. Ол бәрін білгісі және бәрінен үйренгісі келеді. Ең алдында ол (I—II сьшыпта) жекелеген заттар мен құбылыстарды тануға ұмтылады, содан кейін себептерін, заңдылықтарын және құбылыстардың байланысын айқындауға тырысады. Осындай жағдайларға сәйкес оқу үрдісімен қатар, мұғалімнің сабақтан тыс тәрбиелік шаралары танымдық үрдісте оқушылардың қызығушьшығын күшейтуге бағытталуы керек.

77

V—VI сыныптарда (11—12 жас) оқитын оқушылар кіші жасөспірімдер деп аталады. Жасөспірімдік жас — оқушының дамуындағы жаңа кезең. Жасөспірім енді бала емес, бірақ ол өлі үлкен де емес. Баланың бейнесінде балалық көріністерімен қатар, есейе бастаған адамға тән жаңа белгілері және үлкен адам болуға деген белсенді ықылас пайда болады. Сондықтан бұл жастың өтпелі кезең деп аталуы кездейсоқ емес. Жасөспірімнің анатомиялық-физиологиялық дамуында елеулі өзгерістер пайда болады. Ол біркелкі болмағанымен, қарқынды өтеді. Әдетте, оқушылар бұл өзгерістердің бәрін де сезінеді және оларды ауырсынуды жиі бастан өткізеді. Бұл жаста баланың партада отыруына көңіл бөлудің, оның гимнастикамен көбірек шүғылдануына, спорттық секцияларға қатысуына ақыл-кеңес берудің маңызы зор. Сондай-ақ бұл жас олардың рухани жағынан күшті дамуымен сипатталады. Алайда көптеген жағдайда олардың ересек болуға талпынысы дамуының ішкі қайшылықтарымен қақтығысып қалады және бұны тәрбие үрдісінде еске сақтаған жөн.



Бұл кезде кіші жастағы жасөспірімдер кейбір білім, қоғамдық-пайдалы жұмыс тәжірибесін игереді, өзіне деген сенімгс және тәуелсіздікке ие болады. Бұл жастағы балалар маңызды тапсырмаларды орындауға қабілетті. Оларда өздерінің қылықтарына талдау жасай білу, сондай-ақ үлкендер мен құрбыларының іс-әрекетін бағалай білуге бейімділік байқалады. Сол арқылы олардың жеке сапасы көрініс табады. Кіші жастағы жасөспірімдер үшін тәрбиешінің жеке басының және сыныптық, ұжымдық ортаның төтенше маңызы бар. Сөзбен әсер ету, түсіндіру және сендіру әдістерін пайдаланумен бірге бүл әдістердің тиімділік әсері интеллектуалдық және моральдық даму деңгейіне, олардың дұрыс ойлай білу және дәлелді меңгере білу қабілеттеріне байланысты екенін есте ұстау қажет. Бұл жаста тәрбиенің сөздік әдістерінің ықпалы әлсіреуі мүмкін, өйткені жас өспірімдердің бойында дамып келе жатқан сыншылдық қасиет оларды үлкендердің әрекеттері мен дәлелдеріне күдіктене қарауға және үлкендсрдің талаптарына қарсы тұруға мәжбүр етеді. “Мұндай құбылыстарды” елеулі алшақтыққа душар етпеу үшін жасөспірімдерге жасалатын тәрбиелік ықпалдың әдістері мен тәсілдерін іріктеуді жан-жақты ойластыру қажет.

Жасөспірімдердің мінез-құлқын қалыптастыруда тәрбиешілердің жеке бас үлгісінің ерекше маңызға ие

78

болуы одан әрі жалғаса береді. Сонымен бірге, жасөспірім өзін үлкен кісі санаумен үлкендердің қылықтары мен әрекеттеріне саналы түрде ұмтылады. Сондықтан жасөсшрімдер үшін үлкендердің істерінің, қылықтарының, ойларының маңызы зор. Жасөспірімдер өзіне қойылатын талаптардың нақтылығын тез сезінетін болады. Олар үшін үлкендердің талаптарындағы әділдік, ақылдылық, мақсаттылық т.б. ұстанымдар бірлігінің үлкен маңызы бар.



