Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін



жүктеу 0,63 Mb.
бет81/126
Дата21.06.2022
өлшемі0,63 Mb.
#38952
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   126
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен (1)

Бактериялар - өсімдік текті бірклеткалы микроорганизмдер. Төмен температураға төзімді, тіпті қатса да жақсы төзеді. Кейбір түрлері сыртқы ортада дезинфекциялау құралдарына төзімділігін күшейтетін қоғаныс қабықтар түзеді.
Вирустар - өте ұсақ микроорганизмдер. Бактериялардан өзгешілігі тек тірі организмдерде ғана өсіп көбейе алады. Кептіргенге, қатырғанға төзімді.
Риккетсиялар – бактериялар мен вирустардың арасындағы аралық жағдайдағы микроорганизмдер. Мөлшері мен бітімі бактерияларға жақын. Қарапайым бөлінумен өсіп-өнеді де, өздері зақымдаған органдарда ғана тіршілік етеді.
Бопалар – бір клеткалы және көп клеткалы организмдер. Кептіруге, күн сәулесінің және дезинфекция құралдарының әсеріне жақсы төзеді.
Токсиндер – кейбір бактериялардың тіршілік қарекетінің өнімдері. Кепкен күйінде токсинділігін бірнеше айға дейін сақтайды, сонын ішінде ботулизм токсині өте улы болып табылады және одан адам қатты уланады.
Адамдар мен жануарлардың биологиялық құралдардан зақымдану жолдары:

  1. Зақымдалған ауамен дем алғанда.

  2. Зақымдалған су мен тамақты тұтынғанда.

  3. Ашық жара мен күйген жерлер арқылы қанға микроб түскенде.

  4. Зақымдалған жәндіктер шаққанда.

  5. Ауру адамдармен, жануарлармен және зақымдалған заттармен жұғысқанда.

Дәріс№42 Ядролық қару.
Ядролық қару дегеніміз жарылғыш әрекетті жаппай жою қаруы. Ядролық қару қолданумен атқарылатын міндеттерге байланысты ядролық жарылыстар әр түрлі биіктікте, ауада, жер (су) бетінде және жер (су) астында жасалуы мүмін. Сондықтан оларды келесідей жіктеу қабылданған:

  1. Биіктегі.

  2. Ауадағы.

  3. Жер бетіндегі.

  4. Су бетіндегі.

  5. Жер астындағы.

  6. Су астындағы.

Биіктегі ядролық жарылыс – ракеталар мен ұшақтарды жер бетіндегі объектілер үшін қауіпсіз биіктікте (10 км. астам) жою мақсатымен жасалатын жарылыстар. Бұл жарылыста радиоактивтік зақымдану жою факторы болмайды.
Ауадағы ядролық жарылыс – 10 км-ге дейінгі биіктікте жасалатын жарылыс. Бұл жарылыс түрінде жарқылды аумақ жерге (суға) тимейді. Олар төмендегі және жоғарыдағы болып бөлінеді. Жою факторлары: соққы толқын, жарық сәулелену, төменгі жарылыстағы өткір радиация мен электромагниттік импульс.
Жер (су) бетіндегі ядролық жарылыс – жер (су) бетінде жасалатын жарылыс, онда жарқылды аумақ жер (су) бетіне тиеді, ал шаң (су) бағанасы түзілген сәттен бастап жарылыс бұлтымен қосылады. Жою факторлары: соққы толқын, жарық сәулелену, өткір радиация, радиоактивтік зақымдану, электромагниттік импульс.
Жер (су) астындағы ядролық жарылыс – жер (су) астында жасалған және ядролық жарылғыш зат өнімімен араласқан орасан көп топырақ (су) көтерілумен сипатталады. Бұл жарылыста жарық сәулелену мен өткір радиация болмайды.
Жарылыс болған нүкте ядролық жарылыстың центрі деп, ал оның жер (су) бетіндегі проекциясы эпицентрі деп аталады.
Ядролық жарылыстың жою факторлары мыналар: соққы толқын, жарық сәулелену, өткір радиация, радиоактивтік зақымдану, электромагниттік импульс.
Соққы толқын – ядролық жарылыстың негізгі жою факторы. Ашық жерде адамдар ме техника соққы толқынның лақтыру әрекетінен жойылады, ал көлемді ғимараттар артық қысымның әрекетінен қирайды.
Жарық сәулелену – бірнеше секунд бойына әрекет ететін, көрінетін ультракүлгін және инфрақызыл сәулелену. Жарық сәулелену тері қабатын күйдіруі, көзді зақымдауы (уақытша көрмей қалу), әр түрлі жанғыш материалдар мен объектілерді жандырып, дүмпітуі мүмкін.
Өткір радиация – ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма-сәулелер мен нейтродардың ағыны. Бұл зақымдаушы фактор организмнің құрамындағы атомдар мен молекулаларды иондайды, осының салдарынан кейбір органдардың тіршілік фукциялары бұзылады, сүйек кемігі зақымдалып, сәуле ауруы өрбиді.
Радиоактивтік зақымдану – дегеніміз атмосфераның жерге жақын қабатының, ауа кеңістігінің, төңіректің ядролық жарылыс кезінде оның бұлтынан радиоактивтік заттардың түсуі. Төңіректің радиоактивтік зақымдануы радиация деңгейімен сипатталып, рентген сағатпен өлшенеді.
Ядролық жарылыстардан аса күшті электр магнит өрістері пайда болады. Бұл өрістер қысқа мерзімде ғана болатындықтан оларды электр магниттік импульс деп атайды. Ол жер бетіндегі және төменгі ауадағы ядролық жарылыстар кезінде неғұрлым толық білінеді. Электрмагниттік импульс ең алдымен өнеркәсіпте және басқа объектілерде болатын электрондық және электротехникалық аппаратураға әсер етеді.
Ядролық зақымдану ошағы деп ядролық жарылыстың жою факторларының тікелей әрекетіне ұшыраған аумақты айтады. Ол ғимараттар мен құрылыстардың жаппай қирауымен, коммуналдық-энергетикалық шаруашылық желілердегі апаттармен, радиоактивтік зақымданулармен және адамдардың едәуір шығындалуымен сипатталады.
Химиялық қару – бұл улағыш заттар мен оларды қолдану құралдары. Улағыш заттар деп ұрыстық қолдануда адам күшін жаппай шығынға ұшыратуға арналған токсинді химиялық қосындыларды айтады. Адам организміне әерінің сипатына қарай УЗ былай сараланады:

  1. Жүйке жансыздыратын УЗ.

  2. Теріні іріңдеткіш УЗ.

  3. Жалпы улы УЗ.

  4. Тұншықтырғыш УЗ.

  5. Психохимиялық УЗ.

  6. Тітіркендіргіш УЗ.

Зақымдаушы әрекеті басталуының жылдамдығына қарай УЗ өлтіретін, саптан уақытша шығаратын және қысқа уақытқа шығаратын болып бөлінеді.
Ұрыстық қолдану сәтінде УЗ бу (газ) тәрізді, аэрозольдық (түтін, тұман) немесе сұйық-тамшы күйінде болуы мүмкін. Олар адамдарды тыныс органдары, кілегей қабықтар, тері қабаттары арқылы және зақымдалған тамақ пен суды тұтынғанда асқазан-ішек арқылы зақымдайды.
УЗ әсерінің шекарасы ішінде адамдар мен ауыл шаруашылық жануарларының жаппай шығыны болған аумақ химиялық зақымдану ошағы деп аталады. Химиялық зақымдану ошағы және зақымдайтын концентрацияда зақымдалған ауа бұлты жайылған аумақ химиялық зақымдалған аймақ деп аталады.



  1. Жалпы улы әрекетті УЗ: синил қышқылы, хлорциан.

Синил қышқылы – түссіз, тез буланатын, ащы бадам (миндаль) иісті сұйық зат. Зақымдану уланған ауамен дем алу кезінен басталып ауыз темір татып, ашиды, тіл ұшы ұйып қалады, тамақты қырнайды, әл құрып, бас айналады. Бұдан әрі қорқыныш сезімі пайда болады, тамыр соғуы сиреп, тыныс алу біркелкі болмайды. Зақымданған адам есінен танып, сіңірлері тартылып паралич басталады. Адам дем алуы тоқтағаннан өледі.
Хлорциан – синил қышқылынан гөрі неғұрлым ұшпа, түссіз мүңкіген жаман иісті сұйық зат. Токсиндік қасиеттері жағынан синил қышқылына ұқсас. Қорғаныс құралдары – противогаз, пана.

  1. Тітіркендіргіш әрекетті УЗ: CS (си-эс), CR (си-ар).

Си-эс – ақ түсті, ұшпалы емес кристалды, суда нашар еритін, бұрыш иісі бар зат. Аз концентрацияда көзге, жоғарғы тыныс органдарына тітіркендіргіш әрекеті бар, ал көп концентрацияда терінің ашық жерлерін күйдіреді, кейбір жағдайларда тыныс алу, жүрек параличіне, өлімге апарып соғады.
Си-ар – сары түсті, суда нашар еритін кристалл зат. Си-ардың токсиндік әрекеті си-эске ұқсас, бірақ көз бен жоғарғы тыныс жолдарына тітіркендіргіш әрекеті неғұрлым күшті болады. Қорғаныс құралдары – противогаз, пана.

  1. Психохимиялық әрекетті УЗ: BZ (би-зет).

Би-зет – иіссіз, суда ерімейтін, ақ кристалды зат. Би-зет организмді ауамен дем алғанда және зақымдалған тамақ пен су тұтынғанда зақымдайды. Аз концентрацияда ұйқы басады, өмірлік әрекет төмендейді, ал көп концентрация-лар кезінде бірнеше сағат ішінде жүрек соғуының жиілеуі, терінің, ауыздың құрғақсынуы, қарашықтың үлкейуі байқалады. Келесі 8 сағаттың ішінде тіл күрмеліп, өрекпу кезеңі басталып, 4 тәулікке дейін созылады. Қорғаныс құралдары – противогаз, пана.


Қорытынды бөлім. Жаңа тақырыпты сұрастыру арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру. Үй тапсырмасы: §7.2.-299 бет, §7.3.-306 бет оқып шығу және көшіру. Взводтың сапталуы және әскери қоштасу.

жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау