Ашық сабақ тақырыбы:
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық
тепе-теңдіктерді қолдану
Пәні: математика
Класы: 9
Пән мұғалімі: Султашева Г Д.
2014-2015 оқу жылы
Тақырыбы: Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану
Сабақтың ақпараттық картасы:
Мақсаты:
1) Білімділік: Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру жайлы алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау.
2) Дамытушылық: Есептеу дағдыларын , шығармашылық және стандарттан тыс ойлау қабілеттерін, шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
3) Тәрбиелік : Пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, өзіндік және өзара бақылау дағдыларын, коммуникативтік құзырлықтарын қалыптастыру.
Типі: Жалпылау сабағы
Сабақ түрі: жаттықтыру- практикум
Әдісі: ізденушілік, зерттеу, практикалық, және өзіндік жұмыс
Бақылау түрі; өзіндік және өзара, мұғалім тұрғысынан бақылау
Көрнекі құрал: Слайдтар,формулалар
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі- 3мин
ІІ. Тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде қажетті анықтамалар мен формулаларды қолданудағы білім мен біліктің практикада қажеттілігін сезіну, сабақтың тақырыбы, мақсаты, міндеттерімен таныстыру. Сабақта одан әрі жұмыс істеудегі оқушылардың белсенділіктерін арттыру -10 мин
ІІІ. Берілетін тапсырмаларды орындауда мазмұны мен жүйенің бірізділігі-16 мин
ІV. Мұғалімнің бақылауымен өзіндік жеке тапсырмаларды орындатуы- тест/ 8 мин
V. Орындалған тапсырмаларды жалпылау және жүйелеу-3 мин
VІ. Сабақты қорытындылау және үй жұмысына нұсқау беру-5 мин
Резерв тапсырмалары
Сабақтың моделі/барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Уақыт аралығы 3 мин
Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Сәлеметсіздерме! Оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсаты, құрылымы айтылады.
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: « Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру
1) блиц- сұрақтардан тұрады.
Мұғалім: Сіздердің назарларыңызды мынадай мәселеге аударғым келеді.
« тригонометрияға» байланыстының бәрін жаттап есте сақтау қажет емес, тек сандық шеңберде қалай іздеу керек екенін түсіну жеткілікті.
1-сұрақ :
Градустық өлшемде берілген бұрышты радиандық, ал радиандық өлшемде берілген бұрышты градустық өлшемге айналдыру формуласын атаңдар.?
Жауап: -градустық өлшем , а-радиандық өлшем
Достарыңызбен бөлісу: |