7
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
●
Қалпына келтіру дискілері
●
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме
бірдей нəтиже береді. НР компаниясы бағдарламаны орнатқаннан кейін дереу қалпына келтіру
дискісін жасауды ұсынады. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең
соңғы сақтық көшірме жасауды қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесін жүйелі түрде
жасауды жалғастыру қажет.
Амалдық жүйенің құралдары жəне HP Recovery Manager бағдарламалық құралы
мəліметтеріңізді қорғау жəне компьютер ақаулығы орын алған жағдайда оларды қалпына
келтіру тапсырмаларын орындауға көмектесуге арналған:
●
Қалпына келтіру дискілерінің жиынын жасау (Recovery Manager бағдарламасының
мүмкіндігі)
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
●
Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау
●
Бағдарламаны немесе драйверді қалпына келтіру
●
Бүкіл жүйені қалпына келтіру (қалпына келтіру бөлімінен немесе қалпына келтіру
дискілерінен)
ЕСКЕРІМ:
Қалпына келтіру дискілері, егер қалпына келтіру бөлімі компьютерде болмаса,
жеткізіледі. Бұл дискілерді амалдық жүйені жəне бағдарламалық құралдарды қалпына
келтіру үшін пайдаланыңыз. Қалпына келтіру бөлімінің бар екенін тексеру үшін Пуск
(Бастау) түймешігін басып, Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып,
Управление (Басқару) пəрменін таңдаңыз, одан кейін Управление дисками (Дискілерді
басқару) тармағын нұқыңыз. Егер қалпына келтіру бөлімі бар болса, HP қалпына келтіру
дискісі терезедегі тізімде көрсетіледі.
46
Бап 7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
Қалпына келтіру дискілері
НР компаниясы қатты дискінің ақаулығы орын алған жағдайда немесе компьютерді қалпына
келтіру бөлімінің құралдарын пайдалану арқылы қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда
компьютерді бастапқы зауыттық күйіне келтіре алуға сенімді болуыңыз үшін қалпына келтіру
дискілерін жасауға кеңес береді. Бұл дискілерді компьютерді бірінші рет орнатқаннан кейін
жасаңыз.
Бұл дискілерді қолданғанда сақ болыңыз да, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз. Бағдарламалық
құрал қалпына келтіру дискілерінің бір жинағын ғана жасауға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРІМ:
Қосымша оптикалық дискіні (бөлек сатылады) қалпына келтіру дискілерін жасау
үшін пайдалануға немесе компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін НР веб-торабынан
сатып алуға болады. Егер сыртқы оптикалық диск жетегі пайдаланылса, ол USB концентраторы
сияқты сыртқы құрылғыдағы USB портына емес, компьютердегі USB портына жалғануы тиіс.
Нұсқаулар:
●
Сапасы жоғары DVD-R, DVD+R немесе CD-R дискілерін сатып алыңыз. Ықшам
дискілермен салыстырғанда, DVD дискілерінің сыйымдылығы өте үлкен. Егер ықшам
дискілерді пайдалансаңыз, 20-ға жуық диск қажет болуы мүмкін, алайда тек бірнеше DVD
дискісі ғана қажет.
ЕСКЕРІМ:
CD-RW, DVD±RW дискілері сияқты жазуға жəне қайта жазуға арналған
дискілер, қос қабатты DVD±RW дискілері Recovery Manager бағдарламалық құралымен
сыйыспайды.
●
Бұл үрдіс барысында компьютер айнымалы ток қуат көзіне жалғанған болуы қажет.
●
Бір компьютерде қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады.
●
Əр дискіні оптикалық дискіенгізгіге енгізбес бұрын нөмірлеңіз.
●
Егер қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің жасалуын аяқтағанға дейін бағдарламадан
шыға аласыз. Келесі рет Recovery Manager бағдарламасы ашылған кезде сізге дискілерді
жасау үрдісін жалғастыру ұсынылады.
Қалпына келтіру дискілерінің жинағын жасау үшін
1.
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар)> Recovery Manager >
Создание диска восстановления (Қалпына келтіру дискісін жасау) тармақтарын
таңдаңыз.
2.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне
келтіруге мүмкіндік береді. Recovery Manager бағдарламалық құралы қатты дискідегі арнайы
қалпына келтіру бөлімінен (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қалпына келтіру дискілерінен
жұмыс істейді.
Қалпына келтіру дискілері
47
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру кезінде мына ақпаратты есіңізде сақтаңыз:
●
Бұрын сақтық көшірме жасалған файлдарды ғана қалпына келтіре аласыз. НР компаниясы
компьютеріңізді орнатқаннан кейін қалпына келтіру дискілерінің жиынын (бүкіл дискінің
сақтық көшірмесін) жасау үшін HP Recovery Manager бағдарламасын пайдалануды
ұсынады.
●
Windows жүйесінде Жүйені қалпына келтіру сияқты жөндеу мүмкіндіктері бар. Егер бұл
мүмкіндіктерді əлі сынап көрмесеңіз, Recovery Manager құралын пайдаланбас бұрын
оларды сынап көріңіз.
●
Recovery Manager құралы зауытта алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдарды
ғана қалпына келтіреді. Осы компьютермен қамтамасыз етілмеген бағдарламалық
құралдарды өндірушінің веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші қамтамасыз еткен
дискіден қайта орнату қажет.
қалпына келтіруге арналған бөлімнен қалпына келтіру
Кейбір үлгілерде, қатты дискідегі бөлімнен қалпына келтіруді орындау үшін Пуск (Бастау)
түймешігін немесе
f11
пернесін басыңыз. Қалпына келтірудің бұл түрі арқылы компьютер
қалпына келтіру дискілерін пайдаланбай оның зауыттық күйіне келтіріледі.
Компьютерді бөлімнен қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1.
Recovery Manager бағдарламасын төмендегі жолдармен іске қосыңыз:
●
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Recovery Manager >
Recovery Manager тармақтарын таңдаңыз.
– немесе –
●
Компьютерді қосыңыз немесе қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабарламасы бейнеленгенде
esc
пернесін басыңыз. «F11 (HP Recovery)» хабары
экранда көрсетілгенде
f11
пернесін басыңыз.
2.
Recovery Manager терезесінде Восстановление системы (Жүйені қалпына келтіру)
параметрін таңдаңыз.
3.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру дискілерін пайдалану арқылы қалпына келтіру
1.
Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2.
Бірінші қалпына келтіру дискісін қосымша сыртқы оптикалық диск жетегіне салып, одан
кейін компьютерді қайта қосыңыз.
3.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Ағымдағы сақтық көшірменің жасалуын қамтамасыз ету үшін компьютердегі файлдардың
сақтық көшірмелерін жүйелі түрде жасап отыру қажет. Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша
48
Бап 7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
Достарыңызбен бөлісу: |