Қарапайым логиткалық және шаррты операторлар
Салыстыру қарапайым түрде ұйымдастырылады: "егер-онда-болмаса". Бұл үшін PHP-де келесі конструкция қолданылады:
if ( ) { } else { }
бұл оператордың түрлі синтаксисі бар, бірақ жоғарыда келтірілген синтаксис ең тиімді әрі дұрысм болып есептеледі. Мысал:
$a = 5;
$b = 9;
if ($a == $b) {echo $b - $a;} else {echo $b.$a;}
?
Бағдарлама нәтижесі 95 - ті көрсетеді, себебі $a -ға $b тең емес, ал echo $b.$a; командасы айнымалыларды рет-рнетімен шығарады. Мұндағы нүкте айнымалыларды бір-бірімен жабыстыру үшін қолданылады.
Циклдер
Бағдарламалаудағы циклдер дегеніміз - бір операцияның бірнеше рет қайталануы. PHP-де циклдерді ұйымдастыру үшін келесі операторлар қолданылады: while, do…while, for және foreach. Циклге мысал ретінде бірнеше файлдарды көшіру қызметін көрсетуге болады. Оның алгоритмі төмендегідей болады:
файлдар санын беру
көшірілген файлдар есептегішінің мәнін нөлге қою
файлды көшіру
есептігіштің мәнін берілген файлдар санына теңдігін тексеру
егер тең болмаса, онда көшірілген файлдар есептегішінің мәнін арттыру және цикл басына
қайта келу
егер тең болса, онда циклды аяқтау
Циклдық әр қайталануы итерация деп аталады.
Енді PHP-де циклдерді ұйымдастыру мысалын қарастырайық:
$i = 0;
$n = 10;
while ($i
echo $i. “
\n” ;
$i++;
endwhile;
?
скрипттің мағынасы өте қарапайым. $i айнымалысына циклдың басындағы мәнді тағайындаймыз да, $n айнымалысына циклдың соңындағы мәнді тағайындаймыз. Ары қарай циклды while() операторы арқылы ашып, жақшаның ішіне берілетін шартты жазамыз. Ол шарт $i
HTML-тегін қойдық.
Жоғарыдағы есепке тағы да басқа бір вариантын көрсетейік:
$i = 0;
while ($i
{
echo $i++. “
\n”;
}
?
Бұл екі бағдарламаның нәтижесі бірдей болады.
Енді PHP-де do…while операторының құрылысын қарастырайық. Бұл да цикл болып саналады, оның while операторынан ерекшелігі “дейін” емес “кейін”, яғни цикл жұмысы оператордан кейін аяқталады. do...while циклі үшін тек бірақ синтаксис бар:
$i = 0;
Do
{
echo $i. "
\n";
$i++;
}
while ($i
?
Енді for циклына мысал келтірейік, оның синтаксисі:
for (expr1; expr2; expr3) (операторлар тіізбегі)
(expr1) - өрнегі шартсыз болып есептелінеді және циклдың басында орындалады. Әр итерацияның басында (expr2) өрнегі орындалады. Егер ол ақиқат болса, онда цикл жалғасады да ішкі операторлар орындалады. Егер ол жалған болса, онда цикл аяқталады да әр итерацияның соңында (expr3) өрнегі орындалады. Бұл өрнектердің әрқайсысы бос болуы мүмкін. Егер (expr2) өрнегі бос болса, онда цикл шексіз орындалады. Шексіз орындалуды break операторы арқылы тоқтатуға болады. Мысалы:
$a = 0;
while ($a
{
if ($arr[$a] == "atop" )
{
break;
}
$a++;
}
?
Егер continue операторы кездесетін болса, онда басқару келесі жақын циклге беріледі. Мысалы
while (list($key,$value)=each($arr))
{
if ($key 2)
{
continue;
}
}
Енді сандарды for операторы арқылы экранға шығару есебінің мүмкін жолдарын қарастырайық:
Мысал1:
for ($i = 1; $i
{ print $i ; }
Мысал2:
for ($i = 1;; $i++)
{ if ($i 10)
{ break; }
print $i;
}
Мысал3:
$i = 1;
for (;;)
{ if ($i 10) { break; }
print $i; $i++;
}
Достарыңызбен бөлісу: |