Алгоритмдер жєне деректер структурасы


Дәріс 14 Тақырыбы: Электрондық оқулықтар- ақпараттық білім беру ресурстарының бірі



жүктеу 4,55 Mb.
бет5/26
Дата12.02.2018
өлшемі4,55 Mb.
#9379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Дәріс 14

Тақырыбы: Электрондық оқулықтар- ақпараттық білім беру ресурстарының бірі
Электронды оқулықтар ақпараттық білім беру ортасының негізі болып табылады, ол оқуға қажетті материал болып табылады. Электрондық оқулықтың негізгі ерекшелігі болып оның толықтығы және материалды айту үзіліссіздігі, жаңа дидактикалық схемаларды жаңа ақпараттық амалдарды, кешенді мультимедеялық технологияларды қолдануды жүзеге асыру жатады.
Қазіргі заман оқу орындарындағы технология кӛкейкестілігі білім беру субъектілерінің инфокоммуникациялық ӛзара қатынасы ретінде ақпараттық қоғамда білім берудің жаңа парадигмасына ӛтуге себеп болды. Бұл парадигманы жүзеге асыру мектептерді компьютерлендіру мен интернеттендірумен, бағдарламалық және контенттік жабдықталуға сәйкес оларды электрондық инфраструктурамен қамтамасыз етумен, ең бастысы, кіріктірілген заманауи жетістіктердің негізінде педагогика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы кәсіптік қызметке мұғалімдерді даярлау жағдайында мүмкін болады.
Осыған байланысты бүгінде бүкіл әлемдік педагогикалық қалың кӛпшіліктің назары материалдық негізін қолданбалы бағдарламалық ӛнімдер (ҚБӚ) құрайтын оқытудың жаңа электрондық түріне кӛңіл бӛліп отырғаны белгілі. Электрондық оқыту құралдары интерактивті тақталар, мультимедиалық лингофондық кабинеттер (МЛК), интерактивті пәндік кабинеттер, электронды оқу залдары, үйдегі дербес компьютерлер


болып

табылады.

Әрине, мектептерде электрондық

оқытуды іске асырудың идеалды шарттары болған

болар еді «1 компьютер – 1 оқушы» немесе, маңыздырақ, «1 пән кабинеті – 1 компьютерлік мультимедиалық сынып». Бірақ, қолайлы жағдайы тӛмендеу жағдайларда да жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.



