Қалалық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс



жүктеу 102,99 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі102,99 Kb.
#20870
түріКонкурс

Қалалық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-G-3 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты

лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
- "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

(экологиялық коэффициентті есепке алмағанда)



Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-G-3

69 957

94 109


«Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесі  №16 үй ғимаратында, анықтама үшін телефондары: 8 /7242/ 27-07-12, электронды пошта person.kadr2013@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды:

1. «Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы (E-G-3 санаты, 1 бірлік, индекс № 27-3).

Негізгі функционалдық міндеттері: - «Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызмет бабында ауылдық округ әкімінің қызметтік нұсқаулары мен тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындайды;

- Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, қала әкімдігінің қаулыларын, облыс, қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, облыстық және қалалық мәслихаттардың шешімдерін орындалуын қамтамасыз етеді;

- «Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жылдық жұмыс жоспарының жобасын әзірлеуге атсалысып, оның орындалуын қамтамасыз етеді;

- облыс, қала әкімдерінің, облыс, қала әкім орынбасарларының, аппарат жетекшісінің тапсырмаларын, Тұрақты кеңес мәжілісінің хаттамаларынан туындайтын тапсырмаларды мерзімінде, сапалы орындалуын жүзеге асырады;

- Қазақстан Республикасының Үкіметінің бекітілген тізбеге сәйкес жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды уақытылы жүргізілуін қамтамасыз етеді; қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап жою жұмыстарын жүзеге асырады;

- жалпы ауылдағы ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырады: ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, сырғалау және компьютерлік базаға енгізу;

- ауылда мал жаятын жайылымдарды айқындайды;

- мал басының есебін нақтылап, қозғалысын жүргізеді;

- ветеринария және мал қозғалысына қатысты мәліметтер мен есептерді ай, тоқсан сайын тиісті мемлекеттік органдарға мерзімінде жолдап отырады:

- №6м,7м, №6ө,7ө есеп;

- №24 статистикалық есеп;

- шаруақожалықтардың есебі;

- ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын жүргізеді;

- «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 1,2,3,4 бағыттары бойынша тиісті жұмыстарын ұйымдастырады;

- жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында тиісті жұмыстарды жүргізеді;

- ауылдағы шаруа қожалықтарында асыл тұқымды малдарды көбейту бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ауылдағы шаруа қожалықтарымен жұмыс жасайды, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

- мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит алуға жәрдем көрсетеді;

- ауылдық округ бойынша барлық шаруа қожалықтарының статистикалық есебін жүргізеді, мониторинг, талдау жұмыстарын жүзеге асырады;

- тиісті уәкілетті органдардың есебіне шаруа қожалықтарын тіркеу және жұмысы тоқтаған шаруа қожалықтарды есептен уақытылы шығару жұмыстарын жүзеге асырады;

- ауылдық округ бойынша егістік көлемін ұлғайтуға жұмыс жасайды;

- ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын артырып, олардың түрлерін (сорт) жаңалау жұмыстарын жүзеге асырады;

- мемлекеттік бағдарламалардың аясында ауылшаруашылық өнімдерін арттыру жұмыстарын жүзеге асырады;

- ауылдағы коммуналдық шаруашылық, елді мекендерді абаттандыру мен көркейту-көгалдандыру жұмыстарын, санитариясын қамтамасыз ететеді;

- ауылдық округ бойынша орнатылған барлық күл-қоқыс жәшіктерінің күтіп ұсталуын, тазалығын қамтамасыз етеді;

- «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес, ауылдық округі әкімінің аппаратына келіп түскен арыз-шағымдарға уақытылы жауаптар беріліп, орындалуын қамтамасыз етеді;

- денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардың қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асырады;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, психология, маркетинг) немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік – мәдени қызмет көрсету, бағалау) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (көлік, көліктік техника және технологиялар, геодезия және картография), ветеринария (ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария) мамандықтары бойынша жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Құжаттар қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Құжаттар Қызылорда қаласы әкімінің аппараты, 120000, Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, №16 үй ғимаратында, 3- қабат, person.kadr2013@mail.ru, мекенжайы бойынша қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының


2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қызылорда қаласы әкімінің аппараты, Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, №16 үй ғимаратында, 3-қабатта өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің(үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Нысан

Қызылорда қаласы әкімінің аппараты
      (мемлекеттік орган)

                           



Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________________________________

__________                ____________________________________
(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

 «____»_______________ 20__ ж.
жүктеу 102,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау