«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі»ММ
Алгебра- 9 сынып
Мұғалім : Жаменкенова Назгуль Зайнуллиновна
Тақырыбы: Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру
Сабақтың ақпараттық картасы:
Мақсаты:
1) Білімділік: Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру жайлы алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау.
2) Дамытушылық: Есептеу дағдыларын , шығармашылық және стандарттан тыс ойлау қабілеттерін, шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
3) Тәрбиелік : Пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, өзіндік және өзара бақылау дағдыларын, коммуникативтік құзырлықтарын қалыптастыру.
Типі: Жалпылау сабағы
Сабақ түрі: жаттықтыру- практикум
Сабақ құрылымы: Модульдік технология негізінде
Технолгия: Деңгейлік дифференциалдық, сыни тұрғысынан ойлау, жеке тұлғаға бағытталған және тестік бақылау технологиясының элементтері
Әдісі: ізденушілік, зерттеу, практикалық, және өзіндік жұмыс
Бақылау түрі; өзіндік және өзара, мұғалім тұрғысынан бақылау
Көрнекі құрал: Интерактивті құрылғы
Түсінік хат
-9-сыныпқа арналған алгебра сабағы
- Сабақ жалпы білім берітін мектеп оқушыларына арналып құрылған
Оқу материалының мазмұнын таңдау қағидасы: оқу мазмұны оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай таңдап алынған
Сабақтың материалдық техникалық базасы:
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі- 3мин
ІІ. Тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде қажетті анықтамалар мен формулаларды қолданудағы білім мен біліктің практикада қажеттілігін сезіну, сабақтың тақырыбы, мақсаты, міндеттерімен таныстыру. Сабақта одан әрі жұмыс істеудегі оқушылардың белсенділіктерін арттыру -10 мин
ІІІ. Берілетін тапсырмаларды орындауда мазмұны мен жүйенің бірізділігі-16 мин
ІV. Мұғалімнің бақылауымен өзіндік жеке тапсырмаларды орындатуы- тест/ 8 мин
Орындалған тапсырмаларды жалпылау және жүйелеу-3 мин
Сабақты қорытындылау және үй жұмысына нұсқау беру-5 мин
Резерв тапсырмалары
Сабақтың моделі/барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Уақыт аралығы 3 мин
Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
Мотивация
ІІ. Сәлеметсіздерме!
Оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсаты, құрылымы айтылады.
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: « Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру »
Біздің сабағымыз « Қазақстанға саяхат» яғни ......
1) блиц- сұрақтардан тұрады.
Мұғалім: Сіздердің назарларыңызды мынадай мәселеге аударғым келеді.
« тригонометрияға» байланыстының бәрін жаттап есте сақтау қажет емес, тек сандық шеңберде қалай іздеу керек екенін түсіну жеткілікті.
1-сұрақ : /1 мектеп/
Градустық өлшемде берілген бұрышты радиандық, ал радиандық өлшемде берілген бұрышты градустық өлшемге айналдыру формуласын атаңдар.?
Жауап: -градустық өлшем , а-радиандық өлшем
Достарыңызбен бөлісу: |