Электрондық оқыту ортасы түрлі қолданбалы бағдарламалық ӛнімдер болып табылады. Қазақстанда электрондық оқыту үшін жағдай жасалған, мектепте білім беру мазмұнының 90%-ы ―Электрондық оқулық― ҚБӚ түрінде әзірленді.
Біз, электрондық оқулықтарды оқытудың кезекті техникалық құралы ретінде немесе қосымша дидактикалық материал, оқу құралы, оқу-әдістемелік кешен ретінде қарастыру тәсілдерін қолдамаймыз. Біздің кӛзқарасымыз бойынша, электрондық оқулық бір жағынан, мұғалімдер мен оқушыларға, ата-аналарға да арналған бірыңғай ақпараттық-білім беру ортаны, екінші жағынан – білім беру үрдісінің субъектілерінің қашықтан интербелсенді ӛзара әрекет етуі ретінде электронды оқыту технологиясын қамтамасыз етеді. Сондықтан білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің бірыңғай ақпараттық-білім беру орта ретіндегі электрондық оқулықтарға қатынасын қалыптастыру болып табылады.
ҰАО мен БАПТО-ның электрондық оқулықтары менің технологиям бойынша құрылған және мақсаттан нәтижеге дейінгі ӛзара байланысты компоненттердің тұтас жүйесінде автоматтандырылған оқыту үрдісін қамтамасыз етеді: модуль – гипермәтін – интерактивті тапсырмалар – оқу жетістіктерін бағалау. Олар оқыту үрдісінің міндетті компоненттерін бейнелейді: мотивациялы-мақсатты, мазмұнды, іс-әрекеттік, бағалау-нәтижелі. Бұл барлық кезеңдерді міндетті түрде ӛту, оқыту технологиясын сипаттайды, ал технология, ӛз кезегінде мектеп оқушыларының белгілі нәтижеге – жоғары сапалы үлгірім жетістіктеріне жетуін қамтамасыз етеді. Бірақ кез келген технология, сабақта негізгі тұлға болып табылатын мұғалімнің тікелей әдістемелік жетекшілігін талап етеді.
Электрондық оқулықтың негізі модуль болып табылады. Бәрімізге белгілі оқытудың нәтижесі, оқушылардың оқытудың мақсатын танып-білуіне тікелей пропорционалды тәуелділігі болады, ал ЭО-ң модульі мақсатқа бағытталған қызмет атқарады, ӛйткені жыл бойы оқыған оқу мтериалының мазмұнын және оқыту мақсатын кӛрнекі және шолу түрінде меңгеруге кӛмектеседі, мектеп оқушысының жыл бойы меңгеруге тиісті білім жүйесін мұғалім де, оқушы да, ата-аналар да айқын және анық білуіне мүмкіндік береді.
Модуль білім беру Стандартына сәйкес мемлекеттік құжат ретінде оқу бағдарламасының логикалық-құрылымдық мазмұнын құрайды.
Қазір біздің күш-жігеріміз кӛптеген әдістемелік тәсілдерді енгізетін электрондық оқулықтың модулімен жұмыс істеу әдістемесін жасауға бағытталған. Оқытуды, модульді талқылау оқушылардың танымдық мотивациясын белсендіруге және оқу материалын тұтас және жүйелі ұғынуға, білім қызметін сезінуге мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру маңызды.
Модульдің айналасынан «ақпараттық-білім беру ортаның функционалдық түйіні» ретінде барлық оқыту үрдісі бастау алады: атап айтқанда модульден гипермәтінге, тапсырмалар мен тесттерге ӛтуге болады. Модульге бірнеше рет ену мектеп оқушысына, негізінен «ақпараттар базасы», «мәліметтер базасы», «білім базасы» ұғымдарын береді. Бұл жағдайда біз кӛкейкесті педагогикалық міндеттерді шешеміз – мектеп оқушыларының ақпаратпен жұмыс істеулерін, оны ӛз іс-әрекеттерінде жүйелеу, талдау, жобалау әмбебап тәсілдерін қалыптастырамыз. Бір уақытта оқушылардың ақпаратқа, білім алуға деген құнды қатынастары қалыптасады. Атап айтқанда ақпараттық қоғамда бұл қасиеттер болашақ маман үшін маңызды болып табылады.
Гипермәтін оқу бағдарламасы негізінде білім беру мазмұнын игеруге бағытталған. Электрондық оқулықтың гипермәтінінің қызметі – пайдаланушыға кәсіби диктордың мәтінді дыбыстауы арқылы берілген оқу материалының анимациялық түсініктемесі, бейнекӛріністер, тарихи және географиялық карталар, негізгі әдебиеттер, мұражай мұрағаттары және т.б. білімдерді игеруге кӛмектесу. Мұнда есте сақтау мен ойлау қызметтерінің барлық түрлері белсендіріледі, оқушылар түрлі іс-әрекет түрлеріне қосылады.
Мұғалімдердің міндеті – ақпараттық білім беру ортасы ретінде мектеп оқушыларының гипермәтінмен жұмыс істеуін ұйымдастыру, осы ортада оларды бағдарды анықтауға үйрету. Ақпаратты игеру оқытудың ұжымдық та, топтық та және жеке дара сияқты әдістерін қолданып жүзеге асыра алады. Осы кезде қандай әдістемелік тәсілдерді

пайдалану және оларды сабақтардың ӛткізілу барысында қалай үйлестіру – бұл пилоттық жобаға қатысушылардың міндеті.


Интерактивтік тапсырмалар алынған білімдер мен біліктерді бекіту мақсатымен әр түрлі тексеретін жаттығулар әрекеттерінің есебінен оқу материалын қолдану және бекіту процесін автоматтандыру мүмкіндігі болып табылады. Бұл компоненттің басты міндеті оқушы ақпаратты тек енжар қабылдамас үшін, ӛзі оқу-танымдық іс-әрекетке белсенді түрде қатысуға саяды. Оқыту процесін қарқынды етуге тапсырмалардың алуан түрлі типтерінің есебінен іс-әрекеттің мүмкін болар максимум түрлеріне оқушылардың максимал санын қамту арқылы қол жеткізіледі. Осы кезде еркін қалаушылық атмосфера жасалады: оқушы бұрыс жауап беруден қорықпайды, ӛйткені электрондық оқулық ӛз жауаптарын қайталауға және түзету енгізуге мүмкіндік береді. Мектеп оқушылары сабақта тапсырмаларды орындау кезінде мұғалімнің қалып қойғандарға кӛмекке келуге, жеке сұрақтарға жауап беруге, сабақтың келесі кезеңіне дайындалуға және т.б. уақыты босайды.
Химия, физика және биологиядан жасалған электрондық оқулықтарда компютердің кӛмегімен интерактивтік режимде табиғи ғылыми тәжірибелер жасауды қамтамасыз ететін виртуальдық зертханалық жұмыстар бар. Мұндай жұмыс сезінерлік нәтиже береді, тәжірибелерді шынайы ӛткізу үшін мүмкіндік жоқ кезде оқушылардың табиғи-ғылыми тәжірибемен танысуына мүмкіндік береді.
Білімдерді тексеруге автоматтандырылған тестілеудің есебінен қол жеткізіледі, ол оқушылардың оқу жетістіктерінің объективті бағасын береді. Бұл компоненттің педагогикалық мағыздылығы білім алушылардың ӛзін-ӛзі адекватты бағалауын қалыптастырады. Оқушылардың білімдік жетістіктерін бағалауға кӛп уақыт жоғалтпастан ата-аналардың ӛздері қатысуға шынайы мүмкіндік пайда болады.
Электрондық оқулықтарды құрастырудың барлық технологиясы танымдық қызмет пен ойлау қызметін қалыптастырудың ауыспалы кезеңдерін бейнелейді: іс-әрекетпен алдын ала танысу; сыртқы тілдік әрекетті қалыптастыру; ішкі тілдік әрекетті қалыптастыру; ойлау процесінің тереңдігіне ӛту.
Осылайша, электрондық оқулықтардың технологиясын әзірледік, енді мұғалімдермен бірге пәндік білім саласы есебімен ақпараттық-білім беру ортада оқыту әдістемесін жасауға кірістік. Герцен атындағы РМПУ профессоры, академик З.И.Васильева айтқандай, «... мектеп пен ғылымның алдында тұрған жаңа міндеттерді дайындығы жақсы, тек білімдік және тәрбиелік міндеттерді практикалық сауатты шешуге қабілетті ғана емес және де олардың ғылымдық жасақтамасын жобалауға, жетілдіруге қабілетті мұғалім шеше алады»

Бақылау сұрақтары:



  1. Электрондық оқулықтардың технологиялық құрылымы?

  2. Электрондық оқулықтың гипермәтінінің қызметі


Дәріс 15
Электрондық кітапхана
Қарқынды дамып келе жатқан ғылыми-техникалық прогресс қоғамның барлық сферасын ақпараттандырудың глобальды үрдісінің негізі болды. Экономика жағдайы,адамдардың ӛмір сүру деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттің әлемдік қоғамдағы ролі ақпараттық-технологиялық дамуға және оның темптеріне қатысты. Ақпаратты-телекоммуникациялық технологиялар адамдар қоғамдарын, жеке тұлғаларды және барлық әлемдік қоғамды және толық әлемді құрастырудағы маңызды роль атқарады. Ал білім беру, ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мүмкіндіктерін ӛмірге енгізуде шешуші фактор болып саналады. Заманауи технологияларды дамыту қоғамның интелектуальды потенциалына, яғни, даму деңгейіне байланысты. Республиканың дарынды балаларымен және студент жастарымен кездесуде Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес, Қазақстанның дамуында білімнің маңызы ӛте зор» деп атап кӛрсетті. Бүгінгі күні ақпараттану ғасыры туды және «Қазақстанның алдыға қарай дамуы үшін мемлекетте ғылымды дамыту ӛте маңызды» - деді президент.
Білім беруді ақпараттандыру Қазақстан Республикасының ақпараттық саясатын және мемлекеттік білім берудің приоритетті бағыттарының бірі болып табылады.
ХХI ғасыр кӛптеген ғалымдар үшін қазіргі қоғамдағы білім беру саласының рӛлі туралы кӛзқарастарымызды ӛзгерткен түбегейлі ӛзгерістер енгізілген иновациялық дәуірдің тууымен байланыстырылады. Индустриалдықтан ақпараттық ӛркениетке кӛшу жағдайында мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік аспектілеріне әсер ететін ақпараттық-коммуникациялық сала қоғамның жүйе құраушы факторларына айналғанда, экономикалық және қоғамдық қатынастардың жаһандану үдерісін анықтайды.

Бүгінде мемлекеттің ақпараттық-технологиялық дамуына және даму темпіне экономика жағдайы ғана емес, халықтың ӛмір сүру деңгейі, ұлт қауіпсіздігі, мемлекеттің әлемдік қауымдастық алдындағы ролі ғана тәуелді емес. 2020 жылға дейінгі қазақстандық білім берудің жаңаруы білім беру саясатының жүзеге асырылуын кӛздейді, ол ӛз кезегінде үздіксіз кәсіби білім берудің қазіргі жүйесінің дамуын, білім беру сапасын арттыруды, жалпы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етуді, білім беру саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруды кӛздейді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздің ақпараттық қоғамға толық енуін қамтамасыз етеді, Қазақстанның әлемдік кеңістіктегі беталысын бекіте түседі.


Білім беру диверсификациясы, ұлтаралылығы, даралануы, алдын ала және үздіксіз білім берудің дамуы, оның қарқындануы мен компьютерлендірілуі ҚР білім берудің дамуының оң тенденцияларына жатады.
Білім беру интеграциясы мен ұлтаралылығыбілім беру қызметтерінің әлемдік нарығының қалыптасуына ықпал етеді. Бүгін-ақ арақашықтық пен мемлекеттік шекараға қарамастан беріліп жатқан білім қызметтері ашығырақ технологиялық білім беру жүйелері пайда болып, әрекет етуді. Дәстүрлі (классикалық) білім берумен қатар, қазіргі білім беру және ақпараттық технологияларға негізделген дәстүрлі емес оқыту амал-тәсілдері кеңінен қолданыла бастады. Бұл Интернет-технолргиялар немесе электронды білім беруге негізделген ашық және қашықтан оқыту жүйелері.
Бүгінде білім берудің жаңа принципі болып білім беруді басқару тұрады, ал жаңа технологиялар болып білім құру формализациясы, білімді беру (тарату) (білімге қол жетімділігі) және білімді бақылау болады.
Ақпараттық технологиялар білім беру жүйесіне шынайы перспективалар ашады, нақтылы: ақпараттық технология құралдарын кеңінен енгізу оқу ақпараттарын кӛрнекті, динамикалық ұсыну бейнесуреттерді, дыбыс пен ақпараттық ресурстарға жойылған қол жету; білім берудің барлық деңгейлерінде – мектепке дейінгі деңгейден жоғары оқудан кейінгі деңгейлерде компютерлік оқудың үздіксіздігі мен сабақтастығы – оқу үдерісіндегі барлық пәндерді компьютерлік қолдау есебінен; оқушылардың шығармашылық жеке дара қабілеттіліктерін ашу мен дамыту үшін оқыту әдістемесін, стилі мен құралдарын таңдау еркіндігін қамтамасыз ету; жаңа ақпараттық технологиялар негізінде ғылыми және әдістемелік негізделген базалық білім беру жүйесін құру.
Білім берудің ақпараттануы объективті түрде: оқу-әдістемелік жұмысты қайта ұйымдастыруды; оқытушыға талаптың күшеюі және оның рӛлінің ӛзгеруін; оқушылардың тұлғасының ролі мен оның жеке ерекшеліктерінің; оқу мекемесінің ролі мен оның орналасқан жерінің оқушылар құрамына әсерін; қол жетімді ақпараттық ресурстардың кӛлемінің күрт ұлғаюын тудырады.
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар ӛз кезегінде мүмкіндік береді: білімді дамыту, білім алу мен тарату сипатының жаңаруы; оқыту мазмұны мен әдістерінің жаңаруына мүмкіндіктер ашу; жалпы және кәсіптік білімге қол жетімділігін кеңейту; оқытушыларға қажеттілікті аямастан олардың оқу үдерісіндегі ролін ӛзгерту (ақпараттың білім мен ұғынуға айналуын басқару).
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін ақпараттандырудың басты мақсаты ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде қазақстандық білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін ортақ ақпараттық білім беру ортасын құру, азаматтардың барлық сатылар мен барлық деңгейлерде білім алуына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлемдік білім кеңістігіндегі ақпараттық кеңістігін интеграциялау.
Ақпараттық кеңістік – бұл тек ақпараттың ӛмір сүріп және таратылатын ортасы ғана емес, сондай-ақ коммуникацияларды жүзеге асыру және кӛзқарастар алмасу құралдары. Ақпараттық білім беру ортасын құру қалыптасқан инновациялық оқыту әдістемелері мен оларды біліктілікті арттыру жүйесінде жаппай таратудың ондай ортаның болмауына байланысты мүмкін еместігі арасындағы алшақтықты, сондай-ақ білім беру қызметкерлері арасында озық технологияларды тез әрі кең таратуға мүмкіндік береді.

Ақпараттық білім беру ортасы бүгінде ақпараттық, техникалық, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, білім беру үдерісінің субъектісі ретінде адаммен тығыз байланысты; антропософиялық релевантты ақпараттық антураж, оқытушылар мен оқушылардың шығармашылық потенциалы мен дарынын ашуға арналған жүйелі ұйымдастрылған жиынтық (Ж.Н.Зайцева); ақпараттың дәстүрлі және электрондық тасымалдаушылардың интеграциясы негізінде құрылған, виртуалды кітапхана, мәліметтер базасын бөлу, оқу-әдістемелік кешендер мен кеңейтілген дидактика аппаратын жинақтаған өзара әрекеттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қосқан ортақ ақпараттық білім беру кеңістігі.


Ақпараттық технологияларға негізделген білім берудің дамуы кадрларды кәсіби даярлау жүйесіне жаңа кӛзқарастарды шығаруды, оның мақсаты мен мәнін әлеуметтік институт ретінде қайта ой елегінен ӛткізуді талап етеді.

Әлемдік білім нарығы
Ашық білім берудегі ақпараттық білім беру ортасы кӛптеген ӛзара әрекет етуші компоненттерден тұрады. Бұл оқу үрдісінің автоматтану жүйесі де, қашықтан оқыту жүйесі де, ақпараттық-анықтамалық жүйесі де. Білім беру ортасының мазмұндық негізі

ретінде әртүрлі білім беру мекемелері ұсынатын электрондық білім беру ресурстары мен қызметтері болады. «Ақпараттық білім беру ортасы» феноменіне әртүрлі теориялық және тәжірибелік кӛзқарастарды зерттеу кӛрсеткендей, білім беру ортасының әртүрлі концепциялары бар (Г.Ю. Беляев, А.И. Бондаревская, О.В. Гукаленко, С.Д. Дерябо, Э.Ф. Зеер, Г.А. Ковалев, И.В. Крупина, С.Л. Новоселова, В.И. Панов, И.Г. Пчелинцева, В.В. Рубцов, В.И. Слободчиков, В.А. Ясвин және т.б.), сондай-ақ ақпараттық білім беру




ортасы және оны педагогикалық

үрдісте қолдану

концепциялары (А.Г. Абросимов,

В.В. Гриншкун,

Е.В. Лобанова,

С.Л. Лобачев,

Е.М. Разинкина,

И.В. Сергиенко,

А.Г. Шабанов және т.б.).










