Жер үсті қарсыласымен ұрыс жүргізе отырып, жауынгер қарсыластың төмен ұшқан ұшақтарына қарсы атыс жүргізуге дайын болуы керек.
Ашық жерде қарсыласқа қарсы атыс жатып, тізерлей немесе тұрған күйде жүргізіледі. Әуе нысаналарын ату «П» не «З» көздеуімен бөгеттік және өрге ату тәсілімен жүргізіледі. Ұшақтар мен тікұшақтарды ату үшін сауытты - өртегіштік және трассаланған оқтар қолданылады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
жауынгер командирден тапсырма алған соң нені білуі керек?
ұрысқа дайындалар кезінде жауынгер нені тексереді?
«Шабуылға дайындал!» пәрмені берілген кездегі жауынгердің іс-әрекетін айтып беріңдер.
«Шабуылға алға!» пәрмені бойынша жауынгердің әрекетін айтыңдар.
ядролық жарылыс кезіндегі жауынгердің іс-әрекетін айтып беріңдер.
төмен биікте ұшатын ұшақтар мен тікұшақтарға жауынгердің қолданатын атыс тәсілдерін атаңдар.
Дәріс№16 Қорғаныстағы жауынгер
Жауынгер қорғаныста өз бөлімшесінің құрамында қимыл жасайды. Оның негізгі міндеті - өз қаруын, жергілікті жерді, оқпана мен орларды, сондай – ақ инженерлік бөгеттерді тиімді пайдалана отырып, басқа сарбаздармен бірлесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскері мен танкілерін мүмкіндігінше көбірек жойып, олардың шабуылдарына тойтарыс беріп, бөлімше бекінген бекіністі ұстап тұру. Жауынгер қорғаныста өзінің орнын тек командирдің бұйрығымен ғана тастап кете алады.
Қорғаныстағы жауынгер қарсыластың қайда тұрғанын және қандай қимылға бет бұрғанын, бағдарларды, бөлімшелер мен взводтардың міндеттерін, көршілердің қайда екенін және олардың атысты қай бағытта жүргізіп жатқанын білуі тиіс. Сонымен бірге хабарлау мен нысананы көрсету белгілерін, қай кезде өз бетінше немесе командир пәрменімен атыс бастауы, бөлімше командирінің орнын білуі қажет.
Бөлімше командирінен тапсырма алған соң, жауынгер оны анықтап алып, берілген жерде өз алдындағы жерді көруі және командир нұсқаған бағытта алыс қашықтықтан қарсыласқа қарсы көздеу атыстарын жүргізе алатындай болып орналасуы қажет. Содан кейін жатып ату үшін оқпана қазады. Егер жағдай мүмкіндік берсе тізеден ату үшін оқпананы 60см-ге дейін, ал тұрып ату үшін 110см-ге дейін тереңдетеді.
Оқпана қазу және жабдықтау кезінде, сондай-ақ ұрыс барысында, жауынгер үздіксіз қарсыласқа, жергілікті жерге бақылау жасайды және өз байқағанын командирге баяндап отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |