5
Пернетақта мен меңзегіш
құрылғылар
●
Пернетақтаны пайдалану
●
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
28
Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар
Пернетақтаны пайдалану
Пернелер тіркесімін анықтау
Пернелер тіркесімі -
fn
пернесі (1) мен
esc
пернесінің (2) тіркесімі.
Пернелер тіркесімі
Сипаттама
fn+esc
Жүйенің аппараттық бөліктері жəне жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы ақпаратты
көрсетеді.
Əрекет пернелерін анықтау
Пернетақтаның үстіңгі жағында орналасқан əрекет пернелері арнайы тағайындалған
функцияларды орындайды.
Перненің тағайындалған функциясын іске қосу үшін пернені басыңыз.
Əрекет пернесі
Сипаттама
f1
Анықтама жəне қолдау орталығын ашады.
Анықтама жəне қолдау орталығы нұсқаулықтар, сұрақтарға жауаптар мен өнім жаңартуларын
қамтиды.
Пернетақтаны пайдалану
29
Əрекет пернесі
Сипаттама
f2
Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
f3
Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
f4
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер
монитор компьютерге қосылған болса,
f4
пернесі басылғаннан кейін экран кескіні компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде
көрсетіледі.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды.
f4
əрекет пернесі компьютерден бейне ақпаратын
қабылдайтын басқа да құрылғылар арасында кескіндерді ауыстырып көрсете алады.
f5
Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолшықты немесе DVD дискісіндегі алдыңғы бөлімді
ойнатады.
f6
Аудио ықшам дискі немесе DVD дискісін ойнату, тоқтата тұру немесе қайта ойнату үшін
қолданылады.
f7
Ойнатылатын аудио ықшам дискі немесе DVD дискісін тоқтатады.
f8
Аудио ықшам дискідегі келесі жолшықты немесе DVD дискісіндегі келесі бөлімді ойнатады.
f9
Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
f10
Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
f11
Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
f12
Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРІМ:
Бұл перне сымсыз қосылысты орнатпайды. Сымсыз қосылысты орнату үшін
сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Пернетақталарды пайдалану
Компьютерде қосымша сыртқы сандық пернетақта немесе сандық пернетақтасы бар қосымша
сыртқы пернетақта жұмыс істейді.
30
Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ:
Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғының таңдаулы параметрлерін орнату
Түймешік теңшелімі, нұқу жылдамдығы жəне тінтуір көрсеткісінің мүмкіндіктері сияқты меңзегіш
құрылғылар параметрлерін теңшеу үшін, Windows® жүйесіндегі тінтуір сипаттарын
қолданыңыз.
Тінтуір сипаттарына кіру үшін Пуск (Бастау) > Устройства и принтеры (Құрылғылар мен
принтерлер) тармақтарын таңдаңыз. Одан кейін компьютеріңіз болып келетін құрылғыны
тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Настройки мыши (Тінтуір параметрлері) пəрменін
таңдаңыз.
Сенсорлы тақтаны пайдалану
Көрсеткіні жылжыту үшін бір саусақты сенсорлы тақтада көрсеткіні жылжытқыңыз келген
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
Сенсорлы тақтаны қосу жəне өшіру
Сенсорлы тақтаны қосу жəне өшіру үшін, сенсорлы тақтаның шамын екі рет тез нұқыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Сенсорлы тақта шамы тақта қосулы болғанда өшірулі.
Шарлау
Көрсеткіні жылжыту үшін бір саусақты сенсорлы тақтада көрсеткіні жылжытқыңыз келген
бағытқа жылжытыңыз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
31
32
Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар
Таңдау
Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты
пайдаланылады.
Сенсорлы тақтаның іс-қимылдарын пайдалану
TouchPad панелі бірқатар іс-қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақтаның іс-қимылдарын
пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз.
Іс-қимылдарды қосу жəне ажырату үшін
1.
Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ соңында орналасқан
Synaptics белгішесін
екі рет нұқып, Параметры устройства (Құрылғы параметрлері)
қойындысын ашыңыз.
2.
Құрылғыны таңдаңыз, одан кейін Параметры (Параметрлер) түймешігін басыңыз.
3.
Қосқыңыз жəне ажыратқыңыз келетін іс-қимылдарды таңдаңыз.
4.
Применить (Қолдану) түймешігін, одан кейін
OK түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Компьютер сенсорлы тақтаның қосымша мүмкіндіктерін де қолдайды. Бұл
мүмкіндіктерді қарап шығу жəне қосу үшін тапсырмалар тақтасының оң жағындағы
хабарландыру аймағында орналасқан Synaptics белгішесін нұқыңыз. Свойства
указывающего устройства (Меңзегіш құрылғы сипаттары) пəрменін, одан кейін
Параметры
устройства (Құрылғы параметрлері) қойыншасын таңдаңыз. Құрылғыны таңдаңыз, одан кейін
Параметры (Параметрлер) түймешігін басыңыз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
33