Осы орайда жекелеген педагогикалық талаптарды кейде тікелей емес, оқушының жеке басына жанамалай ықпал етумен тұспалдай қоюға болады.

Ү~ҮІ сыныптарда оқу үрдісінде оқушылардың жеке басын жан-жақты дамыту үшін қабылданған мемлекеттік оқу жоспарына сәйкес пәндерде және оқудан тыс кездегі іске асырылатын тәлім-тәрбие жұмыстарында қоғамдық-білім, біліктер мен дағдылар жүйесін меңгереді.

VII—VIII сыныптардың оқушылары ересек жасөспірімдер болып табылады. Бұл кезенде олардың ішкі дүниесінде терең өзгерістер болады: санасы дамиды, өмірден өзінің орнын айқындай бастайды, өзінің іс-әрекеттеріне жауаптылығы арта түседі, ізгілік және адамшылық проблемалары жайында ойланады. Оларда өздерінің білімдерін, өзін-өзі тәрбиелеуді жетілдіруге, эстетикалық мәселелерге ұмтылыс пайда болады. Ересектерге, айналасындағы адамдардың адамгершілік қасиетіне ерекше назар аудара бастайды. Сондай-ақ VII-VIII (13—14 жас) сынып оқушыларының анатомиялық-психологиялық дамуында айырмашылық ерекшеліктер кездеседі. Бұл кезенде жасөспірімдерде жыныс бездерінің жетіле бастауына байланысты гипофиз бен қалқанша бездерінің күшеюі әсерінен дененің жедел дамуы байқалады. Ол дене түзілісі мен зат алмасу үрдісін жеделдетеді, сол себепті қарқынды өсуге әкеп (акселерацияға) соғады, сонымен бірге, жас жеткіншектің қаңқасы шеміршектен сүйекке айналады.

Сырт көзге дене түзілісі жақсы қалыптасқан болып көрінгенмен, жеткіншектің әлеуметтік дамуы оның дене дамуына сәйкес келмейді немесе ата-анаға материалдық тәуелділікте болуымен байланысты түсініспеушілік туады. Сайып келгенде, жеткіншектің ақыл-ойының тез дамуына қарамастан, оның жауапкершілік сезімі мен міндетінің баяу дамитыны байқалады.

Жасөспірімдерді түсіну - күрделі үрдіс. Қоршаған ортаның өзгермелі болуынан жасөспірімдер бір жағдайдың

79

өзін түрліше бағалауы мүмкін, өйткені бір сыныптағы оқушылар санасының деңгейі түрліше болады.



Тәрбиеде салақтыққа жол беру қиындықтардың бір болып табылады. Бұл үлкендердің өзінің айтқандарын міндетті түрде орындауды талап етуіне байланысты баланың өздігінен әрекет жасауына кедергі келтіру байланысты туындайды. Мұндай жағдайда мұғалім жасөспірімдер әрекетінің ішкі дәлелдеріне үйлес болуы тырысуы керек. Олай болмаған жағдайда тәрбиеліі жұмыстағы мұндай салақтық жасөспірімдердің көңіл күйін төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкін. Мәселен, түрлі құбылыстарды түсіну мен бағалаудың арасынді байланыстың әлсіздігінен көп ретте жасөспірімдердің іс- әрекеттерінде келіспеушілік туындайды. Бала бойында еркінің болмауы да осы тұста байқалады. Осындай себептерден жасөспірімдердің мінез-құлкында тұйықтық пайда болады.

Бұл жастағы жасөспірімдердің тәрбиесіндегі тағы бір салғырттық олардың жауапсыздығы болып табылады, сонымен қатар жасөспірімдер өздеріне сенімсіз қарайды өйткені ол өзі енетін әлеуметтік қатынастардың проблемасын ақырына дейін түсінбейді. Сондықтан жасөспірімдердің әлеуметтік әрекеттерін дамытудың оларды қолдаудың және бағалаудың мәні аса зор.

Егер отбасында және ұжымда жасөспірімдер әрекеттерінің оңды жақтары қолдау тауып, бағаланатын болса, онда олар түрлі ортада болғанда өзіне деген сенімге ие болады. Өзіне сенімі жоқ жасөспірімдердің ақыл-ойының даму дәрежесі қаншалықты жоғары болса да, айналадағы дүниені ұғынуда оларда ауытқушылық байқалады.

Жасөспірімдер тәрбиесінде кездесетін кемшіліктердік тағы бір түрі — қоғамда өзінің толық бағалы еместігін сезінуі. Жасөспірімдердің әлеуметтік санасынык жеткіліксіздігі қоғамдық мінез-құлықты бұзуға әкелетінік тәжірибе көрсетуде, Сондықтан олар оз құрбыларының ішіндегі әлеуметтік топтардың ықпалына тез түседі Ендеше, тәрбиеші топтың қызметіне ерекше көңіл аударуы және олардың іс-әрекеттерінцегі дұрыс және бұрыс сәттерді байқай білуі керек. Психологтар әдетті мұндай топтарда түрліше психологиялық таңқаларлык жайлар — психикалық индукция, конформизм (айнала дағылардың пікірлеріне бағыныштылық) сенімі, еліктеу байқалатынын, сондықтан жасөспірімдер өмірде “көпті

80

көргендерге көбірек еліктейтінін және олардың қылықтарын сол қалпында қайталайтынын айтады. Өмірде жасөспірімдерге шағын топтар ауадай қажет. Мұндай ортада олардың міндеттері мен құқығы тең болады, проблеманы түсінбеушілік өзінен-өзі шешіледі. Мұндай топтар жеке бастың сапасын қалыптастыруға және басқалармен өзара қарым-қатынасты анықтауға ықпал етеді. Сол себепті тәрбиеші бұл проблемаларға ерекше көңіл бөлуі керек,



Жасөспірімдердің тәрбиесінде жыныстық дамуға байланысты психологиялық өзгерістер ерекше ескерілуі керек. Жыныстық жетілу кезеңінде ер балалар мен қыздардың дене құрылысында өзгерістер пайда болатыны байқалады. Жыныстық өзгешеліктер себебінен ер балалар мен қыздарда өмір жолы мен мамандық тандауда өмірге түрліше бейімділік пайда болады. Олардың арасындағы қарым-қатынастар нәтижесінде өзіне деген сенімі дамиды. Жыныстық жетілу кезеңінде өзіне-өзі баға беру өзгереді, есейеді, соған сәйкес үлкендерге деген қарым-қатынас өзгереді. Жыныстық даму үрдісінде жасөспірімде құндьшықтарды қайтадан бағалау пайда болады.

Тәрбиедегі қиындықтардың бірі оқушылардың отбасындағы жағдайы мен жай-күйі болып табылады. Кейбір отбасында жасөспірімдерге еркіндік беріліп, үлкен жауаптьшық тапсырылады, кейбір отбасында керісінше, жасөспірімдерге жас балаларға қарағандай қатаң бақылау жасайды, оларды өзіне деген сенімінен айырады. Жасөспірімдер бір-бірімен араласқанда көбінесе отбасындағы жағдайларды салыстырады. Бұлай ету үлкендермен қарым-қатынастардағы түсінбеушілікке әкеп соғады. Қатаң бақылауда болатын жасөспірімдерде әдетте үлкендермен қарсыласу көп болады, өйткені олар өздерін Қазірдің өзінде үлкенбіз деп санайды. Оларға үлкендердің орынсыз қамқорлығы немесе олардың адамгершілігін кемітуі ұнамайды. Мұның бәрі олардың өздерін толық құқылы азаматпыз деп санауынан келіп шығады. Сонымен бірге, үлкендер мен жасөспірімдер арасындағы түсінбеушілік жасөспірімнің өз істерін асыра бағалауынан да пайда болады. Үлкендер балаларды өздерінің меншігі санап, олардың қызығушылықтарымен және қажеттіліктерімен санаспайды. Жасөспірімдер өздеріне қойылған шектеушіліктің себебін білгісі келеді, үлкендер “олса, көп ретте дәлелді жауаптар қайтармайды. Соның салдарынан оларда үлкендердің әділетсіздігі жайында ұғым

