Алдебаева Жания Зиябековна Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты»



жүктеу 341,08 Kb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата14.05.2018
өлшемі341,08 Kb.
#12349
  1   2   3   4   5   6   7   8


Алдебаева Жания Зиябековна
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының 
«Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы 
облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МҰҒАЛІМ ПОРТФОЛИОСЫ


ПОРТФОЛИО ҚҰРЫЛЫМЫ:

І БӨЛІМ. МҰҒАЛІМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ.

ІІ БӨЛІМ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ.

ІІІ БӨЛІМ. ПЕДАГОГТІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ.

ІV БӨЛІМ. ПӘН БОЙЫНША САБАҚТАН ТЫС ҚЫЗМЕТІ. 


Мұғалім туралы жалпы мәлімет
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,  өйткені мұғалім –
мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин


І БӨЛІМ. МҰҒАЛІМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
1.
Аты-жөні:
Алдебаева Жания Зиябековна
2.
Туған жылы:
31 мамыр 1973
3.
Санаты:
жоғары
4.
Жұмыс орны, қызметі:
«Дарынды балаларға
арналған Жамбыл атындағы облыстық мектеп-
гимназия-интернаты» КММ,
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі,
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, Құрмет
орденінің иегері аты аңызға айналған ұстаз
Қ.О.Бітібаеваның республикалық атаулы
ғылыми-әдістемелік зертхана мүшесі.
Еңбек өтілі: 
Жалпы
Педагогикалық
Осы мекемеде
Осы қызметте
22
22
22
22


Болмасаңда ұқсап 
бақ,
Бір ғалымды 
көрсеңіз...
Сізге ғылым кім 
берер,
Жанбай жатып 
сөнсеңіз...
Абай.
ӨМІРЛІК   ҰСТАНЫМЫМ


«Ұстаз Алланың әр таңын шәкірттеріне 
ілім-білімге сүннет етулерінен бастайды »
Хадистен үзінді
-Тентек болма,балам, әйтпесе мұғаліміңе айтып қоямын!
-Иә,саған,біздің апай маған мүлде ұрыспайды,ол бәрімізді
жақсы көреді... 
-Айналдық сенің мұғаліміңнен, Алланың  нұры жаусын! 
Жұрттың бәрі сол мұғалімдеріңді мақтайды...
Бұл әңгімені естіп,ойға қалдым. Қуандым. Ұстаздық еңбек   
жолымды   ойша шолып, қиындық-тарым мен жетістіктерімді 
екшедім. Шәкірт жүрегіне жол тауып, келешігіне айқын бағдар 
көрсететін  ұстаздың  ауыр да абыройлы міндетін атқарып жүргеніме
қуандым. Дана да ,бала  да бас иетін осынау абзал жандардың орны 
өмірде ерекше екенін жұрттың бәрі біледі. 
Ұстаз қашан да  биік адамдықтың үлгісі.Әсіресе,қазіргі қым-қиғаш 
құбылмалы заманда да ұстаздың  өмірдегі орны ерекше деп ойлаймын. 
Шәкіртінің ертеңі алаңдатпайтын ұстаз- ұстаз емес. Тылсым дүниеге  
ойланта қарап, өзіне тек қажетін ғана таңдап ала алатын жеке тұлғаның  
қалыптасуына мендей ұстаздар жауапты болмағанда, кім жауапты 
болады? 
Елбасының «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі 
мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол 
деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» -
деген сөзі ұстаздар  қауымының ерелі  еңбектерін тағы да бір 
үстегендей.
Ұшса құс қанаты талар сайын даламыздағы табиғат байлықтарын: орман, көл, алтын-күмісін көзінің аясындай қорғап,иелік ете білетін,
жаһани талаптарға сай білімді ұрпақ-ел келбеті екенін есте мықты ұстана отырып, еңбегімнің бәрін бала жанына,оның рухани толысуына
арнап жүрмін десем, еш артық айтқаным емес.Өздерін өзге ұлттар алдында тең дәрежеде көрсете алатын, озық та өткір шәкірттер-біздің
ұстаздық дастанымыздың айқын бедері іспетті емес пе?! «Ұстазы мықтының-ұстанымы мықты» деген танымға сүйенсек,мектептен басталған
төзімді еңбек өз жемісін шәкірттерінің келешек өмірінен көрініс табары хақ. Елбасының ұстаздар қауымына жүктеген жүгінің ауырлығы да
осында шығар.Сондықтан да өзімді ұстаз ретінде бағалай отырып, келер ұрпақ алдындағы борышыма жауаптылық міндетін ешқашан естен
шығармаймын. Олардың жеке тұлға ретінде қоғамда «бір кірпіш» болып қаланып, өз орындарын табуына тамшыдай болсын, үлесімді қосуға
аянбаймын. Мені оқушыларымның келешегі алаңдатады. Осы орайда Жалпыға бірдей Білім стандарты талаптарына сәйкес Білім министірлігі
тағайындаған Ұлттық тестілеу көкейіме еш қонбайды. Бұл-менің өз пікірім. Неге десеңіз: ауыз әдебиетінен, халықтың төл әдебиетінен, тілінен
нәр алып, өсіп келе жатқан жас буын жоғары сыныптарда мүлде бар ынтасын әдебиетке емес, қазақ тіліне аударып, робот іспетті жаттанды
түрде тек қана тестпен жұмыс істейді. Сөйлеу мәнерін, тіл байлығын, ой-шеңберін жас буын қай жерде, қашан көрсете алады?! Институт,
колледж,университеттерде де білімін компьютер алдында ғана бағалата алады. Бұрынғыдай ауызша емтихандар тапсырып, өздерін
сарапшылар алдында көрсетіп, дәлелдей алса ғой! «Тестілеу әдісі- баланың ойын шектеуші әдіс пе?» деген ой мазалайды. Іргелес Ресей елі
осыны біліп, тестік сынақтан бас тартты емес пе?! Лауазымы жоғары, билік басындағы мырзалар осыны ойланса ғой, шіркін!
...Ойымды жинақтап,көктемгі күн шуағы түсіп тұрған сынып терезесінің алдына келдім. Міне, мектеп іші-сыртын тірлікке шақырған
қоңырау даусы да безілдеп қоя берді. Жүздері жайдары, кеуделерін үміт пен
қуаныш кернеген шәкірттерім қасыма келеді қазір.
Айналайындар, замандарың бейбіт,өмірлерің тыныш болсын!
Алдебаева Жания Зиябекқызы
«БАЛА  БОЛАШАҒЫ   МЕНІҢ   ҚОЛЫМДА...»
Шығармашылық эссе


жүктеу 341,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау