|
Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін
|
бет | 61/126 | Дата | 21.06.2022 | өлшемі | 0,63 Mb. | | #38952 |
| Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен (1)Машиналар желісі - машиналардың біреуі екіншісінің қасында бір сызық бойында орналасуы.
Қаптал – саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылыс жасаған кезде сап қапталдарының аттары өзгермейді.
Маңдайшеп – саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы.
Саптың тыл жағы – маңдайшеп жағына қарама-қарсы жақ.
Аралық – маңдайшеп бойынша әскери қызметшілердің, бөлімшелердің, бөлімдердің арсындағы аралық.
Арақашықтық – түкпір жаққа қарай әскери қызметшілердің бөлімшелердің, бөлімдердің арасындағы аралық.
Сап ені – қапталдар арасындағы қашықтық.
Саптың ұзындығы – саптың бірінші қатарынан саптың соңғы қатарына дейінгі аралық.
Екі қатарлы сап – бір қатардағы әскери қызметшілер басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай бір қадам арақашықтықта орналасқан сап. Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылыс жасағанда қатарлар өзгермейді.
Лек - әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында жарғымен немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сап.
Жазылма сап – бөлімшелер маңдайшеп бойынша бір сызықтың бойында бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта жарғымен немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сап.
Жорық сабы – бөлімше леккке немесе бөлімшелер лектерде бір-бірінің артында белгіленген арақашықтықта орналасқан сап.
Бағыттаушы – көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші.
Тұйықтаушы – лектегі соңғы келе жатқан әскери қызметші.
Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер.
Сапты басқару дауыспен, белгілермен командир беретін пәрмендермен және бұйрық берумен жүзеге асырылады.
Пәрмендер алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді; пәрмендер тек орындалатын ғана болуы да мүмкін.
Алдын ала берілетін пәрмендер - саптағылар командирдің олардан қандай әрекеттерді талап етіп тұрғанын түсінуі үшін нық, қатты, және созылмалы дауыспен беріледі. Орындалатын пәрмен бойынша оны шұғыл және нақты орындау қажет. Пәрмендер берілгенде, саптағы әскери қызметшілер саптық тұрысты қабылдайды, ал саптан тыс болса, бастық жаққа бұрылады да, саптық тұрысты қабылдайды.
Мысалы: «Автоматтарды-КЕУДЕГЕ», «Взвод-ТОҚТА», «Қатардағы жауынгер …. ай-НАЛ» және т. б.
Қабылдауды жою немесе орындауды тоқтату үшін: «Тоқтат» пәрмені беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|