81

қалыптасады. Әдетте, өмірде тәрбие ісінде үлкендердің өздерінің үлкендігін жиі пайдалануы тәрбиенің дұрыс болуына кедергі келтіретіні байқалады. Өзінің әрексттерін жоғары бағалайтын жасөспірімдер түрлі проблемалар бойынша өздерінің пікірлерін толық айтқысы келеді. Егер олардың солай істеуіне мүмкіңцік берілмесе, қарама-қарсылық шиеленісе түседі. Осындай жағдайдың салдарынан кейде жасөспірімдер үйін немесе тәрбиелік мекемелерді тастап кетеді. Тәрбие жүйесінде жасөспірімдер үнемі өзгергіш және дамымалы буын, ал үлкендер қалыптасқан буын деген фактіні ескере отырып, тәрбиеде жіберілген өз қателіктерін мойындауы керек.



Сыртқы ортаның ықпалымен жасөспірімдердің ішкі дүниесіңде терең өзгерістер болып жатады. Сондықтан төрбиешілердің жасөспірімдерді тапқырлыққа жөне тұлғалық тәуір қасиеттерді қалыптастыруға бағыттауы қажет.

VII сынып оқушыларының білімін өздігінен тереңдетуге; ұмтылатыны және білімнің түрлі саласына қызығушылық танытатыны белгілі. Көп жағдайда олардың қызығушылығы кездейсоқ факторларга негізделген. Оның оқыған кітапқа, көрген фильмге немесе пән бойыншаі алған жоғары бағаларына байланысты болуы мүмкін. Егер тәрбиеші оқушылардың қызығушылығын дамытуға үнемі көңіл бөліп отырмаса, онда олар біржақты және шектеулі болып қала береді. Осыған байланысты оларды қоғамдық мәні бар мақсаттарға бағыттаудың маңызы зор.

Ересек жасөспірімдер ой еңбегі мәдениетінің негіздерімен таныс. Олар өздерінің уақытын жоспарлай және тиімді пайдалана біледі.

Күн режимін сақтай білудің де ерікті дамыту мен мінез-құлықты тәрбиелеп жетілдіруде маңызы зор.

Жыныстық дамуға байланысты жасөспірімдердің қарама-қарсы жыныс өкілдеріне қызығушылығы артады. Алғашқы сүйіспеншілік сезімі жасөспірімдердің іс-әрекеттеріне ықпал етеді. Тәрбиеші жас жігіттер мен қыздардың арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы, достық және махаббат туралы, жоғары адамгершілік: түсініктер туралы әңгімелер өткізуі керек, санитарлық-гигиеналық білімге көңіл аударуы қажет. Әсіресе, бүгінде сексті кең марапаттауға байланысты түрлі жұқпалы аурулардың неден пайда болатынын, оның адам өміріне, тұқымға зияндылығын түсіндіру керек.

ҮІІ-ҮІП сыныптардың оқушылары, әдетте, спортпен, бимен, түрлі ойындармен, кештермен шұғылданады. Егер

82

олардьш қызығушылығын дер кезінде керекті арнаға бұрып отырмаса, олардың оқуына бөгет жасауы мүмкін.



Жас жігіттер мен қыздар жалпымектептік іс-шараларға канағат-танғандықпен қатысады, конференцияларға, олимпиадаларға, спартакиадаларға қатысумен өздерінің қабілеттерін дамытуға тырысады.

IX сынып оқушыларының даму ерекшелігі денедегі, психикалық және әлеуметгік өзгерістерге байланысты. IX сыныпта (15-16 жас) оқушылардың жас кезеңін әдетге ерте оянған бозбалалық шақ деп атайды, өйткені бұл кезеңде балалықтан жастық шаққа өту кезеңі туады. Бозбалалық шак жыныстық жетілудің аяқталу кезеңі, сонымен бірге дененің дамуы жағынан көмелетке жетудің алғашқы сатысы болып табылады. Бұл жаста жасөспірімдер денееінің дамуында сәйкессіздік байқалады: аяқ-қол жылдам өседі, кеуде өсуден кенжелейді, сыртгай олар ерсілеу, икемсіз көрінеді. Жүрек тамырының дамуында да біркелкі өсу болмайды, жүрек жылдам өседі. Тамырдың дамуы кенжелейді. Мұндай жағдайда жекелеген мүшелерге қан құйылуының жеткіліксіз болуынан қан қысымы артады, соған байланысты бас ауырады.

IX сынып оқушыларының санасында жаңа әлеуметтік көз-қарастың пайда болуы ең басты нәрсе. Олар сезімнің, сананың, мінез-құлықтың дамуын ғана түсініп қоймастан, өзін-өзі басқаруға ұмтылыстың да ерекше маңызды екенін жақсы.түсінеді.

IX сынып оқушылары “Өмірдің мәні неде?”, “Адамның шынайы бақыты деген не?”, “Мүмкіндіктер және таланттар қандай болады?” деген сүрақтардың жауабын табуға қызығушылық танытады. Оларды адамның өмірдегі орны, адамшылық қарым-қатынастардың пайда болуы қызықтырады. Алайда, өмір тәжірибесінің жеткіліксіздігі,орнықпаған моральдық ұстанымдар, түрліше өмірлік жағдайлардың сыр-сипатын жете түсінбеушілік кейде оларды шешім қабылдауда қызбалыққа, бір жақты шешім

қабылдауға әкеліп соқтырады. Бұл кезде оқушыларда сүйіспеншілік сезімі пайда болады. Олар достықты,жолдастықты бағалайды және мұғалімдер, ата-аналар,үлкендер тарапынан өздеріне құрметпен қарауды талап етеді. Олар көп жағдайда үлкендерден көмек сұрайтын болса да, өздерін үлкенбіз деп санайды. Алайда үлкендердің оқушылар жөнінде сөздеріндегі, қылықтарындағы,

ақыл-кеңестеріндегі дөрекілігі оларға кері әсер етеді.

83

Осыған байланысты жоғары сынып оқушыларын тәрбиесі кезінде мұғалімдерге олардың мінез-құлқын: түрліше болатынына көңіл бөлуге тура келеді. Жоғары сынып оқушьшары үшін ұжым қоғамдық тәрбиенің негізі болып қала беретінін де атап өткен жөн, Ұжымның міндеті тұлғаның қабілеттерін және оның жан-жақ тәрбиесін дамыту болып табылады. Жоғары сыныптарда талантты оқушылар анықталады, ұжымда да олар әрқаша ерекшеленіп тұрады. Жоғары сынып оқушыларыны кейбіреулері үлкендер мен құрбылары алдында бедел, болады, қоғамдық жұмыстарды орындайды, ал кейбіреулері нашар оқиды, қоғамдық жұмыспен айналыспайды, сонысымен олар өздерінің тәрбиесіне нұқсан келтіреді. Бұл жаста білімді жалғастыруға және-оның болашақ мамандығының сипатына тәуелс қоғамдық өмірге толық қосылуына қажетті жалпы білімді даярлықтың іргетасы қаланады.



Негізгі мектепті (IX сынып) бітірушілерге орта білі алуды аяқтаудың жолдары мен мерзімдерін таңдауға, сондай-ақ кешкі және сырттан оқу жүйесінде білімі жалғастыру мүмкіндігімен еңбек қызметін бастауға құқы беріледі. Жоғарыдағыларды ескере келіп, мұғалімдердің тәрбиешілердің, ата-аналардың оқушылардың өзін-өзі қалыптастыру, өздігінен даму, өздігінен түжырым жасау сияқты ішкі қажеттіліктерге деген олардың даярлығы және оның дүниежүзілік білім кеңістігінің талаптарын сәйкес толық орта білім алуға мүмкіндік беретінін ест ұстаған жөн.

I—IV сынып оқушылары тәрбиесінің негізгі ерекшеліктері мен міндеттері. Бастауыш сынып оқушыларына тән қажеттілік. Басты қажеттілік — оқушы болу. Ол сыртқы пішінімен, оқуда озат болу ниетімен, оқушының мінез құлқымен, “мектеп оқушысын” алдымен мұғалімнің содан соң (үшінші-төртінші сыныптар) құрбыларыны тануымен, сыныптағылармен бірге болуға талаптануме айқындалады.

Оқушы бейнесі осы міндетті өтеудің көрінісі. Бұл жаст баланың бойында өзін оқушы сезінуі, жақсы үлгеруші, қолынан бәрі келетін “екінші” немесе “үшінші” сынып оқушысымын деген мақтаныш сезім билейді.



