Дәріс№39 Бір орында және қозғалыста сәлемдесуді орындау, қозғалыс кезінде сәлемдесуге жауап беру.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын жеткізу. Әскери сәлемдесу нық және жарқын орындалады. Әскери сәлемдесуді саптан тысқары өз орнында бас киімсіз бастықтан (аға шендіден) 3-4 адым жерде тұрып орындау үшін бастыққа бұрылып саптық тұрысты қабылдау керек және оның соңына бұрыла тұрып, оның бетіне қарау керек.
Егер бас киім киілген болса, сондай-ақ саусақтар бірге, алақан тік, ортанғы саусақ бас киімнің шетіне тиіп тұратындай, ал шынтақ иықтың сызығында және биіктігінде болатындай етіп оң қолды қысқа жолмен бас киімде ұстау керек. Басты бастық (аға шенді) жақа бұрған кезде қолдын бас киімдегі орналасуы өзгеріссіз қалады.
Бастық (аға шенді) әскери сәлемдесуді орындаушының жанынан өтіп бара жатқанда, басты тік ұстау керек және сонымен бір мезгілде қолды түсіру керек. Әскери сәлемдесуді саптан тысқары қозғалыс кезінде бас киімсіз бастықтан (аға шендіден) 3-4 адым жерде орындау үшін бір мезгілде аяқты қоя отырып қолмен қозғалыс жасауды тоқтатып, басты бастық (аға шендіге) жақа бұру керек және қозғалысты жалғастыра отырып, оның бетіне қарау керек. Бастық (аға шенді) өтіп кеткеннен кейін басты тік ұстап, қолмен қозғалыс жасауды жалғастыру керек. Бас киіммен тұрғанда аяқты жерге қоюмен бірге басты бұру керек және оң қолды бас киімге қойып, сол қолды қозғалтпай жанда ұстау керек. Бастық (аға шенді) өтіп кеткеннен кейін сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде басты тік ұстап оң қолды түсіру керек.
Бастықты (аға шендіні) басып озғанда әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстап оң қолды түсіру керек. Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді басты бастықтың (аға шендінің) жағына қарай бұрумен орындайды.
Сәлемдесуге қозғалыста жауап беру.
Саппен қозғалыстағы әскери сәлемдесуді орындау үшін бөлімше командирі бастыққа дейін 10-15 адым жерде «Бөлімше, тіктел, оңға (солға) түзулен» пәрменін береді. «Тіктел» пәрмені бойынша барлық әскери қызметшілер саптық адымға көшеді, ал «Оңға (солға) түзулен» пәрмені бойынша бір мезгілде бастарын бастық жақа бұрады және қарусыз бос қолымен қозғалыс жасауды тоқтатады. Бөлімшенің командирі, егер ол қарусыз болса немесе «Арқаға» күйінде қарумен болса, басын бұрып, қолын бас киімге қояды. Бастық жүріп өтісімен немесе «Бостан» пәрмені бойынша бөлімшенің командирі «Бостан» пәрменің береді және қолын түсіреді. Бастық сәлемдескенде немесе алғыс айтқанда әскери қызметшілер қатты, анық, бір дауыспен жауап береді. Қозғалыс кезінде барлық әскери қызметшілер сол аяқтарын жерге қоя отырып, әрбір адыммен сөздерді айтып жауап береді.
Жаңа тақырыпты сұрастыру арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру. Үй тапсырмасы:§6.5-272 бет, бет оқып шығу және тәжірибелік түрде үйде қосымша жаттығу. Взводтың сапталуы және әскери қоштасу
Достарыңызбен бөлісу: |