Қатты дискіні ауыстыру
Қатты дискіні орнынан шығару
1.
Жұмысты сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2.
Компьютерге жалғанған барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3.
Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суырыңыз.
4.
Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны шығарып алу 37-бетте
бөлімін қараңыз).
5.
Үстелге қоюға арналған қақпақты алыңыз (
Үстелге қоюға арналған қақпақты орнына
салу 39-бетте
бөлімін қараңыз).
6.
Қатты диск кабелі қосқышындағы (1) ілгекті ұстап, оны қатты диск кабелін жүйе тақтасынан
ажырату үшін жоғарыға көтеріңіз.
7.
Қатты диск кабелін кабель өтетін арнадан жайлап алыңыз.
8.
Қатты дискінің 3 бұрандасын (2) алыңыз.
9.
Қатты дискідегі ілгекті ұстап, қатты дискіні (3) диск орнынан шығарыңыз.
Қатты дискіні орнату
1.
Қатты дискідегі ілгекті ұстап, қатты дискіні диск орнына (1) салыңыз.
2.
Қатты дискінің 3 бұрандасын (2) орындарына салыңыз.
3.
Қатты диск кабелін кабель өтетін арнаға салыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру
41
4.
Қатты диск кабелі қосқышындағы (3) ілгекті ұстап, қатты диск кабелі қосқышын жүйе
тақтасындағы өз орнына түскенше жайлап басыңыз.
5.
Үстелге қоюға арналған қақпақты орнына орналастырыңыз (
Үстелге қоюға арналған
қақпақты орнына салу 39-бетте
бөлімін қараңыз).
6.
Батареяны орнына салыңыз (
Батареяны салу 37-бетте
бөлімін қараңыз).
7.
Сыртқы қуат көзіне қосыңыз жəне сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
8.
Компьютерді қосыңыз.
Жад модулін ауыстыру
Компьютерде бір жад модулі ұясы бар. Компьютердің сыйымдылығын жад модулінің ұясында
бар жад модулін ауыстыру арқылы жаңартуға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Электростатикалық разряд (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге қосылған метал нысанды түрту арқылы
бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
Жад модулін ауыстыру үшін
1.
Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны шығарып алу 37-бетте
бөлімін қараңыз).
2.
Үстелге қоюға арналған қақпақты алыңыз (
Үстелге қоюға арналған қақпақты орнына
салу 39-бетте
бөлімін қараңыз).
42
Бап 6 Күтім
3.
Бар жад модулін шығарып алу үшін
a.
Жад модулінің екі жағындағы ұстап тұратын қыстырғыштарды (1) тартып алыңыз.
Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
b.
Жад модулін оның жиегінен ұстап (2), одан кейін оны ұясынан сыртқа жайлап
тартыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана
ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз.
c.
Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық разряд өтпейтін
контейнерге салыңыз.
4.
Жаңа жад модулін енгізу үшін
ЕСКЕРТУ:
Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз.
Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз.
a.
Жад модулінің түйіскен жиегін (1) жад модулі ұясының құлақшасына туралаңыз.
b.
Жад модулі бөлімінің бетінен 45 градус бұрыштағы жад модулімен модульді (2) жад
модулінің ұясына отырғанша басыңыз.
Жад модулін ауыстыру
43
c.
Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3)
төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, жад модулін
майыстырмаңыз.
5.
Үстелге қоюға арналған қақпақты орнына орналастырыңыз (
Үстелге қоюға арналған
қақпақты орнына салу 39-бетте
бөлімін қараңыз).
6.
Батареяны орнына салыңыз (
Батареяны салу 37-бетте
бөлімін қараңыз).
7.
Сыртқы қуат көзіне қосыңыз жəне сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
8.
Компьютерді қосыңыз.
44
Бап 6 Күтім
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде ең соңғы нұсқаларға дейін
жаңартуға кеңес береді. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін
http://www.hp.com/support
торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін
тіркелу қажет.
Əдеттегі күтім
Дисплейді тазалау
ЕСКЕРТУ:
Компьютерге зиян келтіруді болдырмау үшін дисплейге суды, тазалауға арналған
сұйықтықтарды немесе химиялық заттарды қолданбаңыз.
Дақтар мен талшықтарды жою үшін дисплейді жұмсақ, сулы, талшықтарды қалдырмайтын
матамен жүйелі түрде тазалаңыз. Дисплейге қосымша тазалау қажет болса, алдын ала
суланған антистатикалық майлықтарды немесе дисплейге арналған антистатикалық
тазалағышты пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақтаны жəне пернетақтаны тазалау
Сенсорлы тақтадағы кір жəне май көрсеткінің экранда жылжуына əкеліп соғуы мүмкін.
Көрсеткінің экранда тəртіпсіз жылжуына жол бермеу үшін сенсорлы тақтаны сулы матамен
тазалаңыз жəне компьютерді пайдаланған кезде қолдарыңызды жүйелі түрде жуыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Электр тогының соғуы немесе ішкі бөліктерге зиян келтіру қаупін азайту
үшін пернетақтаны тазалауға шаңсорғыш бөліктерін пайдаланбаңыз. Шаңсорғышпен
тазалағаннан кейін пернетақта бетінде шаң қалуы мүмкін.
Пернелердің жабысып қалуын болдырмау үшін пернетақтаны жəне шаң мен пернелердің
астында қалатын басқа да заттарды əрқашан тазалап отырыңыз. Пернелердің жаны мен
астында орналасқан шаңды тазалау үшін қысылған ауамен пернетақтаны үріңіз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
45
Достарыңызбен бөлісу: |