Ақпараттық

білім беру ортасының мәнін тереңірек түсіну үшін

оған қосымша

«ақпараттық орта» және «білім беру ортасы» терминдерін де қарастыру керек.
СИ.Ожегов сӛздігінде орта дегеніміз қоршаған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардың ортақтығы байланыстырған адамдар жиыны.
Философиялық сӛздікте әлеуметтік орта дегеніміз адамды қоршаған, оның өмір сүруіне, қалыптасуына және іс-әрекетіне қажетті қоғамдық, материалдық және рухани жағдайлар. Олай болса, кең мағынасында орта дегеніміз (макроорта) қоғамдық-экономикалық жүйені толығымен қамтиды - ӛндірістік күштер, қоғамдық қатынастар және институттар, қоғамдық сана және мәдениет, қалай болғанда да тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер ететін. Орта ӛзінің тар мағынасында (микроорта) адамның тікелей қоршаған ортасы – отбасы, еңбек, оқу және т.б. ұжымдар мен топтар.
Білім беру ортасы – неғұрлым тар түсінік. Білім беру ортасы деп кӛбінесе нақтылы білім беру мекемесінің қызмет етуін түсінеміз (В.А.Козырев, И.К.Шалаев, А.А.Веряев және т.б.). Білім беру ортасы туралы әртүрлі кӛзқарастарды талдау кӛрсеткендей, зерттеушілер нақтылы білім беру мекемесінің материалдық факторларының, кеңістіктік-заттық факторларының, тұлғааралық қатынастарының жиынтығын құрайды. Барлық аталған факторлар бір бірлерімен тығыз байланысты, олар бір жағынан бір бірін толықтырып, байытып, біріне бірі – білім беру ортасы субъектісіне әсер етіп тұрса, екінші жағынан субъектілер білім беру ортасын ұйымдастырып, құрып, оған белгілі бір ықпал етіп тұрады.
Білім беру ортасын оның басты типтерін моделдеу негізінде жобалауға ерекше кӛзқарасты В.А.Ясвин ұсынады.
Білім беру ортасын В.А.Ясвин берілген үлгі бойынша тұлғаның қалыптасуының әсерлері мен жағдайлары ретінде анықтайды, сондай-ақ қоршаған ортасында оның дамуына әлеуметтік және кеңістіктік-заттық мүмкіндіктер, сонымен бірге ол білім беру ортасының Я.Корчак «Баланы қалай жақсы кӛру керек» деген кітабында шығарған типологиясын пайдаланады. Поляк педагогі «тәрбиелеуші ортаның» тӛрт типін бӛліп кӛрсеткен: «догмалық», «идеялық», «алаңсыз тұтыну», «сыртқы жылтырлық және мансап».
Догмалық орта дәстүрмен, беделмен, тәртіппен, арлылықпен, байсалдылықпен, рухани тепе-теңдікпен, тұрақтылық сезімімен, ӛзінің дұрыстығына сенімділігімен, ӛзін ӛзі шектеуімен, ӛзін ӛзі анықтауымен, жоғары адамгершілігімен, енжарлыққа дейін жеткізетін дұрыс ойлауымен сипатталады. Бұндай ортада тәрбиеленген субъект тәуелді (басшыға, педагогқа, ата-анасына) әрі енжар.
Идеялық орта еркін ұшумен, шабытпен, рух еркіндігімен, шығармашылықпен, энтузиазммен, мәселелілікпен; мейірімді ерікпен, моральдік эстетизммен, шыдамдылықпен, болашаққа кӛзқарасымен, нәзіктігімен және тұрақсыздығымен сипатталады. Бұндай ортада тәрбиеленген субъект белсенді және ӛз әрекеттері мен қылықтарын таңдауда еркін, оларына ӛзі жауапкершілік танытады.
Алаңсыз тұтыну ортасы рух тыныштығымен, уайымсыздықпен, сезімталдықпен; ашықтықпен, бейірімділікпен, ішкі игілікпен, жалқаулықпен, әдеттерінің консервативтілігімен сипатталады. Бұндай ортада тәрбиеленген және дамыған субъект ӛзінде барына риза, ширығу мен күреске қабілетсіз, еркін, бірақ енжар.
Сыртқы жылтырлық және мансап ортасы суық есепке тартылу, ӛзгелердің құндылықтарын жасанды эксплуатациялау, догмалық ұрандармен, епті ӛзін ӛзі