Қызмет. Танымдық қызметтің қарқынды қалыптасуьн (баланың, “неліктен солай?” дейтін сұрағы сиректеліп

84

құндьшықты, оқи білуді (бөліктерін оқи, санай, жаза білуден бастап) игеру.



Мұғаліммен өзара әрекет жасаумен ережелер бойынша жасалған қатынастық қызметті, сол секілді бір сыньштағылармен оқу-іскерлік қатынасты дамыту.

Оқудан тыс жердегі қатынас баяу, стихиялы түрде қалыптасады. Ол көп ретте арнаулы педагогикалық камқорлықта, бақылауда бола бермейді.

Бірлесе атқарылатын танымдық және ойындық (рольдік және “қимылдық”) қызметтер тартымды болады.

Тұлғааралық қатынастың мазмұны — аспаптық — оқиғалық — жағдайлық. Әдетте, балалар бұл жаста бір-бірімен сөйлесіп пікірлескенде көбінесе “Бүгін не істейсің?”, “Не істеп жатырсың?”-нан бастайды. Олар өткендегіге немесе алдағы істелер іске аз көңіл бөледі.

Сыныпта өзара қарым-қатынас біркелкі, біршама қиын емес және мұғалім бағалауының күшті ықпалында болады. Қатынастың белгілі топтары 2—3 адамнан (бұл ойындық және ұйымдық жағдайлар үшін дұрыс емес) тұрады.

Мұғалімнен күтілетін негізгі рольдер - тергеуші және қорғаушы.

Жеке бас дамуының мүмкіндіктері: Оқудағы талдаулар (саналы білімді, оқу қызметін түсінуді қалыптастыру); қарым-қатынасқа, бірлескен оқу қызметіне саналы түрде бірінші кезең ретінде қарау, қолжеткен табысты нығайту.



Кіші жастағы жасөспірімдер (V—VIII сынып) негізгі

ерекшеліктері мен міндеттері

Кіші жасөспірімдердің белгілі сипаттамасы. Бұл жаста “болу”, “үлкендерге еліктеу” бірінші жоспарда болады. Мәселен, егер кіші жастағы оқушыға “үлкен болу — оқушы болу” мақсат болса, кіші жасөспірімдер өзіндік әрекетімен, қарым-қатынаста үлкендерге тәуелсіз болуымен, өзінің қызығушылығын өздігінен жүзеге асыруьімен ерекшеленеді.

Мен бейнесі. Мен бейнесінің (дамудағы өзгерулер) -жолдастары үшін, ата-аналары үшін өзін құнды етіп көрсетіп, жақсы көруді өзіне қабылдауы. Егер жоддастық ортада ондай түйсіктер қарқынды орнайтын болса, онда ата-аналар, кейде мұғалімдер арасында жылдамырақ, өзі жөніндегі түсініктің нығаюын күтеді.

85

“Меннің” қиялдық және шынайылық ерекшелігі айқындалып арақатынаста және әлеуметтік-мәдени үлгілерде, соның ішінде батылдық пен нәзіктіктің мақсат мұраттарына сәйкес келетін ер азаматтық және қыз балаға тән нәзіктік өлшемдердің көрінісі беруі байқалады.



Қызмет. Жеке тұлғаның бойына тән қасиет. Ол оқу оқу, білім алудан басталып, қоғамдық жұмыста көрініс беретін немесе көше қаңғып, қоғамға жат қылықтармен айналысуынан байқалатын қүбылыс. Оның ішкі ерекшелігі қайраткерлік көрсетуге талпынумен байланысты. Егер ол өзіндік “Меніне” — сын көрсете алса жеңіске жеткені, ал көрсете алмаса іс-әрекеттің нәтижесі; болғаны.

Әсерленушілік пен өзін әр түрлі қырынан көрсетуге тырысу арқылы бала өз бойындағы қабілеті мен ерекшелік қасиетін танытады. Ол жолдастары арасында дами түседі де, жолдастық-ұжымдық мақтаныш сезімге ие болады. Мысалы: “5 “б” — біздер 5 “а” сынып сияқты емеспіз, ерекшелігімізбен көзге түсеміз” деп мақтанады.



жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау