Сол жағы
Бөлік
Сипаттама
(1)
Сыртқы монитор порты
Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады.
(2)
Желдеткіштер (2)
Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын
қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРІМ:
Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты жағдай
болып табылады.
(3)
RJ-45 (желі) ұясы
Желілік кабелді қосады.
(4)
HDMI порты (тек таңдаулы үлгілерде)
Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез
келген сыйысымды сандық не аудио компоненті
сияқты қосымша бейне немесе дыбыс құрылғыларын
қосады.
(5)
USB порты
Қосымша USB құрылғысын жалғайды.
(6)
Aудио кіріс (микрофон) ұясы
Қосымша компьютердің гарнитура микрофонын,
стереомикрофонды немесе моно микрофонды
қосады.
(7)
Aудио шығыс (құлақаспап) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштерге,
құлаққаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға,
гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына
қосылады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Жарақаттану қаупін азайту
үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер
алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік
туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық,
қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер
нұсқаулығын қараңыз.
ЕСКЕРІМ:
Құрылғы ұяға қосылған кезде,
компьютер үндеткіштері ажыратылады.
(8)
Сандық медиа ұясы
Келесі сандық карталар пішімдерін қолдайды:
●
MultiMediaCard
●
Secure Digital (SD) жад картасы
●
Сыйымдылығы жоғары қауіпсіз сандық (SDHC)
жад картасы
Сол жағы
9
Бөлік
Сипаттама
(9)
Диск шамы
Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда.
(10)
Қуат шамы
●
Ақ: компьютер қосулы.
●
Ақ түсте жыпылықтау: компьютер ұйқы
режимінде.
●
Өшірулі: компьютер өшірулі.
10
Бап 2 Компьютермен танысу
Дисплей
Бөлік
Сипаттама
(1)
WLAN антенналары (2)*
Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу
үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне
қабылдайды.
ЕСКЕРІМ:
Кейбір компьютер үлгілерінде 4-ке дейін WLAN
антеннасы болуы мүмкін.
(2)
Веб-камера шамы
Қосулы: веб-камера қолданыста.
(3)
Веб-камера
Бейнені жазады жəне суреттерді түсіреді.
Веб-камераны пайдалану үшін, Пуск (Бастау) > Все
программы (Барлық бағдарламалар) > Communication
and Chat (Байланыс жəне əңгімелесу) > CyberLink YouCam
тармағын таңдаңыз.
(4)
Ішкі микрофон
Дыбысты жазады.
(5)
Ішкі дисплей қосқышы
Дисплейді өшіреді жəне егер дисплей қуат қосулы кезде
жабылған болса, ұйқы күйін қосады.
ЕСКЕРІМ:
Ішкі дисплей қосқышы компьютердің сыртынан
көрінбейді.
*Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы
аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз. Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертпелерді көру үшін,
мемлекетіңізде немесе аймағыңызда қолданылатын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер бөлімін
қараңыз. Бұл ескертулер анықтама жəне қолдау орталықтарында орналасқан.
Дисплей
11
Астыңғы жағы
Бөлік
Сипаттама
(1)
Батарея ұясы
Батареяны ұстайды.
(2)
Батареяны шығару ысырмасы
Батареяны батарея ұясынан шығарады.
(3)
Желдеткіштер (5)
Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз
етеді.
ЕСКЕРІМ:
Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты жағдай болып
табылады.
(4)
Қатты диск ұясы
Қатты дискіні ұстайды.
(5)
Жад модулі бөлімі
Жад модулі ұяларын қамтиды.
12
Бап 2 Компьютермен танысу
3
HP QuickWeb (тек таңдаулы
үлгілерде)
●
HP QuickWeb бағдарламасын бастау
HP QuickWeb ортасы таңдаулы əрекеттеріңіздің басым бөлігін көңілді əрі қызықты етіп орындау
мүмкіндігін береді. Компьютеріңіз QuickWeb құралы іске қосылғаннан кейін бірнеше секунд
ішінде Интернетке, виджеттерге жəне байланыс бағдарламаларына жылдам кіруге дайын
болады. QuickWeb пернесін (немесе таңдаулы үлгілерде QuickWeb түймешігін) басыңыз да,
Интернетте шолуды, Skype арқылы байланысуды жəне басқа HP QuickWeb бағдарламаларын
пайдалануды бастаңыз.
HP QuickWeb негізгі экранының төмендегідей мүмкіндіктері бар:
●
Веб-браузер — Интернетті шолу жəне онда мəлімет іздеу, таңдаулы веб-тораптарға
сілтеме жасау.
●
Skype — VoIP протоколын пайдаланатын Skype бағдарламасы арқылы хабарласу. Skype
бағдарламасы бір немесе бірнеше кісімен бір уақытта конференциялық байланыс
орнатуға немесе бейне чат жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жерүсті байланыс
желілеріне қашықтан қоңырау шалуға болады.
●
Виджеттер — жаңалықтар, ауа райы болжамдары, əлеуметтік желі арқылы хабарласу,
биржалық хабарлар, калькулятор, жабысқақ ескертулер, т.б. үшін қолданылады. HP
QuickWeb негізгі экранына қосымша виджеттер қосу үшін «Widget Manager»
бағдарламасын да пайдалануға болады.
ЕСКЕРІМ:
HP QuickWeb бағдарламалық құралын пайдалану туралы қосымша ақпаратты
HP QuickWeb бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
13
Достарыңызбен бөлісу: |