ЕСКЕРТУ:
Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу
ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін,
батареяны шығарып алмастан бұрын, күту күйін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі
арқылы өшіріп тастаңыз.
1.
Батареяны шығарып алу үшін, батареяны бекіту сырғытпасын (1) сырғытыңыз.
2.
Батареяны шығарып алу үшін она (2) еңкейтіп, батарея ұясынан (3) алыңыз.
28
Бап 6 Күтім
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ:
Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін.
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
1.
Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2.
Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
3.
Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суырыңыз да, батареяны шығарып алыңыз.
4.
Жад модулі бөлімінің қақпағындағы бұранданы (1) бұрап босатыңыз.
5.
Жад модулі бөлімінің қақпағын (2) алыңыз.
6.
Қатты диск қақпағындағы бұранданы (1) бұрап босатыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
29
7.
Қатты дисктің қақпағын (2) шешіңіз.
8.
Қатты диск кабелін (1) компьютерден ажыратыңыз.
9.
Қатты дискінің 4 бұрандасын (2) алыңыз.
10.
Қатты дискті (3) қатты диск орнынан жоғары көтеріп шығарыңыз.
Қатты дискіні орнату
1.
Қатты дискіні (1) диск салатын жерге енгізіңіз.
2.
Қатты дискінің 4 бұрандасын (2) орнына салыңыз.
30
Бап 6 Күтім
3.
Қатты диск кабелін (3) компьютерге жалғаңыз. Кабельді пластмасса кетіктерден өткізіңіз.
4.
Қатты диск қақпағындағы (1) ілгектерді компьютердегі кетіктерге туралаңыз.
5.
Қақпақты (2) жабыңыз.
6.
Қатты диск қақпағындағы бұрандаларды (3) бұрап қатайтыңыз.
7.
Жад модулі бөлімінің қақпағындағы (1) ілгектерді компьютердегі кетіктерге туралаңыз.
8.
Қақпақты (2) жабыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
31
9.
Жад модулі бөлімінің қақпағындағы бұранданы (3) бұрап қатайтыңыз.
10.
Батареяны орнына салыңыз.
11.
Сыртқы электр қуатын жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.
12.
Компьютерді қосыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
Компьютерде жад модулінің екі ұясы бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы
ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы
бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ:
Екінші жад модулін қосқанда, қос арна конфигурациясын пайдалану үшін, екі жад
модулінің бірдей екенін тексеріңіз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін
32
Бап 6 Күтім
ЕСКЕРТУ:
Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жад модульдері қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз.
Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жад модулін шығарып
алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
1.
Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2.
Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
3.
Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суырыңыз да, батареяны шығарып алыңыз.
4.
Жад модулі бөлімінің қақпағындағы бұранданы (1) бұрап босатыңыз.
5.
Жад модулі бөлімінің қақпағын (2) алыңыз.
6.
Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз:
а.
Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды (1) тартып шешіңіз.
Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
33
ə.
Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), оны ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана
ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз.
Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін
контейнерге салыңыз.
7.
Жаңа жад модулін енгізу үшін
ЕСКЕРТУ:
Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз.
Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз.
а.
Жад модулінің ойықтары бар шетін (1) жад модулі ұясының тіліне келтіріңіз.
ə.
Жад модулі бөлімінің бетінен 45 градус бұрышта тұрғанда, модульді (2) басып жад
модулінің ұясына түсіріңіз.
34
Бап 6 Күтім
Достарыңызбен бөлісу: |