жарнамалаумен, тойымсыз даңққұмарлықпен, тәкаппарлықпен, наразылықпен, кӛре алмаушылықпен, зұлымдықпен, этикетпен, сипатталады. Субъект бұндай ортада ӛтірік айта бастайды, екі жүзділенеді және қуланады, алайда белсенді, бірақ тәуелді.


Білім беру ортасын векторлық моделдеу әдістемесін пайдалана отырып, В.А.Ясвин екі осьтен тұратын координаттар жүйесін жобалайды: «еркіндік – тәуелділік» осі және «белсенділік - енжарлық» осі. Бұл координат жүйесінде білім беру ортасының белгілі бір типіне сәйкес вектор құру алты диагностикалық сұрақтарға жауап беру нәтижесінде жүзеге асырылады.
«Еркіндік – тәуелділік» осі үшін: 1) Нақтылы білім беру ортасында бірінші орынға қандай қызығушылықтар мен құндылықтар қойылады (тұлғалық немесе қоғамдық)? 2) Ӛзара әрекет үрдісінде кім кімге икемделеді (педагог балаға ма әлде бала тәрбиешіге ме)? 3) Қандай тәрбие формасы нақтылы білім беру ортасында басым түрде жүзеге асырылады (жеке әлде ұжымдық)?
«Белсенділік - енжарлық» осі үшін: 4) Нақты білім беру ортасында баланы жазалау тәжірибесі бар ма? 5) Нақтылы білім беру ортасында баланың бастамасы ынталандырыла ма? 6) Нақтылы білім беру ортасында баланың қандай да бір шығармашылық бастамалары оң бағаға ие бола ма?
Әртүрлі тарихи-педагогикалық тәжірибелерді талдау негізінде В.А.Ясвин ұлы педагогтардың педагогикалық жүйелерінің жобаларымен координаттар жүйесін салыстырды. Нәтиже мынаны кӛрсетті:
-Я.А.Коменскийдің педагогикалық жүйесі догмалық білім беру ортасының енжар тәуелді үлгі береді;
-Ж.Ж.Руссоның педагогикалық жүйесі алаңсыз білім беру ортасының еркін енжар үлгісін береді;
-И.Г.Песталоццидің педагогикалық жүйесі алаңсыз білім беру ортасының еркін енжар үлгісін береді;
-Д.Локктың педагогикалық жүйесі мансаптық білім беру ортасының белсенді тәуелді үлгісін береді;
-А.С.Макаренконың педагогикалық жүйесі мансаптық білім беру ортасының белсенді тәуелді үлгісін береді;
-Я.Корчак пен М.Монтессори педагогикалық жүйелері шығармашылық білім беру ортасының еркін белсенді үлгісін береді.


3. Зертханалық сабақтары

Зертханалық жұмыс №1

Тақырыбы: Қазіргі заманғы басылымдарға талдау жасау
Мақсаты: Студенттерді қазіргі заманғы баспа жүйелерімен, олардың қолданылу облыстарымен таныстыру. Студенттерге баспа жүйелерінің мәтіндік редакторлардан айырмашылығын түсіндіру.
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Microsoft Publisher, Microsoft Word, Adobe Page Maker
Қысқаша теориялық түсініктеме:

Соңғы жылдарда мультимедиялық және желілік электронды басылымдардың таралуына байланысты полиграфиялық басылымдарды дайындайтын баспа жүйелерін және электронды құжаттарды беттеу жүйелерін ажыратып қарастырамыз.



Ең танымал баспа жүйесіне Adobe PageMaker-ді жатқызуға болады. Беттеу кезінде дайын шаблондар ұсынатын MicroSoft Publisher офистік программасында қолдануға болады. Келесі суреттерде осы аталған программалардың терезелері көрсетілген (Сурет 1, Сурет 2).





жүктеу 4,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау