Уақыт пен мерзім
PHP-де уақыт форматымен жұмыс істеу үшін көбінесе date функциясы қолданылады. Оның синтаксисі $date = date("параметр"); Параметрлер бірнеше болуы мүмкін және олар бір-бірінен үтір арқылы ажыратылады. Онда төмендегі параметрлерді қолдануға болады:
а - "am" немесе "pm" мәндерін қабылдайды;
А - "AM" немесе "PM";
d - ай күні, сандық, екі сан (бірінші орынға нөл қою керек), яғни 01-
ден 31-ге дейін;
D - апта күні, мәтіндік, үш әріп, мысалы: "Fri";
F - ай, сандық, мысалы: "February";
h - сағат, сандық, екі сан, 12 сағаттық формат;
H- сағат, сандық, екі сан, 24 сағаттық формат;
i - минут, сандық, екі сан, яғни 00-ден 59-ға дейін;
j - ай күні, сандық, бастапқы нөлсіз;
l - апта күні, мәтіндік, мысалы: "Wednesday";
L-төрт жылда қайталанатын жылды көрсетеді, яғни "0" немесе "1";
m-ай, сандық, яғни "01"-ден "12"-ге дейін;
M-ай, мәтіндік, үш әріп, мысалы: "Feb";
n -ай, сандық, бір сан, яғни "1"-ден "12"-ге дейін;
О-Гринвич уақыты бойынша сағат аралығы, мысалы: "+0200";
s - секунд, сандық, екі сан, яғни 00-ден 59-ға дейін;
S- ағылшынша реттік жалғау, мәтіндік, екі символ, мысалы: "nd" және "th"
t - ағымдық айдағы күндер саны, яғни "28"-ден "31"-ге дейін;
U-Unix ғасырынан басталатын секунд, яғни 1970 жылдың 1 қаңтары;
Y-жыл, сандық, төрт сан;
w-апта күні, сандық, мысалы "0" саны жексенбіні білдіреді;
y -жыл, сандық, екі сан, мысалы: "99";
z -жыл күні, сандық, мысалы: "299";
Осы параметрлерді қолдану арқылы біз өзіміздің сайтымызда ағымдық уақытты пайдалана аламыз. Оның ішінде ең көп қолданылатыны ағымдық уақыт пен мерзімді шығару. Аптаны, айды, күнді шығару сайтта өте пайдалы болып есептеледі. Мысалы, сайтымызға кірушілерді тәулікке байланысты уақытпен қарсы алатын болсақ, онда бағдарлама коды төмендегідей болады:
$h = date("H")
if ($h = 5 && $h
if ($h = 12 && $h
if ($h = 19 && $h
if ($h = 1 && $h
?
Бұл скриптте серверден date(“H”) функциясы арқылы ағымдық сағат уақытының мәнін аламызда, оған талдау жүргземз. Алынған мән қай аралықта орналасқанына байланысты сәйкес сөздерді экранға шығарамыз. Егер бағдарлама кодына назар аударатын болсақ, онда сағат белдеуінсіз және сәйкес уақыт аралығынсыз тек сервер уақыты ғана алынып тұрғанын көремз. Сондықтан уақыт аралығын бағдарламаға алдын-ала енгзуімізқажет. Оған мысал ретнде келес код бола алады:
$time = date(“H:i”);
$time1 = date(“H”);
$time2 = date(“i”);
$time_s = 7;
$time1 = $time1+ $time_s;
if ($time1 = 24) { $time1 = $time1 – 24; }
$time = “$time1: $time2”;
Бірінші қатарда ағымдық уақытты алу сервердің сағат белдеуі бойынша іске асырылады. Ары қарай түрлі дұрыс уақыт белдеуі бойынша бағдарлама өзі есептейді. $time_s айнымалысындаөз уақыт аралығы сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |