Бар WLAN желісіне қосылу
1.
Компьютерді қосыңыз.
2.
WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
3.
Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында желі белгішесін
басыңыз.
4.
Қажет желіні таңдаңыз.
5.
Подключить (Қосылу) пəрменін таңдаңыз.
6.
Егер қажет болса, қауіпсіздік кілтін енгізіңіз.
Жаңа WLAN желісін орнату
Қажетті жабдықтар:
●
Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен (ISP) сатып
алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі
●
Сымсыз жол жоспарлағыш (бөлек сатылады) (2)
●
Жаңа сымсыз компьютер (3)
ЕСКЕРІМ:
Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет
провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Суретте Интернетке қосылған дайын WLAN сымсыз желісінің орнатымы мысалға келтірілген.
Желі кеңейген сайын, Интернетке кіру үшін желіге қосымша сымсыз жəне сымды
компьютерлерді қосуға болады.
18
Бап 4 Желі орнату
Сымсыз жол жоспарлағыш параметрлерін реттеу
Сымсыз жергілікті желіні (WLAN) орнату туралы көмек алу үшін, жол жоспарлағыш өндірушісі
немесе Интернет провайдері (ISP) берген ақпаратты қараңыз.
Windows амалдық жүйесінде жаңа сымсыз желіні орнатуға көмектесетін құралдар бар. Желі
параметрлерін орнату мақсатында Windows құралдарын пайдалану:
●
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі жəне
Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ
пайдалануды басқару орталығы) > Установить новое соединение или сеть (Жаңа
байланыс немесе желі орнату) > Настроить сеть (Желі орнату) тармағын таңдаңыз. Одан
кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ:
Жаңа сымсыз компьютеріңізді жол жоспарлағышына онымен қамтамасыз етілген
желілік кабель арқылы бастапқыда қосу ұсынылады. Компьютер Интернетке сəтті қосылғаннан
кейін кабельді ажыратып, Интернетке сымсыз желі арқылы кіруге болады.
WLAN жүйесін қорғау
WLAN құрылғысын орнатқан немесе бар WLAN желісіне кірген кезде, əрқашан рұқсатсыз
кіруден желіні қорғау үшін қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз.
WLAN желісін қорғау туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан
қараңыз.
Сымсыз желіге қосылу
19
5
Пернетақта мен меңзегіш
құрылғылар
●
Пернетақтаны пайдалану
●
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
Пернетақтаны пайдалану
Əрекет пернелерін пайдалану
Əрекет пернелері пернетақтаның үстіңгі жағындағы пернелерге тағайындалған арнайы
əрекеттерді орындауға пайдаланылады.
f1
мен
f12
пернелеріндегі белгішелер əрекет перне функцияларын білдіреді. Əрекет пернесін
пайдалану үшін, тағайындалған функцияны белсендіруге пернені басып ұстап тұрыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Əрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Бұл мүмкіндікті Setup Utility
құралында ажыратуға болады. Егер бұл мүмкіндік Setup Utility бағдарламалық құралында
ажыратылса, тағайындалған функцияны іске қосу үшін
fn
жəне əрекет пернесін басу керек.
ЕСКЕРТУ:
Setup Utility бағдарламасына өзгертулер енгізгенде, мұқият болыңыз. Қателер
компьютердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Белгіше
Əрекет
Сипаттама
Анықтама жəне
қолдау
орталығы
Анықтама жəне қолдау орталығын ашады.
Анықтама жəне қолдау орталығы нұсқаулықтар, сұрақтарға жауаптар
мен өнім жаңартуларын қамтиды.
Экран
жарықтығын
азайту
Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
Экран
жарықтығын
жоғарылату
Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
20
Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар
Белгіше
Əрекет
Сипаттама
Экрандағы
суретті
ауыстыру
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып
көрсетеді. Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы
перне басылғаннан кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор
дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде
көрсетіледі.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын
сыртқы VGA бейне стандарты арқылы қабылдайды.
экран кескінін
ауыстырып қосу
түймешігі компьютерден бейне ақпаратын қабылдайтын
басқа да құрылғылар арасында кескіндерді ауыстырып көрсете алады.
QuickWeb
пернесі
●
Компьютер өшірулі немесе күту күйінде болғанда, HP QuickWeb
құралын ашу үшін осы түймешікті басыңыз.
●
Компьютерде Microsoft Windows амалдық жүйесі орнатылған болса,
əдепкі веб-шолғышты ашу үшін осы түймешікті басыңыз.
●
Компьютерде HP QuickWeb құралы қосулы болса, əдепкі веб-
шолғышты ашу үшін осы түймешікті басыңыз.
Бұрынғы
Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD
дискісіндегі алдыңғы бөлімді ойнатады.
Ойнату/Тоқтата
тұру
Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады
немесе жалғастырады.
Келесі
Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде
келесі бөлімді ойнатады.
Дыбыс деңгейін
азайту
Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
Дыбыс деңгейін
күшейту
Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
Дыбысты өшіру
Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
Сымсыз
Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРІМ:
Бұл перне сымсыз қосылысты орнатпайды. Сымсыз
қосылысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Пернетақтаны пайдалану
21
Достарыңызбен бөлісу: |